Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Биосфера эволюциясы. 4 страница

Читайте также:
  1. 1 страница
  2. 1 страница
  3. 1 страница
  4. 1 страница
  5. 1 страница
  6. 1 страница
  7. 1 страница

58 қызыл кітап және оның биоалуантүрлілікті сақтаудағы маңызы.

Қызыл Кітап Адам баласы жануарлар мен өсімдіктер туралы мәліметтерді, ғылыми фактілерді саралап келіп, оларды қорғау қажеттігі туралы тоқтамға келді. Кейбір мемлекеттерде қорықтар, ұлттық саябақтар құрылған. Осында й шаралардың бірі – Халықаралық табиғатты және табиғи қорларды қорғау қорғау одағы еді (ХТҚО). Ол 1948ж құрылды. Мақсаты: жүние жүзіндегі сиреп немесе құрып бара жатқан аң мен құстарды және өсімдіктердің «Қызыл кітабын» ұйымдастыру болатын. Оған дейін халықаралық «Қызыл кітаптың» тізімі жасалды.«Қара кітапқа» жер бетінен біржола құрып кеткен аңдар мен құстар енгізілді. «Қызыл кітапқа» белгілі түрді енгізу үшін ғалымдар әр жануардың не өсімдіктің 5 санатын анықтаған.Осы санатқа сәйкес келген жағдайда ғана ол түр «Қызыл кітапқа» енгізілген.Ол санаттар мынадай болды:

І санат-жойылып бара

жатқандар.Бұлар туралы соңғы 50 жылда ешқандай деректер жоқ.Мысалы, қызыл қасқыр, қара күзен, қабылан, қызылқұм арқары, құдыр, т.б.

ІІ санат-саны азайып бара жатқандар (жақын арада жойылып кетуі мүмкін). Мысалы, балқаш алабұғысы, сарықұтан, жұпар, құлан, т.б.

ІІІ санат-сирек түрлер (қазір жойылып кету қаупі жоқ, бірақ өте сирек кездесетіндер).Мысалы, қар барысы, сілеусін, жарғанат, бұлдырық, қара тұрпан, қара ләйлек, т.б.

ІV санат- белгісіздер (толық зерттелмеген түрлер).Мысалы, шұбар кесіртке, қара шұбар жылан,т.б.

V санат- қалпына келгендер (қорғау жұмыстары нәтижесінде қайта көбейген түрлер).Мысалы, аққу, көкқұс

59.экологиялық қүқық нормалары және жауапкершілік

Экологиялық құқық бұзушылық – бұл табиғи қоршаған ортаға және оның құрамдық элементтеріне Қазақстан Республикасы халқының шаруашылық, әлеуметтік қызметі мен өмірінің негізін құрайтын оперативтіқ базис ретінде зиян келтіретін немесе қауіп төндіретін заңға қайшы іс-әрекет.

3. Экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін құқықтық жауапкершілік экологиялық құқық саласының институты болып табылады. Ол жер, аграрлық, су, орман, тау, әкімшілік, қылмыстық, азаматтық, еңбек, салық заңнамаларының, сондай-ақ, атмосфералық ауаны қорғау заңнамасының нормаларын қамтиды. Сонымен, жауапкершіліктің бұл түрі мынадай белгілермен сипатталады:

1) экологиялық құқық бұзушылық санкциялары экологиялық – құқықтық актілерде емес, құқықтың басқа салалық: қылмыстық, әкімшілік, азаматтық-құқықтық және еңбек нормаларында көрсетілген;

2) экологиялық құқық бұзушылық үшін заңды жауапкершіліктің барлық түрлерінде санкцияның мүліктік сипаты басым;

3) қол сұғушылылықтың объектісіне қарай жер, су, орман құқық бұзушылығы экология құқық бұзушылықтың басым көпшілігің құрайды.

4. Экологиялық құқық бұзушылығы үшін заңды жауапкершілік түрлерінің топтастыруда жауапкершіліктің дәстүрлі түрлерімен қатар, экологиялық заңнамамен реттелген санкцияның экологиялық құқықтық өзіндік экологиялық – құқықтық түрі орын алған.

Бұл санкциялар табиғатты пайдаланушының экологиялық – құқықтық мәртебесін және табиғат объектілерін пайдаланушының құқықтық тәртібін көрсетеді, бұл жауапкершіліктің осы түрінің озіндік ерекшелігін білдіреді.

5. Экологиялық құқық бұзушылығы үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікті мынадай өлшем бойынша жіктеуге болады:

– Қылмыстық әкімшілік жауапкершілікке қарағанда заңмен ғана, яғни Қылмыстық кодекс нормаларымен, реттеледі, ал әкімшілік жауапкершілік заңдармен қатар, заңға тәуелді актілермен белгіленеді.

