Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

4 страница

Читайте также:
  1. 1 страница
  2. 1 страница
  3. 1 страница
  4. 1 страница
  5. 1 страница
  6. 1 страница
  7. 1 страница

5. Орындау критерилері мен бағалау критерилері: cиллабуста көрсетілген.

6. Тапсыру мерзімдері: Силлабуста көрсетілген мерзімі көрсетілген бақылау кестесіне сай.

7. Әдебиет: 1-қосымшада берілген.

8. Бақылау: тест тапсырмалары (арнайы тапсырмалар), рецептер жазу, ауызша сұрау.

Тест тапсырмалары

Ішек цестодозы кезінде қолданатын препараттар.

А. Фенасал. В. Пиперазин адипинаты. С. Дитразин. Д. Вермокс. Е. Левамизол

Никлозамидтің қолдану көрсеткішін көрсетіңіз.

А. Аскаридоз. В. тирхоцефалез. С. Энтеробиоз. Д. анкилостомидоз. Е. дифиллоботриоз

СӨЖ №7

1. Тақырыбы: Қарапайымдарға (амебаға, бауыр-құртарға,трихомонадоз, токсоплазмоз) қарсы дәрілер.

2. Мақсаты: Медицина қызметкерлері мен жергілікті тұрғындарға ақпараттық-кеңестік қызметтер көрсету дағдылары мен біліктілігін қалыптастыру мақсатындақарапайымдарға қарсыдәрілердің фармакодинамикасы мен фармакокинетикасының жалпы заңдылықтары туралы білім беру

3. Тапсырма:

Сұрақтарға жауап беру:

1.Лямблиозда қолданатын дәрілер. Препараттардың салыстырмалы белсенділігі. Қолданылуы. Жанама әсері.

2. Трихомонадозда қолданатын дәрілер. Препараттардың фармакологиялық әсерлері. Қолданылуы. Жанама әсерлері.

3.Токсоплазмозда қолданылатын дәрілер.Олардың фармакологиялық сипаттамасы.

4.Лейшманиозда қолданатын дәрілер. Олардың фармакологиялық сипаттамасы.

Тақырып бойынша препараттар:Хингамин(делагил),метронидазол(трихопол, клион, метрогил),Эметин г/х,солюсурьмин.

Дозасын білуге қажет препараттар: трихопол, клион, солюсурьмин.

Рецепт түрінде жазу:

1.Амебалық дизентерияны емдейтін дәрі.

2. Амебиаздың әр түрінде қолданатын дәрі.

3. Трихомонадозды емдейтін дәрі.

4. Лямблиозды емдейтін дәрі.

5. Токсоплазмозды емдейтін дәрі.

6. Энтеробиозды емдейтін дәрі.

4. Өткізу түрі: Жоспарда бөлінген тақырыптарды өздігінен меңгеру, рефераттар мен презентациялар дайындау, ситуациялық есептерді шешу, дәрілерді таңдау, оқулықпен, кестелермен жұмыс, тестерді шешу, кіші топтарда жұмыс, эссе жазу.

5. Орындау критерилері мен бағалау критерилері: cиллабуста көрсетілген.

6. Тапсыру мерзімдері: С иллабуста көрсетілген мерзімі көрсетілген бақылау кестесіне сай.

7. Әдебиет: 1-қосымшада берілген.

8. Бақылау: тест тапсырмалары (арнайы тапсырмалар), рецептер жазу, ауызша сұрау.

СӨЖ №9

1. Тақырыбы: Антидоттар мен функционалды антагонистер.

2. Мақсаты:

· Дәрілермен жедел уланудың негізгі симптомдары мен удың ағзамен удың әсерлесуінің, жедел улануды емдеудің жалпы ұстанымдарынүйрену.

· Жалпы дәрілермен жедел уланудың симптомдарын тани білу, алдын- алу ұстанымдарын білу, оны түзетуді және детоксикация жолдарын білу, уланудың диагностикасының негізгі әдістерін білу.

3. Тақырып бойынша тапсырмалар

Сұрақтарға жауп беру

1. Жедел улануды емдеудің жалпы ұстанымдары.

