Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Түзетуді тізбектеп енгізу

Читайте также:
  1. Төтенше жағдайды енгізудің мақсаты

Әр пайыздық түзету жүргізу кезінде тізбектеу процессін сақтау керек. Бағалаушы аралық көрсеткіш бағаны және тізбектеулі түзетуді қолдану арқылы талдамалы бағаны алады.

Бірінші түзету пайыздық түрдегі, салыстырмалы объектінің сату бағасына көбейтеді.

Екінші түзету, тадданылған (алынған) бағаға көбейтеді. Бұл тізбектелінген түзетудің барлығын қамтуы керек. Түзету пайыз жиынын қосып есептеу дұрыс шешімді бермейді, соңдықтан түзетулерді тізбектеп жеке есептеулер жүргізіледі.

Мысал ретінде келесідей есептілікке есеп жүргіземіз.

Алматы қаласындағы, Медеу ауданындағы Самал-1 ықшам ауданында орналасқан 4-бөлмелі пәтерді бағалаймыз. Келесідей сипаттарға ие:

 

Сипаттамалар  
Қабат, кабаттылық 6/12
Қабырға материалы Монолит
Жалпы ауданы, ш.м 100,50
Тұрғылық ауданы, ш.м 73,8
Асхана ауданы, ш.м 5,40
Сантехникалық құрылғылар екі бөлек, кафельмен жабдықталған
Ішкі әрлеу жұмыстары  
шаңырагы Левкас
қабырға Левкас
еден Линолеум
терезе Пластикалық
есік ағаштан жасалынған
Инженерлік қамтамассыздылық орталық жылу жүйесі, канализация, электрқуаты мен сумен қамтылған, телефоны мен газ бар.
Үйдің салынған жылы  
Жылжымайтын мүліктің жағдайы Жақсы

Салыстырмалы объектілердің сипаттары мынадай:

 

Сипаттама 1-ші объект 2-ші объект 3-ші объект~|
Орналасу жері Алматы каласы, Самал-1 ш.а. Алматы қаласы, Самал-2 ш.а. Алматы қаласы, Самал-1 ш.а
Қабат, қабаттылық 6/12 3/12 12/12
Қабырға материалы монолит моиолит монолит
Жалпы ауданы, ш.м 100,0 118,50 100,0
Тұрғылық ауданы, ш.м 70,0 84,20 94,0
Асхана ауданы, ш.м студия 13,0 9,0
Ванна, сантехникалық құрылғылар бөлек бөлек Бөлек
Ішкі өңдеу жұмыстары линолиум, левкас, кафель обой, паркеттел-ген кафель линолиум, левкас, кафель
Бөлмелері бөлек бөлек Бөлек
Инженерлік қамтамассыздандыру орталық жылу жүйесі, канализация, электрқуаты мен сумен қамтылған, орталық жылу жүйесі, канализация, электрқуаты мен сумен қамтылған, орталық жылу жүйесі, канализация, электрқуаты мен сумен қамтылған,
Ақпарат көздері Крыша№15 Крыша№15 Крыша №
Жылжымайтын мүліктін құны, долл. 245000,00 280000,00 2 І 5000,00
Бағасы, долл/ш.м 2450,00 2362,87 2150,00
Сату жағдайына түзету, % -20% -20% -20%
Бағасы, долл/ш.м 1960,00 1890,30 1720,00
Орналасу жеріне түзету, % 0% 0% 0%
Бағасы, долл/ш.м 1960,00 1890,30 1720,00
Конструкгивті элементеріне түзету, % 0% 0% 0%
Бағасы, долл/ш.м 1960,00 1890,30 1720,00
Әрлеу элементтеріне түзету, % 0% 0% 0%
Бағасы, долл/ш.м 1960,00 1890,30 1720,00
Инженерлік қамтамассыздылықты түзету, 0% 0% 0%
Бағасы, долл/ш.м 1960,00 1890,30 1720,00 '
Қабаттылыққа түзету, % 0% 0% 2%
Бағасы, долл/ш.м 1960,00 1890,30 1754,40

 

Салыстырмалы объектінің 1 шаршы метрдің орташа бағасы 1868,23 долл/ш.м тең (1960,00+1890,30+1754,40) / 3 = 1868,23 дол- лар.

Демек, объектінің түзетулер есебінен алынған бағаланған бағасы 187757,29 доллар (100,50 * 1868,23 = 187757,29).

Ал егер бағаланатын объект банкке кепілге беру ретінде қарастырылатын жағдайда 20% кеміту коэффицентін алғанда кепілдік құны 150205,84 доллар.

Есеп

1. Салыстырмалы объект 100000000 долларға сатылды. Бағаланатын объект салыстырмалыдан 5 ерекшелікпен еркшеленеді:

Ерекшеліп Сипаттамасы Түзету,%
  төмен  
  төмен  
  жоғары  
  жоғары  
  жоғары  

Мына жағдайларды ескере отырып, объектіні бағалау керек:

1. ерекшеліктер арасында өзара әсері жоқ

2. ерекшелікгер арасында өзара әсері бар

2. Үш жыл бұрын Асанов А. жанұясы 15000 долл-ға жер телімін сатып алды және бір жанұйялық тұрғын үй соғып алды. Сол жылы үй құрылысына 65000 долл шығын кетті. Қазіргі уақытта сол ауданда
ұқсас жер телімі мен ұқсас үйдің орташа бағасы 10000 долл, ал бос жер телімі 18000 долл тұрады. Үйдің жер телімімен құны қанша болады:

3. Бағаланатын объекті-қойма бөлмесінің ені 1 Ом, ұзындығы 50м және биіктігі 4м. Соған ұқсас қойманың ауданы 400 ш.м, 16000000 долларға сатылды. Бағаланатын объекті құны қандай:

4. Келесідей ақпаратты пайдаланып, автокөлік тұрағының капитализация коэффицентінің орташа мәні қандай:

1-ші автотұрақ 50 машина-орны бар. Бір машина орынға 30000 долл / айына жалға төлейді. Операциялық шығыны 4000000 долл. 80000000 долларға сатылды.

2-ші автотұрақ 80 машина-орны бар. Бір машина орынға 25000 долл / айына жалға төлейді. Операциялық шығыны 6000000 долл. 90909100 долл-ға сатыдды.

3-ші автотұрақ 60 машина-орны бар. Бір машина орынға 20000 долл / айына жалға төлейді. Операциялық шығыны 3600000 долл. 120000000 долл-ға сатылды.

Автотұрақ орташа жұмысбастылығы 2/3 тең.

