Читайте также: |
|
VІІ. Бағалау.
VІІІ. Үйге тапсырма: §70. §71 41 –ж. №3, №4.
Сынып
Сабақ тақырыбы: §72.Көлбеу жазықтық. Механиканың алтын ережесі. §73.Механизмнің пайдалы әрекет коэффициенті.
1. Оқушыларға көлбеу жазықтық, механиканың алтын ережесі, толық жұмыс, пайдалы жұмыс, ПӘК-і туралы түсінік беру.
2. Оқушыларды ғылыми ой қорытындыларын жасай білу дағдыландыру.
3. Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: аралас
Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап
Сабаққа қажетті құралдар: компьютер, слайдтар, видеопроектор.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Оқушылардың үй тапсырмасын қалай меңгергендерін тексеру.
1. Теңиінді таразының тепе-теңдік шарты қалай оқылады?
2.Теңиінді және ондық таразылардың жұмыс істеу принциптерінің өзгешелігі неде?
3. Таразының Ай бетіндегі көрсетуі мен Жер бетіндегі көрсетуі бірдей бола ма?
4. Салмақсыздық жағдайында таразы жұмыс ісьей ала ма?
5. Бір ғана кір тасымен жұмыс істейтін таразы түрі бар ма? Бар болса, оның жұмыс істеу принципі қандай?
6. Жай механизмдер дегеніміз не?
7. Жай механизмдердің түрлері қандай?
8. Жай механизмдер жұмыстан ұтыс бере ме?
9. Иіндікті не үшін қолданады?
10. Блок деген не?
11. Жылжымайтын және жылжымалы блоктардың жұмыс әрекетінде қандай ерекшеліктер бар?
ІІІ. Жаңа сабақ.
|
яғни
немесе
Көлбеу жазықтықтың бойымен денеге әрекет ететін тарту күші оның ауырлық күшінен неше есе кем болса, көлбеу жазықтықтың ұзындығы оның биіктігінен сонша есе артық болады.
Механиканың алтын ережесі: күштен қанша есе ұтсақ, орын ауыстырудан сонша есе ұтыламыз.
Механиканың алтын ереесінің иіндіктер үшін орындалатынын көрсетейік.
Иіндік бұрылған кездегі күштердің істейтін жұмыстары: және
Иіндіктің сол жақ ұшінің потенциалдық энергиясы белгілі бір шамаға өссе, оң жағының потенциалдқ энергиясы сондай шамаға кемиді. Сондықтан
Ендеше
Механизмдердің өздерін қозғалысқа келтіретін жұмыс жалпы немесе толық жұмыс делінеді.
Механизмдердің басқа денелерді қозғалысқа келтіретін жұмысы пайдалы жұмыс деп аталады.
Механизмнің немесе машинаның пайдалы әрекет коэффициенті деп пайдалы жұмыстың толық жұмысына қатынасын айтады:
IV. Пысықтау.
1. Көлбеу жазықтықтың формуласы қалай жазылады?
2. «Механиканың алтын ережесі» қалай оқылады?
3. «Механиканың алтын ережесі» барлық механизмдер үшін орындала ма? Мысал келтіріңдер.
4.Жалпы жұмыс пен пайдалы жұмыстың айырмашылығы анықталады?
5. Мәңгі қозғалтқыштар жасау мүмкін бе?
V. Есептер шығару. В.И.Кем, Б.А.Кронгарт. Есептер мен жаттығулар жинағы,№554, №555, №556.
Дата добавления: 2015-11-16; просмотров: 280 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
VІ. Қорытындылау. | | | VІ. Қорытындылау. |