Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тікелей және жанама басқарушылық әсер етуші әдістер

Читайте также:
  1. E) шығару және орналастыру бойынша қосымша шығындар
  2. Tl ертінділерінен бөліп алу әдістері
  3. А. қара құрдымдар тартылысы әсерінен
  4. Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің оқытушысы
  5. Автоматты сөндіргішті таңдау және оның құрылғысын оқып-үйрену
  6. Адам ағзасына шудың үнемі әсері нәтижесінде дамитын аурулар
  7. Адам ағзасына шудың әсері

Негізгі ұғымдар: Басқару әдістері, субординация, координация, көтермелеу, сендіру,мәжбүрлеу

1. Билік тармағының атқарушы органдарының жұмысы басқрадуың әдістерін қолданумен анықталады.

Басқару әдістері дегеніміз - әкімшілік құқық субъектісінің қызметін ұйымдастыру, басқару процесінде туындайтын нақты мәселелерді шешу, басқарылатындардың ырқына ықпал ету тәсілдері.

Басқару субъектісінің қызметін ұйымдастыру процесі – құрылымдық бөлімшелерді құру және олардың функцияларын белгілеу және оларды атқарушы билік органдарының жүйесіне кіргізу, басқарушылық процестерді рәсімдеу.

Басқару процесінде нақты мәселелер жеке (министр, төраға), ақылдасып (алқадағы, ғылыми әдістемелік кеңесте) немесе бірлесіп (екі немесе бірнеше министрліктер, комитеттер) шешілуі мүмкін. Бұл шешімдер, қаулы, бұйрық, нұсқаулық түрінде рәсімделеді.

60-жылдары кеңестік құқықтануда басқару әдістері- әкімшілік-құқықтық және экономикалық болып бөлінеді.

Басқарудың экономикалық әдістері азаматтардың материалдық мүдделеріне әсер етеді.

Әкімшілік-құқықтық әдістер- мемлекеттік органдардың мүдделеріне ғана әсер етеді.

Атқарушы биліктің қызметі өзінің мазмұны бойынша биліктік сипаттағы қызмет болып табылады. Яғни, мемлекеттік билік субъектісі біржақты түрде өзіне бағынысты тұлғалардың жүріс-тұрысын анықтай алады, өз еркіне бағынуға бағытталған белгілі бір мақсаттарды орындауды талап ете алады. Қоғамдағы мемлекеттік биліктің еркі заң актілерінде көрініс табады. Алайда, қызметтің біртұтастығын қамтамасыз ету үшін мемлекеттік ерік бекітілген нормаларды шығару жеткіліксіз, ең алдымен, азаматтар мен ұйымдардың осы заңдардың ережелеріне бағынуын қамтамасыз ету қажет. Құқықтық ережелерді жүзеге асыру бойынша жұмысты мемлекеттік және мемлекеттік емес органдар жүргізеді. Билік субъектілерінің еркіне бағынысты тұлғалардың еркін бағындыру әртүрлі әдістермен жүзеге асырылады. Басқару әдістері – бұл:

1) әкімшілік құқық субъектілерінің қызметін ұйымдастырудың тәсілдері;

2) басқару процесінде пайда болатын нақты мәселелерді шешу тәсілдері;

3) бағынысты тұлғалардың еркіне әсер ету тәсілдері.

Басқару әдістерінің белгілері:

1) Бұл бір адамның екінші адамға, бір ұжымның екінші ұжымға, бір адамның ұжымға, ұжымның адамға әсер ету тәсілдері. Барлық жағдайда әдіс адамдардың ерекше байланысы ретінде көрініс табады;

2) Бұл билік субъектілері еркінің үстемдігін қамтамасыз ету тәсілдері;

3) Бұл бірлескен қызмет процесінде пайда болатын ортақ функцияларды жүзеге асыру тәсілдері;

4) Бұл танымдық әсер ету құралдары;

5) Бұл белгілі бір мақсаттарға жету құралдары.

 

2. Атқарушы билікті жүзеге асыруда мемлекет сендіру және көтермелеу әдістерін қолданады.

