Читайте также:
|
|
Медициналық электрондық аппаратар үнемі жаңартылып отырылады,аспаптардың жаңа үлгілермен толықтырылады,сондықтан дәрігерге оның құрыдысын білу керек,инструкциясы мен техникалық сипаттамасына қарап отыру керек.Аппаратты дұрыс таңдай отырып оның қызметі бойынша қолдануын және алдын ала қауіпсіздік техникасын білу қажет.
Электр қауіпсіздік негіздері:электр тогының адам ағзасына әсері;қатерге ұшырау түрлері;электр тогымен зақымдаушыға әсер етуші негізгі факторлар;медициналық электр жабдықтар мен аппараттарды қолданудағы қауіпсіздік техникасы.
Зертханаларда машиналардың қозғалушы бөліктерімен жұмыс жасағанда, электр тізбегіне қосқанда,жолымен не қызған денемен жанасқанда,әр түрлі қауіпті жағдайлар пайда болуы мқмкін. Мұндай қауіпті жағдайлардың пайда болуы ағзаның бұзылуына әкеледі және қауіпті жағдайлар деп аталады.
Қауіпті жағдайлардың екі түрі болады – өндірістік және тұрмыстық.
Тұрмыстық:
1. Механикалық(кесіп алу, сындырып алу және т.б)
2. Термиялық (күйіп қалу,үсіп кету)
3. Химиялық (күйіп қалу)
4. Сәулелік (радиатциядан пайда болған)
5. Электрлік
6. Комбинациялық
Өндірістік:
1. Электр тогынан;
2. Иондаушы сәулелерден;
3. Ауаның және терінің залалы заттармен ластануы;
4. Қызған аппараттар мен материалдар.
І. ЭЛЕКТР ТОГЫНЫҢ АҒЗАҒА ІСЕРІ
Ағзаның электр тогымен зақымдалуы электрлік соққы не электрлік зақым түрінде болады.
Электрлік зақым – денеге токтың сырттан белгілі бір жеріне әсері: электрлік күйіп қалу, терінің электрленуі, ток таңбасы.
Электрлік күйіп қалу – адам денесі арқылы өтетін токтың жылулық әсері немесе кернеуі 1000 В-тан жоғары болатын қондырғыларда әдетте қысқа қосу болғанда пайда болатын электр доғасының әсері.
Терінің электрленуі – металл тогының әсерінен балқыған бөлшектердің теріге енуі.
Токтың электрлік таңбалары – кернеумен толық жанасқанда, адам денесіне кірген және шыққан ток орындарында қатты білінетін дөңгелек ісік тәріздес таңбалардың теріде пайда болуы.
Электрлік соққы – ағза арқылы өтетін ток әсерінен ағза терісінің өозуы, яғни бұлшық еттердің еріксіз тартылып қалуы.
Электрлік соққылар адамның ішкі ағзаларының қатты ықпал ететін қауіпті зақым тудыруы мүмкін, мысалы жүрек қызметінің, тыныс алуы мүшелерінің жұмыс істеу ритмдері бұзылуы, орталық жүйке жүйесінің өзгеруі және т.б., ал кейбір жағдайларда өлімге дейін апарады. Электр тогының ағзаға әсері көптеген факторларға тәуелді болып келеді.
Ток шамасы зақымдану дәрежесін көрсететін негізгі параметрі болып есептелінеді. Токты сезіну табалдырығы деп адам токтың тітіркендіруін сезетінін токтың ең минимальды шамасын айтады. Мұндай ток ток шамасы жанасу орнына және түйісу ауданына тәуелді. Токты адамның ең сезгіш мүшесі ол тіл болып табылады (І табалдырық= 40 мкА).
Электродтарды қолдарымен қысқанда жиілігі 50-60 Гц шамасында токты сезнуі 1 мА маңайында басталады, ал токты 5-10мА дейін арттырғанда қолда оның сіңірлерінің тартылуы басталады, 12 -15 мА –де электродтардан қолды жұлып алу өте қиынға түсетін болады. 50-80 мА – де тыныс алуы тоқталады, ал 90-100 мА-де және токтың әсері 3 секундтқа дейін жетіп одан әрі қарай барса онда жүректің соққысы тоқталады. Осы айтылғандарға тұрақты ток әсер еткенде оның шамасы 4-6 рет есе жоғары болуы керек.
