Читайте также: |
|
Халықаралық қатынас
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Халықаралық қатынас -XX ғacыр соңғы он жылдығында халықаралық қатынастардағы жағдай түбегейлі өзгерді. 1980-ші жылдардың соңына дейін олардың басты сипатына әлемдік қауымдастықтың екі қарама-қарсы одаққа жіктелуі тән болды. Халықаралық қатынастар эволюциясы екі өзара байланысты процесcтердің елеулі әсеріне үшырады - капиталистік сипаттағы әлеуметтік қатынастарға негізделген әлемдік нарықтың бірлігін қалпына келтіру және жаһандану проңесінің қарқынды дамуы. Нәтижесінде елдер мен халықтардың өзара тәуелділігі артуда, шешімін табу үшін халықаралық әріптестікті дамытуды талап ететін жалпы әлемдік, ғаламдық сипаттағы мәселелердің көбеюі орын алып отыр. Қазіргі халықаралық қатынастардың экономикалық негізі - әлемнің метериалдық базасындағы елеулі өзгерістердің негізінде қалыптасушы жаңа әлемдік еңбек бөлінісі. Жаһандану нәтижесінде өнеркәсібі дамыған елдер өздерінің экономикалық орталық үстанымын нығайтуда, ал дамушы елдер одан тәуелді шет аймақ күйіне түсуде. Өнеркәсібі қарқынды дамыған елдер арасында АҚШ басым орын алуда, алайда Еуропалық Одақ онымен иық теңестіріп, кей жағдайларда одан басым түсіп отыр. Жапония бүрынғыдай үшінші келеді. 20-25 жылдан кейін Қытай әлемдік экономиканың бас алпауытына айналуы мүмкін. Үндістан да одан қалыспауда. Осы кезде аймақтандырудың қарқынды проңесі жүріп жатыр - Еуропада (Еуропалық Одақ), Азияда (АСЕАН және өзге де тар шеңбердегі қүрылымдар), Африкада (Африкалық одақ), Солтүстік Америкада (НАФТА), Латын Америкасында (МЕРКОСУР, Анд тобы). Бүл аймақтық үйымдар өз кезегінде халықаралық қатынастар сахнасының белсенді әрі ықпалды ойыншы- ларына айналуда. Қалыптасып келе жатқан әлемдік азаматтық қоғамның үстанымдарын білдіретін үкіметтік емес үйымдар Халықаралық қатынастар саласында елеулі ықпалды рөл атқаруда.[1]
[өңдеу]
Пайдаланған әдебиет
↑ Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3
Халықаралық қатынастар жөнiндегiкеңес
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Мында өту: шарлау, іздеу
CFR Headquarters located in the former
Халықаралық қатынастар жөнiндегiкеңес (CFR) - 1921 жылы Рокфеллерлер қаржы топтарының өкілдерімен қүрылған, АҚШ-тағы өте ықпалды қоғамдық-саяси қүрылым. Қүрылғаннан әлемдік саясатқа бүкіл мондиалистік көзқарасты уақыздаушы үйымның міндетіне АҚШ-тың саяси элитасына мамандар дайындау кірді. 1922 жылдан Кеңестің "Foreign Affairs" ықпалды журналы үздіксіз шығып түрады. CFR-дің бастамасымен Бильдерберг клубы және Үшжақты комиссия сияқты үйымдар қүрылды. Кеңес XX ғасырдағы ғаламдық үйымдардың алғашқы қарлығашы болды.[1]
[өңдеу]
Пайдаланған әдебиет
↑ Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3
Халықаралық жария құқық
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Мында өту: шарлау, іздеу
Халықаралық жария құқық — бұл құқық субъектілерінің еріктерін үйлестіру жолымен жасалатын, әрі заңдық тұрғыдан міндетті деп танылатын және қажетті жағдайларда мәжбүрлеу жолымен қамтамасыз етілетін заң нормаларының жүйесі және мемлекеттер арасындағы әр түрлі саяси, экономикалық және өзге де қатынастарды, сондай-ақ халықаралық қатынастарға қатысушы басқа да құрылымдарды реттейтін құқықтың бір бөлімі. Халықаралық жария құқық негізінен мемлекетаралық қатынастарды реттейді. Осы замаңғы халықаралық құқық халықаралық жария және халықаралық жеке құқық болып екіге бөлінеді.
