Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Пәннің қысқаша сипаттамасы.

Читайте также:
  1. Азақстан Республикасындағы қылмыстылықтың сипаттамасы.
  2. Негізгі әскери паектің сипаттамасы.
  3. Пәннің қысқаша сипаттамасы.
  4. Пәннің қысқаша сипаттамасы.
  5. Пәннің қысқаша сипаты
  6. Пәннің оқу үдерісінде алатын орны

Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабының 1- тармағында «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деп көрсетілген. Осы Конституцияның ережелеріне сәйкес бүгінгі таңда Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі қолданылып келеді. Осы орайда әрбір азаматтың Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасын білгені де дұрыс, әрі қажет.

«Қазақстан Республикасындағы әкімшілік жауаптылық» курсы таңдау компонентттерінің бірі болып табылады. Бұл өз алдына оқытушыларға пәннің аса маңызды бөлімдерін жүйелі әрі тереңірек оқытуда жауапты міндет жүктейді. Егеменді Қазақстанның жаңа мақсаттарына сәйкес экономикалық, саяси-құқықтық және әлеуметтік-мәдени салаларының әкімшілік құқықтық институттарын қайтадан қарастыру мүмкіндігі туындап отыр; құқықтық мемлекет идеялары, билікті бөлу, адамның құқықтары және бостандықтарының басымдылығын қарастыру кезінде әкімшілік жауапкершілік мәселелерін ескеру қажет. Заңнаманың жаңаруы және оның тұрақты түрде өзгеріп отыруы әкімшілік жауаптылық пәнінің мазмұнына әсер ететін маңызды деректердің бірі болып табылады.

Оқытудың мақсаты:

- әкімшілік мәжбүрлеу түсінігі мен түрлерін;

- әкімшілік құқық бұзушылық түсінігі, белгілері, түрлерін;

- әкімшілік жауапкершілік ұғымы, белгілері, одан босатудың

негіздерін;

- әкімшілік жазалар және оларды қолдануды;

- әкімшілік іс жүргізу ұғымын, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс

жүргізу тәртібін танып білу болып табылады.

Оқытудың міндеті:

- тыңдаушыларға «Қазақстан Республикасындағы әкімшілік жауаптылық» пәні туралы терең білім беру;

- тыңдаушыларды әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнаманы дұрыс түсінуге оқыту;

- әкімшілік жауапкершілікті құқықтық жауапкершіліктің бір түрі ретінде қарастырып, оның белгілерін көрсету; сөйтіп басқа құқықтық жауапкершіліктерден ажыратуды үйрету;

- әкімшілік құқық бұзушылықтың қылмыстан ерекшелігін көрсету;

- курсты зерделеу барысында алынған теориялық білімді жадында

бекіту үшін өз бетімен жұмыс істеуге машықтануды дамыту

Студенттердің меңгеретін білімі мен іскерлігі:

- «Қазақстан Республикасындағы әкімшілік жауаптылық» пәні бойынша негізгі ұғымдарын білуге, әрі жадында түйуге;

- Юрисдикция мәселелерімен танысуға, әкімшілік құқық бұзушылық

туралы заңнамасының негізгі принциптері мен ережелерін білуге;

- Курс бойыншаалған білімдерін тәжірбиеде қолдана білуге тиіс.

Осы пәнді оқыту үрдісінде келесі құзіреттіліктерді қалыптастыруға бағытталған:

Әлеуметтік-құқықтық құзыреттілік – қоғамдық институттар және адамдармен қарым-қатынастылық саласындағы құзыреттілік, сондай-ақ мамандық қарым-қатынас және мінез-құлықтық амалдарды иемдену;

жеке тұлғалық құзыреттілік –ұдайы мамандықпен біліктілікті жоғарылату, сондай-ақ мамандық еңбекте өзін жүзеге асыра білу;

арнайы: теориялық алған білімін, дағдыларын іс жүзінде дұрыс пайдалана білуі, біліктілігі жоғары, тәжірибесі мол адамдардың тәжірибесінен үлгі алып, кеңейтіп, қолдана білуі, нормативтік-құқықтық актілер туралы білімінің болуы мен оның өзгерістеріне ілесе алуы, нормативтік құқықтық құжаттармен жұмыс жасай білуі тиіс, кез келген тығырықтан шығу үшін шешім қабылдай білу қабілеті мен сын айта білу, ойын жүзеге асыру қабілетінің болуы.