Егер ток күші сезіну табалдырығының мәнінен жоғары болса, онда адам өткізгіш көзінен өздігінен қолын тартып және еркін босаталмайды.
Ток күшінің жібермейтін табалдырығы деп адам өздігінен тогы бар өткізгіштен қолын еркін босатып алалмайтын минималды ток күшін айтады
Электр қауіпсіздік тұрғыдан қарастырғанда бұл токтың параметрі өте маңызды болып табылады, өйткені ол қауіпті дәрежесінің күрт өсуінің шегін береді.
0,1 А токтың шамасын өлім тогы деп есептейді. Қауіпті жағдайларды талдағанда айтуға болады, жүрек арқылы өткен ток (жүрекке электродпен катетер енгізілгенде) жүректің фибрилляциясы білінгенде токтың минимальды шамасы 50-100 мкА құрайды.
Жиілігі 25-2000 Гц ток ағза үшін ең қауіпті болады. Жиілігі 100 000 Гц жоғары ток электрлік соққыға қатынасты қауіпті емес, ол тек жылулық зақым келтіреді. Ағза арқылы өтетін токтың шамасы тәуелді болады түсірілген кернеуге және кедергі учаскесіне. Адам дененесінің кедергісі тері бетінің және физиологиялық күйіне байланысты. Адам денесінің кедергісі тері бетінің және физиологиялық күйіне байланысты. Адам денесінің жалпы кедергісі тұрады терінің кедергісінен және ішкі ұлпалар мен тіндердің кедергісінен. Тері ағзаны электр тоғының соққысынан қорғайтын табиғы қорғаныс болып келеді. Тері кедергісі басқа ұлпалар кедергісінен үлкен болып келеді. Ішкі ұлпалар мен мүшелердің электр кедергісі тері кедергісіне қарағанда тұрақты болып келеді.
Барлық биологиялық ұлпалардың сұйықтары ішінде әр түрлі ерітілген иондар болады. Клетканың арасындағы сұйықтардың ионды өтімділігі төменгі жиілікте электр тогын өткізе алатын негізгі күйі болып табылады. Адамның қалыпты жағдайда жалпы электр кедергісі 1000 Ом деп есептелінеді.
Адам денесіндегі токтың өту жолы маңызды болып келеді. Әсіресе зақым алған жағдайлар қауіпті. Мұндай ток жүрек және өкпе мүшелері арқылы өтеді, яғни қолдан қолға немесе қолдан аяққа түйісуі бір не екі полюсті болып есптелінеді. Бір полюсті жағдайда адам бір сымды ұстайды. Осындай ток адам денесі арқылы жерге өтеді. Көбінесе кернеу беріліп тұрған желі сымдарын, қондырғы қораптарын (изоляциясы бұзылса) ұстаған кезде электр тогынан зақым алу жағдайлары жиі кездеседі.
Екі полюсті жағдайда адам ток көзінің толық кернеуінің әсерінде болады. Осындай жағдайлардағы жанасу ең ауыр жағдай болып есептелінеді.
Қондырғы қорабымен жанасқанда адам арқылы өтетін ток өтіп шығу тогы деп аталады.
Металл бөліктерімен бір полюсті жанасқандағы кернеу жанасу кернеу деп аталады. Бұл кернеу 24 В-тан аспауы керек. Одан жоғарлардың барлығы сақтау ережесіне орай оқшаулану қажет.
ІІ. МЕДИЦИНАЛЫҚ АППАРАТТАРДЫ ПАЙДАЛАНҒАНДА ЭЛЕКТР ТОҒЫНЫҢ ЗАҚЫМДАНУЫНАН ҚОРҒАНУ
Қазіргі заманғы медициналық аппараттарда электр қауіпсіздік дұрыс қолдану барысында үзіліссіз қамтамасыз етіліп отыруы керек. Қорғануды үш негізгі шартты сақтаумен жетіледі: Шартсыз қауіпсіздікті қамтамасызететін аппараттың дұрыс жинақталуы. Шартты қауіпсіздікті беретін арнайы сыртқы қорғаныс құралдарын қолдану. Аппаратпен жұмыс істеуде қауіпсіз болатын шарттарды көрсету (жазбалы қауіпсіздік).