2. Ағзадан токсикалық заттарды аластату:

3. Ағзаға удың сіңірілуін зарарсыздандыру: антидоттар және антагонистер.

4. Зақымдалған мүшелердің функцияларын қалыпқа келтіру және өмір сүруге қажетті жүйелердің қызмет атқаруын ұстап тұру.

5. Дәрілік уланулар және көмек шаралары. Атропинмен, никотинмен, фосфорорганикалық қосылыстармен, нейролептиктермен, транквилизаторлармен, барбитураттармен, димедролмен, кофеинмен, морфинмен, ішімдіктермен, витаминді дәрілермен жедел улану.

Таратылатын материал: рецептура бойынша тапсырмалар

Рецепт түрінде жазу.

1. М-холиномиметиктерменуланған кездегі дәрі.

2. Морфинмен уланған кездегі антидот

3. ФОҚ уланған кездегі антидот.

4. Өткізу түрі: Жоспарда бөлінген тақырыптарды өздігінен меңгеру, рефераттар мен презентациялар дайындау, ситуациялық есептерді шешу, дәрілерді таңдау, оқулықпен, кестелермен жұмыс, тестерді шешу, кіші топтарда жұмыс, эссе жазу.

5. Орындау критерилері мен бағалау критерилері: силлабуста көрсетілген.

6. Тапсыру мерзімдері: Силлабуста көрсетілген мерзімі көрсетілген бақылау кестесіне сай.

7. Әдебиет: 1-қосымшада берілген.

8. Бақылау: тест тапсырмалары (арнайы тапсырмалар), рецептер жазу, ауызша сұрау.

Сұрақтарға жауап берініз

Вариант -1

1. Мендуанамен уланған кездегі физиологиялық антагонист.

2. Наркоздық ұйықтататын құралдармен, этил спиртімен уланған кездегі антидот.

3. Жүрек гликозидтерімен уланған кездегі қолданатын құрал.

Вариант- 2

1. Метил спиртімен уланған кездегі қолданатын құрал.

2. Дәрілермен қатты уланудың емдеу негіздері

3. Ас қорыту трактысында удың сіңірілуін төмендету үшін белсенділігін іш жүргізетін құралды көрсетіңіз:

1. Тақырыбы: Аралық бақылау. «Микробқа қарсы, паразиттерге қарсы, вирусқа қарсы дәрілер» бойынша қорытынды сабақ.

2. Мақсаты:

- микробқа қарсы, паразиттерге қарсы, вирусқа қарсы дәрілер бойынша қорытынды сабақ.дәрі-дәрмектердің негізгі фармакологиялық қасиеттерін және фармакодинамикасын игеру.

- дәрілердің фармакодинамикасы және фармакокинетикасының жалпы заңжылықтары туралы көзқарас қалыптастыру

- дәрілердің қасиеттерінің негізінде дәрілік құралдардың топтарын идентификациялау мүмкіндіктеріне үйрету

- дәрілердің жанама әсерлерін білу және оларды жоюды үйрету

3. Тақырып бойынша тапсырмалар

Тақырыптың негізгі сұрақтары:

Тәжірибелік сабақтардың және оқытушының жетекшілігімен студенттің өз бетінше атқарылатын жұмысының тақырыптары бойынша сұрақтарға жауап дайындау:

1. Антисептикалық және дезинфекциялық дәрілер туралы түсінік. Антисептиктердің химиялық құрылымы бойынша жіктелуі.

2. Химиотерапевтикалық дәрілер. Химиотерапияның негізгі принциптері. Жіктелуі.

3. Антибиотиктер. Жіктелуі. Негізгі механизмі. Резервті антибиотиктер туралы түсінік. Препараттарға салыстырмалы сипаттама.

4. Сульфаниламидтердің жіктелуі: қолдану және фармакологиялық қасиеттері бойынша сульфаниламидтердің антимикробтық әсер ету механизмі. Салазосульфанлиамидтер.

5. Синтетикалық антибактериалдық препараттар. Жалпы сипаттамасы. Механизмі. Спектрі. Жанама әсерлері.

6. Туберкулез кезінде қолданатын дәрілік препараттар. Олардың антимикробтық спектрі бойынша бөлінуі. Химиялық және фармаотерапевтикалық жіктелуі.

