Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Жіті қабыну

Читайте также:
  1. Жіті және сүлде қабынулардың айырмашылықтары
  2. Одонтогендіқабыну кистасы
  3. Сүлде қабыну

Этиологиясы.Қабыну туындатқан себебіне қарай:

● инфекциялық;

● бейинфекциялық - болып ажыратылады. Бұлай ажырату шартты түрде ғана дұрыс. Әртүрлі экзогендік және эндогендік себептерден пайда болған бейинфекциялық қабынулардың артынан салдарлық жұқпалармен асқыну қауіпі жоғары болады.

Патогенезі. Қабыну үрдісі үш түрлі құбылыстан:

әлтерациядан;

микроциркуляцияның бұзылыстары мен эксудациядан;

пролиферациядан тұрады.

Оларды қабынудың компоненттері дейді.

Қабынудың патогенезі осы құбылыстарын талдау арқылы қарастырылады.

Әлтерация(лат. аltегаге - бүліну) — жасушалардың, жасуша аралық заттардың, жүйке аяқшаларының, қан тамырларының дистрофиялық, некробиоздық, некроздық бүліністерімен көрінеді. Ол бастапқы (біріншілік) және салдарлық болып ажыратылады. Бастапқы әлтерация қабыну туындатқан ықпалдың (флогогеннің) тікелей әсерінен болады. Салдарлық әлтерация бастапқы әлтерацияның нәтижесінде пайда болған биологиялық белсенді заттардың (қабыну дәнекерлерінің) әсерлерінен дамиды.

Бастапқы әлтерацияның нәтижесінде қан жасушалары (тромбоциттер, эозинофилдер, нейтрофилдер, базофилдер, моноциттер, лимфоциттер) және тін базофилдері (мес жасушалары) іштеріндегі белсенді заттарын, түйіршіктерін сыртқа шығарады. Осыдан жасуша аралық кеңістіктерде биологиялық белсенді заттар көбейеді. Бұл заттарды қабынудың дәнекерлері (медиаторлары) деп атайды. Олар айналасындағы қан тамырларының, тін жасушаларының бүліністеріне әкеледі. Сонымен, бастапқы әлтерация қабыну туындатқан қоздырғыштың тікелей әсерінен пайда болса, салдарлық әлтерация тіндерге лизосомалық ферменттердің және биологиялық белсенді заттардың (қабыну медиаторларының немесе дәнекерлерінің) әсерлерінен дамиды.

Бүгінгі таңда көптеген қабыну дамуына қатысатын биологиялық белсенді заттар зерттелген. Оларды: жасушалардан пайда болатын (жасушалық) дәнекерлер және организмнің сұйық орталарында, оның ішінде қан плазмасында болатын (гуморалдық) — медиаторлар деп екі топқа бөледі (-сызбанұсқа). Әсер ету жолдарына қарай олар:

● тамыр қабырғаларының өткізгіштігін басымырақ арттыратын;

● лейкоцитгердің тамыр сыртына шығуына (хемотаксис, фагоцитоз) басымырақ әсер ететін;

● пролиферацияға әсер ететін - деп үш топқа ажыратады.

Жасушалық медиаторларға гистамин, серотонин, лизосомалық ферменттер, катиондық нәруыздар, цитокиндер, простагландиндер, циклдік нуклеотидтер жатады. Қан плазмасында калликреин-кининді, комплемент және қан ұю жүйесіне қатысатын заттар болады және олар әсерленеді, қабыну дамуына дәнекерлер болады.



Гистаминмес жасушаларда немесе лаброциттерде гепаринмен және химазамен байланысқан әсерсіз түрде болады. Бос күйінде ол ұсақ тамырларға (қылтамырлар, венулалар), олардың қабырғаларының өткізгіштігін көтеріп, кеңітетін әсер етеді. Гистамин аз мөлшерде артериолаларды кеңітеді, ал көп мөлшерде — венулаларды жиырады. Гистаминнің сыртқа шығуы мес жасушаларының, базофильдердің түйіршіксіздену кездерінде болады. Бұған жоғарыда келтірілген себепкер ықпалдар әкеледі. Сонымен бірге түйіршіксіздену иммундық серпілістер кездерінде, былайша айтқанда антигеннің антиденелермен мес жасушаларының сыртында байланысқанында, әрқашан байқалады.


 

-сызбанұсқа


Дата добавления: 2015-07-10; просмотров: 302 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Кіріспе | Ауру және біртектес дерттік үрдістер | Организм реактивтілігі | Организмнің төзімділігі және оның түрлері | Абыну дамуындағы комплемент жүйесінің маңызы | Сүлде қабыну | Жіті және сүлде қабынулардың айырмашылықтары | Жіті кезеңдік жауаптың негізгі медиаторлары | Жіті кезеңнің арнайыланған нәруыздары | Ан сұйығының протеолиздік жүйесінің әсерленуі |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Реактивтіліктің түрлері| Абынудың жасушалық және гуморалдық медиаторларының пайда болу және әсер ету жолдары

mybiblioteka.su - 2015-2017 год. (0.008 сек.)