 

Өз-өзін бақылау сұрақтары

1. Кәсіпорынды салыстырмалы тәсілмен қалай бағалаймыз?

2. Салыстырмалы тәсілдің қандай әдістерін қолданамыз?

Ұсынылатын әдебиеттер

8. Асқаров. Бизнесті бағалау. – Алматы, 2007

9. Валдайцев С.В. Оценка бизнеса и управление стоимостью предприятия: Учеб.пособие для вузов. - М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2001;

10. Валдайцев. С.В. Оценка бизнеса и инноваций. – М.: Информационно-издательский дом «Филинъ», 1997;

11. Богатин Ю.В., Швандар В.А. Инвестиционный анализ: Учебное пособие для вузово. – М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2000;

 

8 тақырып: Кәсіпорынның қаржылық күйін бағалау

Лекция мақсаты: Кәсіпорынның қаржылық күйін бағалауды игеру

Лекция сұрақтары:

1. Кәсіпорын қаржылық анализі бағалау элементінің қажеттілігі ретінде.

2.Бизнесті бағалау кезінде қаржылық анализ әдісі.

3.Қаржылық анализ мақсаты.

 

Лекция мазмұны:

Кәсіпорынның қаржылық жағдайды талдаудың мазмұны, мәні мен мәндеттері

Кез келген меншік объектісінің құқын бағалау нақты нарықтағы белгілі бір уақытта алынатын потенциалды және нақты табысты ескере отырып объектінің ақшалай құқын анықтаудың реттелген және мақсатты процесі болып табылады.

Бағалау процесінде бағаланатын объект және бағалаушы субъект болады. Бағалау субъектісі ретінде арнайы білім мен тәжірибелік дағдыларды меңгерген кәсіби бағалаушыларды танимыз. Ал бағалау объектісі бұл иесін түрлі құқықтармен қамтамасыз ететін кез-келген меншік объектісі болып табылады. Бағалау объектісі ретінде бизнес компаниялар, кәсіпорындар, фирма, банк, активтердің жеке түрлері (материалдық және материалдық емес) танылады.

Бағалау бірнеше нарықтық факторларды ескереді: уақыт факторы, тәуекел факторы, нарық конъюнктурасы, бәсекелестік деңгейі және моделі, бағаланатын объектінің экономикалық ерекшеліктері, оның нарықтық сипаттамалары, сондай-ақ макро және микро ортасы.

Бизнес, кәсіпорын және фирма тауардың барлық белгілеріне ие «сондықтан сату-сатып алудың объектісі бола алады.

Біріншіден, бұл инвестициялық тауар, яғни оған салынатын салым келешекте пайда алу мақсатымен орындалады. Мұнда күтілетін пайданың мөлшері белгісіз, ол ықтималдылық сипатқа ие, сондықтан мнвестор мүмкін болатын сәтсіздік тәуекелін ескеруі тиіс. Екіншіден, бизнес жүйелі болып табылады, бірақ ол толық жүйе ретінде жеке ішкі жүйе немесе оның элементтері түрінде сатылуы мүмкін. Мұнда бизнестің өзі емес оның жеке құрамалары тауар болады.

Үшіншіден, тауарға деген қажеттілік тауардың өз ішіндегі және сыртқы ортада болып жатқан процестерге байланысты. Мұнда бизнестің тауар ретіндегі ерекшелігі байқалады – сату-сатып алуды реттеу қажеттілігі.

Төртінщіден, қоғамдағы тұрақтылық үшін бизнестің тұрақтылығының аса маңыздылығын ескере отырып мемлекеттің сату-сатып алу механизмін реттеуге және бизнестің нарықтық бағасының қалыптасуы мен оның бағалануына қатысуы қажет.

Мүліктік кешен ретінде кәсіпорын өзінің қызметіне арналған барлық мүлікті қамтиды: жер учаскелері, ғимараттар мен құрылғылар, машиналар мен жабдықтар, шикізат пен өнім, материалдық емес активтер, мүліктік міндеттемелер. Кәсіпорынды бағалау ақшалай түрдегі құнды анықтауды білдіреді, ол ең ықтималды сатылым бағасы болып есептеледі және тауар ретіндегі кәсіпорынның екі қасиетін (оның пайдалылығы мен шығындар) көрсетуі тиіс.

Бағалау құнын анықтайтын негізгі факторлар мыналар:

· Сұраныс;

· Бағаланатын бизнестің қазіргі және келешектегі пайдасы;

· Осы тектес кәсіпорынды құруға кеткен шығындар;

· Осы тектес объектілерге сұраныс пен ұсыныстың арақатынасы;

· Табысты алу тәуекелі;

· Бизнесті бақылау дәрежесі және активтердің өтімділік дәрежесін бақылау.

Қаржылық талдаудың мазмұны субъектінің қаржылық-шаруашылық қызметті зерттеумен байланысты арнайы білімдердің жүйесі болып табылады. Қаржы есептілігінің мәліметтері бойынша қаржылық талдауды талдаудың классикалық тәсілі деп аталады. Оның басты мақсаты – субъектінің қаржылық-шаруашылық қызметін терең, жан-жақты және кешенді зерттеу, сондай-ақ оның негізінде оның тиімділігі, шаруашылық субъектісінің қаржылық тұрақтылығын нақтыландыру және сауықтырудың маңызды жолдары мен оның іскерлік белсенділігін арттыруға қатысты сұрақтарға жауап алу.

Кез келген ғылымның негізін оның заты мен тәсілі құрайды. Қаржылық талдаудың тәсілі – бұл қаржылық талдаудың заты, яғни субъектінің қаржылық-шаруашылық қызметін зерттейтін әдіс-тәсілдердің жиынтығы. Тәсілдің негізгі ерекшеліктеріне мыналар жатады: Көрсеткіштер жүйесін қолдану, олардың арасындағы байланысты және оның өзгеруін анықтау.

Қаржылық талдау ішкі және сыртқы деп бөлінеді. Ішкі қаржылық талдау шаруашылық субъектісінің өзінде жүргізіледі. Бұл талдауда субъектінің ішіндегі кез келген ақпарат көзін қолдана алады, мысалы, өндірістің техникалық дайындығы туралы ақпарат, нормативті және жоспарлы ақпарат, басқару есебінің мәліметтері. Ішкі қаржылық талдау қалыптасқан қаржылық жағдайдың себептерін, шаруашылық субъектісінің активтерін қолдану тиміділігін, көлем, өзіндік құн және табыс көрсеткіштерінің өзара байланысын толық зерттейді.