7. Мерезге қарсы қолданылатын дәрілер. Мерезді емдеудегі резервті антибиотиктер. Механизмі. Жанама әсерлері.

8. Саңырауқұлақтарға қарсы дәрілер. Жалпы сипаттамасы. Механизмі. Спектрі. Жанама әсерлері.

9. Вирустарға қарсы дәрілер. Механизмі. Қолданылуы. Интерферондарды қолдану, қасиеттері. Биологиялық маңызы.

10. Қарапайымдарға қарсы дәрілер.

10.1 Безгекке қарсы дәрілер.

10.2 Амебаға қарсы дәрілер.

10.3 Лямблиозға қарсы дәрілер.

10.4 Трихомонадозға қарсы дәрілер.

10.5 Токсоплазмозға қарсы дәрілер.

10.6 Лейшманиозға қарсы дәрілер.

11. Құрттарға қарсы дәрілер. Жіктелуі. Механизмі. Қолданудың негізгі принциптері. Жанама әсерлері.

Таратылатын материал

Тестілік тапсырмалар, рецептер жазу.

4. Өткізу түрі: Тестілік бақылау, рецептер жазу, сұхбаттасу.

5. Орындау критерилері мен бағалау критерилері: cиллабуста көрсетілген.

6. Тапсыру мерзімдері: Силлабуста көрсетілген мерзімі көрсетілген бақылау кестесіне сай.

7. Әдебиет: 1-қосымшада берілген.

8. Бақылау: тест тапсырмалары (арнайы тапсырмалар), рецептер жазу, ауызша сұрау.

Сұрақтарға жауап беріңіз:

1. Дезинфекциялаушы дәрілер.

2. Цефалоспориндер, жалпы сипаттамасы: Әсер ету механизмі, Антибактериалды әсер спектрі.Жанама әсерлері.

3. Метронидазол, фармакологиялық сипаттамасы, рецепт жазу.

4. Ацикловир, фармакологиялық сипаттамасы, рецепт жазу.

5. Пирантел, фармакологиялық сипаттамасы, рецепт жазу.

 

1-қосымшa

Әдебиет:

негізгі:

1. Орманов, Н. Ж. Фармакология. 1-кітап: оқулық - Алматы: Эверо, 2013. - 656 бет-

2. Орманов, Н. Ж. Фармакология. 2-кітап: оқулық - Алматы: Эверо, 2013. - 512 бет-

3. Орманов, Н. Ж. Жалпы рецептура. Жалпы фармакология: оқу құралы - Алматы: Эверо, 2012. - 102 бет

4. Орманов, Н. Ж. Фармакология кесте мен сызбада: оқу-әдістемелік құрал / Н. Ж. Орманов, Л. Н. Орманова; ОҚМФА. - Алматы: Эверо, 2011. - 368 бет

5. Сұлтанов М. Ә. Фармакология: оқу құралы. - Шымкент, 2008.

6. Харкевич, Д. А. Фармакология с рецептурой: учебник. - 3-е изд., испр. и доп. - М., 2009. - 464 с.

7. Харкевич, Д, А. Фармакология: учеб. для вузов. - 10-е изд., испр. и доп. - М., 2008. - 752 с. – 50

8. Харкевич, Д. А. Основы фармакологии: учебник для вузов. - М.: ГЭОТАР - Медиа, 2008. - 720 с.

Қосымша әдебиеттер.

1. Машковский, М. Д. Лекарственные средства: пособие для врачей / М. Д. Машковский. - 16-е изд., перераб. и доп. - М.: Новая волна, 2012. - 1216 с

2. Лекарственные препараты в Казахстане: справочник. - 5-е изд., перераб., испр. и доп. - Алматы: АстраФармСервис, 2008. - 944 с

3. Крыжановский С. А. Современные лекарственные средства. Более 10000 наименований: справ.- М., 2008.

