Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Ан сұйығының протеолиздік жүйесінің әсерленуі

Читайте также:
  1. Абыну дамуындағы комплемент жүйесінің маңызы
  2. Мектептегі білім беру жүйесінің дамуы.

Протеолиздік жүйеге калликреин-кинин, комплемент, қан ұю, фибринолиздік жүйелер жатады. Олар қалыпты жағдайларда физиологиялық үрдістерге қатысады және организмге бүліндіргіш ықпалдар әсер еткенде кейбір қорғану-икемделу серпілістері дамуына қатысады. Бірақ олардың тым қатты әсерленіп кетуінен дерт туындауына әкелетін дерттік ықпалға айналады. Қан ұю және фибринолиздік жүйелер гемостаз бұзылыстарында келтірілді (тромбоз, тромбэмболия және шашыранды қан ұю-синдромын қараңыз).

Калликреин-кинин жүйесінің маңызы. Әсерленген Хагеман факторы прекалликреинді калликреинге айналдырады. Ол кининогенге әсер етіп кинин түзілуін күшейтеді (қабыну медиаторларын қараңыз). Кининдер қан тамырларына белсенді әсер ететін полипептидтерге жатады. Солардың ішінде 9 аминқышқылдарынан тұратын нонапептид брадикинин жақсы зерттелінген.

Кининдер артериолаларды кеңітеді және қылтамырлар қабырғаларының өткізгіштігін көтереді. Осыған байланысты кининдер көп сөл шығаратын (сілекей бездері, ұйқыбез, ішек-қарын жолдары, тер бездері) ағзалар қызмет атқару үшін өте маңызды.

Организмге бүліндіргіш ықпалдар (жарақат, уыттар, ишемия т.б.) әсер еткенде әдетте Хагеман факторының әсерленуі калликреин-кинин жүйесінің белсенділігі қатты көтерілуіне әкеледі. Бұл кездерде жергілікті тіндерде қабыну дамиды. Брадикинин қабыну медиаторы болып, оның даму қарқынына, өту түріне ықпал етеді және ауыру сезімі қалыптасуына қатысады. Кининдер тін бүліністеріне организмнің жалпы серпілістері дамуына қатысады. Олар негізінен бүлініске икемделу-бейімделу тетіктері дамуында маңызды орын алады. Тек кининдер тым көп құрылуынан әртүрлі бұзылыстар дамытатын ықпалға айналады.

Олардың жалпы қанайналымға жайылиалы әсері қорғану-икемделу тетіктерінің бірі болып есептеледі. Кининдер белгілі мөлшерде кіші және үлкен қанайналым шеңберлерінде шеткері қан тамырларының кедергілік қасиетін төмендетіп, жүрекке келетін қанның және жүрек қарыншаларының соққылық көлемін арттырады. Осындай жағдай адамның көңіл-күйі толқуларында, қол жұмысын атқарғанда, ыстық температура әсер еткенде, гипоксия т.б. кездерде байқалады. Миокардтың жіті ишемиясы және инфаркты кездерінде кининдер жүрек тамырларын кеңейтеді және оның шығарымын ұлғайтады, шеткері қан тамырларының кеңеюінен дамитын шамалы гипотензияның нәтижесінде жүрекке түсетін жүктеме азайып, оның қызметі жеңілдейді, қанның ағзаларға қайта бөлінуі болады. Ал калликреин-кинин жүйесінің тым қатты әсерленіп кетуінен ауыр гипотензия, қатты ауыру сезімі пайда болуынан кардиогендік сілейме дамуы мүмкін.

Кининдер аллергиялық серпілістер кездерінде тіндердің бүліністері туындауына қатысады. Бронхиалық демікпенің ұстамасы кезінде науқастың қанында кининдердің мөлшері 10-15 есе көбейеді. Осыдан белгілі мөлшерде кининдер бронхоспазм туындатады. Олардың тегіс салалы ет жашуларының рецепторларымен байланысуы нәтижесінде кальций иондары саркоплазмаға көптеп түсуінен ет талшықтарының жиырылуы болады. Кининдердің бұл әсері, бронхиалық демікпемен ауыратын науқастарда байқалатын, β-адренергиялық рецепторлардың белсенділігі төмен болуы кезінде күшейеді. Сондықтан кинидердің қалыпты жағдайда бронхоспазм туындатпайтын мөлшері көрсетілген рецепторлардың белсенділігі аз болғанда оны туындатады.