Сыртқы қаржылық талдау жарияланған қаржы есептілігінің мәліметтері негізінде жүргізіледі және негізінен шарушылық субъектілерден тыс мүдделі контрагенттермен, меншік иелерімен немесе мемлекеттік органдармен орындалады. Бұл талдауды орындауға шаруашылық субъектісіне қатысы жоқ талдаушы-мамандар қатыстырылады. Сыртқы қаржылық талдаудың ерекшеліктері: талдау субъектісінің көптігі, шаруашылық субъектісінің қызметі туралы ақпаратты қолданушылардың көптігі, салдау субъектісінің мақсаттары мен мүдделерінің әртүрлілігі, талдаудың типтік әдістемелерінің есеп пен есептіліктің стандартатрының болуы; талдаудың тек жариялыққа, шаруашылық субъектілерінің сыртқы есептілігіне бағытталуы; талдаудың шектеулі міндеттері; талдау нәтижелерінің шаруашылық субъектісінің қызметі туралы ақпаратты қолданушылар үшін ашықтығы.

Қаржылық есептілікті талдаудың практикада таңдалған негізгі тәсілдері: көлденең, тік, трендтік, қаржылық коэффициенттер тәсілі, салыстырмалы факторлы.

Көлденең талдау – мәліметтерді базисті жылға қатысты индекстер түрінде ұсыну немесе талданатын кезеңге баптар бойынша %-дық өзгерістер және алынған мәліметтерді салыстыру.

Тігінен талдау – есептіліктің әрқайсысының тұтас нәтижеге әсерін анықтай отырып қорытынды қаржы көрсеткіштерінің құрылымын анықтау.

Трендтік – бірқатар алдыңғы кезеңдерді есептіліктің әрбір позициясын салыстыру және трендті анықтау. Трендтің көмегімен келешектегі көрсеткіштердің мүмкін мәндері құрылады, сәйкесінше перспективті талдау жүргізіледі.

Арақатынастық көрсеткіштерді (коэффициенттерді) талдау – есептің жеке позициялары немесе түрлі формадағы есептіліктің позициялары арасындағы арақатынастық есептеу, көрсеткіштердің өзара байланысын анықтау.

Салыстырмалы – бұл бөлімшенің цехтардың, еншілес фирмалардың және т.б. құрама көрсеткіштерін ішкі шаруашылық талдау, сондай-ақ бәсекелестердің мәліметтерімен, орташа салалық немесе орташа жалпы экономикалық мәліметтермен салыстыра отырып кәсіпорынды шаруашылық аралық талдау.

Факторлы – жеке факторлардың (себептердің) нәтижелік көрсеткішке әсерін зерттеудің детерминациялық және стохастикалық тәсілдерінің көмегімен талдау.

Қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін кәсіпорындарда капитал икемді құрылымының болуымен қатар қаржы ресурстарының қозғалысын табыс шығындардан үнемі артық болатындай етіп ұйымдастыру. Бұл әрекет төлем қабілеттілікті және өзіндік ұдайы өндірістің сақталуы үшін жағдай жасайды. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы бұл ең алдымен кәсіпорынның қызмет ету және даму қабілеті, өзгермелі ішкі және сыртқы ортадағы өздерінің активтері мен пассивтерінің тепе-теңдігін сақтау қабілеті. Ол тәуекелдің мүмкін деңгейі шегінде кәсіпорынның тұрақты төлем қабілетін және инвестициялық тартымдылығын қамтамасыз етеді.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайы, оның орнықтылығы мен тұрақтылығы кәсіпорынның өндірістік, коммерциялық және қаржылық қызметтерінің нәтижелеріне тікелей тәуелді. Егер өндірістік және қаржы жоспарлары табысты орындалатын болса, онда бұл кәсіпорынның қаржылық жағдайына оң әсер етеді және керісінше, өндіріс және өнміді өткізу бойынша жоспар толығымен орындалмаған жағдайда өнімнің өзіндік құны жоғарылайды, табыс және пайда сомасы азаяды нәтижесінде кәсіпорынның қаржылық жағдайы мен төлем қабілеті төмендейді. Сонымен, кәсіпорынның тұрақты қаржылық жағдайы – бұл кәсіпорынның шаруашылық қызметінің нәтижесін тікелей анықтайтын факторлардың барлық кешенін дұрыс және тиімді басқарудың қорытындысы.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау үшін бастама болатын ақпарат көзі – бұл есептік бухгалтерлік баланс, пайда және шығын туралы есеп беру, капиталдың қозғалысытуралы есеп беру, ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беру және есептіліктің басқа да формалары, сондай-ақ баланстың жеке баптарын ұғындыратын алғашқы және аналитикалық бухгалтерлік есептің мәліметтері.

Қарастырылатын көрсеткіштер кәсіпорынмен экономикалық қатынастармен байланысты тұлғалар кәсіпорынның серіктес ретінде қаншалықты сенімді екеніне және онымен ары қарай қызмет жүргізуге болатындығы туралы сұраққа жауап беретіндей болуы керек. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау негізінен салыстырмалы көрсеткіштерге негізделеді, өйткені баланстың абсолюттік көрсеткіштерінің инфляция кезінде салыстырмалы түрге келуі қиын. Салыстырмалы көрсеткіштерді келесілермен салыстыруға болады:

· Тәуекел дәрежесін бағалау және банкроттық мүмкіндігін болжамдау үшін жалпы қабылданған «нормалармен»;

· Басқа кәсіпорынның осы тектес мәліметтерімен. Нәтижесінде кәсіпорынның әлсіз және күшті жақтары мен мүмкіндіктері анықталады;

· Кәсіпорынның қаржылық жағдайының нашарлау немесе жақсару тенденсияцын зерттеу үшін алдыңғы жылдардағы осы тектес мәліметтермен.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайы оның негізіндегі қаржыларға олардың қайда салынғанына байланысты болады. Қолданылатын капитал қатыстылығына қарай жеке және заимдық деп бөлінеді. Қолдану ұзақтылығына қарай ұзақ мерзімді тұрақты капитал және қысқа мерзімді деп бөлінеді. Жеке капиталға деген қажеттілік кәсіпорынның өзіндік қаржыландыру талаптарымен туындайды. Ол кәсіпорынның дербестігі мен тәуелсіздігінің негізі болып табылады. Бірақ кәсіпорын қызметін жеке қаржылар есебінен ғана қаржыландыру кәсіпорын үшін тиімді емес, әсіресе өндіріс мерзімдік сипатта болса. Сонда жеке мерзімдерде банк шотттарында көп қаражаттар жинақталатын болады, ол басқа мерзімдерде жеткіліксіз болады. Қаржы ресурстарының бағасы жоғары емес, ал кәсіпорын несие ресурстарына төлегенше салынған капиталдың қайтарымының жоғары деңгейін қамтамасыз ете алады. Кәсіпорын займдық қаржыларды жұмылдыра отырып жеке капиталдың рентабельділігін арттыра алады. Сонымен қатар кәсіпорынның қаржылары негізінен қысқа мерзімді міндеттемелердің есебінен құрылған болса, онда оның қаржылық жағдайы тұрақсыз болады, өйткені олардың уақытылы қайтарылуына бақылау жасауға және айналымға ұзақ мерзімге басқа капиталдарды тартуға бағытталған тұрақты оперативтік жұмыс үнемі жүргізіліп отыруы тиіс. Сонымен кәсіпорынның қаржылық жағдайы көп жағдайда жеке және заимдық капиталдың тиімді үйлесіміне байланысты. Дұрыс қаржы стратегиясын дайындау кәсіпорын қызметінің тиімділігін арттыруға көмектеседі.