4. Майский, В. В. Фармакология с общей рецептурой [Электронный ресурс]: учебник для мед. училищ и колледжей. - 3-е изд., доп. и перераб. - Электрон. текстовые дан. (36,1 МБ). - М.: Издательская группа "ГЭОТАР- Медиа", 2011. - 240 с. эл. опт. диск (CD-ROM).-

5. Харкевич, Д. А. Фармакология [Электронный ресурс]: учебник. - 10-е изд., перераб. и доп. - Электрон. текстовые дан. (62,1 МБ). - М.: Изд. группа "ГЭОТАР-Медиа", 2010. - 752 с. эл. опт. диск (CD-ROM).

6. Аляутдин, Р. Н. Фармакология [Электронный ресурс]: учебник для среднего проф. образования. - Электрон. текстовые дан. (44,6 МБ). - М.: ИГ "ГЭОТАР- Медиа", 2010. - 704 с. эл. опт. диск (CD-ROM)

7. Электронная энциклопедия лекарств [Электронный ресурс]: энциклопедия. - Электрон. текстовые дан. (52,7 Мб). - М.: КНОРУС, 2009. - эл. опт. диск (CD-ROM).

8. Харкевич, Д. А. Основы фармакологии [Электронный ресурс]: учебник. - 10-е изд., перераб. и доп. - Электрон. текстовые дан. (54,3 МБ). - М.: ИГ "ГЭОТАР- Медиа", 2008. - 720 с. эл. опт. диск (CD-ROM).

 

2-қосымшa

Оқыту әдістері (шағын топтар, пікір талас, жағдайлық есептер, жұптасып жұмыс істеу, презентациялар, кейс-стади және т.б).

Дәрістер – шолу.

Тәжірибелік сабақтар: ауызша сұрау, ситуациялық есептерді шешу, глоссарии жазу, рефераттар мен баянадамалар, презентациялар, кіші топтармен жұмыс.

Оқытушының жетекшілігімен студенттің өз бетінше атқаратын жұмысы: жоспарда бөлінген тақырыпты өздігінен меңгеру, рефераттармен презентациялар дайындау, ситуациялық есептерді шешу, оқулықтармен, атласпен, кестелермен жұмыс жасау, тестілік тапсырмаларды орындау, интерактивті оқыту бағдарламаларымен, әдістемелік өңдеулермен жұмыс жасау, кіші топтармен жұмыс, эссе жазу, жеке және топ тапсырмаларын орындау, туындаған сұрақтар бойынша оқытушымен кеңесу, аралық бақылау

Студенттердің өзіндік жұмысы:

Тестілік тапсырмалардың құрамында 10 сұрақтан кем болмайтын сұрақтар болады. Берілген мерзімінде тапсырылады. Тестің негізі мазмұнды. Тестілік тапсырмалар нақты, дәлқұрастырылған. Жауаптардың біртипті және адекватты варианттары бар. Жауаптардың алгоритмі бар. Дұрыс жауаптар дұрыс белгіленген.

Рефераттар – студенттердің қалауы бойынша (әр модульге бір рефераттан) дайындалады. Әрқайсысы әр реферат бөлімін дайындайтын болса бір топ студенттерге де құрастырылған. Реферат сұрақтың негізін ашу керек, максимальды ақпаратты және өзіндік қорытындылары болуы керек. Реферат ұқыпты орындалады, өздігімен жазылады, 3 тен кем емес әдеби тектері болуы керек. Рефераттың тақырыбына сәйкес сызбалар, кестелер және суреттер беріледі. Рефератты қорғағанда мәтін оқылмайды, ал баяндалады. Қатесіз және еркін берілген сұрақтарға жауап береді.

Презентациялар өздігімен орындалады. 3 тен кем емес әдеби тектері болады. Слайдтар мазмұнды болуы керек. Қорғау кезінде автор тақырып бойынша терең білімін көрсету керек, талқылау кезінде сұрақтарға жауап бергенде қателік болмау керек.

Портфолио - бұл студенттің оқып - үйреніп отырған пән бойынша жетістіктерін құрайды. Портфолио мына бөлімдерден тұрады: студент туралы мәлімет, презентация, кейс- стадиилер, кроссвордтар, лекциялар, эссе және рецептурадан тапсырма және т.б.

