Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тауар ассортиментін толықтыру.

Читайте также:
  1. A) үнемі сұраныстағы тауар
  2. A) Импульсивті сатып алу тауарларына
  3. A) күнделікті сұраныс тауарлары
  4. B) тауар, баға, жылжыту
  5. B) тауарды жетілдіру
  6. C) жаңа идеялар, тауарлар мен қызметтер
  7. Жаңа тауарды жасау кандай кезендерінің ерекшелігін түсіндіріңіз.

Тауар ассортиментін толықтырудың бірнеше себептері бар:

1) Табысты көбейту қажеттігі;

2) Ассортиментті кеңейтуді сұрайтын делдалдардың пікірін ескеру;

3) Фирманың іске қосылмаған өндірісін жүзеге асыру;

4) Бәсекелестердің іс-қимылын бейтараптандыру.

Тауар ассортиментін толықтыру үшін өндіріліп жатқан өнімдерден жаңа тауар айтарлықтай ерекшеленуі тиіс.

 

14.Жаңа тауарды жасау кандай кезендерінің ерекшелігін түсіндіріңіз. Жаңа тауар дегеніміз -қолда бар тауарларға қарағанда жаңа тұтыну қасиеттері-мен ерекшеленіп рынокқа ұсынылған жаңа өнім.

Жаңа тауарды жасау 7 кезеңнен тұрады. Олар: идея жинау кезеңі, өнімді бағалау, тұжырымдаманы тексеру, экономикалық талдау, өнім шығару, байқау маркетингісі, коммерцияға енгізу.

1) Идея жинау кезеңі жаңа тауар шығару мүмкіндіктерін үздіксіз ізденуден тұрады. Ол идеяларды фирманың қызметкерлерінен, өтім арналарынан, үкімет органдарынан және бәсекелестердің тауарларын салыстыру арқылы жинауға болады. Негізінде идея жинаудың 3 әдісі бар: «ой шабуылы»,тауарларды талдау,

сауалдама арқылы.

2) Өнімді бағалау кезіңінде іріктеу арқылы жарамсыз идеяларды талдаудан тыс шығарады. Ол үшін «іріктеу тізімі» қолданылады. «Іріктеу тізімінің» бір шетінде жаңа тауардың маңызды қасиеттері көрсетіледі, ал екінші шетінде идея бойынша өндірілетін тауарлары салыстырылады.

3) Тұжырымдарды тексеру кезеңінде тұтынушыға өндірілетін тауар ұсынылады, сол арқылы оның затқа деген ниеті мен сатып алуға деген ынтасы анықталады.

4) Экономикалық талдау кезеңінде сұраныс болжалданылады, шығындар мен пайда есептелінеді.

5) Өнімді шығару кезеңі идеяны нақты іс-қимылға айналдыру деген ұғым.

6) Байқау маркетингісі кезеңі дегеніміз өнімді бір немесе бірнеше таңдаған аймақта өткізіп көру.

7) Коммерцияға енгізу кезеңі тауар өміршеңдік кезеңінің енгізу фазасына сәйкес келеді.

Жаңа тауардың маңызыдылығын мына факторлар аркылы бейнелеуге болады:-пайданы өсруге көмектеседі;-калыптаскан тауар және ассортимент топтарына карағанда ерекше касиеттері бар;-өндіріс калдыктарын пайдалануға мүмкіндік жасауы мүмкін;-тұтынушылардың демографиялык өзгеріс сипаттамаларына өндірісті сәйкестендіруге жағдай жасауы мүмкін.

 

 

 

15. Тауардың орамы. Штрих код түсінігі және оның түрлері, ерекшеліктері

Тауардың оралуы өндірушінің немесе сатушының визит карточкасы ретінде біршама қызмет атқарады десек те болады.

Тауардың оралуы - оны салатын ыдысқа, я болмаса қорабқа, немесе орайтын затқа байланысты. Тауардың ішкі және сыртқы оралуы болады.

1. Ішкі оралу дегеніміз - тауардың салынған тікелей ыдысы, мысалы әтірдің шишасы.

2. Сыртқы оралу -тауарды қорғау үшін орайтын және тауарды тікелей қолдануға дайындау кезінде алынып тасталатын материал.

Тауардың оралуына қойылатын талаптар:

¨ тауар орамы өнімнің белгіленуін, қолдану аясын, функциясын және сақтау мерзімін көрсету қажет

¨ тауар орамы оны сақтауға, тасымалдауға және тұтынуға қолайлы етіліп жасалуы тиіс

¨ қазіргі заман талаптарына сәйкес тартымды, сыртқы түрі өнім мазмұнына сәйкес келуі керек

¨ тауар орамы тұтынушылық әдеттері мен талаптарына сай болу керек

Дамыған елдерде орау жұмысына жыл сайын ұлттық табыстың 3%-тен жоғары үлесі жұмсалады. Бизнесмендер “Тауарыңды немен орайтыныңды көрсетсең, өзіңмен әріптес боларымды айтамын”, немесе орау шығыны тауардың өз құнынан да ұтымды” дегенді айтады. Қазіргі кезде сәнді етіп ораудың өзі бәсекеге аса маңызды рөл атқарады.

Штрих коды дегеніміз - ол қос жүйелі әріптер мен сандарды бейнелейтін айқын жолақтар мен олардың арасындағы кеңістіктерден тұратын символдар. Штрих кодын қолдану өндіріске де, саудаға да, сонымен бірге тұтынушыларға да қолайлы нәрсе. Тауардың өзінде, немесе оның орауында штрих кодтың болуы фирманың беделін көтеріп, тауар мен оны өндіретін кәсіпорында жарнамалау рөлін атқарады.Өндірісті, есеп үдерісін және өнім сапасын тиімді басқару үшін тауар деңгейіне қазіргі күннің талабына сәйкес дәл бақылау орнату қажет. Өнімнің қоймада сақтаудан бастап өткізуге дейінгі жолын бақылап отыруға мүмкіндік туғызатын әсерлі шара ретінде сәйкестендіру болып табылады. Бұл тауарды басқа бұйымдардан ажырататын маңызды сипаттамаларымен орындайтын міндетін реттелген ақпарат арқылы айқындайды. Еңбек өнімділігін арттырумен шығындарды айтарлықтай азайтуға бағытталған компьютерлік техника негізіндегі автоматтық сәйкестендіру технологиясы кеңінен таралған. Барлық әйгілі технологиялардың ішінен штрих коды ең көп қолданыс табады.

Штрихкодтың түрлері:

1. Бір өлшемді шрихкодтар (1Д) – 20-30 символдан тұрады, тұтыну тауарларына қойылады.

2. Екі өлшемді шрихкодтар (2Д) – 1000-7000 символдан тұрады, өндірістік тауарларына қойылады.

Штрих код құрылымы:

Штрих код өнімге байланысты 13 не 9цифр болуы мүмкін.

Штрих кодтың алғашқы 2 не 3 цифрі өнімнің қай елде өндірілгенін білдіреді.

Келесі 4 цифрі өндіруші компания туралы ақпарат береді.

Келесі 5 цифрі тауардың коды.


Дата добавления: 2015-11-16; просмотров: 131 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Маркетингтегі тауар түсінігін ащып көрсетіңіз және тауарлар жіктелуін сипаттаңыз| Тарату арналарын басқару

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.01 сек.)