Осыған орай, кәсіпорынның нарықтық тұрақтылығын сипаттайтын маңызды көрсеткіштер мыналар:

· Қаржылық автономия (тәуелсіздік) коэффициенті немесе капиталдың жалпы сомасындағы жеке капиталдың үлес салмағы;

· Қаржылық тәуелділік коэффициенті (займдық капиталдың үлесі);

· Қаржы рчагының иіні немесе қаржылық тәуекел коэффициенті (займдық капиталдың жеке капиталға қатынасы).

 

Кәсіпорынның қаржылық жағдайы мен оның экономикалық потенциалын талдау және бағалау.

Нарықтық қатынастар жағдайында шаруашылық субъектісінің, яғни кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау маңызды рольге ие. Бұл кәсіпорынның дербестігімен немесе өзінің өндірістік-кәсіпкерлік қызметінің нәтижесі үшін меншік иелері, жұмысшылар, коммерциалық серіктестіктер және басқа да контрегенттер алдындағы толық жуапкершілігімен байланысты.

Қаржылық жағдай – бұл белгілі бір кезеңдегі кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының көрінісі, сондай-ақ оның шаруашылық қызметті орындау үшін және өзінің борыштық міндеттемелерін уақытылы өтеу үшін қаржылық ресурстармен қамтамасыз етілуінің көрінісі. Қаржылық тұрақтылық деп кәсіпорынның төлем қабілеті мен ұдайы өндірістік шығындарды өзіндік қаржыландыру қамтамасыз етілетін қаржы ресурстарының жағдайы.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын бағалау үшін көрсеткіштердің толық жүйесі қолданылады. Олар төмендегілердің өзгерістерін сипаттайды:

 

· Кәсіпорын капиталының оны орналастыру және құрылу көздері бойынша құрылымы;

· Оны қолданудың тиімділгі және қарқындылығы;

· Төлем қабілеті мен несие қабілеті;

· Оның қаржылық тұрақтылығының қоры.

 

Қаржылық жағдай кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігін және оның іскерлік серіктесудегі потенциалын анықтайды, қаржылық және басқа да қатнастар бойынша субъектінің өзінің және оның серіктестерінің экономикалық мүдделеріне қаншалықты кепілдік берілгенін бағалайды.

Кәсіпорынның қаржылық талдауы келесідей талдауларды қамтиды:

 

· Қаржылық жағдайды талдау;

· Табыстылықты талдау;

· Іскерлік белсенділікті және кәсіпкерлік қызметтің тиімділігін талдау.

 

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау үшін ақпараттың негізгі көзі ретінде есептік бухгалтерлік талдау, пайда мен шығын туралы есеп беру және т.б. алынады. Актив пен пассив баптары арасында тығыз байланыс бар екені белгілі. Баланас активінің әрбір бабында қаржыландырудың өз көздері болады. Ұзақ мерзімді активтерді қаржыландырудың көзі болып, әдетте жеке капитал және ұзақ мерзімді займдық қаржылар табылады. Негізінен ағымдағы активтер жеке капиталдың есебінен және қысқа мерзімді заимдық қаржылар есебінен құрылады. Олар жартылай жеке капитал есебінен, жартылай заимдық капитал есебінен құрылған болса тиімді болады. Сонд асыртқы қарызды төлеудің кепілдігін қамтамасыз етеді.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау және бағалау.

Жеке каптиалды бөлістіру құрылымы емептеледі, дәлірек айтқанда жалпы сомадағы жеке негізгі капиталдың үлесі және жеке айналым капиталының үлесі. Жеке айналым капиталының оның жалпы сомасына қатынасы арқылы капиталдың ептілік коэффициенті алынады. Ол коэффициент жеке капиталдың қандай бөлігі айналымда екеінін көрсетеді. Кәсіпорынның жеке қаржыларын қолдануда икемділікті қамтамасыз ету үшін коэффициент жоғар ыболуы тиіс. Шығындар (материалдық айналым қорлары) мен қорларды қалыптастыру үшін қаржы көзедірінң артықшылығы немесе жеткіліксіздігі кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын бағалаудың критерилерінің бірі болып табылады.

Шеремет А.Д. және Ковалев В.В. қаржылық тұрақтылықтың төрт түрін бөліп көрсетеді.

1. Қаржылық жағдайдың абсолюттік тұрақтылығы. Егер қорлар мен шығындар (3) жеке айналым капиталының (Скоб) сомасынан және тауарлы-материалдық құндылықтарға берілетін банк несиелері (КРМТЦ) сомасынан төмен болса, ол қорлар мен шығындардың, қаржы көздерімен қамсыздандыру коэффициенті (Коз) бірден көп болған жағдайда қаржылық жағдай асолютті тұрақты болады.

3<Скобрмтц Коз= (Скобрмтц):3>1

 

2. Қалыпты тұрақтылық. Қалыпты тұрақтылық кезінде кәсіпорынның төлем қабілеті қамтамасыз етіледі.

 

3=Скобрмтц Коз= (Скобрмтц):3=1

 

3. Тұрақсыз (дағдарыс алдындағы) қаржылық жағдай. Мұндай кезде төлем балансы бұзылады, бірақ төлем міндеттемелері мен төлем құралдарының тепе-теңдігін қалпына келтіру мүмкіндігі сақталады. Бұл кәсіпорынның айналымына (резервтік қорға, тұтыну және жинақтау қорына) уақытша бос қаражат көздерін (Ивр) тарту есебінен, сондай-ақ айналым қаржыларын уақытша толықтыруға алынатын банк несиелері және қалыпты кредиторлық қарыздарды дебиторлық қарыздан арттыру есебінен жүзеге асырылады.