Тест тапсырмалары құрамындағы сұрақтар 10-нан кем болмауы тиіс. Уақытында тапсырылады. Тест маңызды, тапсырмалары анық келтірілген және түсінікті. Жауаптардың алгоритмі бар. Барлық дұрыс жауаптар белгіленген және дұрыс.

Кейс-стадийлер. Студент тақырып бойынша ситуациялық есептердің шартын құрады. Шартымен бірге есептің шешуі беріледі. Егер ол болмаса, студент берілген ситуациялық мәселені өздігінен шешеді.

Сөз жұмбақтар. Тақырып бойынша кроссворд сұрағы 10-нан кем болмауы тиіс. Уақытында тапсырылады. Тапсырмалар түсінікті және маңызды. Жауап алгоритмі бар.

 

Білімдерін бағалау белгілері және ережелері

ОҚМФА-мен қабылданған рейтингтің унифицирленген әдістемесіне сәйкес 2006ж. 25 тамызынан үлгерімі мен білім бағасын бақылау «Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі. Жоғары оқу орындардағы білім бағалау мен бақылау» 05.03.2006ж. ҚР білім берудің мемлекеттік жалпы міндетті стандартына негізделген.

Бақылаудың келесі түрлері қолданылады: ағымды, аралық және қорытынды.

 

Ағымды бақылау

Үлгерімнің ағымды бақылауы кестеге сәйкес тәжірибелік сабақтарда жүргізіледі.

Бағалау критериилері

Бақылау түрі Бағасы Бағалау критериилері
Ауызша жауап өте жақсы А (4,0; 95-100%); А- (3,67; 90-94%); бағаларына сәйкес келеді. Бұл бағалар, егер студент ешқандай да қателіктер, дәлсіздіктер жібермесе қойылады. Игерілетін пән бойынша теорияда концепцияда және бағыттарда ориентирлене біледі, басқа пәндердің ғылыми жетістіктерін қолданады.
жақсы В+ (3,33; 85-89%); В (3,0; 80-84%) В- (2,67; 75-79%) бағаларына сәйкес келеді Бұл бағалар, егер студент жауап барысында қатаң қателер жібермесе, студенттің өзімен жөнделінген ұстанымсыз дәлсіздіктер немесе ұстанымды қателіктер жіберсе, оқытушының көмегімен бағдарламалы материалды жүйелей білсе қойылады
қанағаттанарлық С+ (2,33; 70-74%) С (2,0; 65-69%) С- (1,67; 60-64%) Д+ (1,0; 50-54%) бағаларына сәйкес келеді Бұл бағалар, егер студент жауап бергенде дәлсіздіктер мен ұстанымсыз қателер жіберсе, оқытушымен көрсетілген оқу әдебметімен шектелсе, материалды жүйелеуде үлкен қиындықтарды сезінсе қойылады.
қанағаттанарлықсыз F (0; 0-49%) бағасына сәйкес келеді Бұл бағалар, егер студент жауап бергенде ұстанымды қателер жіберсе, сабақтың тақырыбы бойынша негізгі әдебиеттерді өңдемесе, пәннің ғылыми терминологиясын қолдана білмесе, қатаң стилистикалық және логикалық қателермен жауап бергенде қойылады

Практикалық сабақтар

Ситуациялық есептерді шешу, клиникалық жағдайларды талқылау, кестелерді толтыру, рецептерді жазу

Бақылау түрі Бағасы Бағалау критериилері
Ситуациялық есептерді дайындау және шешу, аралас пәндермен интеграцияланған клиникалық жағдайларды талқылау, аз топтағы жұмыстар, дискуссиялар, глоссарилерді жазу өте жақсы А (4,0; 95-100%); А- (3,67; 90-94%);   Жұмысқа белсенді қатысты, бұл кезде ерекше ойлау қабілетін танытты, материалды терең меңгергенін көрсетті, талқылау кезінде басқа пәндердің ғылыми жетістіктерін қолданды
жақсы В+ (3,33; 85-89%); В (3,0; 80-84%) В- (2,67; 75-79%)   Жұмысқа белсенді қатысты, материалдық білімін көрсетті, студенттің өзімен жөнделінген ұстанымсыз қателіктер немесе ұстанымды қателер жіберді
қанағаттанарлық С+ (2,33; 70-74%) С (2,0; 65-69%) С- (1,67; 60-64%) Д+ (1,0; 50-54%) Топтың жұмысында пассивті болды, әлсіз және ұстанымсыз қателер жіберді, материалды жүйелеуде үлкен қиындықтар сезінді
қанағаттанарлықсыз   Оқытушының сұрақтарына жауап бере отырып, топтың жұмысына қатысқан жоқ, ұстанымсыз қателер мен дәлсіздіктер жіберді, жауап бергенде ғылыми терминологияны қолданбады.

