Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

V. Қорытындылау.

V. Қорытындылау. | V. Қорытындылау. | VІ. Қорытындылау. | V.Қорытындылау. | V. Қорытындылау. | V. Қорытындылау. | V. Тапсырмалар орындау. | V. Қорытындылау. | V. Қорытындылау. | VІ. Қорытындылау. |


Читайте также:
  1. V. Қорытындылау.
  2. V. Қорытындылау.
  3. V. Қорытындылау.
  4. V. Қорытындылау.
  5. V. Қорытындылау.
  6. V. Қорытындылау.
  7. V. Қорытындылау.

VІ. Бағалау.

VІІ. Үйге тапсырма: №1 зертханалық жұмысқа дайындық.

Күні:

Сыныбы: 7

Зертханалық жұмыс №1

Тақырыбы: Өлшеуіш цилиндр бөліктерінің құнын анықтау. Дененің көлемін өлшеу.

Жұмыстың мақсаты: өлшеуіш цилиндрді мысалға ала отырып, аспаптар бөліктерінің құнын анықтау; оларды қолдануды үйрену және өлшеуіш цилиндрді пайдаланып, денелердің көлемін өлшеу.

Құрал-жабдықтар: өлшеуіш цилиндр, су құйылған тостаған, жіңішке жіп, әр түрлі ыдыстар мен денелер.

1-тапсырма. Өлшеуіш цилиндр бөліктерінің құныны анықтау.

Жұмыстың барысы:

1. Өлшеуіш цилиндрді мұқият көріп шығарыңдар да, оның шкаласына зер салыңдар. Қолдарыңдағы өлшеуіш цилиндрдің шкаласындағы жазуға қарап, ол арқылы көлемді бірлікпен анықтауға болатынын дәптерлеріңе жазып алыңдар;

2. Қолдарыңдағы өлшеуіш цилиндрдің бөлік құныны анықтаңдар;

3. Қолдарыңдағы өлшеуіш цилиндрді пайдаланып, жүргізілген өлшеулердің қателігін анықтаңдар. Ол үшін цилиндрге су құйып, құйылған судың көлемін өлшеу қателігін ескере отырып, анықтаңдар;

4. Анықталған шамаларды дәптерге жазыңдар;

5. Өлшеуіш цилиндрдің сипаттамаларын және өлшеген сұйық көлемін мына кестеге жазыңдар:

Мензурканың ең үлкен өлшеу көлемі, оның бірлігі Мензурка бөлігінің құны Өлшеу қателігі Қателігі көрсетілген өлшеу нәтижесі (сұйық көлемі)
       

2-тапсырма. Әр түрлі пішіндегі қатты денелердің көлемін анықтау.

Жұмыстың барысы:

1. Өлшеуіш цилиндрге қатты дана толық бататындай етіп су құйып, денені сұйыққа толық батырыңдар. Сонда мензуркадағы судың соңғы көлемі және алғашқы деңгейлерінің айырмасы қатты дененің көлеміне тең болады;

2. Пішіні мен көлемі әр түрлі 2-3 қатты денені таңдап алып, оны жіңішке жіппен байлап, суы бар өлшеуіш цилиндрге салыңдар да, көлемін анықтаңдар. Өлшеу нәтижелерін кестеге жазыңдар:

Өлшейтін дене Сұйықтың бастапқы көлемі (V1, см3) Дене мен сұйықтың көлемі (V2, см3 Қатты дененң көлемі (V= V2- V1)
       

3. Өлшеуіш цилиндрге сыймайтын дененің көлемін шүмегі бар ыдыстың көмегімен анықтауға болады. Өлшеу алдында ыдысқа шүмектің жоғары деңгейіне жеткенше су құйылады. Денені ыдыстағы суға батырғанда оның көлеміне тең су асып төгіледі. Төгілген судың көлемін мензуркамен өлшеп, батырылған ірі дененің көлемін анықтайды.

4. Қорытындылау.

5. Бағалау.


Күні:

Сыныбы: 7

Сабақ тақырыбы: Практикалық жұмыс

Аспап шкаласындағы бөліктің құнын анықтау

Сабақ мақсаты:

1. Оқушылардың осы тарау бойынша алған білімдерін тиянақтау, қайталау, қорытындылау.

2. Оқушыларды өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасауға жетелеу.

3. Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: сайыс

Сабақ көрнекілігі:компьютер, электронды оқулық.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Оқушыларды 2 топқа бөлу.«Кім жылдам?»

Берілетін сұрақтар:


1-ші оқушының сұрақтары:


1. Табиғат құбылыстары дегеніміз не?

2. Физиканың негізгі мақсаты?

3. Болжам дегеніміз не?

4. Броундық қозғалыс дегеніміз не?

5. Физикалық шамаларды атаңдар.

6. Астрофизика нені зерттейді?

7. Космология нені зерттейді?

8. Айға табан тіреген астроновтар.

2-ші оқушының сұрақтары:

1. Астрономия нені зерттейді?

2. Физикалық теорияларды атаңдар.

3. Галактика дегеніміз не?

4. Молекулалы-кинетикалық теориясының негізгі қағидалары.

5. Космогония нені зерттейді?

6. физикалық шамалардың өлшем бірліктерін атаңдар.

7. Табиғатты зерттеудің ғылыми әдістері.

8. ХХ ғасырдың физика мен техникаға байланысты 4 жетістігін атаңдар.

Есептер шығару.

Екі оқушы шығады.

1. Мензурканың бөлік құнын табыңдар. Көрсетілген денелердің көлемін табыңдар да, өлшеу қателігін көрсетіп, жазыңдар.

1-ші оқушы 2-ші оқушы

2. Мына сандарды стандарт түрінде жазыңдар.

0,00000125; 1200000000;

0, 00000045; 0,002;

14500000000; 0,0000005

Тест.


1. Мына сөздердің ішінде қайсысы физикалық денеге жатады?

А. Ұшақ

В. Дыбыс

С. Метр

Д. Қайнау

2. Мына сөздердің ішінде қайсысы физикалық шамаға жатады?

А. Ұшақ

В. Жылдамдық

С. Алюминий

Д. Жер

3. Мына сөздердің ішінде қайсысы физикалық құбылыстарға жатады?

А. Күш

В. Булану

С. Мыс

Д. Таразы

4. Мына сөздердің ішінде қайсысы физикалық шаманың өлшем бірлігіне жатады?

А. Ұзындық

В. Килограмм

С. Уақыт

Д. Сызғыш

5. ХБЖ –де ұзындықтың өлшем бірлігі қандай?

А. Метр

В.Километр

С. Сантиметр

Д.Дециметр

6. Мына сөздердің ішінде қайсысы физикалық денеге жатады?

А. Автомобиль

В. Ұзындық

С. Масса

Д. Қозғалыс

7. Мына сөздердің ішінде қайсысы физикалық шамаға жатады?

А. Уақыт

В. Темір

С.Метр

Д. Қайнау


8. Мына сөздердің ішінде қайсысы физикалық құбылыстарға жатады?


А. Күш

В. Кемпірқосақ

С. Атом

Д. Сағат

9. Мына сөздердің ішінде қайсысы физикалық шаманың

өлшем бірлігіне жатады?

А. Ұзындық

В. Секунд

С. Уақыт

Д. Балқу

10. ХБЖ –де уақыттың өлшем бірлігі қандай?

А. Минут


В.Жыл

С. Сағат


Д. Секунд


Дата добавления: 2015-11-16; просмотров: 162 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
VІ. Қорытындылау.| VІ. Қорытындылау.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.02 сек.)