Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сілекейге шыланған ас түйірінің жұтуды жеңілдететін сілекей



құрамындағы заты:

A. хлоридер

B. мочевина

C. фосфат

D. муцин

E. катепсиндер

18. Қарын биопотенциалдарын тіркеу әдісі:

A. сиалография

B. шайнау сынамалары әдісі

C. электрокардиография

D. электрогастрография

E. электроодонтометрия

19. Шайнау еттердің қимылдарының қисық сызықтарын тіркейтін әдіс:

A. сиалография

B. шайнау сынамалары әдісі

C. мастикациография

D. электрогастрография

E. электроодонтометрия

20. Сілекей бездерінің парасимпатикалық нервтерінің басталатын орны:

A. гипоталамус

B. таламус

C. стриопаллидарлық жүйе

D. сопақша ми

E. ортаңғы ми

21. Сілекей бездерін реттейтін симпатикалық жүйкенің орталығы орналасады:

A. ІІ-VІ кеуде сегментінің артқы мүйізінде

B. ІІ-ІV кеуде сегментінің алдыңғы мүйізінде

C. ІІ-VІ кеуде сегментінің бүйір мүйізінде

D. сопақша ми ядроларында

E. таламустың бейарнамалы ядроларында

22. Қарын сөлінің бөлінуін күшейтетін гастриоинтестиналды гормон:

A. нейротензин

B. секретин

C. гастрин

D. соматостатин

E. вилликинин

23. Ащы ішек ворсинкаларының жиырылуын күшейтеді:

A. соматостатин

B. энкефалин

C. химоденин

D. вилликинин

E. гастрин

24. Қарын бездерінің негізгі гландулоциттері шығаратын зат:

A. тұз қышқылы

B. пепсиноген

C. муцин

D. электролиттер

E. секретин

25. Қарын бездерінің айнала қоршаған гландулоциттерінен бөлінеді:

A. тұз қышқылы

B. муцин

C. пепсиноген

D. гистамин

E. липаза

26. Қарын бездерінің қосымша клеткаларынан бөлінеді:

A. тұз қышқылы

B. пепсиноген

C. муцин

D. бикарбонат

E. аммиак

27. Адамның қарын бездерінен тәулігінде бөлінетін сөл мөлшері:

A. 0,5-1,0 л

B. 1,0-1,5 л

C. 2,0-2,5 л

D. 3,0-3,5 л

E. 4,0-4,5 л

28. Қарын сөлі рН-ның шамасы:

A. 0,1-0,5

B. 0,9-1,5

C. 5,4-6,0

D. 6,2-7,0

E. 7,4-8,0

29. Баланың қарын сөлінің құрамындағы сүтті ірітетін фермент:

A. липаза

B. пепсин

C. химозин

D. гастриксин

E. пепсиноген

30. Ұйқы безі сөлінің бөлінуін күшейтетін гормондар:

A. адреналин, серотонин

B. соматостатин, паратгормон

C. секретин, холецистокинин-панкреозимин

D. глюкагон, кальцитонин

E. ҚСТП, ТРТП

31. Ас қорыту жүйесінің эндокриндік қызметі мына гормондардың бөлінуіне байланысты:

F. Кортикостерон.

G. Либериндер.

H. Трииодтиронин.

I. Простагландиндер.

J. Гастроинтестиналдық гармондар.

32. Тоқ ішекте клетчатканы ыдыратады:

A. липаза

B. пептидаза

C. нуклеаза

D. сахараза

E. микроорганизмдердің ферменттері

33. Қарын ішіндегі анемияға қарсы тұратын Кастл ішкі факторының химиялық құрамының аталуын табыңыз:

A. май

B. пепсин

C. гастриксин

D. гастромукопротеид

E. витамин В12

34. Түрі, иісі, басқа да тамақ ішер алдында адамға әсер ететін факторлардан бөлінетін ас қорыту сөлінің түрін табыңыз:

A. қарын кезеңінің сөлі

B. ішек кезеңінің сөлі

C. тәбет сөлі

D. рефлекстік және гуморальдық кезеңінің сөлі

E. натрий бикарбонатына бай сөл

35. Қоректі заттардың ас қорыту түтігіндегі негізгі сіңетін орны:

A. ауыз қуысында

B. қарында

C. ащы ішекте

D. он екі елі ішекте

E. тоқ ішекте

36. Ауыз қуысының қорғаныстық қызметі сілекей құрамында мына заттың болуымен байланысты:

A. муцин

B. амилаза

C. лизоцим

D. трипсин

E. мальтаза

37. Сілекейдің тұтқырлық қасиеті құрамында қандай заттың болуымен байланысты:

A. трипсин

B. амилаза

C. лизоцим

D. муцин

E. мальтаза

38. Қарын сөлінің қышқылдық ортасын анықтайтын оның негізгі компоненті:

A. көмір қышқылы

B. натрий бикарбонаты

C. сульфаттар

D. тұз қышқылы

E. сүт қышқылы

39. «Тәбет» сөлі бөлінетін кезең:

