Читайте также:
|
|
Интернет желісінде жұмыс істеу үшін қажетті құралдар қандай?
Интернеттегі жарияланымның ерекшелігі сілтемелердің еркін қолданылуы мен оқырмандар үшін кез-келген құжаттарға сілтемелер дің еркіндігі қолжетімдігі.
Интернет көптеген авторлардың жазып аяқтамаған алып құжатынің өрмектеліп, өзара байланыстырылған желісі.
e-mail (электронды пошта) – хат-хабардың жылдамдығы, шапшаңдығы, ауқымдығы, сенімділігі, арзандығы т.б.
news (жаңалықтар) – белгілі тақырып не мәселе бойынша әрбір оқырман мен жазылушы автор ретінде қатыса алатын газет не вируталды қауымдастық.
мүдделес азаматтардың хабарлама алмасуға. Веб-форумдар мен сілтемелер алмасуға арналған қызметін дүниеге әкелді.
Интернет желісімен жұмыс істеу үшін компьютер, модем, телефон арнасы, осыларды байланыстыру ісін атқаратын программалық жасақ қажет және белгілі бір провайдермен байланысу керек. Интернетпен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін компьютердің ең кіші (минималды) параметрлері мынандай болады:
• компьютердің жедел жады (RAM) көлемі - 8 Мб немесе одан жоғары;
• қатты магниттіе диск (HDD-винчестер) көлемі - 500 Мб немесе одан жоғары;
• модемді қосуға арналған COM PORT болуы тиіс;
• модем (модулятор-демодулятор);
• SVGA мониторы;
• тышқан тетігі;
• қазіргі кездегі желімен жұмыс істейтін ең кең тараған компьютер құрамы
Модем дегеніміз - провайдер торабымен дербес компьютердің байланысын қамтамасыз ететін арнайы құрылғы. Модемнің негізгі сипаттамасы болып ол арқылы бір секундтағы тасымалданатын биттер санымен өлшенетін оның мәліметтерді қабылдау/жөнелту жылдамдығы (бит/сек, немесе кb/s) саналады. Модемнің жылдамдығы жоғары болған сайын оның бағасы өсіп отырады. Модемдер орналасуларына қарай сыртқы және ішкі болып екіге бөлінеді. Ішкі модемдер арзанырақ болады, оларды сатып алу кезінде провайдерлермен ақылдасқан жөн.
Модемдік байланыс. Ең қарапайым және арзан, сол себепті Интернетпен қосылудың ең кең тараған (тым болмаса өз елімізде) әдісі болып табылады.
Он-лайн журналистика: дамуы, проблемалары.
Бұл ғасыр — технологиялар ғасыры. Елімізде ақпараттық технология жедел дамып келеді. Алдағы екі-үш жылдықта интернетті пайдаланушылар саны күрт артуы мүмкін. Алайда қазір сұранысты толық қамтамасыз етіп отырмыз дей алмаймыз, өйткені интернеттегі қазақтілді ресурстардың саны аз. Деректерге қарағанда, «kz» доменінде тіркелген сайттардың 10 пайызы ғана қазақ тілінде екен. Соның ішінде санаулы сайттар ғана тұрақты жұмыс жасап тұр. Дегенмен, 2008 жылдан бастап қазақ тіліндегі сайттардың дамуы өте қарқынды жүрді, саны көбейді, қазір қазақтілді басылымдардың жиырмадан астамының интернет нұсқасы бар.
Тек мәтіндік қана емес, мультимедианы (яғни, аудио, бейне материалдарды) қоса қолданып отырған сайттарды да ерекше айтар едім. Мысалы, мультимедианы жақсы пайдаланып отырған, АҚШ қаржыландырып отырған «Азаттық» сайтының қазақтілді нұсқасы мен Stan.tv сайтын атап өтуге болады.
Соңғы жылдары жақсы дамып келе жатқан қазақтілді блогтардың көбейгендігін айтып өткен жөн. Осы жерде айтып кететін жайт, қазақтілді блогтардың көпшілігінің жүргізушілері журналистер болғандықтан, оның мазмұндық, тілдік сапасы жоғары.Ақпарат таратудың басқа көзіне қарағанда мүмкіндігі зор жаңа медиа технологияның алғашқы қарлығаштары ретінде бүгінде тұрақты аудиториясы қалыптасып келе жатқан (қазақ тіліндегі) Abai.kz ақпарттық порталын, «Мінбер» (minber.kz) Ұлттық интернет газетін, «Замандас», «Алтын Орда», Masa.kz, Аzattyq.org, т.б. бірнеше интернет ресурстарды айтуға болады. Электронды және баспадағы ақпарат құралдарының интернеттегі нұсқалары да жұмыс жасап жатыр.
Дата добавления: 2015-11-14; просмотров: 72 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Штатное расписание | | | Он-лайн журналистика ұлттық тәжірибесі |