Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Happy New Year

Читайте также:
  1. A happy family, as I see it.
  2. A Happy New Year to You
  3. BONDS THAT KEEP WORKERS HAPPY
  4. Don't Worry Be Happy
  5. Don't Worry, Be Happy
  6. Don't Worry, Be Happy
  7. HAPPY CHRISTMAS - сценарий на английском языке

Жүргізуші: Армысыздар құрметті оқушылар, қымбатты ұстаздар! Сіздерді жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтай отырып, «Happy New Year» мерекелік бағдарламасына қош келдіңіздер дейміз!

Бүгін сізге жырдан алқа тағайын,
Шат күлкіге толы болсын маңайың.
Көргендер де көрмегенде арманда,
Жаңа жылың құтты болсын ағайын!

Зеңгір көкте жұлдыз болып жанайын,
Ай жүзіндей айшықтанып, арайың.
Жанға шуақ, бойға қуат әкелген.
Жаңа жылың құтты болсын ағайын!

Бүгінгі Жаңа жыл кешін барлығымыз көтеріңкі көңіл күймен, сәнді би, әсем әнмен өткіземіз деген үмітіміз бар. Олай болса, көңіліміздің керегесін кеңейтіп, баршамызға береке сыйлар мерекелі кешіміздің шымылдығын ашуға рұқсат етіңіздер! Ортаға 9 «а» сынып оқушыларын шақырамыз!

9 «а»-ның орындауындағы ән «Әгугай».

Ал енді 9 «б» сыныбының өнерін тамашалайық!

 

Кезекті 9 «в» сыныбына береміз.

 

9 «г» сыныбының өнерлілерін ортаға шақырамыз!

 

Кешіміздің «өнер» бөліміне нүкте қоюшы 9 «д» сыныбы.

 

Баршаңызға рахмет, өнерлеріңіз өрге жүзсін!

Оқушылар! Бүгінгі Жаңа жыл кешіне сәйгүліктерін желдіріп, алтындатқан шанасымен Аяз ата мен сүйкімді Ақша қар келе жатыр деген хабар алып тұрмыз.

Қуаныңдар, ағайын, тамсаныңдар.
Сүйінішпен маңайға жар салыңдар.
Аяз ата келеді Ақшақармен,
Қол соғып қошеметпен қарсы алыңдар!

(Осы кезде музыкамен асыға күткен Аяз ата мен Ақшақар келеді)

Аяз ата:
Ассалаумағалейкум, жыр кешкен ел!
Нарына нарық заман мінгескен ел!
Дәуірдің дүрмегіне үндескен ел!
Тәңірдің тылсымымен бірлескен ел!

Ақшақар:

 

 

1-жүргізуші:
-Иә, ата мына халқыңызға бата берер кезде келді ғой деймін.
Аяз ата:
Болар, болар...
Уа!!!
Мен батамды берейін,
Үстем болсын мерейің
Әрқашанда бұл елге,
Қуанышқа келейін.
Жақсылық елден кетпесін,
Жамандық, келіп жетпесін.
Қызыр болсын жолдасың.
Әруақтар қолдасын!
Қара ниет дұшпаның,
Бұл жалғанда оңбасын.
Аман болсын, мал басың,
Адал болсын жолдасың.
Бейбітшілік заман болсын.
Ел іргесі аман болсын.
Осы айтқаным қабыл болып,
Батам менің тәммам болсын!
Әумин!
Жаңа жылдарың құтты болсын!!!
Барлығы бірге:
Жаңа жыл құтты болсын!
Жаңа жыл әні орындалады.
Кеш соңы бимен ұласады.

 

 

1 жүргізуші: Барлық жандар бір білекке қосқан үн
Бақытты боп бастады жыл дастанын
Қуанышпен келді той боп жаңа жыл
Құтты болсын жаңа бақыт достарым

Қандай жарқын жүздерің,
Қандай әсем жырларың
Асулармен алысқан,
Асау желмен жарысқан
Аталарың сендерге
Шаршап келді алыстан
/Балалармен амандасады/

Аяз ата: Балалар, өнерлерің тамаша екен, Бәрің бір-бір талант иесі екенсіңдер.Өнерлерің әрі қарай шыңдала берсін. Менің әлі баратын жерім көп, сендер сияқты әр жерде балалар тосып отыр. Ақшақар екеуіміз қайтайық. Келесі жаңа жылда жолыққанша сау болыңдар!
Ақшақар: Сау болыңдар, балалар,
Аман – есен болыңдар.
Әр таңды қуанышпен
Қарсы алып тұрыңдар!

1 жүргізуші: Ән тыңдап, би биледік бүгін тойда,
Қалады бүгінгі күн ойымызда.
Демалып Жаңа жылға қадам бастық,
Жаңа жыл құтты болсын баршамызға!


Жаңа жыл еңселеніп еніп тұр,
Жаңа үмітпен, жақсылықпен еніп келіп тұр!
Бойындағы бар мейірім, қуанышын
Балдырғандар, өздеріңе беріп тұр!
Жаңа жыл білім нұрын шашып тұр,
Намыс, жігер, бақыт гүлін ашып тұр.
Адамзаттың армандары асқақтап,
Тебіреніп от сезімі тасып тұр.

Ел байлығын, жер байлығын сақтаймыз.
Бабалардың аманатын ақтаймыз.
Қазақстан мәртебесін көтеріп,
Адалдықты, алғырлықты жақтаймыз.
Жаңа жыл, жаңа бақыт, жаңа жыр,
Ізгілік, бірлік дәнін ортаға ысыр.
Құт болып, береке бер халқымызға
Мерейін, мәртебесін биікке асыр.

 


Дата добавления: 2015-11-16; просмотров: 76 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Malory’s Morte d’Arthur.| Эквадор. Белье красного цвета - к любви, желтого - к деньгам

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.009 сек.)