Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сұрақ. А. Байтұрсынұлы «Әдебиет танытқыш» еңбегіндегі «деби-теориялық мәселелер

Читайте также:
  1. Бап. Тексерулердiң жалпы мәселелерi
  2. Сұрақ. Әдебиеттану ғылымындағы әдіснамалық мектептер.
  3. Сұрақ. Әдебиеттің эстетикалық қызметі. Басқа ғылымдармен байланысы.
  4. Сұрақ.Автор: нақты автор және имплецивті автор. Автор бейнесі.
  5. тақырып. Экономиканың заманауи жағдайы және ҚР нарыққа көшу мәселелері.

І тарау. Көрнек өнері тараулары

Бұл тарауда сәулет, сымбат, кескін, әуез, әдебиет өнерлері болатынын айтады.

ІІ тарау. Сөз өнері

Сөз өнері адам санасының уш негізіне тіреледі дейді: Ақылға, қиялға, көңілге. Тілдің міндеті ақылдың аңдауын аңдығанша, қиялдың меңзеуін меңзегенше, көңілдің түюін түйгенінше айтуға жарау. Адам өз мүддесін тілмен айтықызып жеткізу қиын дейді Ахмет байтұрсынұлы. Пушкин тіпті өз өлеңдерін кейбір он үш рет түзетіпті. ІІІ тарау шығарма сөз. Сөз өнерінен жасалып шығатын туындының жалпы атауы - шығарма сөз. Қысқартып айтсақ Шығарма. Шығарманың түрлеір толып жатыр. Оларды арабша – әдебиет, ал қазақща асыл сөз дейміз. Шығарманың тысқы нәрселері: І) Тақырып; ІІ) Жоспары; ІІІ) Мазмұны; ІҮ) Түрі. Мазмұнның үш бөлімі болады: Аңдату, мазмұндау, қорыту; Ал Түр былай жіктеледі: Жай сөйлеу түрде, сөйлестірген түрде, хат түрінде, аралас түрде. Мазмұнның түрлерін А.Б. былайша бөледі. (назар аударыңыз жоғарыда мазмұнның бөлімі туралы айттық, ал мынау мазмұнның түрі): І) Әуезе; ІІ) Әліптеу; ІІІ) Байымдау. Егер бір кісінің істеген әрекетін айтатын болсақ біз оны әуезе қылып айтамыз; Оның түрін, көркін айтып отырсақ әліптеп айтамыз; істеген істерін, жақсы жамандағанын айтсақ байымдап сөйлейміз. Шығарма екі түрлі болады дейді: І)Ақын тілі; ІІ) Әшейін тіл. ІҮ) Сөй талғау. Шығарма тіліне сөз талғаудың қоятын шарттар: Сөз дұрыстығы, Тіл тазалығы, Тіл анықтылығы, Тіл дәлдігі, тіл көрнектілігі; Сөз жоғары дәрежеге жету үшін мынадай әдістер қолданылады: І) Көріктеу; ІІ) Меңзеу; ІІІ) Әсерлеу; Теңеу екі түрлі: І) Әншейін теңеу; ІІ) Әдейі теңеу;Ауыстыру деген де бар. Оның мынадай түрлері бар: Бейнелеу, Алмастыру, Кейіптеу, Бернелеу, Әсерлеу,Мегзеу, Әсерлеу; Әсерлеуді былай бөледі: Арнау, қаталақтау, шендестіру, дамыту, түйдектеу, бүкпелеу, кекесіндеу;Ү тарау. Тіл лұғат әуезділігі. І Сөз әуезділігі. ІІ Сөйлеу әуезділігі. Өрнекті сөйлемдер. (тарауша) Оның түрлері: себепті оралым, мақсатты оралым, ұқсатпалы оралым, қайшы оралым, шартты оралым, жалғасыңқы оралым, серіппелі оралым, айырықтқы оралым, Өлеңді сөйлемдер. Атам заманнан мына мақсатта колданылған: І) Күнкөріс көзіне; ІІ) Көңіл көтеріс ісіне. Бастапқысына қара сөз, соңғысына қара өлең деп ат қойылған. (жар жар, беташар туралы айтуға болады осы жерде). ҮІ тарау. Өлең шығару деп аталады. Өлең кестесі айшық деп аталады. Айшық түрлі болады. Олар: Жалғыз шумақты айщық, екі шумақты айшық. Келесі улкен тарау: Қара сөзбен дарынды сөз жүйесі деп аталады. Бұл тарайда қара сөзге байланысты әуезе туралы айтылады. Қара сөз түрлері: Әуезе, Әлімптеме, Байымдама. Келесі үлкен тарау: Ауыз әдебиеті деп аталады. Ауыз әдебиеті: Сауықтама, Сарындамая. Сауықтама түрлері: Ермектеме, зауықтама.

6 сурак. Аныктмасын таппадым. Романдагы Кунанбайдын бейнесин айтсандар болдаы негизи осы жерде.

Кей кездерде көркем туындыда ақиқат өмірдің шындығы айтыла бермейді. Себебі, автордың өз шындығы, өз ақиқаты болады. Көркем туындыдағы бір кейіптерді сомдау үшін кей шындықты бүкпелеп жататыны бар. Бұл қалыпты жағдай. Себебі, шығарма тұнып тұрған шындықтан құралмайды. Автордың өз шешімі; көркемдік шешімі болады№ Олай болса, шешім деген не? Шешім (орысша развязка) шығарма сюжетінің шешеуші кезеңдерінің бірі. Суреткердің өзі суреттеп отырған өмір шындығына шығарған «үкімі»; адамдар арасындағы қарама қарсы тайталастардың, күрделі күрестердің бітуі; түрліше тағдырлары тартысынан туған нәтиже; оқиға қатысушылардың хал күйі; күллі құбылыс көріністерінің соңғысы.