Халықаралық жария құқықтың қызмет етуі үшін мынадай мәселелер өзекті болып табылады:
Халықаралық құқық мемлекеттің көпшілік таныған нормалары мен қағидаларын сақтауын міндеттей келе, олардың сыртқы саясаты мен дипломатиясын шектеп отырады;
Халықаралық құқық сонымен бірге сыртқы саясат пен дипломатияның дамуы үшін негіз бола алады;
Халықаралық құқық сыртқы саясат пен дипломатиялық қатынастарға қатысушы органдардың қызметін реттейді;
Мәселен, халықаралық жария құқық өзінің жүйесінде дипломатиялық және елшілік құқық салаларын зеттейді. Оған халықаралық болсын, сондай-ақ ішкі мемлекеттік сипатта болсын, жетерліктей нормативтік база бар, мәселен 1961 жылғы дипломатиялық қатынас туралы Вена конвенциясы, 1963 жылғы елшілік қатынас туралы Вена конвенциясы, 2002 жылғы Дипломатиялық қызмет туралы Қазақстан Республикасының Заңы.
Халықаралық жария құқықтың қызмет етуінің оңды жақтарымен қатар, халықаралық ынтымақтастықтың, халықаралық бірлестік субъектілерінің уақыт өткізбей назарын аударатын шараларды да айта кету керек. Олар:
Қарусыздандыру мәселелері, оның ішінде, ядролық қарусыздандыру;
Экоцид проблемалары – қоршаған ортаны қорғау;
Халықаралық қылмыстық құқық мәселелері;
Жауапкершілік институтының жүйеленуі;
Есірткі саудасымен күрес проблемалары;
Адам құқықтарын қорғаудың халықаралық-құқықтық мәселелері.
Халықаралық құқық дамуының аталған бағыттары мұнымен шектелмейді.
[өңдеу]
Халықаралық жария құқығының субъектілері
Халықаралық жария құқық субъетілері екі топқа бөлінеді: алғашқы және туынды.
Алғашқы топқа тәуелсіздігі бар мемлекеттер, өз тәуелсіздіктері үшін күресуші халықтар мен ұлттар кіреді. Соңғылары өзінің мемлекеттік құрылысын өзі шешу құқығын жүзеге асырады. Субъектінің бұл екі тобы алғашқы топқа жалпы белгілері – тәуелсіздігі арқылы біріккен. Мемлекетте ол белгі – мемлекеттік болса, өз тәуелсіздігі үшін күресуші ұлттар мен халықтарда – ұлттық белгі болады.
Екінші топқа халықаралық ұйымдар мен мемлекет тәріздес құрылымдар кіреді. Жеке тұлғалар халықаралық құқық субъектілерінің ерекше тобын құрайды.
[өңдеу]
Халықаралық құқық субъектіліктің ерекшеліктері
Мемлекеттер – халықаралық құқықтың негізгі субъектілері. Мемлекет өз туелсіздігінің күші бойынша құқық субъектілікке ipso-facto-ға ие, яғни өзінің өмір сүру фактісінің нәтижесінде ие болады. Халықаралық құқық субъектілік кез-келген тәуелсіз мемлекетке тән және өзінің шығу тегі мен сипатына қарай алғашқы және негізгі болып табылады. Құқық субъектілік халықаралық құқықтық қатынастарға қатысудың алғышарты болады, ал мемлекеттер құқықтық мәретебені өзара айқындайды, құқықтар мен міндеттерді нақтылайды.
Өз тәуелсіздіктері үшін күресуші халықтар мен ұлттардың халықаралық құқық субъектілігі. Бұл бастапқы субъектінің болуы халықаралық құқықтың негізгі қағидалары – халықтардың теңдігі мен өз тағдырын өзі шешу қағидаларының мазмұнына байланысты. Азат етілген мемлекеттегі тәуелсіздік алған халықтың өзінің саяси мәртебесін өзгертуге құқығы бар.