ШАРТСЫЗ ЭЛЕКТР ҚАУІПСІЗДІК.
Дәрігерлік аппараттардың электрлік қауіпсіздігіне негізгі талаптың бірі ол техникалық шарттарға сәйкес барлық жұмыс атқару режимдерінде дұрыс қолданғанда оператор мен науқас үшін шартсыз қауіпсіздік. Кез-келген ақаулық жұмыстың қауіпсіздігін төмендетпеуі керек. 24 В-тан жоғары кренеуден түрған бөліктермен кездейсоқ жанасу мүмкіндіктерін болдыраму керек. Ол үшін кернеумен қоректеніп тұрған аппарат бөліктері және аппаратың корпусы изоляцияланған болу керек.
ШАРТТЫ ҚАУІПСІЗДІК
Қызыметшілер мен сырқаттарды электрлік соққыдан қорғау үшін сырттан қоректендірілетін барлық медициналық құрал-жабдықтар 5 класқа бөлінеді.
«0» класс – аппаратта тек бір ғана негізгі қорғаныс бар (изоляция), қосымша қорғаныс құралы жоқ. Бұндай жабдықтар: тұрмыс жабдықтары, шаруашылық қажеттіліктері үшін қолданылатын аппараттар. ЕСКЕРТУ: Медициналық практикада «0» класына жататын аппараттарды қолдануға рұқсат етілмейді.
«1» класс – негізгі қорғаныстан басқа қосымша жерге жалғауға не нольге келтіру, қорғаныстары арнайы үш желілік қосқышпен желіге қосамыз, яғни желілік қосқышта арнайы жерге қосқыш жүйемен байланысатын контактісі болады.
«01» класс – қондырғыда арнайы жермен қосылатын қысқыш қошусы болады. Бұндай аспатарды қосу оның желіге қосылуын тәуелсіз жүргізіледі. Жерге қосу бұндай зерттеушінің ұқыптылығына байланысты.
«ІІ» класс – бұл топтағы аппараттарда негізгі қорғаныс бөлігінен басқа күшейтілген қосымша қорғанысы болады. Аппараттың өткізгіштерінің бәрі және бөліктері қосымша изоляцияланған болады. ІІ сынып аппараттарының қорғаныс жерге жалғауы болмайды, бірақ оған жұмыс ітеуші адам үшін контактілік түрде қорғаныс жасауға болады.
«ІІІ» класс – кернеуден қорғануға болатын ең жоғары эффективтілігі құрал – жабдықтар қоректендіруші аппарат ретінде 24В-тан аспайтын төменгі кернеу көздері пайдаланылады. Бұнда жоғары кернеу көздері жоқ. Осындай аппараттарды жерге жалғауында қажеттілігі жоқ. Бұл сынып бойынша эндоскопия аппараттары, дәрігерге қолайлы шамдар т.б. дайындалады.
СИПАТТАМАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК
Сипаттамалы қауіпсіздіктің басты шарттары:
Электрондық аппараттарды электрлік қауісіздікке тексеру.
Қондырғыларды арнайы сипаттамасына сүйене отырып қолдану. Медицина мекемелерде емдеу мақсатында және эксперименттік бөлімдерінде қондырғыларды электрлік қауісіздікке тексеруде бірнеше кезеңдерге бөледі, олары:
І. Қондырғы сапасын тексеру.
А) қондырғының сыртын тексеру:
Кабельдер, қосқыштар мен жалғағыштарды тексеру;
Зақым келусигнализаторлардың жұмыс қабіліеттілігін тексеру;
Сақтандырғыштар мен үзілгіштерді тексеру;
Ауыстырып қосқыштарды, басқару тұтқаларын тексеру;
Пациентке қойылатын датчиктер мен кабельдерін тексеру
ЕСКЕРТУ: Медициналық электрлік қондырылғыларды қауіпсіздікке тексеру жауапкершілігі емдеу орындарының басшыларына жүктеледі және ол арнайы қызмет мекемелері көмегімен жүргізілуі керек.
Дата добавления: 2015-11-14; просмотров: 332 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
ІІІ. Діяльнісно-практичний напрямок | | | Медициналық аппаратураның сенімділігі |