Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Жергілікті компьютерлік желінің физикалыќ негіздері.

Читайте также:
  1. Жергілікті анестезиялардан кейінгі асқынулар
  2. Жергілікті анестезияның түрлері
  3. Жергілікті станцияаралық жүктеменің қарқындылығын есептеу
  4. Жергілікті тіндермен жасалатын пластика
  5. Жобаланған ТТС-ң MLC және RMLC модульдарынан келген жергілікті шығыс жүктеме қарқындылығын есептеу
  6. Жобаланған ТТС-ң MLC және RMLC модульдарынан келген жергілікті шығыс жүктеме қарқындылығын есептеу

Компьютерді жергілікті желіге біріктіру (бірліктен бірнеше жүздіктерге дейін) түрлі типті кабельдер көмегімен, желілік карта немесе желілік адаптер деп аталатын ќұрылғы арќылы жүзеге асырылады. Адаптер компьютердің аналыќ платасындағы кеңейту слотына ќондырылады.ЖКЖ үшін ќазіргі кезде келесі аќпаратты берудің физикалыќ орталары ќолданылады:

- Жіңішке коаксиальды сым (сур.1) – ең арзан, біраќ жылдамдығы аз орта; компьютерлердің араќашыќтығының ұзаќтығы-150 м-ге дейін;

- Жуан коаксиальды сым (сур.2) – жіңішке сымға ќарағанда ќымбат орта; компьютерлердің араќашыќтығының ұзаќтығы-500 м-ге дейін;

- Көпталшыќты сым (сур.4) – ең ќымбат нұсќа, көбінесе ќуатты компьютерлерге ќолданылады; компьютерлердің араќашыќтыќ ұзаќтығы 2 км-ге дейін;

- Сымсыз байланыс Wi-Fi (сур.5) – ауалыќ радиоканал ќолданылады; бұл өте ыңғайлы, себебі сымдарды ќажет етпейді, біраќ сымды байланыстарға ќарағанда ќымбат.Компьютерлерді ќосуға болатын көптеген әдістер бар. Компьютерлердің түрі көбейген сайын әдістері де көбеюде. әр ќосылу – деректер үшін жаңа маршрут.Желі топологиясы – бұл оның геометриялыќ пішіні немесе компьютерлердің бір-біріне ќатысты физикалыќ орналасуы.Желі топологиясы түрлі желілерді салыстыру және жіктеу әдісін береді. Топологияның үш негізгі типі бар (жұлдызша, саќина, және шина). «Жұлдызша» топлогиясы бар желідегі барлыќ компьютерлер орталыќ компьютермен немесе концентратормен жалғастырылған. Мұндай желідегі екі компьютер арасында тікелей ќосылу болмайды.Мұндай жүйе ќарапайым және тиімді, деректер пакеттері әр компьютерден концентраторға бағытталады. Концентратор өз кезегінде пакеттерді тиісті жеріне жеткізеді. Мұндай топологияның негізгі жетістігі мынада: компьютерлер мен концентратор арасындағы жекелеген жалғағыштар істен шыќќанмен, бүкіл желі жұмыс істей береді. «Жұлдызша» топологиясының кемшілігі оның негізгі жетістігінен туындайды, егер концентратор бұзылса, онда ол бүкіл желіні түгел істен шығарады. «Саќина» топологиясына тән бір нәрсе – жалғағыштардың соңғы нүктесі болмайтыны; деректер берілетін біртұтас саќина ќұраған (міндетті түрде шеңбер емес) желі тұйыќталған. Мұндай саќинада бір нүктеден ќозғау алған деректер аќыр аяғында желінің басына барады. Осындай ерекшеліктен деректер саќинада барлыќ уаќытта бір бағытта ќозғалады. «Саќинаның» Жұлдызшадан» бір ерекшелігі – оған барлыќ желілік компьютерлер арасында үзіліссіз жол ќажет, өйткені желінің бір жері істен шыќса, бүкіл желі тоќтап ќалады. «саќинаның» тағы бір осал жері – деректер біреулердің желілік компьютерлері арќылы өтетіндіктен де, аќпаратты бөгде ұстап ќалуына мүмкіндік береді.

«Шина» топологиясы бір жеткізетін каналды, әдетте «шина» деп аталатын коаксиалды кабельді пайдаланады. Барлыќ желілік компьютерлер «шинаға» тікелей ќосылады. Мұндай желінің үлгісі:«Шина» топологиясы бар желіде деректер екі бағытта бірдей жылжиды. Кабель – шинаның екі шетінде арнайы бұќтырмалар (терминаторлар) орнатылған. «саќина» жағдайындағыдай желінің бір жеріндегі ќосылудың бұзылуы жұмысты бірден тоќтатады. «Шина» желісіндегі деректердің ќауіпсіздігі «саќина» желісіндегідей, оның осал тұсы – бүкіл желінің деректері әр желілік компьютерлерден өтеді.Дектерді беру жылдамдығымен, оның ќұрамына сәйкес өзгешеленетін деректерді бердуің түрлі технологиялары (тәсілдері) бар. Ең танымалдары: Enthernet, ARCNET және IBM token ring.Enthernet технологиясын 1973 жылы бір топ американ зерттеушілері Ralo Alto зерттеу орталығында жасады. Enthernet желілері жұлдызша түрінде де, шина түрінде де ќұрыла береді. Канал ретінде коаксиальды кабель ќолданғанда, Enthernet желісі шина сияќты кескінделеді. Егер есулі ќос өткзгіш ќолданылған болса, Enthernet желісі жұлдызша түрінде кескінделеді.

 


Дата добавления: 2015-11-14; просмотров: 148 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Компьютерді Internet-пен қатынас құруға даярлау| Проверка усвоенного материала.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.011 сек.)