Студенттердің өзіндік жұмысы (СӨЖ)

1. Рефератты дайындау және қорғау

Бақылау түрі Бағасы Бағалау критериилері
Рефератты дайындау және қорғау өте жақсы А (4,0; 95-100%); А- (3,67; 90-94%);   Реферат ұқыпты орындалды және белгіленген мерзімде тапсырылды, 3-тен төмен емес әдеби тектерді қолдана отырып, рефераттың тақырыбына сәйкес сызбалар, кестелер, суреттер көрсетілген. Рефератты қорғауда тексті оқымайды, айтып береді. Қойылған барлық сұрақтарға дәл және қатесіз жауап береді.
жақсы В+ (3,33; 85-89%); В (3,0; 80-84%) В- (2,67; 75-79%)   Реферат ұқыпты орындалды және белгіленген уақытта тапсырылды, 3-тен төмен емес әдеби тектерді қолдана отырып, өздігімен жазылды. Тақырыпқа сәйкес сызбалар, кестелер, суреттер көрсетілген. Рефератты қорғағанда тексті оқымайды, айтып береді. Сұрақтарға жауап беруде ұстанымсыз қателер жібереді.
қанағаттанарлық С+ (2,33; 70-74%) С (2,0; 65-69%) С- (1,67; 60-64%) Д+ (1,0; 50-54%) Реферат ұқыпты орындалды және белгіленген уақытта тапсырылды, 3-тен төмен емес әдеби тектерді қолдана отырып, өздігімен жазылды. Тақырыпқа сәйкес сызбалар, кестелер, суреттер көрсетілген. Рефератты қорғағанда тексті оқиды. Сұрақтарға сенімсіз жауап береді, ұстанымды қателер жібереді.
қанағаттанарлықсыз   Реферат ұқыпсыз орындалды және белгіленген мерзімде тапсырылмады, 3- тен төмен әдеби тексттерді қолдана отырып, өздігімен жазды. Рефератты қорғауда текстті оқиды. Сұрақтарға жауап бергенде қатаң қателер жібереді, материалды жақсы білмейді

2. Тақырыптың презентациясы

Бақылау түрі Бағасы Бағалау критериилері
Тақырыптың презентациясы өте жақсы А (4,0; 95-100%); А- (3,67; 90-94%);   Презентация белгіленген мерзімде өздігімен орындалды. 3-тен төмен емес әдеби тектер қолданылған. Слайдтар мазмұнды және тиімді. Қорғау кезінде автор тақырып бойынша терең білімдерін танытты. Талқылау уақытында сұрақтарға жауап бергенде қателер жібермейді.
жақсы В+ (3,33; 85-89%); В (3,0; 80-84%) В- (2,67; 75-79%)   Презентация белгіленген мерзімде өздігімен орындалды. 3-тен төмен емес әдеби тектер қолданылған. Слайдтар мазмұнды және тиімді. Қорғау кезінде автор тақырып бойынша жақсы білімдерін танытты. Өзі жөндей отырып, сұрақтарға жауап бергенде ұстанымсыз қателер жібереді.
қанағаттанарлық С+ (2,33; 70-74%) С (2,0; 65-69%) С- (1,67; 60-64%) Д+ (1,0; 50-54%) Презентация белгіленген мерзімде өздігімен орындалды. 3- тен төмен емес әдеби тектер қолданылған. Слайдтар мазмұнсыз. Қорғау кезінде автор сұрақтарға жауап бергенде ұстанымды қателер жібереді.
қанағаттанарлықсыз   Презентация белгіленген уақытта тапсырылмады. 3-тен төмен әдеби тектер қолданылған. Слайдтар мазмұнсыз. Қорғау кезінде автор сұрақтарға жауап бергенде қатаң қателер жібереді. Өзінің материалында жетік білмейді.

