Читайте также: |
|
41-сурет. Ж.Б. Оразалиннің жоғары қысымды полиэтиленнен жасалған сүйектік төсеніш тұтқасы (жоба)
Төменгі жақ сынған кезде жасалатын остеосинтез операциясының ұзақтығын және оның жарақатын азайту үшін полиэтиленмен остеосинтез жасалатын құрал ойлап шығарылды. Оның ені 0,5 см, қалыңдығы 0,2 см, узындығы әр түрлі, шеттері тегіс, бұрыштары дөңестенген, тік бұрышты пластина. Жұмысшы бетінде шетке таман пластинамен мықты байланысқан, бекітілуте лайықталған конусы болады. Аяқша — үшбұрышты, биіктігі 0,15—0,20 см, төменгі жақтың кортикалды қабатының қалыңдығына сәйкес келеді. Бекіткіш конустың биіктігі 0,3—0,4 см, негізі ішке иілген. Жарықшақтарды репозициялағаннан кейін бор немесе қандауырдың көмегімен жақтың сынған жерінде пластинаның ішкі беті жақтың сыртқы кортикалды пластинкасымен сәйкес келтіріледі. Конус тәрізді шығыңқы жердің ұшына бриллиант жасылын жағып, жаққа төсеніш қойылады да сүйекті тесетін нүкте белгіленеді. Бордың көмегімен сыртқы кортикалды пластинка тесіледі. Жаққа пластинка салынады. Конус тәрізді бөлік сүйек қалыңдығынан тесік арқылы өтіп кеуекті затта жазыльш бүұынғы күйіне қайтып келеді. Осылай жақ сынықтарын мықтап бекітеді.
Сүйек остеонсинтезі. Бұл әдісті төменгі жақ ортасынан сынғанда қолданады. Мұнда бекітілген бұлшықеттердің тартуынан сүйекті тіккен кезде, остеопороз пайда болып, сымдар шығып кетеді. Сондықтан сынықты дәл қойып бекіту қажет. Ол үшін темір сым қолданылады. Оның көмегімен төменгі жақтың бұрышы және бұтақтың төменгі бөлігі сынған кезде жақ денесі аздап ақауланып және тіссіз сынғанда қолданады.
Ал сүйек ақауы 2 см көп болса және бұтағы мен буын өсіндісі жоғарыдан сынған бұл әдісті қолдануға болмайды.
В. И. Лукьяненко бойынша операция техникасы. Жақтың төменгі қырының бойымен сынық аймағының ұзындығы 7—8 см тері тілінеді, сынық сызығы жалаңаштап ашады. Әр сынықтағы сүйектің сыртқы қабығын жұмсақ тіндермен қоса распатордың көмегімен ажыратады. Алдыңғы сынық — сүйектің сыртқы қабығынан 2,5—3,5 см, ал артқысы 1 —1,5 см жаңалаштанады. Сынық сызығынан 2,5—-3 см-дей алшақтап, жарықшақтың сыртқы төменгі қырының бойымен кортикалды қабатта бормен сүйектің кемігіне дейін тесіледі. Осыдан соң жарықшақтарды біріктіріп жасалған тесікке металл стержень енгізеді. Балғаның көмегімен сәл ғана соққы беріп алдыңғы жарықшақты сыныққа қарай бағыттайды. Ұшы сүйектен тыс жатқан стерженнің бос ұшы 0,5—0,7 см болуы тиіс. Стерженнің артығын тістеуікпен кесіп, өткір жиектерін тегістейді. Жарақатты антибиотиктермен өңдеп, қабат-қабатымен тігеді. Тігіс арасына 48 сағатқа резина салады. Стерженді операциядан 2 айдан соң алған жөн, жалпы стержень маңындағы тіндерге еш зақым келтірмейді, сондықтан сүйек бітіскен соң 6—12 айдан кейін де алуға болады.
Металл стерженмен бірге сынықтарды Киршнер сыммен бекітуге болады. Оны арнайы бұрғының (И. А. Макиенко) көмегімен енгізеді. Сым жіңішке және дөңгелек, сынық жылжымалы үшін 2 сым енгізіледі.
Ж. С. Сағатбаевтың өздігінен таралатын темір сыммен жасалатын остеосинтезі. Магнийдің тотығуға төзімділігі бұрыннан белгілі. Бірақ таза магний морт сынғыш келеді және тіндерге тез таралады.
1965 жылы Қазақтың клиникалық және эксперименталдық хирургия институтында негізі магний өздігінен таралатын құйма ұсынылады. Алынған құймадан сынықтарды бекіту үшін қолданылатын штифтер дайындалған. Сынықтың орналасуына байланысты ұшында бинттік жолақтары бар сымдар немесе тегіс штифтер қолданылады.
Остеосинтез әдісі. Сынықтарды репозицияланғаннан кейін төменгі жақтың анатомиялық ерекшеліктеріне байланысты, 0,2 см бұрғымен ортақ өзек бұрғыланады. Жасалынған өзекке 4,5-6,0х0,24 см мөлшердегі бұранда тәрізді сымды бұрап енгізеді. Ал кортикалды пластинкаға жеткенше бұралады. Сынық ұштары сұйектің сыртқы қабығынан ажырайды, ол сүйекті ішінен бекіту әдісіне қолайлы жағдай жасайды. Демек сынықтардың консалидациясына сүйектің элементтері қатысады.