Халықаралық ұйымдардың құқық субъектілігі. 1986 ж. Вена конвенциясының 3-бабына сәйкес, халықаралық ұйымдар халықаралық құқықтың субъектілері болып табылады. Халықаралық ұйымдарда құқық субъектілік ХХ ғасырдың 20-жылдарында пайда болды. Мемлекет көлемінің құзыреті қандай да бір халықаралық ұйым құрамындағы мемлекеттің құзыретінен әлдеқайда кең болатын атап өткен жөн.
Мемлекет тәрізді құрылымдардың халықаралық құқық субъектілігі. Ерекше саяси-аумақтық құрылымдарға «Еркін қалалар», Батыс Берлин мен қазіргі кезде Ватикан жатқызылып жүр. Халықаралық құқықтың аталмыш субъектілері көптеген халықаралық конференцияларға қатысады, көптарапты конвенциялардың қатысушысы болып табылады.
Жеке тұлғалардың халықаралық құқық субъектілігі. Көпке дейін халықаралық-құқықтық әдебиеттерде индивидтің құқық субъектілігі жоққа шығарылып келді. ХХ ғ. 80-жылдарының аяғында индивидтің халықаралық құқық субъектілігінің жеке элементтерін мойындайтын еңбектер алғаш рет жариялана бастады. Жеке тұлға құқықтарының орындалуын бақылау мақсатында БҰҰ шеңберінде қосымша институттар құрылды. Сөйтіп, жеке тұлғаның халықаралық құқық субъектілігін үзілді-кесілді жоққа шығару қазіргі кезде ескірді деуге болады. Бүгінгі таңдағы халықаралық қатынастарда жеке тұлғалардың халықаралық құқық субъектілерінің көлемі кеңеюде.
ауыртпалықтар дамушы елдер үкіметінің осы құжатқа қол қоюын алыстатады деп есептеді.
Мүгедектердің құқықтары жөніндегі негізгі халықаралық құжаттар
Мүгедектерге қатысты дүниежүзілік іс-қимыл бағдарламасы мүгедектердің проблемаларын шешуде тәсілдерді өзгерткен бірінші құжат болды. Оны қабылдағанға дейін мүгедектерге қатысты әлеуметтік саясат тек медициналық сипаттағы шараларды, оңалтуды және мүгедектіктің жекелеген себептерін болдырмау жөніндегі алдын алуды ғана қамтыды. Бағдарламада жария етілген мүгедектердің қоғамдық өмірдегі теңдігі мен толық қатысуын қамтамасыз ету мақсаты халықаралық қауымдастықтың мүгедектіктің жай-күйін өзгертуді түсінгендігін, мүгедектік проблемасын шешуге тұтас амалдар қолдану қажеттігін мойындағанын айғақтайды.
Бағдарлама «мүгедектік» ұғымының өзін елеулі өзгертті: мүгедектерді халықтың әлсіз тобына жатқызуды тоқтатты. Сарапшылар түсінік бергендей, мүгедектік өмірдің қалыпты қыры болып табылады; сол немесе өзге де себеппен кез келген адам қалыпты өмір ағысының кез келген кезеңінде мүгедек болуы мүмкін. 1
Мүгедектердің «осалдығы» қағидатына негізделген тәсіл «қарапайым» әлеуметтік және экономикалық құрылымдарда мүгедектердің бейімделуіне жағдай жасау іс-шараларын қамтитын мүгедектердің әлеуметтік жеткіліктілігін дамыту тұжырымдамасына орын берді.
Мүгедектер үшін тең мүмкіндіктер жасау Бағдарламада қоғамдық өмірдің барлық салаларында қол жетімділікті қамтамасыз ету процесі ретінде қаралады. Құжатта жазылғандай, қол жетімділікті қамтамасыз етудің негізгі құрамы шешім қабылдау процесінде мүгедектердің толық әрі тиімді қатысуына жәрдемдесу шаралары болып табылады.