 

3=Скобрмтц+ Ивр Коз= (Скобрмтц+ Ивр):3=1

 

Мұнда төмендегідей шарттар сақталған жағдайда қаржылық тұрақтылық орнайды:

· Өндірістік қорлар плюс дайын өнім қорларды құруға қатысатын заимдық қаржылар мен қысқа мерзімді несиелердің сомасынан артық болады немесе тең болады.

· Аяқталмаған өндіріс плюс келешек кезеңдердің шығындары жеке айналым кпиталының сомасына тең немесе кем.

Егер бұл шартар орындалмаса, онда қаржылық жағдай нашарлайды.

4. Жағдарысты қаржылық жағдай (кәсіпорын банкротқа ұшырау алдында) кезінде

 

3>Скобрмтц+ Ивр Коз= (Скобрмтц+ Ивр):3<1

 

Бұл жағдайда төлем балансының тепе-теңдігі еңбекақы, банк ссудалары жабдықтаушылар, бюджет және т.б. бойынша уақыты өткен төлемдер есебінен қамтамасыз етіледі. Қаржылық жағдайдың тұрақтылығы ағымдағы активтердегі капиталдың айналымын жеделдету жолымен қалпына келтірілуі мүмкін, нәтижесінде оның тауар айналымының теңгесіне қысқаруы болады.

Қаржылық қөжаттаманың тігінен немесе көлденең талдауы кәсіпорының қаржылық жағдайын экспресс-талдаудың бір бөлігі болып табылады және крмпания капиталының құрылымындағы, қаржыландыру көзіндегі, табыстылығы және т.б. болып жатқан өзгерістерді динамика түрінде көруге көмектеседі.

Егер 1-кестені бірнеше өткен жылдардың мәліметтерімен толықтырсақ, онда актив пен пассив құрылымындағы және қаржылық нәтижелердегі болған өзгерістер динамикасы туралы қорытынды жасауға болады.

Кезеңнің басы мен соңындағы есептіліктің мәліметтері бойынша келесідей қорытынды жасауға болады: активтердің басым бөлігін негізгі құралдар құрайды (80%-дан аса), бұл кәсіпорындағы өндірістік циклдың ерекшеліктерімен байланысты; айналым активтерінің үлесі біршама ұлғайды (16,8%-дан 18,7%-ға дейін), олардың ауқымды мөлшері қорларда шоғырланған; неғұрлым өтімді активтердің үлесі төмен.

Кезеңнің соңындағы жеке айналым қаржыларының мөлшері (ұзақ мерзімді борыштарды есептегендегі жеке қаржылар минус негізгі құралдар және басқа да айналымнан тыс активтер) келесідей болды:

(450467662+11068897)-458158881=3377678 немесе ағымдағы (айналым) активтер минус ағымдағы міндеттемелер:

106320390-102542399=3377991

Кәсіпорында жеке айналым қаржыларын басқару үнемі жүргізіледі және оған кәсіпорынның барлық қызметінің нәтижелері тәуелді.

 

Кесте 1. Бағалау процесіндегі бухгалтерлік есептілік мәліметтерін салыстырмалы түрде ұсыну.

 

Көрсеткіштер Жыл басына Жыл соңына
мың тг % мың тг %
Баланс. 1. Айналымнан тыс активтер-барлығы соның ішінде негізгі құралдар 2. Айналым активтері-барлығы Соның ішінде: Қорлар Дебиторлық қарыз Ақшалай қаражаттар 3. Капитал және резервтер 4. Ұзақ мерзімді пассивтер 5. Қысқа мерзімді пассивтер Өткізуден түскен түсім (нетто) Тауарды өткізудің өзіндік құны. Өткізуден түскен пайда Салықты төлегеннен кейінгі пайда.        

 

Баланс құрылымындағы негізгі және айналым активтерінің арасындағы қатынас кәсіпорынның салалық қатыстығына байланысты өзгереді.

Өтімділік көрсеткіштері

Өтімділік коэффициенттері кәсіпорынның өзінің қысқа мерзімді міндеттемелерін орындау қабілетін бағалау үшін қолданылады. Өтеу кэффициенті ағымдағы міндеттемелрдің 1 теңгесіне кәсіпорынның ағымдағы активтерінің қанша теңгесі келетінін көрсетеді. Көрсеткіштің төмен мәні – 2.

Өтеу коэффициенті = Ағымдағы активтер/Ағымдағы міндеттемелер

Коэффициенттің мәнін 1-кестедегі жыл соңындағы мәліметтер бойынша есептейміз.

106320390/102942399=1,03

Бұл көрсеткіште айналым капиталындағы жеке бөліктердің өтімділік дәрежесі ескерілмейді, сондықтан жедел және абсолюттік өтімділік коэффициенттерін есептеу қажет.

Жедел өтімділік коэффициенті егер ағымдағы міндеттемелердің барлығын немесе бір бөлігін өтеу мерзімі сол мезетте келген жағдайда қандай қаржылар қолданылатынын көрсетеді. Бұл коэффициентті есептеу кезінде тауарлы-материалдық қорлар ескерілмейді, өйткені олардың ақшалай қаражаттарға ауысуы әдетте басқа айналым қаржыларына қарағанда баяу жүргізіледі. Алымдағы ақшалай қаражаттар мен дебиторлық қарыздарға өтімділігі жеңіл құнды қағаздарды қосуға болады. Коэффициенттің төмен мәні – 1.

Жедел өтімділік коэффициенті = (Ақшалай қаражаттар + дебиторлық борыштар)/ағымдағы міндеттемелер

1-кестедегі жыл соңындағы мәліметтер бойынша:

(106320390-59104565)/102942399=0.46

Абсолютті өтімділік коэффициенті қысқа мерзімді міндеттемелердің қандай бөлігі тез арада өтелетінін көрсетеді. Коэффициенттің төмен мәні – 0,2.

Абсолютті өтімділік коэффициенті = (Ақшалай қаражаттар + жеңіл өткізілетін құнды қағаздар)/ағымдағы міндеттемелер

1-кестедегі жыл соңындағы мәліметтер бойынша:

451583/102942399=0,004

Есептелген өтімділік көрсеткіштерінің барлық мәндері нормативтіден төмен, сондықтан бұл жағдайдың себептерін талдау қажет.

Рентабельділік көрсеткіштері.