Төменгі жақ бұрышы аймағының сүйек едәуір жұқарғандықтан, тегіс штифтер қолданывлған. Сынықтарды біріктіріп орнына қойған соң бұрғымен ортақ өзек бұрғыланады.
Гомопластикалық остеосинтез. (Бажанов Н.Н., Қоспанғалиев М.О. 1977). Бөліктерді бекіту үшін ортан жіліктен алынған гомологиялық формалдинденген трансплантаттар қолданылады. Сыртқы кортикалды пластинканы және сүйек бөліктерінің төменгі жиегінің бойымен сынық сызығы арқылы белгілі ендікте аралайды. Бұл пластинканың ені 4,5 мм, жақтың төменгі қырының ені 2 см, аралық ұзындығы 2-3 см. Сынықтарды мұқият орнына қойып, осы жағдайда ұстап тұрады. Сынық сызығы арқылы сыртқы кортикалды пластинкадан және төменгі қырымен ультрадыбысты кесінді жүргізеді. Кесіндіге трансплантатты тығыз енгізеді. Трансплантаттардың ұшы, өз сүйегімен пісіріліп бекітіледі.
Орнататын материал ретінде циакрин және сүйек ұны 1:1 қатынасында алынған. Кесу және пісіру кескіш аспаптың 30-40 мкм тербелу амплитудасында, 30-10 секунд уақытында жүргізілген.
Ошақтан тыс бекітілген аппараттар. Бұл аппараттар жоғарғы төменгі жақтардың тістері болмағанда төменгі жақ сүйегінің оңай салынатын барлық сынықтарын және ол ақау көлемі 2,0 см-ден артық сынғанда қолдануға арналған, тек қана төменгі жақ сүйегінің бұтақтары және буынды өсіндісі мойынынан сынған жағдайда қолданбайды. Бұл аппараттардың барлығы бір принцип бойынша құралған тек кейбір бөлшектерінің айырмашылығы бар. Әрбір аппаратта сынық бөлігінің төменгі қырына бекітілетін сүйектің қысқаштары бар, олар бұранданың көмегімен бекітіледі. Қысқаштармен қатар әр аппараттың біірктіргіш түтіктері, аралық шегелері және майда бөлшектері бар.
Рудько аппараты. Бұл аппаратты бекіту үшін сынық аумағында жақ сүйегінің төменгі қырын жалаңаштап, сынық бөліктерін тіс түйісуіне бағыттай отырып қалпына келтіріп, сүйек қысқаштарымен бекітіп, оларды бір-біріне ауыз қуысының сыртынан штангамен жалғап жараны қабаттап тігеді. Жұмсақ тіндерден шығып тұрған қысқашты йодоформды дәкемен таңып қояды. 10-12 күн өткен соң қысқаштар босап кетуі мүмкін, сондықтан олардың мықтылығын қадағалап тұру керек. Аппарат операциялан соң 30-35 күннен кейін алынады. Кей кезде аппаратты алғаннан кейін қысқаштар тұрған жердегі сүйекті кюретажды қасықпен қырып тазалау керек. Ревизиядан соң тері 1-2 жерінен тігіледі, оларды 6-7 тәуліктен соң алып тастайды. (42-сурет)
42-сурет. Рудько аппараты.
С.И. Коганович, А.В Ярошевичтердің компрессиялық аппараты сынық сызығына қысымды перпендикулярлы бағыттауға мүмкіндік тудырады, бұл жағдай төменгі жақ сүйегінің сынық бөліктерін барлық ем уақытында мықтап бекітуге мүмкіндік береді.
Биологиялық циакрин желімімен остеосинтез. Биологиялық желіммен оперативтік ем жүргізуге келесі көрсеткіштер жатады:
1. Төменгі жақ сүйегінің тік және қисық сынықтары тіс қатарының артынан сынғанда;
2. Сынық сызығының бойында бұзылған тіс орналасып, жақ сүйегі бұрышынан сынғанда.
Опеация техникасы. Сынықтың орналасқан жеріне байланысты, табиғи қатпарлардың бойымен тіліп сүйекті жұмсақ тіндерден ажыратып мұқият қаннан тазартып, жараны антисептиктер ерітіндісімен жуады. Сұйек бөліктерінде бормашинамен ойындылар жасалып, сүйек бөліктері дұрыс жағдайға келтіріледі. Сүйектегі ойындыларға қалыңдығы 0,1-0,2 см сүйек ұнтағын салып оны желіммен сіңіреді де ойындыларға гомотрансплантат ендіріп, сол жағдайда бір минуттай ұстар тұрады. Осы уақыттың ішінде желім полимеризацияланады. Жараны қабат-қабатымен тігеді.
Дата добавления: 2015-11-14; просмотров: 124 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Сынықтарды хирургиялық әдістермен емдеу | | | Жоғарғы жақ сүйегі сынықтарының емі. |