Мәжбүрлеу қоғам дамуының объективтік қажеттіліктерімен байланысты, мемлекеттік биліктің қасиеті болып табылады, өйткені ол-әрбір әлеуметтік ұйымның қажетті элементі және әрбір биліктің қасиеті.

Мемлекеттік мәжбүрлеу ықпал етудің тікелей объективтігіне байланысты күш қолданатын немесе психикалық мәжбүрлеуге бөлінеді. Оның мақсаты-құқықтың нақты субъективтілігін белгілі бір нұсқамаларды сақатуға немесе қандай да болмасын бір іс-әрекеттерді жасаудан бас тартуға көндіру. Мәжбүрлеу әдісін пайдаланған кезде қажетті нәтижеге қол жеткізу субъектінің еркіне, оның ішкі ал кейде сырттай қарсыластығына қарамастан жүзеге асырылады.

Мемлекеттік мәжбүрлеу құқықта бекітіледі, құқықтық мәжбүрлеу нысанында болады және құзыретті мемлекеттік органның қолданатын нақтылы мәжбүрлеу шараларынан көрініс табады. Оларға:

- Заңдық жауапкершілік шаралары (қылмыстық, әкімшілік, тәртіптік, материалдық)

- Жолын кесу шаралары және мәжбүрлеу сипаты бар әкімшілік алдын алу шаралары (кедендік тексеру, мәжбүрлеп медициналық куәландыру) жатады.

- Мәжбүрлеп ықпал етудің нақтылы шараларын іске асырудың тәртібі мен ресімденуінің негіздемелерін нормативтік белгілеу негізінде қолданылады.

Мәжбүреудің міндеті – әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, құқық бұзушыларды тәрбиелеу, жаңа бұзушылықтың алдын-алу.

Сендіру бағынысты тұлғаның еркін қалыптастыру немесе өзгерту үшін әртүрлі түсіндіруші, тәрбиелік, ұйымдастырушылық шараларды қолданудан көрініс табады. Бұл әдіс бағынысты тұлғалардың құқықтық актілерде бекітілген билік субъектісінің еркін өз еркімен орындауына бағытталады. Сендіру арқылы заң шығарушы мен азаматтардың, басшы мен ұжымның еркінің біртұтастығына қол жеткізуге болады. Сендіру – бұл зейінді өзіне бағындыру, санаға, эмоцияларға әсер ету сияқты элементтерден құралған әрекеттерді кезекті түрде жүзеге асыру процесі. Егер азаматтар мемлекеттің мақсаты мен міндеттерін түсінсе, олар заң нормаларына ерікті түрде бағынады, оларды қолдайды және оларды жүзеге асыру үшін саналы түрде әрекет етеді. Яғни, сендіру әдісі арқылы мемлекет адамдардың санасы мен еркіне әсер етеді, нәтижесінде оларда заңды ережелерді орындаудың дұрыстығы туралы сенім қалыптасады.

Кейбір жағдайларда заңды ерікті түрде орындау үшін азаматтардың өз құқықтары мен міндеттерін білуі жеткілікті болып табылады. Ал басқа жағдайларда азаматтар кері салдардың туындауын білгендіктен ғана құқықтық ережелерді орындайды. Сендіру тәрбиелеудің бір нысаны болып табылады, оның мынадай ерекшеліктері бар:

1) Сендіру демократиялық қоғамдағы басты әсер ету әдісі болып табылады. Ол жүйелі түрде қолданылады;

2) Ол нормаларды ерікті түрде орындауды қамтамасыз етеді, нәтижесінде тұлғаларда заңды орындау әдеті, оның дұрыстығы туралы сенім қалыптасады;

3) Демократиялық қоғамның құрылу мақсаттары адамдардың әрекеттеріне әсер етудің орнына олардың өзінде құқықтық сананың қалыатасуын талап етеді. Борыш, ар-ұят сезімін қалыптастыруда сендірудің әртүрлі нысандарының ролі ерекше;

4) Соңғы онжылдықта құрылған бұқаралық ақпарат құралдарының (БАҚ) жүйесі азаматтардың санасына әсер ету мүмкіндігін ұлғайтты, оларды қолдану сендірудің рөлін күшейте түсті;

5) Сендіру мәжбүрлеуге қарағанда мемлекет үшін әлдеқайда арзан болып табылады, яғни оның тиімділігі жоғары.