– әкімшілік жаза сотпен қатар экологиялық заңнаманың сақталуын бақылайтын мемлекеттік органдармен салынады, қылмыстық жаза тек қана сотпен беріледі. Бақылау және юрисдикциялық қызметтерді біріктіру экологиялық құқық бұзушылық фактілеріне жедел әрекет етуге және әкімшілік жаза қолдануымен тең шараларды қолдануға мүмкіндік береді.

60Экологиялық бiлiм беру және тәрбие.
Қоғамның экологиялық мәдениетiн қалыптастырудың негiзi ретiнде экологиялық бiлiм берудi дамыту үшiн:
бiлiм берудiң барлық деңгейiндегi оқу бағдарламаларына экология және тұрақты даму мәселелерiн енгiзу жолымен үздiксiз экологиялық бiлiм берудiң жүйесiн қалыптастыру;
мiндеттi және қосымша бiлiм беру жүйесiнiң барлық деңгейi үшiн экология саласындағы кадрларды даярлау, қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру;
экологиялық бiлiм берудi мемлекеттiк қолдау қажет;
табиғи жүйелердiң экологиялық сыйымдылығы мен олардың тұрақтылық шектерiн айқындау;
экологиялық таза және pecуpc үнемдейтiн технологияларды, өндiрiстердi, шикiзаттың түрлерiн, материалдарды, өнiм мен жабдықты, оның iшiнде ауыл шаруашылығында, әзiрлеу;
биологиялық әртүрлiлiктi, биоқауiпсiздiктiң ғылыми негiздерiн сақтау проблемасын зерделеу;
климаттың ықтимал жаhандық және өңiрлiк өзгерiстерiн және табиғи орта үшiн оның салдарларын зерттеу;
экологиялық қатерлердi айқындаудың ғылыми негiздерiн әзiрлеу;
ластанулардың алдын алу мен жоюдың, қоршаған ортаны оңалту және қауiптi қалдықтарды кәдеге жаратудың құралдары мен әдiстерiн әзiрлеу;
адамдардың аурулары мен қоршаған орта сапасы өзгерiстерiнiң арасындағы байланысты зерделеу;
қоршаған ортаны қорғау саласындағы жинақталған бiлiмдi жүйелеу және ғылыми зерттеулердi үйлестiру.
Экологиялық қауiпсiздiк саласындағы ғылыми зерттеулердi бюджеттiк бағдарламалар және халықаралық гранттар арқылы мемлекеттiк тапсырыс бойынша ғылыми мекемелер жүргiзедi.

 

 

.

 

1.Экология ғылымының даму тарихы.

2.Экология бөлімдері: аутэкология, демэкология, синэкология.

3.Экология пәнінің мазмұны және міндеті.

4. Экологиялық факторлардың түрлері.

5.Экологиялық факторлардың әсер етушнің кейбір заңдылықтары(оптиум ережесі,Шелфорд ережесі,Либих заңы)

6)Организмдердің толеранттылыққа байланысты топтары.

7)Организмдердің қоректенуі бойынша экологиялық классификациясы

8)Тіршілік ортасы,түрлері және фотопериодизм.

9)Организмдердің жарыққа байланысты экологиялық топтары.

10)Организмдердің температураға байланысты экологиялық топтары және анабиоз

11.Организмдердің ылғалға байланысты экологиялық топтары.

12.Топырақ қабаттары және топырақ организмдері.

13.Оргонизмдердің биологиялық ырғақтары.

14.Популяция туралы түсінік және популяция құрылымдары.

15.Популяцияның этологиялық құрылымы.

16)Популяцияның динамикалық көрсеткіштері және гомеостазы.

17)Синэкология және оның құрамдас бөліктері.

18)Биоценоздың кеңістіктегі құрылымы.Доминант және эдификатор түрлер.

19)Биоценоздағы организмдердің қарым қатынастары(В.Н.Беклемишев бойынша).

20)Биотикалық қарым қатынастар типтері.

21.Биоценоздағы бір-біріне пайдалы қатынастар түрлері.

22. Биоценоздағы пайдалы - зиянды қатынастар түрлері.

23. Биоценоздағы пайдалы - нейтралды қатынастар түрлері.

24.Экологиялық қуыс.Гаузе принципі.

25.Экологиялық сукцессия,түрлері.

26.Биогеоценоз және биотоп(экотоп) ұғымдары.

27.Экожүйе,биогеоценоз және экожүйе типтері.

28.Экологиялық пирамида.(Элтон пирамидасы)

29.В.И.Вернадскийдің биосфера туралы ілімі,биосфера компоненттері.


Дата добавления: 2015-11-14; просмотров: 115 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Биосфера эволюциясы. 3 страница| Last updated on Oct. 22, 2015

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.009 сек.)