Читайте также: |
|
Әдебиеттер [1-4]
3-тақырып. Диэлектриктердегі электр өрісі
Мақсаты: Диэлектриктердегі электр өрісін оқып үйрену
Жоспар
- Диэлектриктер поляризациясы
- Поляризация векторы
- D және P векторлары
- D және P векторларының қасиеті
- Диэлектрик түрлері
- Диэлектриктер үшін Гаусс теоремасы
- Сегнетоэлектриктер, Пьезоэффект
Диэлектрик бұл электрді өткізбейтіндер тобына жатқызылады. Енді электр өрісінде диэлектрик орналасқан болса, қандай өзгерістер байқалады. Диполь ұғымынан кейін диэлектриктерде поляризация деп аталатын құбылысты толық түсінген болса, студентке материалды әрі қарай алып кетуге әбден мүмкін. Егер құбылысты елестете, көре білмесе мүлдем түсіну қыйынға соғады. Диэлектрик түрлері және онда Гаусс теоремасын пайдалану,диэлектриктегі өрісті бағалайды. Поляризация және индукция векторларының қасиеттеріне тоқталып, бағалайды.
Студенттер білімін тексеруге және бекітуге арналған сұрақтар:
- Диэлектриктер поляризациясы деген не?
- Поляризация векторының мағнасы не?
- D және P векторлары арасындағы байланыс қандай?
- D және P векторларының қасиеті қандай?
- Диэлектрик түрлері қандай?
- Диэлектриктер үшін Гаусс теоремасы қалай орындалады?
Сегнетоэлектриктер, Пьезоэффект құбылысын түсіндір қалай анықталады?
Әдебиеттер [1-4]
4-тақырып. Электр өрісінің энергиясы
Мақсаты:. Электр өрісінің энергиясын анықтауды үйрену, қолдану
Жоспар
- Зарядтар жүйесі үшін электрлік энергия
- Зарядталған өткізгіш және конденсатор энергиясы
- Электр өрісінің энергиясы
- Зарядталған екі дене жүйесі
- Диэлектрик бар кездегі күш
-
Өткізгіш ұғымы енгізілген соң, энергиясын анықтау көрсетіледі. Екі өткізгіш диэлектрикпен шектелген жағдайда, яғни конденсатор үшін арнайы энергияны анықтау өрнегі қортылып көрсетіледі. Энергия өзгерісі күш арқылы атқарылған жұмыспен бағаланса, ол үшін де потенциалды анықтау жолдары көрсетіледі де соңында жұмыс және күшті анықтау өрнегі қортылады.
Студенттер білімін бекітуге арналған сұраақтар:
- Зарядтар жүйесі үшін электрлік энергия қалай анықталады?
- Зарядталған өткізгіш және конденсатор энергиясы ше?
- Электр өрісінің энергиясы деген не?
- Зарядталған екі дене жүйесі үшін энергия қалай бағаланады?
- Диэлектрик бар кездегі күш ше?
Әдебиеттер [1-4]
5-тақырып. тұрақты электр тогы
мақсаты: тұрақты электр тогы тақырыбын толық қарастыру
Жоспар
- Ток тығыздығы. Үздіксіздік теңдеуі
- Біртекті өткізгіш үшін Ом заңы
- Тізбек бөлігі үшін, толық тізбек үшін Ом заңы
- Тармақталған тізбек. Кирхгоф заңдары
- Джоуль-Ленц заңы
- Конденсаторы бар тізбектегі өту (ауысу) процесі
Өткізгіште электр заряды тесіп өтетін аудан бойынша бағаланған шама немесе ток бағыты қалай жүретінін көрсету үшін ток тығыздығы ұғымы енгізіледі. Ток күші скаляр болса ол токтың бағытын көрсете алмайды сол себепті де бағытын көрсететін, шаманы енгізу бұл көп белгісіз шарттардың көзін ашады. Бұл шама заряд жылдамдығы мен шоғырына тәуелділігі ашып көрсетіледі. Тізбек бөлігінен зарядтарды өткізу қабілеті әр затта түрліше, осыдан өткізгіштік, кедергі ұғымдары енгізіледі. Кедергінің зат тегіне, температураға тәуелділігі көрсетілуі де керек, бұл зертханалық жұмыстарда толық қарастырылғандықтан арнайы сұрақ қарастырылмайды.Бірден Біртекті өткізгіш үшін Ом заңы, тізбек бөлігі үшін, толық тұйық тізбек үшін Ом заңы талдап көрсетіледі. Тармақталған тізбек үшін Кирхгофтың екі ережесі, Джоуль заңы қарастырылады. Тақырып соңында егер өткізгіште конденсатор жалғанса ток өтпей қалуы байқалатын болса, релаксация уақыты ұғымы енгізіледі. Конденсаторды зарядтау және разрядтау талданады. Бұл құбылыс толық 12 зертханалық жұмыста тәжірибелік толық зерттеледі.