коммуникативтік заңгердің қызметіндегі сәйкестендірілген аспект – бірден-бір қолданыстағы және де ерекше таңдалған заң мамандығы тәуелділігінде жатады;

ауызша және жазбаша сөйлеудегі дағдылар (айтылған сөздің немесе болған жағдайдың мазмұнын жазбаша түрде қысқаша және нақты жеткізе білу, сұрақтарды өз уақытында және сауатты нысандай білу: диалогты жүргізу шеберлігі, полемикалық және шешендік өнер);

ұйымдастырушылық күрес жүргізуді ұйымдастырушы есебіндегі заңгерге сеніп тапсырылған айлақтағы жұмысқа, ғылыми негізде өз еңбегін ұйымдастыруға мүмкіншілік береді.

Пән бойынша студенттің білімін балмен бағалау көрсеткіші

 

Бағаланатын бағдар (позиция) 1-8 аптадағы бағалау мөлшері 9-15 аптадағы бағалау мөлшері Баллдың максималдық (жоғары) мөлшері Электронды журналға балл қоюдың кезеңі
Ағымдық бақылау     Әрбір бағалауға 100 баллдан Апта сайын (бірінші аптадан басқа)
СӨЖ     Әрбір СӨЖ –ге 100 баллдан 4,7,11, 14 апталарда
Аралық бақылау     Әр аралық бақылауға 100 баллдан 8 және 15 аптада
Кіру рұқсатының рейтенгісі   R1   8 апта
Кіру рұқсатының рейтенгісінің   R2   15 апта
Академиялық кезеңдегі кіру рұқсатының рейтенгісі R= (R1 + R2)/2   15 апта
Емтихан Е   16-19 апта
Қорытынды баға І = R*0.6+E*0.4    

 

Силлабуста әрбір бақылау түріне қойылатын баллдың критерии көрсетілуі тиіс. Осы мақсатта оқытушы пәннің (спецификасын) өзіне тән ерекшелігін, студенттің мүмкіндігіне сәйкес қойылатын талаптарды ескереді, сонымен бірге оқытушы жалпы белгіленген талаптарды да ескеруі тиіс.

«Ағымдық бақылау» параметрінде сабаққа қатысу, практикалық, лабораториялық және үй тапсырмаларының орындалуын бақылау ескеріледі. Студенттің дәріс сабағындағы белсенділігін де ескеру керек. Балл қойылады: қатысқаны үшін, сабақ барсыныда лектордың тарапынан қойылған проблемалық сұрақтарды талқылауға ат салысқаны үшін, лекторға сұрақ қойғаны үшін, сыни тұрғыдан ойлауына; практикалық (семинар) және ОСӨЖ сабақтарындағы студенттің барлық қатысу мүмкіндіктері бағаланады. Балл қойылады: мәселенің шешімін тапқаны үшін, үй және тест тапсырмаларын орындағаны үшін, оқытушы тарапынан қойылған сұрақтарға жауап бергені үшін, тақтада практикалық жұмыс жүргізгені үшін, бүкіл сабақтың барысында студенттің белсеңді ат салысқаны үшін, ОСӨЖ тапсырмаларын дайындауда және қорғауға өзіндік шығармашылқ ізденістерін танытқаны үшін және т.б. Әр оқытушы өз пәнінен жүргізілетін жұмыс түрлерін, тапсырмаларын пәннің өзіне тән ерекшелігін және бағдармадағы мазмұнын ескере отырып дербес анықтайды, әр аралық бақылаудағы білімді бағалаудың рейтингтік жинақталған жүйесін жасайды.

СӨЖ-ге қойылатын жоғары 100 балл тапсырманың түріне және мазмұнына (ауыр, жеңілдігіне) байланысты бөлінеді, оның негізіне белгіленген талаптар, тапсыру мерзімінің сақталуы тапсырмалар мөлшері, орындалу сапасы жатады.

Әр пәннің мақсаты мен міндеті ескеріле отырып, білім алушының дайындық дәрежесі және өздік жұмысқа бөлінген сағат санын есепке алып СӨЖ формасы (нышаны) мен түрі таңдап алынады. Әрбір СӨЖ талапқа сәйкес бірнеше тапсырмалардан тұрады. Силлабуста әрбір тапсырманың мазмұны мен маңыздылығы және соған сәйкес сол тапсырманы орындағандағы балы көрсетілуі тиіс.

