Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Аполлондық дионистік көзқарас .

Читайте также:
  1. Дебиеттің үш тегі туралы қазіргі көзқарастар.
  2. Тісжегінің даму себептері туралы қазіргі көзқарастар.

«Аполлондық және дионистік» философиялық ұғымдарын 1872 жылы Ф.Ницше болмыстың екі бастамасын сипаттау үшін енгізген болатын. «Аполлондық – жарық, рационалды бастама, дионистік – қараңғы, экстатикалық – құмарлықты бейберекетсіз, оргиялық – иррационалды» (1),- деп түсініктеме берілген. Аполлондық – бұл рационалды интеллектуалды бастама. Бүкіл еуропалық өркениеттің мағынасы – болмыстың апполондық бастамасының мәнін ашу деуге болады. Ол – мәдениетте, философияда, ғылымда, техникада жеткен жетістіктерді апполондық бастаманың мәнін жүзеге асырылуы деп қарастыруға болады. Адамзат дамуының бифуркация «нүктесі» деп ежелгі гректердің антикалық қоғамын санауға болады. Сол қоғамда «гректер еркін адамдар еді, сондықтан да олар объектіні, оның субъектіге қатынасын алғашқы болып ұғынды» (2). Гегель айтуы бойынша, батыс қоғамындағы таным субъектісі мен объектісін нақты ажырату – жаңа концептінің пайда болуы. Бұлай ауысу шығыс қоғамында болмады: дана адам сол өзінің баяғы құрметті орнында қала берді, ал батыста субъект мен объекті ажыратылды. Оны былай түсінуге болады: шығыста дана объект пен субъект ажыратылмаған түрінде қала береді. Ал батыс қоғамында субъект пен объект жекеше қарастырылып, өз жолдарымен дами алды. Бұлайша ажырату абыз, данадан игеруге әкелді. Осындай жағдай, әрине, шығыс және батыс менталитеттерінің айырмашылықтарының мінездемелерін сипаттайды.

Батыс және шығыс менталитеттерінің осы анықтамалары келесі түсінікті қалыптастырды: болмыстың аполлондық бастамасының негізгі сипаттамасы – «рационалды», ал дионистілік сипаттамасы – «иррационалды». Дионистілік бастамада рационалдылық, әрине, бар, бірақ ол негізгі компонент ретінде қарастырылмайды, компоненттердің бірі ретінде ғана қарастырылады.

Жалпылай айтсақ, еуропалық қоғамда жоғары дамыған нәрселер аполлондық бастамаға тиісті. Тарихи тұрғыдан солай болуы керек еді: адамзат тарихында таным процесінің өзін тану маңыздылау болды, осы бағытта ғана прогреске жетуге үлкен мүмкіндіктер туылды. Еуропалық мәдениетте солай болды да.

Аполлондық бастамада рационалдық ойлауға және рационалды танымға, ал дионистілік бастамада иррационалдыққа акцент қойылды. Бұл жерде дионистілік бастаманың иррационалды сипаттамасына акцент жасалып, ол позитивті ракурста қарастырылуы керек.

Аполлондық бастаманың дамуы шығыспен саластырғанда батыс менталитетінде басымырақ болғандықтан, осы тұрғыда еуропа адамзатының табыстылығы туралы айта кету керек. Табыстылықпен қоса «Еуропа құлдырауы» (Шпенглер) деген ой тағы да бар.

Болмыстың аполлондық және дионисийлік бастамасы туралы айтқанда, бұл екеуін адам табиғатына тән құбылыс деп те қарастыруға болады. Адам табиғатындағы дионисийлік бастама өзінің көрініс табуын талап етеді. Адам рухының бұл бұзықтығы адам жанымен - адамдық «Меннің» эмоция, инстинктер, бейсанадан тұратын жағымен байланысты. Бұл жерде дионисийлік бастама позитивті мағынада қарастырылып отыр. Дионисийлік бастама әрқашан да шығу жолдарын іздестіріп, түрлі формаларда көрініс тауып отырған, бірақ ол белгілі бір дәрежеде аполлондық бастаманың қарқынды дамуымен ығыстырылды.


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 38 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)