Көрсеткіштердің бұл тобы кәсіпорынның шаруашылық қызметінің тиімділігі туралы түсінік береді. Рентабельділікті сипаттайтын көрсеткіштер тобын 2 топқа бөліп көрсетуге болады:

· Сатылым;

· Активтердің немесе жиынтық активтердің бөлігі

Сатылым рентабельділігі – бұл пайданың өткізуден түскен нетто түсімге қатынасы. Бағалаудың мақсатына және салыстырылатын компаниялар бойынша мәліметтерге сәйкес өзгермелі айырмасы бар сатылым рентабельділігін есептеуге болады.

Өнім рентабельділігі айналымның әрбір теңгесіндегі пайыз бен салықтарды төлегенге дейінгі пайданың үлес салмағын көрсетеді.

Өнім рентабельділігі =Пайыз бен салықтарды төлегенге дейінгі пайда (өткізуден түскен пайда) / өткізуден түскен нетто-түсім.

Бұл коэффициент шаруашылық қызметтің тиімділігімен қатар баға қалыптастырудың да тиімділігін көрсетеді.

1-кестенің мәсілемметі бойынша:

36919360/61923037=0,6

Коммерциялық маржа = Салықтар төленгеннен кейінгі пайда (таза пайда) / өткізуден түскен нетто түсім.

1-кестенің мәліметтері бойынша:

5387304/61923037=0,087

Активтердің рентабельділігі капиталдың айнымалымен және іскерлік белсенділікпен тікелей пропорционалды байланысты. Егер кәсіпорын несиені қолданбаса, онда активтердің рентабельділігі жеке қаржылардың рентабельділігімен сәйкес келеді.

Инвестициялық көрсеткіштер.

Бұл талдаудың бағалау процесіндегі мақсаты – акцияның нарықтық бағасы туралы номиналдымен салыстырылатын ақпаратты ұсыну, төленетін дивидендтердің мөлшері туралы және басқа да ақпараттарды ұсыну.

Акцияның пайдасы = (Таза пайда – Атаулы акциялар бойынша дивидендтер)/ қарапайым акциялардың жалпы саны.

1-кестедегі жыл соңындағы мәліметтерді қолдана отырып айналымға тек 1000000 дана көлемінде қарапайым акциялар шығарылды деп тұжырымдайық. Бұл жағдайда кция пайдасы келесідей болады:

5387304:1000000 =5,387 мың теңге.

Нарықтық акцияның акция пайдасына қатынасы инвесторлардың табыс, бірлігі үшін төлеуге дайын бағаны көрсетеді.

Табыс бірлігінің бағасы = Қарапайым акцияның нарықтық бағасы/бір қарапайым акцияның пайдасы.

Акцияның баланстық құны бір қарапайым акцияның ұстаушысы компанияның ликвидациясы кезінде қанша алатынын көрсетеді.

Акцияның баланстық құны = Жеке қаржылар/шығарылған қарапайым акциялардың саны.

1-кестедегі жыл соңындағы мәліметтер бойынша акцияның баланстық құны 450,5 мың тг болады (450467662/1000000).

Кесте -2 Инвестиция талдауы 3 негізгі компонентті қамтиды.

 

Жек айналым қаржылары Капиталды салым Қаржыландыруға деген қажеттілік
Жеке айналым қаржыларының талдауы мыналарды қамтиды Төмендегілер үшін қажетті инвестицияларды қамтиды: Қамтитыны: ұзақ мерзімді несиелерді алу және төлеу
Бастапқы жеке айналым капиталының сомасын анықтау Қызмет етіп тұрған активтерді тозуына қарай ауыстыру Акция шығару
Кәсіпорынның келешек өсуін қаржыландыру үшін қажетті қосымша мөлшерлерді анықтау Келешекте өндірістік қуаттылықты арттыру үшін активтерді сатып алу немесе құру  

 

Жүзеге асырылады.

Жеке айналым қаржыларының жеке бөлшектерін болжамдау негізінде Активтердің қызмет етуінің қалған бағаланған мерзімі негізінде Қарызды өтеу графигі мен борыштар деңгейін қаржыландыруға деген қажеттілік негізінде
Сату көлемін өзгертуден пайызбен Алмастыру немесе ұлғаю үшін жаңа құрал-жабдық негізінде  

 

Кәсіпорынның қаржылық есеп берулерінің қаржылық коэффициенттерін талдаужың көмегімен мыналарды анықтауға болады:

· Бизнестің әлсіз және күшті жақтарын;

· Капитал құрылымындағы диспропорцияны;

· Бизнесті инвестициялау кезіндегі тәуекел деңгейін;

· Аналог-компаниялармен салыстыру үшін базаны

Қаржылық коэффициент – бұл бір бухгалтерлік көрсеткіштің басқасына қатынасы. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдауды қаржы есептілігіндегі активтердің құрамы мен құрылымының динамикасын зерттеуден бастау керек. Нәтижесінде кәсіпорынның барлық мүлкінің немесе оның бір бөлігінің абсолютті және салыстырмалы өсімін немесе азаюын анықтауға болады. Активтің өсімі (азаюы) кәсіпорын қызметінің ұлғаюын (тарылуы) білдіреді.

Қаржы есептілігінің маңызды элементі болып есептелетін активтерді талдау кезінде олардың саны, құрамы, құрылымы және онда болып жатқан өзгерістер зерттеледі. Активтердің толықтай немесе оның жеке топтарының құрылымын талдау арқылы олардың тиімді орналастырылуы жайлы тұжырым жасай аламыз. Активтердің артуы кәсіпорынның жұмысына оң ықпал етеді, өйткені оның ары қарай дамуына өз септігін тигізеді.

Кәсіпорынның жағдайын сипаттайтын көрсеткіштердің бірі оның төлеу қабілеті болып табылады, яғни өзінің төлем міндеттемелерін ақшалай ресурстармен уақытылы төлеу мүмкіндігі. Төлеу қабілетін талдау кәсіпорынға өзінің қаржылық қызметін болжамдау және бағалау үшінқажет, сондай-ақ бұл талдау сыртқы инвесторлар (банктер) үшін де қажет. Банк несиені бермес бұрын заим алушының несиені төлеу қабілетіне көз жеткізуі тиіс. Дәл осындай әрекетті бір-бірімен экономикалық қатынасқа түскісі келетін кәсіпорында да орындауы керек. Әсіресе коммерциялық несие ұсынылатын болса немесе төлемді кейінге қалдыру туралы сұрақ туындаған жағдайда серіктестің қаржылық мүмкіндіктері жайлы білген жөн.