6) Сендіру нысандары әртүрлі болып келеді: оқыту, насихаттау, тәжірибе алмасу және т.б. Шерулердің, жиналыстардың, жарнаманың сендіру әдісін жүзеге асырудағы рөлі зор.

3. Өз қызметінде атқарушы билік органдары төмендегідей әкімшілік-

құқықтық әдістерді қолданады: субординация және координация әдістері, тікелей және жанама әсер ету әдістері.

Субординация әдісінің сипаттары:

1) құқықтар мен міндеттерді орнықтыру жолы арқылы бағынысты тұлғаларға тікелей әсер ету;

2) міндеттерді, оларды орындау тәртібі мен мерзімдерін анықтау, ресурстарды, жұмыс жағдайын пайдалану жолы арқылы алға қойылған мақсаттарды шешу тәсілдерін таңдау;

3) басқару актілерінің заңды міндетті сипаты, оларды тиісті түрде орындамау әкімшілік әсер ету шараларын туындатады.

4) заңмен белгіленген тәртіпте жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын қорғау.

Атқарушы билік органы қоғамның және адамның саяси, әлеуметтік экономикалық, басқа да мүдделері мен мұқтаждықтарын іске асырғанда әкімшілік-құқықтық әдістерді субординациямен үйлестіруді пайдаланады.

Субординация әдісінің негізгі белгілері:

- басқарылатындарға, олардың құқықтары мен міндеттерін белгілеу

жолымен тікелей ықпал ету;

- басқару органының тапсырманы, оны орындаудың тәртібі мен мерзімін

анықтауы;

- басқару актілерінің заңдық міндеттемелік сипаты, олар орындалмаған

жағдайға әкімшілік ықпал ету шараларының көзделуі;

- заңда белгіленген тәртіпте жеке және заңды тұлғаның құқықтарын

қорғау.

Субординация әдісінің негізін заңдық ықпалдың өктемдік сипаты мен мемлкеттік бедел құрайды, оның әлеуметтік тірегі көпшілік мүддесі болып табылады.

Үйлестіру әдісі орталық атқарушы орагндарының басшылары мен лауазымды адамдардың басқарушылық функцияны орындауда олардың өзара келісімді әрекетін қамтамасыз етеді. Мұндай үйлестіру өкілеттігі бар, біріне-бірі бағынышты емесе органдардың, қызметтерді, лауазымды адамның арасында жүзеге асырылады.

Сонымен, субординация әдісінің негізін заңды әсер етудің биліктік сипаты мен мемлекеттік бедел құрайды.

Координация әдісі басқарушылық міндеттерді шешу барысында орталық атқарушы органдардың, басшылардың және лауазымды тұлғалардың үйлесімді қызметін қамтамасыз етуден көрініс табады. Мұндай координация бір-біріне бағынбайтын органдардың арасында жүзеге асырылады және ортақ мәселелерді шешудің қажеттігі негізінде туындайды.

Атқарушы билікті жүзеге асырудың басқа да мынадай әдістері бар: ғылыми және ғылыми емес, демократиялық және диктаторлық, икемді және қатаң, шығармашылық және шаблондық, мемлекеттік және қоғамдық.

Әдістерді дұрыс пайдаланған жағдайда, олар бір-бірімен байланысқан әсер ету тәсілдерінің біртұтас жүйесін құрайды.

Көтермелеу – бұл қызығушылық, сана арқылы адамдардың еркін пайдалы әрекеттерді жасауға бағыттайтын әсер ету тәсілі. Көтермелеушілік әсер ету белгілі бір әрекеттерді істеуге қызығушылық тудырады, себебі тұлғада нақты бір материалдық, моральдық және басқа да игілікті алу туындайды. Көтермелеу қызметінің негізгі қағидалары болып табылатын жариялылық, негізділік, жеделдік және жан-жақтық қағидалары атқарушы биліктің жалпы қағидаларынан туындайды.


Дата добавления: 2015-11-30; просмотров: 87 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.011 сек.)