Калликреин-кинин жүйесінің тым қатты әсерленуі әртүрлі сілеймелер, құздама (ревматизм), нефриттер, артриттер, ұзақ жаншылу синдромы, атеросклероз, артериалық гипертензия т.б. аурулар кездерінде байқалады. Протеолизді шектейтін дәрілерді қолданып калликреин-кинин жүйесінің белсенділігін азайтуға және сол арқылы дерттік үрдістің даму қарқынын кемітуге болады.

Загрузка...

Комплемент жүйесінің маңызы.Комплемент – әсерленістері кездерінде организмнің қорғаныстық серпілістері дамуына қатысатын биологиялық белсенді заттар құрылуына әкелетін және атқаратын қызметтері бойынша өзара байланысты қан сұйығында болатын нәруыздар жүйесі. Комплемент «С» әрпімен, ал оның құрамбөлшектері араб цифрымен (мәселен, С1, С2 С3 т.с.с.) белгіленеді. Комплементтің әсерленуі классикалық және балама жолдармен болады.

Классикалық жолы «антиген-антидене» кешені әсер етуінен дамиды. Бұл кезде комплементтің көптеген құрамбөлшектері ыдырауынан белсенді өнімдері құрылады. Олардың біразы әсерлену тізбегінен аластанады, басқалары бірігеді. Әсерленудің соңында нысана-жасушаларға (тін жасушаларына, антиденелермен байланысқан микробтарға) уытты әсер ететін С59 құрамбөлшектері құрылады. Комплементтің барлық құрамбөлшектері қабыну дамуына қатысады. Оның әсерленуі иммундық серпілістерге бейспецификалық қорғану тетіктерін (фагоцитоз, қабыну) қосуға бағытталады. Компелементтің С құрамбөлшегі мес жасушаларының түйіршіктерінен биологиялық белсенді заттар босап шығуына және тегіс салалы ет талшықтарының жиырылуына әкеледі. Сқұрамбөлшегі гранулоциттердің белсенділігін арттырады, қылтамырлардың эндотелий жасушаларына жабысуын және тамыр сыртына шығуын күшейтеді. С құрамбөлшектері тромбоциттердің агрегациясынтуындатады. Бұл әсерлер тромбоциттердің мембранасына тромбин бекуінен одан сайын күшейеді. Компелементтің белсенді құрамбөлшектерінің макрофагтармен өзара әрекетесулерінен простагландиндер мен лейкотриендер түзілуі күшейеді.

Комплемент әсерленуінің балама жолы бактериялардың полиқанттарының әсерлерінен болады және жұқпаларға қарсы маңызды тетік болып есептеледі. Ол тез арада иммундық тетіктердің қатысуынсыз қосылады. Бұл жолы көптеген қосымша ықпалдардың қатысуымен С3 құрамбөлшегінің ыдыратылуынан басталады. Комплементтің әсерленуі осы жүйе тізбектерінің әртүрлі бәсеңсіткіштерімен қадағаланады. Солардың ішінде С1 және С3 құрамбөлшектерінің бәсеңсіткіштері жақсы зерттелген. С1-бәсеңсіткіші, эстераза ферменттері болып, С1 құрамбөлшегінің өз бетінше әсерленіп кетуінен сақтандырады. Сонымен қатар ол калликреин-кинин және фибринолиз жүйелерін тежейді.

Комплемент жүйесінің бақылаудан шығып кетуі әртүрлі дерттік үрдістер туындатыды. Оның кейбір бәсеңсіткіштерінің тапшылығы аутосомдық-бәсеңкі жолмен ұрпаққа берілетін тектік ақаулардан болуы мүмкін. Мәселен, С1-бәсеңсіткішінің тапшылығы кезінде әртүрлі, тіпті шамалы бүліністердің өздері комплементтің классикалық жолмен әсерленуінің бастапқы тізбектерін С3-құрамбөлшегіне дейін жүзеге асырады. Ары қарай ол С3-бәсеңсіткішімен тежеледі. Осыдан туа біткен ангионевроздық ісіну пайда болады. Өйткені бұл кезде пайда болған С2b-құрамбөлшегі кининдерге ұқсас әсер етеді. С3-бәсеңсіткішінің тапшылығы кезінде С3-қрамбөлшегінің әсері күшейіп кетеді және комплементтің балама жолымен әсерленуі бұзылады, жұқпаларға организмнің төзімділігі төмендеп, ауыр жұқпалар (пневмония, отит, гайморит, менингит т.б.) дамиды.