Бағдарламада көрсетілген студенттің қосымша іс-әрекетіне «ғылыми баяндамалары, мақалалары, олимпиядаға конкурс, жарыстарға қатысуы халықаралық грант, жобаларға қатысуы және т.б) үстеме балл бонустар қарастырылып, семестрдегі жинаған балына қосылады. Жіберіп алған сабақтарын және маңызды бақылау қорсонында жүргізіледі. Негізсіз себептермен жіберілген сабақтар және оларды мерзімінен кеш өтеуге балл қойылмайды. Себепсіз сабақ жіберіп алған жағдайда, еңбек тәртібін бұзған кезде, сабаққа кешігіп келгенде, СӨЖ және ОСӨЖ тапсырмаларын аралық бақылау және үй жұмыстарын орындамау немесе өз уақытында тапсырмаған жағдайда балл кемітіледі.

Аралық бақылау нышанын (форма) оқытушының өзі анықтайды, оның коллоквиум, жобаны қорғау, тұсаукесер (презентация), эссе жазба бақылау жұмысы т.б. болуы мүмкін. Силлабуста әрбір аралық бақылаудың нышаны және бағалау критерилері көрсетілуі тиіс. Осы негізінде, оқытушы семестр бойына студенттің үлгерімін және сабаққа қатысуын қадағалайды.

Сабақ үлгерімінің және қатысудың жиынтық рейтингтік бағасын оқытушы әр аптаның соныңда университеттің жергілікті жүйесі арқылы қояды.

 

Білімді бағалаудың балдық-рейтингтік жүйесі

 

Әріппен белгіленген баға Бағаның цифрлік эквиваленті Пайыздық мөлшері Дәстүрлі түрде бағалау
A 4.0 95-100 Өте жақсы
A- 3.67 90-94
B+ 3.33 85-89 Жақсы
B 3.0 80-84
B- 2.67 75-79
C+ 2.33 70-74 Қанағаттанарлық
C 2.0 65-69
C- 1.67 60-64
D+ 1.33 55-59
D   50-54
F   0-49 Қанағаттанарлықсыз

 

Кредиттік технологя жүйесінің өзіне тән ерекшелігі жинақтаушы жүйе қоланылады, яғни білім алушының оқудағы жетістік деңгейі, әр пәннің қорытынды бағасымен анықталады, ол рейтингтен (қорытынды бағаның 60%) және емтихан бағасынан (40%) құралады. Рейтинг студенттің әр пәннен академиялық кезеңде жинаған балынан құралады. Соған сәйкес білім алушының оқу жетістігі үшін (күнделікті сабақтағы жауап беруі, үй тапсырмасын тапсыруды, СӨЖ; аралық бақылау және т.б) 100 баллдық шкала бойынша бағаланады және соңғы рейтинг барлық бақылау кезеңінде алған бағанын орташа арифметикалық сумасымен шығарылады.

 

Баға қоюдын критерилері

 

Бақылау түрі Максимальдық баға Оқытушының журналына балл қойылатын мерзімі
Ағымдық бақылау: қатысу: 1 сағ.-5 балл үй тапсырмасын орындауы практикалық сабақтың орындалуы белсеңділігі (лекция барысындағы жауаптары....) ОСӨЖ тапсырмаларын орындауы     Әр сабақта
СӨЖ 1* Тапсырма 1 Тапсырма 2 Тапсырма 3     СӨЖ тапсырмаларының тапсыру кестесіне сәйкес
СӨЖ 2 Тапсырма 1 Тапсырма 2 Тапсырма 3     СӨЖ тапсырмаларының тапсыру кестесіне сәйкес
СӨЖ 3 Тапсырма 1 Тапсырма 2 Тапсырма 3     СӨЖ тапсырмаларының тапсыру кестесіне сәйкес
СӨЖ 4 Тапсырма 1 Тапсырма 2 Тапсырма 3 Тапсырма 4     СӨЖ тапсырмаларының тапсыру кестесіне сәйкес
Аралық бақылау 1: коллоквиум №1-№8 дәрістер бойынша Сұрақ 1- баға 1 Сұрақ 2- баға 2 Сұрақ 3- баға 3 Қорытынды баға: (баға1+баға2+баға3)/3   8апта
Аралық бақылау 2:коллоквиум №9-№15 дәрістер бойынша Сұрақ 1- баға 1 Сұрақ 2- баға 2 Сұрақ 3- баға 3 Қорытынды баға: (баға1+баға2+баға3)/3   15 апта

 

*СӨЖ мазмұны силлабустағы СӨЖге арналған кестеде көрсетілген


Дата добавления: 2015-11-30; просмотров: 299 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)