Мүгедектерге арналған тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етудің стандарттық ережелері Дүниежүзілік бағдарламаның идеяларын дамыту шеңберінде қабылданды және түріне қарай мүгедектердің құқықтарына арналған шарттық құжат болды.
Стандарттық ережелер ұсынымдық сипатқа ие, алайда мүгедектердің құқықтарын қорғау саласында халықаралық құжат болмаған жағдайда олар мүгедекетердің құқықтарын танитын және кепілдік беретін бірден-бір әмбебап құжат болып табылады. Стандарттық ережелер мемлекеттің мүгедектер үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету шараларын қабылдауда моральдық және саяси адалдықтарын көрсетеді. Мәнісі бойынша, олар – мемлекеттердің мүгедектік проблемаларын шешу шеңберіндегі саяси-құқықтық, экономикалық және техникалық ынтымақтастығының жалғыз негізі.
Стандарттық ережелердің құқықтық және моральдық негізі, құжаттың өзінде жазылғандай Адамның құқықтары туралы халықаралық билль, Баланың құқықтары туралы конвенция, Әйелдерге қатысты кемсітудің барлық нысандарын жою туралы конвенция, сондай-ақ Мүгедектерге қатысты дүниежүзілік іс-қимыл бағдарламасы болды.
Стандарттық ережелер төрт салада тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету жөніндегі практикалық ұсынымдарды келтіреді: тең қатысу үшін алғышарттар, тең мүмкіндіктер жасауға мақсатты салалар, оларды жүзеге асыру шаралары және бақылау тетігі.
Мүгедектердің құқықтарын қорғау саласында МОТ-тың арнаулы құжаттарының ішінде аса маңыздысы Мүгедекттерді кәсіптік оңалту және жұмыспен қамту туралы ДЕ¦ конвенциясы (немесе № 159 Конвенция. Конвенция 1985 жылы 20 маусымда күшіне енді) болып табылады. № 159 конвенция барлық санаттағы мүгедектердің мүддесі үшін кәсіптік оңалту саласында тиісті шаралардың қабылдануын қамтамасыз етуге және жұмыспен қамтуға байланысты еңбек нарығында м Реферат
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Мында өту: шарлау, іздеу
Реферат (латынша referat – баяндасын, refero – баяндаймын) – кітап мазмұны, ғылыми жұмыс, ғылыми зерттеу қорытындылары туралы көпшілік алдында қысқаша баяндау, хабарлау; белгілі бір тақырыпта әдеби және басқа да материалдарды шолу негізінде жасалатын баяндама. Реферат ғылыми-ақпараттық сипатта болады. Тақырыпты объективті тұрғыда толық баяндаумен қатар ғылыми қорытындыларға талдау жасалып, сын айтылады. Реферат ғылыми мекемелер мен жоғары оқу орындарында ізденушілерді ғылыми ізденіс пен талдауға баулу мақсатында қолданылады. Арнаулы орта оқу орындары, жалпы білім беретін мектептер оқушыларының үйірме, клубтарында жасалатын баяндамалар да, ғылым кандидаты немесе докторанты дәрежесін алу үшін диссертация қорғаушының авторефераты да Рефератқа жатады.
[өңдеу]
Пайдаланған әдебиет
"Қазақ Энциклопедиясы", 7 том үгедектердің мүмкіндігін кеңейтуге бағытталған.
Аннотация
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Мында өту: шарлау, іздеу
Аннотация, аңдатпа (лат.annotatіo – ескерту, аңдату) – кітаптың, топтама жинақтың, қолжазбаның мазмұнын оқырманға қысқаша баяндау. Аннотацияда шығармаға баға беріп, [1]автор туралы мәліметтер келтіруі, кітаптың немесе жекелеген мақаланың жазылу тарихын қамтуы, әдебиеттерге және тағы басқа деректерге сілтеме жасауы да мүмкін. Оқырман аннотацияға сүйене отырып, өзіне қажетті әдебиетті таңдай алады.[2]
[өңдеу]
Пайдаланған әдебиет
↑ Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 ж., 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3
↑ Қазақ энциклопедиясы Пікір
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Мында өту: шарлау, іздеу
Пікір
баға, ой, аттестация;
бірдеңе немесе біреу туралы ой, пікір жазылған кұжат.[1]Мазмұны [жасыру]
1 Пікір — ойлау формасы.