Студенттер білімін бекітуге, тексеруге арналған сұрақтар:
- Ток тығыздығы деген не? Үздіксіздік теңдеуін қорытып көрсету керек
- Біртекті өткізгіш үшін Ом заңы қалай орындалады?
- Тізбек бөлігі үшін, толық тізбек үшін Ом заңы ше?
- Тармақталған тізбек үшін Кирхгоф заңдарын қолдану туралы дәлелдеу керек
- Джоуль-Ленц заңының тұжырымдамасы, қолдануы қалай?
- Конденсаторы бар тізбектегі өту (ауысу) процесін түсіндіру керек
Әдебиеттер [1-4]
2-бөлім. МАГНИТ ӨРІСІ
6-тақырып. Вакуумдегі магнит өрісі
Мақсаты: Вакуумдегі магнит өрісін қарастыру және электр өрісімен салыстыру
Жоспар
- Лоренц күші. В өрісі
- Био-Савар заңы
- Магнит өрісінің негізгі заңдары
- В векторының циркуляциясы
- Магнит өрісінің негізгі заңдарының дифференциалдық түрі
- Ампер күші
- Тогы бар контурға әсер етуші күш моменті
- Тогы бар контур ығысқандағы жұмыс
Берілген тақырыпта тогы бар өткізгіштің маңында туатын магнит өрісін бағалау жолдары қарастырылған. Ток формасының түріне сәйкес магнит өрісі кернеулігін суперпозиция принципіндей анықтаса, өріс тарапынан әсер ететін күшін сол қол ережесі бойынша анықтауға болады. Магнит өрісі бар ортаға зарядталған бөлшек енген болса, өріс тарапынан зарядқа әсер ететін күш,яғни Лоренц күші де сол қол ережесі бойынша анықталған. Тогы бар өткізгіш тудырған өрісті Био-Савар заңы бойынша анықтауға болады. Сонымен бірге тогы бар контур ығысқанда атқарылған жұмыс пен күш моментін де анықтау жолдары көрсетілген.
Студенттер білімін тексеруге, бекітуге арналған сұрақтар
- Лоренц күші бағты қалай анықталады?. В өрісіше?
- Био-Савар заңы тұжырымдамасы
- Магнит өрісінің негізгі заңдары қандай?
- В векторының циркуляциясы қалай анықталады?
- Магнит өрісінің негізгі заңдарының дифференциалдық түрі
- Ампер күші қалай анықталады? Не үшін қажет?
- Тогы бар контурға әсер етуші күш моменті ше?
- Тогы бар контур ығысқандағы жұмыс қалай анықталады?
Әдебиеттер [1-4]
9-тақырып. Заттардағы магнит өрісі.
Мақсаты: Заттардағы магнит өрісін қарастыру
Жоспар
§ Заттарды магниттеу. Магниттелу.
§ Био-Савар заңы
§ Магнит өрісінің негізгі заңдары
§ В векторының циркуляциясы
§ Магнит өрісінің негізгі заңдарының дифференциалдық түрі
§ Магнетиктер және оның түрлері
Өткізгіштегі пайда болған токты магнит өрісіне енгізсе, өріс өзгереді. Бұл кез келген заттың магнетик бола алатынын, яғни магнит өрісі арқылы өрісі магниттеледі де, магнит моментіне ие болады. Магниттелген зат өзінің магнит өрісін тудырады. Тақырыпта толық ток заңын қорытып көрсеткен соң,заттардағы магнит өрісінің кернеулік векторын анықтайды. Магнит өрісінің күш сызықтарының бір ортадан екінші ортаға өткенде өзгеруін бағалап, В және Н векторлары үшін шектік шарт көрсетіледі. Магнит механикалық құбылыстары түсіндіріліп, Эйнштейн, де Хааз және Барнет тәжірибелері негізінде магниттік моменттер анықталады. Сол қол ережесі түсіндіріліп, сол негізде Ампер және Лоренц күштерінің бағыты анықталады.
Студенттер білімін тексеруге, бекітуге арналған сұрақтар:
§ Заттарды магниттеу қалай іске асырылады? Магниттелудеген не?
§ Био-Савар заңы тұжырымдамасы, математикалық жазбасы, қолдануы қандай?