Кәсіпорынның төлеу қабілетін бағалау ағымдағы активтердің өтімділік сипаттамасы, яғни нақты ақшаға айналдыру үшін қажетті уақыт негізінде жүргізіледі. Төлеу қабілеті баланстық өтімділік дәрежесіне тәуелді, сонымен қатар өтімділік есептеулердің ағымдағы жағдайы мен перспективаны сипаттайды.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайының нашарлауына инфляция жағдайында айналым қаржыларыныңбір бөлігін алу айтарлықтай әсер етеді. Есепті кезеңнің соңындағы бухгалтерлік есепте өнімді (қызметті) өткізуден түскен түсім сол өнімнің нақты бағасына сәйкес көрсетіледі, ал шикізаттар мен материалдарға кеткен шығындар нақты дайындау бағасы бойынша көрсетіледі. Егер кәсіпорынның өндірістік циклы ұзақ болса, онда өткізуден түскен түсім мен өнім өндірісіне кеткен шығындар жыл соңында инфляция нәтижесінде салыстыруға келмейтін болады. Сондықтан жыл соңында анықталған пайда нақты шығындар арасындағы айырма сомасына артады. Бухгалтерлік есепті жүргізуді және салық салудың қазіргі тіртібіне сәйкес пайданың бұл сомасы салық салуға жатады, сондықтан ол кәсіпорыннан алынады. Нәтижесінде кәсіпорынның айналым құралдарының массасы азаяды. Көтерме бағаның көтерілуі салдарынан тауарлы-материалдық құндылықтар қорының өсуі баяулайды. Кәсіпорыннан айналым қаржыларын себепсіз алуды болдырмау үшін тоқсан сайын өндірістік қорлар мен аяқталмаған өндірісті қайта бағалап отыру керек. Бұл әрекет салық салынатын базаны қысқартады және пайдаға салынатын салықтың бір бөлігі түрінде айналым қаржыларын алуға жол бермеуге мүмкіндік береді.

 

Өз-өзін бақылау сұрақтары

1. Бағалау қандай нарықтық факторларды ескереді?

2. Қаржылық талдау қалай жүргізіледі?

Ұсынылатын әдебиеттер

  1. Асқаров. Бизнесті бағалау. – Алматы, 2007
  2. Валдайцев С.В. Оценка бизнеса и управление стоимостью предприятия: Учеб.пособие для вузов. - М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2001;

 

9 тақырып: Бағалау процедурасының нысандалуы

Лекция мақсаты: Бағалау процедурасының нысандалуын игеру

Лекция сұрақтары:

1. Бағалау үшін шарт жасау: шарт заты, құқығы, жақтардың жауапкершілігі мен міндеттері, жұмыс құны, ерекше жағдайлар.

 

Лекция мазмұны:

Тапсырыс берушінің шектелген шарттарымен танысуы

Бағалаудың бұл кезеңінде тапсырыс беруші оның және сарапшы-бағалаушының мүдделерін қорғау мақсатында құрылатын кәсіпорын құнын анықтау процесіне қатысты негізгі шектелген шарттарымен танысады. Осы шарттардың кейбіреулері өте қажет жағдайда тапсырыс беруші мен сарапшы-бағалаушының арасында дау-дамайлық жағдайлар болашақта болмас үшін бағалау есебінде көрсетілуі қажет.

Іс- әрекеттегі кәсіпорынның құнын бағалаудың негізгі шектелген шарттары төменде көрсетілген:

-Есептеуде берілген кәсіпорынның құны туралы кез-келген есептеулер іс-әрекеттегі кәсіпорын құнына толық мүлікті комплекс ретінде қатысты. Оны кез келген бөліктерге бөлу және оның құнын анықтауға әкеледі. Қажет жағдайда есепке кәсіпорынның бөлек бөлшектерін бағалаудың нақты негіздері қарастырылады.

-Кәсіпорынның бағалау есебін дайындау кезінде болашақ пайда мен амортизациялық төлемдердің болжамдық мәліметтері және де кәсіпорынның әкімшілігінен алынған басқа мәліметтері (болжанған мәліметтерді беруге жауапты тұлғаларды көрсете отырып) қолданылады.

-Кәсіпорынның бағалауда қолданылатын қаржылық және техника-экономикалық сипаттамалары кәсіпорын мүлкін дәлелдейтін және түгендейтін арнайы оның аудиторлық тексеруден өтпеген бухгалтерлік есеп негізінде алынады.

-Бағалау процесінде бағаланып отырған кәсіпорын меншіктің құқықтарымен байланысты құжаттауға арнайы зандық экспертиза жүргізілмейді.

-Есепте көрсетілген болжамдар ағымдағы нарықтық шарттағы және сұраныс пен ұсыныстың өзгеруіне әсер ететін қысқа мерзімді факторларға және болжамды кезеңде тұрақты экономикалық жағдайлардың сақталуына негізделеді. Бұл болжамдар өзгерістерге ұшырауға бейім және нарықта болатын жағдайларға байланысты болып табылады.

-Берілген бұл бағалау тек берілген есепте көрсетілетін бағалау мерзімінде және сол берілген есепте көрсетілген мақсаттар мен функциялар үшін қолданылады.

-Тапсырыс беруші кез келген мәліметтерді, ақпараттарды эксперт-бағалаушының аналитикалық талдамаларын және бұл есептің басқа да материалдары тек қана бағалау тапсырмасында көрсетілген мақсаттар мен функцияларға қатысты қолданылатынына кепілдік береді.

-Эксперт-бағалаушы мен тапсырыс беруші кәсіпорын бағалау процесінде алған ақпараттарды, Қазақстан заңнамасында қарастырылған жағдайлардан басқа, құпия сақтауға кепілдік береді.

-Бұл есеп эксперт-бағалаушының бағалау стандарттарында қарастырылған бағалаудың барлық талаптарын ескермеген (ескерген) шекті (шығаруға бейім) зерттеу ретінде қарастырылуы қажет.

-Кәсіпорын бағалау есебі мен қорытындысы эксперт-бағалаушының мүлікті өткізудегі шарттарға қатысты кепілдемесіз көзқарасын білдіреді.

-Экспер-бағалаушы мүліктің сақталуы мен колданудаға заңнаманы бұзбауына ешқандай кепілдеме мен міндеттемелер бермейді.