3. Тестілік тапсырмалар мен есептерді дайындау

Бақылау түрі Бағасы Бағалау критериилері
Тақырыптың презентациясы өте жақсы   Тестілік тапсырмаларды 10-нан төмен емес сұрақтар бар. Белгіленген мерзімде тапсырмалар нақты, дәл, түсінікті құрастырылған. Жауаптардың варианттары біртипті және адекватты. Алгоритм жауаптары бар. Дұрыс жауаптар дұрыс белгіленген.
жақсы   Тестілік тапсырмаларды 10-нан төмен емес сұрақтар бар. Белгіленген мерзімде тапсырмалар нақты, дәл, түсінікті құрастырылған. Жауаптардың варианттары біртипті емес. Жауаптардың алгоритмі бар. Дұрыс жауаптары дұрыс берілген.
қанағаттанарлық   Тестілік тапсырмаларда 10- нан төмен емес сұрақтар бар. Белгіленген мерзімде тапсырылмаған. Тестінің негізгі мазмұнды емес. Нақты, дәл, түсінікті емес құрастырылған тестілік тапсырмалар бар. Жауаптардың варианттары біртипті емес. Жауаптардың алгоритмі бар. Барлық жауаптар дұрыс белгіленбеген.
қанағаттанарлықсыз   Тестілік тапсырмаларда 10- нан төмен емес сұрақтар бар.Тексттің негізі мазмұнды емес, сұрақтың қойылуы нақты емес. Жауаптардың варианттары біртипті емес. Жауаптардың алгоритмі жоқ. Дұрыс жауаптың 50%- дан көбі дұрыс берілмеген.

Практикалық сабақтарда, СӨЖ орындауда білім бақылаудың бірнеше түрлерін қолдану мүмкін. Журналға орта баға қойылады.

Аралық бақылау

Бақылау түрі Бағасы Бағалау критериилері
Тестілеу/ әңгімелесу өте жақсы А (4,0; 95-100%); А- (3,67; 90-94%);   Бұл баға, егер студент жауап бергенде ешбір қателер, дәлсіздіктер жібермесе қойылады. Игерілетін пән бойынша теорияда, концепцияда және бағыттарда дұрыс ойлай біледі және оларға дағдарысты баға береді, басқа пәндердің ғылыми жетістіктерін қолданады. Тест бойынша 90-100% дұрыс жауап.
жақсы В+ (3,33; 85-89%); В (3,0; 80-84%) В- (2,67; 75-79%)   Бұл баға, егер студент жауап бергенде қатаң қателер жібермесе, студенттің өзімен жөнделінген ұстанымсыз дәлсіздіктер немесе ұстанымды қателер жіберілсе, оқытушының көмегімен бағдарламалық материалды жүйелей білсе, қойылады. Тест бойынша 75-89%-ы дұрыс жауап.
қанағаттанарлық С+ (2,33; 70-74%) С (2,0; 65-69%) С- (1,67; 60-64%) Д+ (1,0; 50-54%) Бұл баға, егер студент жауап бергенде дәлсіздіктер мен ұстанымсыз қателер жіберсе, тек оқытушымен көрсетілген оқу әдебиетімен шектелсе, материалды жүйелеуде үлкен қиындықтар сезінсе, қойылады. Тест бойынша 50-74%-ы дұрыс жауап.
қанағаттанарлықсыз   Бұл баға, егер студент жауап бергенде ұстанымды қателер жіберсе, сабақтың тақырыбы бойынша негізгі әдебиетте өңдемесе қойылады, пәннің ғылыми терминологиясын қолдана білмейді, дөрекі стилистикалық және логикалық қателермен жауап берді. Тест бойынша 50%-дан төмен дұрыс жауап.

Практикалық дағдыларды қабылдау, қорытынды бақылаудың екінші этапы болып табылады


Дата добавления: 2015-11-30; просмотров: 1 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.018 сек.)