Әдеби шығарма негізінде дерек, факт жатуы, тарихи дәуір шындығын көрсету үшін жазушының шығарма желісін бастан-аяқ тек қана тарихи болған оқиғаға құруы шарт емес. Алайда шығарманың материалдық болмысын, өзегін тарихи белгілі, ақиқат оқиғалар құрамайынша, белгілі тарихи дәуірдің шындығын шынайы суреттеу тағы да қиын. Өткен тарихи дәуір шындығын суреттейтін қазіргі қазақ романының көркемдік жүйесінде, идеялық, тақырыптық болмысында тарихи фактінің атқаратын қызметі өте жоғары.

Документ, факт жазушыға шындықтың бар болмыс-бітімін, мәні мен мағынасын, сыры мен сымбатын ашып бере алмайды. Өмір шындығы мен өнер шындығы арасында жер мен көктей айырмашылық барын ірі суреткерлердің қай-қайсысы да айтады. Мысалы, Л.Н.Толстой, өзінің бар еңбегі өмірлік құбылыстарды іздеп, жинап, оларды көшіру ғана болса, онда оларды жариялауға ұяты жібермейтінін айтады1.

В.Г.Белинский тарихи факт дегеннің шебер үшін кірпіш пен тас қана екендігін, олардан сәулетті ғимарат жасау тек суреткердің ғана қолынан келетін ғажайып іс екендігін жазады2. Ал К.Паустовский өзінің “Алтын раушан” повесінде жазушы еңбегін зергерлік шеберханалардың шаң-тозаңы арасынан алтын ұнтағының түйіршіктерін бір-бірлеп теріп жинаған, ақырында одан алтын раушан жасаған Шаметтің бейнетімен салыстырады.

Өмірдің шындық құбылыстары мен оқиғаларының қалың тасқыны арасынан қажетті, типтік сипаттағы маңызды, мағыналы фактілерді көре білу үшін де зергерлік зерде қажет.

Жазушының өмір материалдарының мол тобын іздеп тауып, оны байқап бақылауы да, танып байымдауы да қиындығы мол, қияметі көп жұмыс. Бірнеше емес, бір шығарманың материалдық негізін анықтау, бірнеше емес, бір жазушының өмір шындығын игеру процесіндегі өзі мен өзгелерге ортақ белгілер, сипаттар және өзгелерде жоқ, оның өзінде ғана бар бөлек ерекшеліктерді анықтап байқаудың, бағдарлап пайымдаудың өзі де оңай шаруа емес. Шындығында жазушының өмір материалдарынан өнер туындысын жасау процесінің басты сатыларын, қиын, нәзік иірімдерін, көпшілікке беймәлім қырларын анықтауға талпынып, оның қайсыбір жайларының мәнісін ұққан сайын, шығармашылық өнердің шын сырларының құпия, жұмбақ сипаты айқындалып, арта түседі. Әйтсе де жазушы еңбегінің терең сырларын тану мүмкіншілігін жоққа шығаруға болмайды, бірақ оның барша шетін, нәзік, терең иірімдерін жете білу мүмкін емес. Жазушының тарихи шындықты сұрыптап, екшеу, жинақтауының басты ерекшеліктерін анықтау осы бір өте күрделі, көп сатылы процестің кейбір маңызды негізгі деген қырларын тануға көмектеседі әрі әдеби шығарманың көркемдік-идеялық бітімін, поэтикалық жүйесін анықтауға жол ашады...

...Қазіргі қазақ романының мағыналық құрылмын түзеп, оқиға желісін құрап отырған өмір құбылыстарының ерекше бір тобы бар. Ол әдеби көркем үлгілер. Қазақ әдебиетінің өткен дәуірлерде жасалған ескерткіштері сол дәуірлер шындығы туралы шығармалардың ең басты материалына айналды. Тарихи өткен дәуірлерде өмір сүрген көркем және ғылыми творчество өкілдерінің қалдырған әдеби және ғылыми мұралары олардың өмірі мен дәуірі туралы жазылған бүгінгі көркем шығармалардың айырықша сипаттағы “документтік” негізі қызметін атқарып отыр.

Творчество адамдарының бейнесін жасауда жазушы үшін олардың өмірбаяндық мәліметтерінің мәні ерекше жоғары екендігінде сөз жоқ. Сөйткенмен ең толық өмірбаяндық мәліметтің өзі де творчестволық қайраткер жасап қалдырған мәдени әдеби мұра беретін бай материалдан әлдеқайда төмен, мәнсіз. Өйткені өмірбаяндық фактілер, көбіне адамның өмір жолындағы белгілі кезеңдерді, олардың сәттік суретін ғана көрсетеді. Ал белгілі қайраткердің творчестволық мұрасы оның бар ішкі жан дүниесін, ойлау, сезіну мәнерін, тіпті жақсы көру, жек көру сипаттарына дейін түгелдей танып-білуге мүмкіндік жасайды. Бұл ретте және де мына бір қағидаға құлақ асқан дұрыс секілді:

“... Көркем шығарма бітімі бөлек бір ерекше айна іспетті. Бұл айнадан екі нәрсе қатар көрінеді: онда бейнеленген өмір шындығы және оны бейнелеген суреткер”1 деп жазды М.С.Каган. Қазақ ғалымы М.Қаратаевтың пікірі де осы арнадан шығады: “... өнер шығармасы өмір шындығының айнасы болуымен бірге өнер жасампазының да рухани дүниесінің айнасы болып табылады”2. Болгар ғалымы С.Василевтің пікірі де осындай. М.Храпченко, М.Бахтин секілді білгір ғалымдардың ойлары да осы арнадан табылады3.

 


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 117 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.014 сек.)