2 Пікір мен сөйлем.
2.1 Пікірдің танымдағы рөлі.
2.2 Инверсия.
3 Пайдаланған әдебиет
[өңдеу]
Пікір — ойлау формасы.
Қоршаған ортаны танып, біле келе, нәрселерді және олардың белгілерін бөліп аламыз. Мысалы, металдан жасалған бір затты зерттесек, ол туралы мынадай ой айтамыз: "Бұл нәрсенің жылтырайтын, майысатын, балкығыштық, қызу өткізгіштік, электр тоғын өткізгіштік қасиеттері бар". Бұл сөйлемде біз бір нәрсе жөнінде пайымдаймыз. Ол пікір сол зат пен оның белгілері туралы ойды керсетеді. Ал ол нәрседе (затта) бірлі-жарым белгілердің болмауы да мүмкін. Онда біз ол зат туралы "мына зат ақ емес", "мына кітап қызықты емес" дейміз. Затта әр белгінін; бар болуы немесе жоқ болуы біздің ойлауымызда не қостау, не терістеу формасында пайымдалады. Сөйтіп, пікір дегеніміз — заттар, белгілер немесе зат пен оның белгілері арасындағы қарым-қатынаста (терістеу не костау түрінде) бейнеленетін ойлау формасы. Пікір ұғымдармен салыстырғанда құрылымы жағынан күрделірек келеді, өйткені ұғым пікірдің құрамына кіреді.
"Астана — Қазақстан астанасы" деген пікір екі ұғымнан құрылған: 1. "Астана", 2. "Қазақстан". Ұғымдардан бөтен пікірде жүйелі құрауыш ретінде байланыстырушы сөз болады. Оны Сонымен, пікірді мынадай формуламен өрнектейміз:
S дегеніміз — Р немесе S— Р.
Терістеуші пікір үшін пікір формуласы: S дегеніміз — Р емес.
Ал көбінесе "дегеніміз", "деп", "айтамыз", "болып саналады" деген сияқты байланыс сөздері пікірде айтылмай, тек ойда болады.
[өңдеу]
Пікір мен сөйлем.
[өңдеу]
Пікірдің танымдағы рөлі.
Пікірдің тіл формасы сөйлем болады. Бұл екеуі мазмұн мен форма сияқты байланысшы болғанымен, екеуі тең емес. Пікір мен сейлемнің тең еместігі бірнеше жағдайлардан байқалады. Біріншіден, қандай да болса пікір сөйлем бола алмайды. Пікір тек хабарлы сөйлеммен баяндалады, сұраулы және қозғаушы сөйлемдер пікір бола алмайды, өйткені оларда пікірдің ең басты белгісі жоқ — құбылыстар арасындағы байланысты терістеуші не қозғаушы сөйлем жоқ.
1. Басталды жаңа ғасыр.
2. Батырмен жүргендейміз көкте.
3. Сұлулыққа ғашықпынмен.
4. Түнейтін ел осы ма Жер дегеніміз?
5. Жаңғырық жеті атаңды ояткандай!
6. Өлімнен күшті келген ұят қандай!
7. Неліктен жарық жұлдыз ұран бізге?
Мұндағы 1, 2, 3 — пікір, хабарлы сөйлем. 4, 7— пікір емес, сұраулы сөйлемдер. 5, 6 — пікір емес, лепті сөйлемдер. Екіншіден, сөйлем мен пікір құрылымы тең болмайды. Оның логикалық талдауы ойдың затын, оның сипаттамаларын және табылған ұғымдардың қатынасын атап көрсетуін ұйғарады. Шық қандай алғаш рет шаранадан, Үзіліп шықты-ау адам Жер-Анадан. Ойдың заты — адам. Ойдың заттының сипаттамасы — "үзіліп шықты-ау". Ал бұл сөйлемнің грамматикалық талдауы мүлдем басқаша болады. Үшіншіден, сөйлемнің нақтылы бөлгіленген бөлшектері болып саналатын бастауыш-баяндауышпен салыстырғанда, субъект предикаты пікірдің бөлшектері — логикалық екпінге тәуелді болатыны байқалады.
