Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Файлды ашу кезінде кездесетін қателер

Читайте также:
  1. Жоғарғы жақ сүйегі маңында кездесетін абсцестер мен флегмоналар
  2. М. Ж. Көпеев шығармаларындағы Жетпіс бапта» кездесетін араб-парсы сөздеріне түсіндірме
  3. СІЛЕКЕЙ БЕЗДЕРІНІҢ ДЕРТТЕРІ КЕЗІНДЕ НАУҚАСТАРДЫ ТЕКСЕРУ
  4. Статикалық жүктеу кезіндегі конструкциялық беріктікті бағалаудың критерийі
  5. Төменгі жақ сүйегі маңында кездесетін абсцестер мен флегмоналар
  6. Тек нерв жасушаларында кездесетін органеллалары?
  7. Тіс жұлынған соң кездесетін асқынулар

Дістемелік нұсқау

Файл деп – бір типті элементтердің тізбектеліп көрсетілген құрылымдық мәліметтері. Файлдың айнымалысы кез-келген мәліметтер типін қабылдай алады. Программадағы жалпы жазылу түрі:

Атауы: file of ЭлементТипі

Файлда көрсетілген символдық типті мәліметтер мәтіндік деп аталады. Файлды хабарлау кезінде File of Char деп сипатталған хабарламаны text типімен баламалы болады.

 

Файлды тағайындау

Программа файлға мәліметтерді шығару үшін немесе файлдан мәліметтерді оқу үшін, нақты файлды көрсету керек, яғни файлдың атын көрсетеміз. Файлдың аты файлдық айнымалыны нақты файлмен байланыстыратын Assign процедурасының көмегі арқылы беріледі.

Assign процедурасының сипатталуы:

Assign(var f:text; ФайлдыңАты: string );

Мысал: Assign процедурасын шақыру.

Assign(f,’a:\result.txt’);

Assign(f,’\students\ivanov\korni.txt’);

 

Файлға шығару инструкциясы

Мәтіндік файлға шығару write және writeln операторларының көмегімен орындалады. Мұнда шығарылатын мәндірдің тізімі text типті айнымалыдан басталады. Мысалы, text типті f айнымалысы болса, онда файлға шығару инструкциясы келесідей болады:

Write (f,Теңдеудің түбірі’’,x1,x2);

Write инструкциясы файлға мәліметтерді шығару үшін, бір ғана файлдың атын көрсету жеткіліксіз. Сол себептен файлға шығару үшін оны ашу керек.

 

Шығару үшін файлды ашу

Мәліметтерді енгізу үшін файлды ашу үшін келесі варианттардың бірін қолдануға болады:

· Қайта жазу (жаңа файлды құру немесе бар файлға жаңа файлды жазу);

· Бар файлға мәліметтерді енгізу.

Жаңа файлды құру немесе бар файлды өзгерту үшін, Rewrite процедурасын қолдану керек. Параметр ретінде файлдық айнымалыны көрсетеміз.

Ақпаратты үстінен қосу режимінде файлды ашу үшін Append процедурасын қолданамыз. Параметр ретінде файлдық айнымалыны көрсетеміз (text типті айнымалы).

Мысал 1: Жаңа файлды құру программасы.

Program pr1;

Var

F:text;

I:integer;

Begin

Assign(f,’test.txt’);

Rewrite(f);

For i:=1 to 5 do

Writeln(f, ’Жол’,i);

Close(f);

End.

Программа орындалғаннан кейін дискеде test.txt файлы ашылады және келесідей баспа шығады:

Жол 1

Жол 2

Жол 3

Жол 4

Жол 5

 

Мысал 2: Бар файлды ауыстыру.

Program pr2

Var

F:text;

I:integer;

Begin

Assign(f,’test.txt’);

Rewrite(f);

For i:=6 to 7 do

Writeln(f, ’Жол’,i);

Close(f);

End.

Программа орындалғаннан кейін test.txt файлындағы мәліметтер өзгереді:

Жол 6

Жол 7

 

Мысал 3: Қосу режимінде файлға жазу енгізу.

Program pr3;

Var

F:text;

I:integer;

Begin

Assign(f,’test.txt’);

Append(f);

For i:=8 to 9 do

Writeln(f, ’Жол’,i);

Close(f);

End.

Программа орындалғаннан кейін test.txt файлындағы мәліметтер өзгереді:

Жол 6

Жол 7

Жол 8

Жол 9

 

Файлды ашу кезінде кездесетін қателер

Файлды ашу кезінде оның дұрыс орындалмауы немесе программаның орындалу кезінде қателер кетуі мүмкін. Оның әр түрлі себептері болады, мысалы, иілгіш дискінің дайын болмауы, ашылуға жіберілген файлдың болмауы және т.б.

Файлды ашу процедурасының дұрыс орындалуын тексеру үшін IOResult (Input/Output Result – енгізу/шығару нәтижесі)функциясының мәнін тексеру арқылы көре аламыз. IOResult функциясы енгізу/шығару операциясы дұрыс орындалса 0 мәнін қабылдайды, басқа жағдайда – керісінше. Программа енгізу/шығару операциясының орындалу нәтижесін тексеру үшін, файлды ашу процедурасын шақыру алдында {$I-} жолын енгізу керек. Файлды ашу инструкциясынан кейін {$I+} орналастырамыз.

Келесі көрсетілген фрагмент, қосу үшін файлды ашу немесе жаңа файлды құруды қамтамасыз етеді:

Assign(f, filename);

{$I-}

append(f);

{$I+}

if IOResult<>0 {егер файл болмаса}

then rewriete(f); {жаңа файл}

 

Файлды жабу

Жұмысты аяқтау алдында программа барлық ашылған файлдарды жабуы керек. Бұл әрекет Close процедурасы арқылы іске асады. Бұл процедураға параметр ретінде жабуға қажетті файлмен байланысты файлдық айнымалы беріледі.

 


Дата добавления: 2015-11-16; просмотров: 111 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Оптико-механічні вимірювальні прилади| Технологическая карта

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.009 сек.)