A. қарын кезеңінде (нейрогуморальдық)

B. ішек кезеңінде

C. механикалық кезеңде

D. милы кезеңнің шартты рефлекс кезеңінде

E. тамақ қабылдағаннан кейін релаксация кезеңінде

40. Тири-Велла фистулаларын орнату арқылы ас қорыту түтігінің зерттелетін функциялары:

A. қарын сөлінің бөлінуі

B. қарынның қимыл қызметі

C. сілекей бездерінің сөл бөлінуін

D. ішектің қимыл қызметі

E. ауыз қуысының сіңіру қызметін

41. Ұйқы безі сөлінің құрамындағы ферменттер ыдыратады:

A. тек қана ақуыз бен майларды

B. тек қана көмірсулар мен ақуыздарды

C. қоректік затттардың барлық түрлерін: ақуыздарды, көмірсуларды майларды

D. тек қана эмульсияланған майларды

E. тек дисахаридтерді

42.Ұйқы безі сөлінің сілтілік реакциясын қамтитын зат:

A. аниондар CI-, HPO4

B. катиондар K, Ca2

C. шырышты заттар

D. бикарбонаттар

E. ұйқы безінің ферменттік сөлі

43. Ұйқы безі сөлімен он екі елі ішекке түскен ферменттердің әсерін күшейтеді:

A. глюкагон

B. ЖИП (ҚИП)

C. фруктоза

D. өт сөлі

E. соматостатин

44. Асқорыту процесіндегі өттің ролі:

A. гликогенезді активтендіреді

B. пепсиндердің белсенділігін төмендетеді

C. ұйқы безі сөлінің құрамындағы ферменттердің белсенділігін жоғарылатады

D. глюкозаның сіңірілуін қамтамасыз етеді

E. суда еритін витаминдердің сіңуін қамтамасыз етеді

45. Секретин гормонының әсер етуі:

A. гастриннің бөлінуін тежейді

B. холецистокиннің әсерін тежейді

C. пепсин бөлінуін күшейтеді

D. бикарбонаттың бөлінуін күшейтеді

E. жіңішке ішектің бүрлерінің жиырылуын күшейтеді

46. Асқазан бездерінің құрамына кіреді:

A. негізгі, шырышты және қосымша жасушалар;

B. айнала қоршалған, аралас және негізгі жасушалардан;

C. айнала қоршалған, серозды және қосымша жасушалардан;

D. негізгі, қосымша және айнала қоршаған жасушалардан;

қосымша, негізгі және кілегейлі жасушалардан

47. Тағамның гидролиздік ыдырауын қамтамасыз ететін ферменттер келесі топтарға жатады:

A. липазалар,карбогидраза,трансферазалар;

B. протеазалар, липазалар, K+-Na+ - АТФ-азалар;

C. протеазалар, липазалар, карбогидролазалар;

D. протеазалар, липазалар, трансферазалар;

E. карбогидролазалар, протеазалар, трансферазалар

48. Сілекей амилазасының әсерінен ыдырайды:

A. майлар май қышқылына дейін;

B. белоктар амин қышқылына дейін;

C. полипептидтер монопептидтерге дейін;

D. крахмал дисахарид мальтазаға дейін;

E. крахмал моносахаридке дейін.

49.Асқазан бездерінің сөл бөлу қызметін физиологиялық жағдайда бақылауға мүмкіндік беретін оқшауланған кішкене қарынша операциясын жасауды кім ұсынған:

A. Клеменсиевич-Гейденгайн;

B. Павлов;

C. Уголев;

D. Анохин;

E. Овсянников.

50. Эмульсияланған майларды қорытатын фермент:

A. липаза

B. амилаза

C. трипсин

D. өт қышқылдары

E. фосфолипаза

51. Шартты және шартсыз рефлекстер комплексін тудыратын ұйқы безі секрециясының кезеңін атаңыз:

A. жүйкелі-гуморалды кезең;

B. ішекті кезең;

C. күрделі-рефлекс кезең;

D. жүйкелі кезең;

E. гуморалды кезең.

52. Павлов атаған “ферменттің ферменті” деген ферментін атаңыз:

A. энтерокиназа;

B. холинэстераза;

C. карбоангидраза;

D. каталаза;

E. аминопептидаза.

53. Пилорусты жабу рефлексі келесі уақыттарда орын алады:

А.12 елі ішектің кілегейлі қабығын қышқыл химуспен тітіркендіргенде;

В. тағамның өңештен асқазанға өтуі кезінде;

С. тағамның аш ішектен тоқ ішекке өтуі кезінде;

D.тағамның тоқ ішектен тік ішекке өтуі кезінде;

Е.тағамның асқазанның фундальді бөлімінен пилорикалық бөлімге өтуі кезінде;

54. Ауыз қуысының қорғаныстық қызметі сілекей құрамында мына заттың болуымен байланысты:

А. муцин

В. амилаза

С. лизоцим

D. трипсин

Е. мальтаза

55. Қректік заттардың сіңірілуі негізінен жүреді:

A. ауыз қуысында

B. қарында

C. жіңішке ішекте

D. он екі елі ішекте

E. тоқ ішекте

56. Қарын сөлінің бөлінуінің милы кезеңін анықтауда төмендегі фистулалық операция қолданылады:

A. қарынға Басов әдісімен фистуланы орнату

B. «жалған тамақтандыру» тәжірибесі

C. Гейденгайн әдісі

D. Тире-Велла әдісі

E. аш- ішек фистулалары

57. Таза сілекей сөлін алуға ұсынған фистулалық операция:

A. қарынға Басов әдісімен фистуланы орнату

B. «жалған тамақтандыру» тәжірибесі

C. Гейденгайн әдісі

D. шықшыт безінің өзегін сыртқа шығару

E. аш- ішек фистулалары

58. Сілекей бездерінің симпатикалық талшықтарын тітіркендіргенде бөлінетін сілекейдің сипаттамасы:

A. аз мөлшерде, кою

B. аз мөлшерде қою, құрамында органикалық заттары көп

C. аз мөлшерде, құрамында бейорганикалық заттары көп

D. көп мөлшерде, сұйық, құрамында бейорганикалық заттары көп

E. сілекей үздіксіз бөлінеді

59. Ұйқы безі сөлінің рН-ы:

A. 1,0-2,0

B. 2,5-3,5

C. 4,0-5,5

D. 6,0-7,0

E. 7,8-8,4

60. Майларды эмульсиялануы ненің әсерінен жүреді:

A. липаза

B. амилаза

C. трипсин

D. өт қышқылдары

E. фосфолипаза

61. Аш ішек моторикасын күшейтеді:

A. Адреналин.

B. Ацетилхолин.

C. Гамма-аминмай қышқылы.

D. Глицин.

E. Тироксин.

62. Белоктардың қанға сіңетін өнімдері:

A. аминқышқылдар

B. полипептидтер

C. пептидтер

D. дипептидтер

E. олигопептидтер

63. Көмірсулардың қанға сіңетін өнімдері:

A. клетчатка

B. крахмал

C. моносахаридтер

D. гликоген

E. дисахаридтер

64. Асқазан сөліндегі тұз қышқылына не тән емес?:

A. белоктардың денатурациясын және iсiнуiн тудырды;

B. қажетті сілтілі орта тудырады;

C. антибактериялық әсер;

D. пепсиногеннiң пепсинге айналуына ықпал жасайды;

E. белоктарды ыдыратуға қажетті қышқылды;

65. Асқазан сөлi липазасының ерекшелiгi:

A. майларды ыдыратпайды, ересек адам үшін маңызды;

B. сүттiң эмульгацияға ұшырамаған майларын ыдыратады, ересек адам үшін маңызды;

C. ана сүтiмен қоректенетiн балаларға аса маңызды, сүттің құрамындағы майларды эмульгациялайды

D. ересек адамдар үшiн аса маңызды, асқазан сөліндегі пепсиндерді белсенді етеді;

E. шырышты ыдыратады, ересек адам үшін аса маңызды;

66.“Тәбет сөлi” бөлiнеді:

А. асқазан мен iшекке қоректiк заттар сiңiрiлгенде;

В. тағамның иісіне, түріне;

С. асқазаннан 12 елі ішекке өткенде;

Д. асқазанның сiлекейлi қабатына ас кесегi әсер еткенде;

Е. iшектiң сiлекейлi қабатына химус әсер еткенде;

67. Секретин қайда пайда болады:

А. ауыз қуысында

В. қарында

С. ащы ішекте

D. он екі елі ішекте

Е. тоқ ішекте

68. Ас қорыту жолының негізгі қызметі:

A. эксреторлық, қозғалыс, тыныстық

B. қозғалыс, секреторлық, сіңіру

C. сіңіру, секреторлық, гемопоэз

D. сіңіру, эксреторлық, реттелу

E. эксреторлық, сіңіру, тыныстық

 

ЖТЖ

1. Электрокардиограммада Q –тіс жүрек етінің белгілі бөлімінің қозуына сәйкес:

А. оң және сол жүрекшелердің

В. қарыншалардың түп жағындағы ет талшықтарының

С. жүрек ұшының

D. қарынша аралық перденің орта бөлімінің

Е. Гис шоғырының

2. Электрокардиограммадағы атриовентрикулярлық өткізгішті сипаттайтын интервал:

А. P – Q

B. QRS

C. QT

D. S – T

E. T – P.

3.Экстрасистола кезінде компенсаторлық үзіліс пайда болады:

А. синустық

В. оң жүрекшенің

С. жүрекше-қарыншалық

D. қарыншалық

Е. сол жүрекшенің

4. Электрокардиограммада Q –тіс жүрек етінің белгілі бөлімінің қозуына сәйкес:

А. оң және сол жүрекшелердің

В. қарыншалардың түп жағындағы ет талшықтарының

С. жүрек ұшының

D. қарынша аралық перденің орта бөлімінің

Е. Гис шоғырының


Дата добавления: 2015-07-10; просмотров: 379 | Нарушение авторских прав






mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.03 сек.)