Аспанның сәуірдегі сан жолында ақ жолы Гагариннің алабөтен. (Аспанның сан жолында Гагарин жолы алабөтен)
Аспанның сәуірдегі сан жолында ақ жолы Гагариннің алабөтен.(Гагариннің аспанның сан жолында ақ жолы алабөтен)
Аспаннын сәуірдегі сан жолында ақ жолы Гагариннің алабөтен.(Алабөтен Гагариннің ақ аспанның сан жолында).
Төртіншіден, әр түрлі тілдер бар болуы пікір мен сөйлемнің тура келмейтініне дәлел беріп отыр, өйткені бір пікірді әр түрлі тіл формасында беруге болады. Әрбір пікір қашанда грамматикалық сөйлем арқылы айтылады. Сөйлеп дегетлаз—пікірдін материалдық қабығы. Пікір де, ұғым сияқты, тек тілдік материал негізінде, тілдік терминдер мен сөйлемдердің негізінде ғана туып, өмір сүре алады. Тілдік материалдан аулақ, жалан пікір болмайды. Тіпті біз пікірді ойша, құраған күнде де, бәрі бір пікір сөздер, терминдер және сөйлемдер арқылы құралады.
Пікір мен сөйлем бір-бірімен тығыз бірлікте, өйткені пікір мен сөйлемнің мазмұны біреу-ақ. Бірак пікір бөліктері мен сөйлем мүшелері толық сәйкес келе бермеуі де мүмкін.
Кейде сөйлем бір-ақ сөзден тұрады (мысалы, жақсыз сөйлемдер: Жарық. Тыныш. Аяз.), бірақ мұнда да белгілі бір пікір бейнеленген.
Пікір мен грамматикалық сөйлемнің арасындағы тағы бір айырмашылық сол, түрлі тілдерде сөйлемдердің грамматикалық құрылысы түрліше болады.
Ал пікірдің логикалық құрылысы барлық тілдерде бірдей болып келеді.
Сонымен, пікір мен сөйлем тығыз бірлікте болғанымен, бірақ олардың арасында белгілі бір айырмашылықтар да бар. Ойлаудың формасы болып табылатын пікір мен оның тілдік керінісі болып саналатын сөйлемді бір нәрсе деп қарастыру пікір, ойлау үдерісінде қателіктерге соқтыруы мүмкін.
Пікірдің құрылымы мен түрлері. Пікірдін бір-бірінен бір қатар өзгешеліктері болуы мүмкін және болады да. Мұның мәнісі: пікірде әр түрлі нәрселер, олардың әр түрлі қасиеттері, сондай-ақ нәрселердің арасындағы түрлі байланыстар бейнеленеді. Пікір қарапайым және күрделі болып, үлкен екі топқа бөлінеді. Қарапайым пікір бір субъектіден және бір предикаттан тұрады, ал күрделі пікір бірнеше субъектіден немесе бірнеше предикаттан тұрады.
Мысалы: "Арман құс көкті терең бойлап баққан"— жай пікір.
Ал: Ғашықпын, өмір саған Көктем үшін, Қорқыныш — үрей үшін, От дем үшін. Ғашықпын өмір саған Азды-көпті Дәміңнен бұйырғаны Жеткені үшін, — бұл күрделі пікір.
Пікірді түрлендіру. Сөзбен пікір әр түрлі мағынада, түрліше болады. Бір пікірдің өзін әр түрлі сөйлемдермен беруге болады. Мысалы: "Ынтымақ түбі — бірлік", "Ынтымақ түбінде бірлік жатыр", "Бірліктің нәтижесі ынтымақ болады". Осы үш сөйлемнің үшеуінде де бір ғана пікір бар; олар түрлі сөздермен айтылғанымен, пікір біреу.
Дата добавления: 2015-11-14; просмотров: 66 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ 2 страница | | | АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ 4 страница |