§ Магнит өрісінің негізгі заңдары қандай заңдар?
§ В векторының циркуляциясы қалай анықталады?
§ Магнит өрісінің негізгі заңдарының дифференциалдық түрі қандай?
§ Магнетиктер түрлері қандай?
Әдебиеттер [1-4]
10-тақырып. Электромагниттік индукция
Мақсаты: Электромагниттік индукция құбылысын оқып үйрену
Жоспар
§ Электромагниттік индукция заңы. Ленц ережесі
§ Электромагниттік индукция табиғаты
§ Өздік индукция құбылысы
§ Өзара индукция
§ Магнит өрісінің энергиясы
§ Тогы бар екі контурдың магниттік энергиясы
§ Магнит өрісіндегі күш және энергия
Электромагниттік индукция заңы түсіндірілген соң, сол заңдағы минус таңбасын түсіндіріп беретін Ленц ережесі. Тогы бар контур арқылы магнит өрісінң бағыты және күш сызықтары, сондай ақ күш бағыты анықталатын контур таңдалып алынады. Демонстрациялық көрсету арқылы осы құбылысты түсіндіру өздік және өзара индукция құбылысын да толық түсіндіруге мүмкіндік береді. Тақырып соңында индуктивтік ұғымы енгізіліп, өріс энергиясы анықтау өрнегі қортылып шығарылады.
Студенттер білімін тексеруге, бекітуге арналған сұрақтар:
§ Электромагниттік индукция заңы қалай тұжырымдалады? Ленц ережесі қандай? Не үшін қажет?
§ Электромагниттік индукция табиғаты қандай?
§ Өздік индукция құбылысын түсіндіру керек
§ Өзара индукция құбылысының табиғаты қандай?
§ Магнит өрісінің энергиясы қалай анықталады?
§ Тогы бар екі контурдың магниттік энергиясы қалай анықталады?
§ Магнит өрісіндегі күш және энергия қалай анықталады?
Әдебиеттер [1-4]
11-тақырып. Электромагниттік тербелістер мен толқындар
Мақсаты: Электромагниттік тербелістер мен толқындарды оқып үйрену
Жоспар
§ Тербелмелі контур
§ Еркін электрлік тербеліс
§ Еріксіз тербеліс, резонанс
§ Айнымалы ток
Конденсатор мен катушкадан тұратын тұйық контурды, яғни тербелмелі контурдың әр параметрлері мен өтетін тербеліс құбылысын түсіндіруден бастап, тербелмелі контурдағы тербеліс периодын қорытып шығара отырып, механикалық тербеліс пен арасындағы ұқсастық пен айырмашылықтарын көрсете отырып түсіндіріледі. Өшетін тербеліс және резонанс құбылысы зертханалық жұмыста толық оқылатын болғандықтан да Ток күші мен кернеудің резонанстары қарастырылады. Кедергінің түрлері және толық тізбек үшін Ом заңын пайдалана отырып, ток күшінің әсерлік және амплитудалық мәнін анықтап, арасындағы байланыс көрсетіледі. Векторлық диаграмма әдісімен толық кернеу, кедергі анықталады.
Студенттер білімн тексеруге, бекітуге арналған сұрақтар:
§ Тербелмелі контур сипаты қандай?
§ Еркін электрлік тербеліс деген не?
§ Еріксіз тербеліс, резонанс құбылысын түсіндіру керек
§ Айнымалы ток үшін Ом заңын анықтау қалай жүргізіледі? Индуктивтік, сыйымдылықты, ақтив және реактив кедергілер қалай анықталады?
