|
1. Ас қорыту жүйесінің эндокриндік қызметі мына гормондардың бөлінуіне байланысты:
A. Кортикостерон.
B. Либериндер.
C. Трииодтиронин.
D. Простагландиндер.
E. Гастроинтестиналдық гармондар.
2. Бауырдың белок өнімдерін залалсыздандыру қызметі:
A. иммунды
B. белок түзетін
C. қан жасуша
D. дезинтоксикациялық
E. өт түзуші
3. Егде жастағы адамдардың ас қорыту жүйесінің ерекшелігі:
A. сөл бөліну күшейген, қимыл-әрекеті күшейген, сіңірілу жоғары
B. сөл бөліну азаяды, қимыл-әрекеті әлсіз, сіңірілу төмен
C. сөл бөліну азаяды, қимыл-әрекеті күшейген, сіңірілу жоғары
D. сөл бөліну күшейген, қимыл-әрекеті күшейген, сіңірілу төмен
E. сөл бөліну азайған, қимыл-әрекеті күшейген, сіңірілу төмен
4. Майлар мына ферменттің әсерінен ыдырайды:
A. липаза
B. амилаза
C. мальтаза
D. инвертаза
E. пепсин
5.Тамақты көргенде, иіскегенде пайда болатын сөл бөлінуінің кезеңі қалай аталады:
A. шартсыз рефлекстік
B. шартты рефлекстік
C. гуморальдық
D. қарындық
E. ішектік
6. Гликогеннің организмдегі қоры:
A. өкпе
B. көкбауыр
C. бауыр
D. бүйрек
E. ұйқы безі
7, Қарын сөлінің құрамындағы белоктарын ыдырататын фермент:
A. липаза
B. амилаза
C. мальтаза
D. инвертаз
E. пепсин
8. Организмдегі энергия қоры:
A. витаминдер
B. су
C. микроэлементтер
D. органикалық заттар
E. минералды заттар
9. Қарын сөлінің бөлінуінің үш кезеңін анықтауда төмендегі фистулалық операция қолданылады:
A. Басов әдісі - қарынға фистуланы орнату
B. «жалған тамақтандыру» тәжірибесінде
C. Павлов әдісі – жекеленген кіші қарынша жасау тәжірибесінде
D. Гейденгайн әдісі - жекеленген кіші қарынша жасау тәжірибесінде
E. ащы ішек фистулалары
10. Биологиялық мембраналардың заттарды бір бағытта өтуін анықтайтын тәсіл:
A. Вертгеймер тәжірибесі
B. «жалған тамақтандыру» тәжірибесі
C. Гейденгайн әдісімен бөлінген кіші қарынша операциясы
D. Павлов әдісімен бөлінген кіші қарынша операциясы
E. Экка-Павлов фистула тәжірибесі
11. Сілекей бөлу орталығы:
A. жұлында
B. ортаңғы мида
C. ми қыртысында
D. сопақша мида
E. мишықта
12. Сілекей бездерінің парасимпатикалық талшықтарын тітіркендіргенде бөлінетін сілекейдің сипаттамасы:
A. аз мөлшерде
B. қою, құрамында органикалық заттары көп
C. аз мөлшерде, құрамында бейорганикалық заттары көп
D. көп мөлшерде, сұйық, құрамында бейорганикалық заттары көп
E. сілекей үздіксіз бөлінеді
13. Аралас сілекейдің рН-ы:
A. 0,5-1,5
B. 1,5-3,5
C. 3,5-5,0
D. 5,8-7,4
E. 7,5-8,4
14. Ауыз қуысында сіңірілетін заттар:
A. белоктар
B. майлар
C. көмірсулар
D. фосфолипидтер
E. кейбір дәрі-дәрімектер (валидол, нитроглицерин т.б.)
15. Жұту шайнау рефлектердің орталық жүйке жүйесінде орналасқан орны:
A. ми қыртысы
B. гипоталамус
C. ортаңғы ми
D. сопақша ми
E. жұлын
16. Сілекейдегі крахмал гидролизінің ферменті:
A. пепсин
B. амилаза
C. гастриксин
D. трипсин
E. химотрипсин
Дата добавления: 2015-07-10; просмотров: 289 | Нарушение авторских прав