-Тапсырыс беруші экспер-бағалаушыға бағалау үшін барлық қажетті ақпартпен баланстық есептерді және соңғы 3 жылдағы іс-әрекеттің нәтижесі туралы есептерді, 3-ші тұлғалармен жасалған келісім шарттың жазылуы, түгендеу ведомостларды, басты құжаттарды, кәсіпорын мүлігінің меншік құқығын дәлелдейтін және басқа да құжаттарды қоса алғанда қамтамасыз етеді. Эксперт-бағалаушы кәсіпорын туралы ақпараттарды бағалау үшін мемлекеттік басқару органдарынан алуға құқылы. Егер, бағалауға қажетті ақпараттар мен құжаттарды 3-ші тұлғалар арқылы да толық көлемде ала алмаған жағдайда оны өзінің есебінде көрсетуі қажет. Эксперт-бағалаушы дұрыс емес мәліметтер берілген құжаттар мен ақпараттар негізінде жасалған шешімдерге жауап бермейді.

-Тапсырыс беруші эксперт-бағалаушыны кәсіпорынмен жеке таныстырады және әкімшілігіне сауалнама жүргізуге мүмкіндік беруін камтамасыз етеді.

Бағалаушы-эксперттің қызметін төлеу мөлшерін анықтау негізінде тұрақты баға немесе сағат бойынша төлеу болуы мүмкін. Тәжірибеде тұрақты баға бағаланатын кәсіпорынның баланстық активтерінің сомасынан тіркелген пайыз мөлшерінен шыға анықталады. Әдетте бұл мөлшер кіші кәсіпорындар үшін 10% -ке шейін, орта кәсіпорындар үшін 3 %, ірі кәсіпорындар үшін 1,5% құрайды. Мұндай тіркелген баға кәсіпорынның құнын бағалау нәтижесіне әсер етпейді немесе бағалаушы - эксперт қызметтерін төлеу үшін негіз ретінде қолданылуы мүмкін.

Егер кәсіпорынды бағалаудан кейін бағалаушы - эксперттен тәуелсіз эксперт ретінде сотта шығуы талап етілсе, мысалы, бағаланатын кәсіпорынның әл-ауқаты жоқ туралы іс қаралуы кезінде, онда оның көрсеткен қызметтерінің сағатына қарай төлеуі керек, яғни соттың қарастыру нәтижесіне тәуелсіз болуы жағдайында бекітілуі тиіс.

Бағалаушы-эксперттің қызметтерін төлеу мөлшері көптеген факторларға тәуелді болып келеді, соның ішінде бағалау объектісінің қиындығы мен ауқымдылығы, тәжірибесі, имиджі, бағалаушы- эксперттің мамандануы, сонымен қоса тапсырыс берушінің қаржылық мүмкіндіктері. Кәсіпорын құнын бағалауға келісім жобасын дайындап бағалаушы - эксперт оны тапсырыс берушіге онымен танысу үшін ұсынады. Келісімге қосымша ретінде міндетті түрде бағалауға тапсырма (жұмыстық бағдарлама) және календарлы жоспар қосымша беріледі.

 

Өз-өзін бақылау сұрақтары

1. Бағалаушы мен тапсырыс берушінің құқығы мен міндеттері

2. Бағалау жүргізу құны

3. Бағалау туралы қорытынды есеп

Ұсынылатын әдебиеттер

  1. Асқаров. Бизнесті бағалау. – Алматы, 2007
  2. Валдайцев С.В. Оценка бизнеса и управление стоимостью предприятия: Учеб.пособие для вузов. - М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2001;

3. Валдайцев. С.В. Оценка бизнеса и инноваций. – М.: Информационно-издательский дом «Филинъ», 1997;

 

10 тақырып: Жер учаскесінің құнын бағалау. Бағалау заты. Жер нарығы

Лекция мақсаты: Жер учаскесінің құнын бағалауды игеру

Лекция сұрақтары:

1. ҚР “Жер туралы” заңы.

2.Жер кадастрін жүргізу.

3.Жер салығы. Алғашқы жерді пайдалану және екініші жерді пайдалану түсінігі.

4.Жерлер классификациясы.

5.Жерлерге қойылатын салық ставкасы.

 

Лекция мазмұны:

Жер (жер ресурстары) – табиғаттың бір бөлігі. Қазақстан Республикасының жер кодексі, жерді табиғаттың маңызды құрамдас бөлігі, күзетілетін табиғи объектісі; өндірістің табиғи құралы мен табиғи кеңістіктік базисы, қолданылатын табиғи ресурсы және меншік құқығының жылжымайтын мүлікі ретінде қарастырады.

Адамзат қоғамында жер - өндіріс құралы. Еңбек құралы бола тұра, жер бір жағынан еңбектің құралы болып табылады, өйткені адам қызметтің қандай да болмасын саласында оған белгілі бір мөлшерде әрекет етеді. Осы екі қасиеттердің жиынтығы жерді халық шаруашылықтың барлық саласында қызмет ететін өндірістің арнайы құралы болады. Өндіріс құралы ретінде жердің жылжымайтын мүлікті бағалауға тікелей әсер ететін өзінің ерекшеліктері бар:

- алдағы еңбектің нәтижесі болып табылмайды;

- кеңістігі шектеулі;

- өндірістің басқа құралдармен алмастырылмайды;

- тұрақты орналасуы бар;

- дұрыс қолданған кезде ескірмейді;

- әр түрлі сапалы территория;

- әрбір нақтылы жер телімінің арнайы пайдалылықтың болуы;

- ауылшаруашылығында жердің барлық пайдалы сапалары ең тиімді қодданылады, бірінші кезекте-жердің құнарлығы;

- адамның барлық қызметінде (ауылдық және орман шаруашылығынан басқа).

Жер негізінен кеңістіктік операциялық базис ретінде қолданылады. Сондықтан сол жерде орналасқан объектілермен байланысты болып келеді: мекемелермен, құрылыстармен, жолдармен, мелиоративті құрылыстармен, адам еңбегімен дамытылған басқа да материалды буындармен және тағы басқа.

Өндіріс құралы ретінде, жер қоғам байлығының ең бастысы болып табылады. Оны иемдену халықтың түрлі топтарының мүліктік және әлеуметтік жағдайы анықтайды. Жерді иемдену, өкімдеу және қолдану (жалға беру, сату-сатып алу, бөлу, қолдануды ұйымдастыру, қорғау және т.б.) жалпы жер қатынастарының жүйесін қалыптастыруы бойынша адамдар арасындағы көп түрлі әлеуметтік-экономикалық қатынастар әрекет етеді.

Жер кодексі жер қатынастарының объектілерін келесідей атайды:

1) жерді табиғи объект және табиғи ресурс ретінде;

2) жер телімдері;

3) жер телімдерінің бөліктері.

Жер телімі жер қатынастарының объекті ретінде бекітілген тәртіпте шекаралары бейнеленген және куәландырылған жердің жоғары қабат


Дата добавления: 2015-11-30; просмотров: 44 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.079 сек.)