Әдебиеттер [1-4
3. Қысқаша семинар сұрақтар және практикалық тапсырмалар
(жоспар, тапсырма СӨЖ, СӨЖО);
Апта № | Шифр | Модульдер мен тақырыптардың атауы | Модуль бойынша барлық сағат саны | |||||
Мод. | Тақ. | Дәр | Прак жұм. | Зерт. жұм | СӨЖ | |||
3-семестр. І – БӨЛІМ. Электр өрісі, тұрақты ток заңдары | ||||||||
Кіріспе | дәрістер | |||||||
1.1 | 1Вакуумдегі электр тогы. Кулон заңы. Өріс. Кернеулік. Потенциал. Эквипотенциал бет. Диполь және оның өрісі. | дәрістер | ||||||
1.2 | 2. Электростатикалық өрістегі өтізгіштер | дәрістер | ||||||
1.3 | 3. Диэлектриктердегі электр өрісі | дәрістер | ||||||
1.4 | 4. Электр өрісінің энергиясы | дәрістер | ||||||
1.5 | 5. Тұрақты электр тогы | дәрістер, | ||||||
1.6. | 6. Конденсаторы бар тізбектегі ауысу процесі | дәрістер | ||||||
8-апта Аралық емтихан | ||||||||
3-СЕМЕСТР. 2-БӨЛІМ. Магнит өрісі | ||||||||
2.1 | 7. Вакуумдегі магнит өрісі | дәрістер | ||||||
2.2 | 8. Заттардағы магнит өрісі | дәрістер | ||||||
2.3 | 9. Электр және магнит өрістерінің салыстырмалылығы | дәрістер | ||||||
2.4 | 10. Электромагниттік индукция | дәрістер | ||||||
2.5 | 11. Электромагниттік өріс энергиясы. | дәрістер | ||||||
2.6 | 12. Электрлік тербелістер. | дәрістер | ||||||
2.7 | 13. Максвелл теңдеулері. | дәрістер | ||||||
Қайталау сабақтары | ||||||||
17-18 | Қорытынды емтихан | |||||||
Барлығы: 135 |
СЕМИНАР САБАҚТАРЫНЫҢ ЖОСПАРЫ
Модульдің атауы және шифрі | Семинар сабақ № | Оқып үйренетін сұрақтар атауы | Сағ саны | Апталық жүктеме | Әдебиет № | Бақылау түрі | ||||||
Модуль 1 | ||||||||||||
Электростатикалық өріс және оның си-паттамалары. Электростатика. Біртекті ортадағы электростатикалық өріс.Электростатикалық өріс энергиясы. Стационар магнит өрісі. Био-Савара-Лаплас заңы. | №1, 9.7; 9.8; 9.14; 9.19; 11.25; 11.49; 9.60; 9.71; 9.78; 9.84; 9. 154; 9.210; 9.223; 9.237; 9.249; 9.258, 9.287 | [1] §1-22 [2] §1-37 | Есеп тапсыру | |||||||||
Модуль 2 | ||||||||||||
Квазистационар электромагниттік өріс. Сиымдылық және индуктивтілігі бар тізбек. Электромагниттік толқынды оқыту Өткізгіш ортадағы толқынның таралауы. Электрондық теория. Түрлі орта электр өткізгіштігінің теориясы. | №1, 11.28; 11.29; 11.31; 11.37; 11.39; 11.49; 11.47; 12.14; 12.19; 12.26; 12.93; 12.98; 13.21 | [1] §23-35, 50-53, 42-49 [2] §38-61 | Калоквиум Есептер Зерттеу жұмыстарын өткізу | |||||||||
Барлығы | ||||||||||||
4. ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫСТАР (ЗЕРТХАНАЛЫҚ ПРАКТИКУМ)
Бөлім №, пән тақырыбы | Зертханалық жұмыстың мақсаты мен мазмұны | Зертханалық жұмыстың нәтижесі | Орындалған жұмысты бақылау түрі | Сағат көлемі |
Зертханалық жұмыс №1: Электр өлшегіш құралдарды градуирлеу | ||||
Электр өлшегіш құралдарды градуирлеу | Электр өлшегіш құралдарды оқып, пайдаланып үй-рену. | Электр өлшегіш құралдардың бөлік құны, сезгіштігі, өл-шеу шегі, артық-шылығы, кемшілігі зерттеледі, графиктер тұрғызылады | Электр өлшегіш құралдарды градуирлеу қорғау | |
Зертханалық жұмыс №2: Электростатикалық өрісті оқып үйрену | ||||
Электростатикалық өрісті оқып үйрену | Электростатикалық өрісті оқып үйрену | Электростатикалық өрістің күш сызық-тарын тұрғызуды үйрену | Қондырғыда орындап, қорғау | |
Зертханалық жұмыс №3: Өткізгіштің меншікті кедергісін анықтау | ||||
Өткізгіштің меншікті кедергісін анықтау | Өткізгіштің меншікті кедергісін анықтау | Нихромның меншікті кедергісін анықтау | орындап, қорғау | |
Зертханалық жұмыс №4: Кедергілерді әр түрлі тәсілмен анықтау | ||||
Кедергілерді әр түрлі тәсілмен анықтау | Кедергілерді ампе-рметр, вольтметр және Уитсон көпірі көмегімен анықтау | Кедергілерді ампер-метр, вольтметр және Уитсон көпірі көм-егімен анықтау, са-лыстыру, бағалау | Қондырғыда орындап, қа-телігін есеп-теп, қорғау | |
Зертханалық жұмыс №5: Теңестіру тәсілімен белгісіз элементтің ЭҚКін анықтау | ||||
Теңестіру тәсілі-мен белгісіз эле-менттің ЭҚКін анықтау | Теңестіру тәсілімен белгісіз элементтің ЭҚКін анықтау | Теңестіру тәсілімен белгісіз элементтің ЭҚКін анықтау | Қондырғыда орындап, қорғау | |
Зертханалық жұмыс №6: Кирхгоф заңдарынын тізбекте тексеру | ||||
Кирхгоф заңын тізбекте тексеру | Кирхгофтың екі заңын тізбекте ор-ындалуын тексеру | Кирхгофтың екі заңын тізбекте ор-ындалуын тексеру | Стендте орындап, қорғау | |
Зертханалық жұмыс №7: Фарадейдің екі заңын тексеру | ||||
Фарадейдің екі заңы | Фарадейдің екі заңы электролиз заңдарын оқып үйрену, тексеру | Бөлінген зат массасын анықтау, гидролиз екі заңның орындалуын бағалау | Құрылғыда орындап, қа-телігін баға-лап, қорғау | |
Зертханалық жұмыс №8: Өткізгіш кедергілерінің температураға тәуелділігі | ||||
Өткізгіш кедер-гілерінің темпер-атураға тәуелділігі | Өткізгіш кедер-гілерінің темпера-тураға тәуелділігін бағалау | Өткізгіш кедергі-лерінің температураға тәуелділігі зерттеліп, графигі тұрғызы-лады | Қондырғыда орындап, қорғау | |
Зертханалық жұмыс №9: Айнымалы ток үшін Ом заңы | ||||
Айнымалы ток үшін Ом заңы | Айнымалы ток үшін Ом заңын тексеру | Айнымалы ток үшін Ом заңын тексеру, векторлық диаграмма тұрғызу | Стендте оры-ндап, қорғау | |
Зертханалық жұмыс №10: Резонанс құбылысын оқып үйрену | ||||
Резонанс құбылысын оқып үйрену. | Ток күші мен кернеудің резона-нсын тізбекте тек-серу | Ток күші мен кернеудің резонансын тізбекте тексеру, рез-онанстық қисықтықты тұрғызу | Қондырғыда орындап, қорғау | |
Зертханалық жұмыс №11 Өшетін электрлік тербелісті тексеру | ||||
Өшетін электрлік тербелісті тексеру | Өшетін электрлік тербелісті оқып үйрену, тексеру | Өшетін тербеліс кескінін осциллогра-фтан шығарып, тер-беліс беріктігін анық-тау | Стендте орындап, қорғау | |
Зертханалық жұмыс №12 Конденсатордың зарядталуы мен разрядталуы | ||||
Конденсаторы бар тізбектегі өту құ-былысы | Конденсатордың зарядталуы мен разрядталуы уақ-ытқа қатысты бақ-ылау | Кернеудің уақытқа тәуелділік графигін тұрғызып, неон ша-мын қолдану нәти-жесіндегі период-тарын салыстыру | Құрылғыда орындап, қорғау | |
Зертханалық жұмыс №13: Жер магнит өрісінің кернеулігі үшін горизонталь құраушысын анықтау | ||||
Жер магнит өрі-сінің кернеулігі үшін горизонталь құраушысын анық-тау | Жер магнит өрісінің кернеулігі үшін горизонталь құраушысын анық-тау | Жер магнит өрісінің кернеулігі үшін гори-зонталь құраушысын анықтау | Қондырғыда орындап, қорғау | |
Зертханалық жұмыс №14 Соленоидтағы магнит өрісін тексеру | ||||
Соленоидтағы магнит өрісін тек-серу | Соленоидтағы магнит өрісін тек-серу | Соленоидтағы магнит өрісін тексеру, ток күшінің түрлі мәні үшін график салу | Стендте оры-ндап, қорғау | |
Зертханалық жұмыс №15: Диодтың және триодтың ВАС алу | ||||
Диодтың және триодтың ВАС алу | Диодтың және триодтың ВАС алу | Диодтың және триод-тың ВАС алу | Қондырғыда орындап, қорғау |
Дата добавления: 2015-11-14; просмотров: 131 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
P.M.Fishbane, S.Gasiorowicz, S.T. Thornton. Physics for scientists and engineers, extended version, Prentice Hall Int. Inc., 1987. 1 страница | | | P.M.Fishbane, S.Gasiorowicz, S.T. Thornton. Physics for scientists and engineers, extended version, Prentice Hall Int. Inc., 1987. 3 страница |