Кезкелген комплемент құрамбөлшектерінің артық әсерленуі көптеген дерттік үрдістердің дамуында маңызды орын алады. Осыдан олар дәрі-дәрмектерге жалған аллергиялық серпілістер, кейбір сілейме (әсіресе сепсистік сілейме) дамуына қатысады. Сепсистік сілейме дамуы эндотоксиндердің комплементті әсерлендіретін қасиетімен байланысты болады. Эндотоксин қан сұйығында протеолиздік жүйенің әсерлендіргіші болып есептеледі.

Организмде өндірілетін кейбір ферменттер де комплементті әсерлендіреді. Мәселен, трипсин, плазмин, калликреин оның әсерленуінің балама жолын іске қосады. Әртүрлі бүліндіргіш ықпалдар бұл ферменттердің белсенділігін көтереді.

 

Ызба

Қызба - организмде және жасушалардың цитоплазмасында темпера-тураны көтеру арқылы жұқпалар, қатерлі өспе өсуі және организмнің меншік тіндерінде некробиоздық өзгерістер дамуы кездерінде байқалатын экзогендік және эндогендік антигендік ықпалдарға жауап ретінде иммундық жүйенің серпілістерін күшейтетін организмнің қорғаныстық серпілісі. Сонымен қатар, оның нәтижесінде тін жасушаларының айналасында температура көтерілуінен зат алмасуларының қарқыны артуының да қорғаныстық маңызы бар. Иммундық жүйенің әсерленуінен пайда болатын эндогендік пирогендер дене ішінде температураны көтеріп, бұл жүйенің ары қарай өзін-өзі әсерлендіруін сергітеді. Жіті қабыну және жүйелік қабынулық серпілістер кезіндеріндегі қызбаның нәтижесінде байқалатын нәруыздардың ыдырауы артуынан организмнің адаптациясына қатысатын жүйелерде (солардың ішінде иммундық жүйеде) нәруыз түзілуіне қажетті өнімдер пайда болады.

Қызба дамуына иммундық жүйенің қатысуы мына жағдайларда болуы ықтимал:

● бактериялық, вирустық т.б. жұқпалар кездерінде бактериялардың эндо-токсиндерінің әсерінен;

● өз беттерінше антиген немесе гаптен болатын дәрі-дәрмектердің әсерінен;

● жарақат, күйік, жаралану, ұзақ жаншылу синдромы т.б. кездерінде организмнің меншік тіндерінің некробиоздық және некроздық бүліністері нәтижесінде жіті қабыну және жіті кезеңдік жауап дамуынан;

● организмде қатерлі өспе өсуі кезінде өспе жасушаларының сыртқы беттерінде өспелік антигендердің пайда болуынан;

● аллергиялық серпілістер кездерінде иммундық жүйе жасушаларының әсерленуінен эндогендік пирогендер босап шығуы нәтижесінде.

Прогестерон өндірілуі бұзылыстары кезіндегі гормондардың арақаты-настары өзгерістерінен де қызба дамуы мүмкін деген де жорамал бар.

Қалыптасқан пікір бойынша бұл факторлардың әсерінен қызба дамуы экзогендік пирогендердің ықпалынан болады деп есептеледі. Шын мәнінде олардың біразы ғана иммундық жүйеге экзогендік болады, ал тұтас организмге сырттан әсер ететін ықпал бола алмайды. Мәселен, жарақат кезінде көптеген жасушалардың бүліністерінен қызба дамуына әкелетін, бірақ иммундық жүйе танымайтын, антигендер босап шығады.

Экзогендік пирогендер эндогендік пирогендер өндірілуін арттырып әсер етеді. Эндогендік пирогеннің бір өкілі болып, әсерленген қан моноциттері мен тіндік макрофагтарда өндірілетін интерлейкин-1 (IL-1) есептеледі. Интерлейкин деген сөз лейкоциттерді әсерлендіретін фактор деген мағынаны білдіреді. IL-1, молекулалық массасы 11 килодалтон, полипептидтік цитокин. Ол жоғарыда көрсетілген әсерленген макрофаг-тардан басқа В-лимфоциттерінде, табиғи киллер лимфоциттерінде, микроглиялық және мезангиалық жасушаларда, қатерлі өспеге айналған миелоидтық т.б. жасушаларда өндіріледі.

Интерлейкин-1 қабыну кезінде, пироген ретінде ОЖЖ-не әсер етіп қызба ғана туындатып қоймай, жіті кезеңнің жүйелік серпілістер дамуын сергітеді. IL-1 көп пішінді ядролы лейкоциттердің сүйек кемігінен шығуын арттырып, нейтрофилдік лейкоцитоз дамуын күшейтеді. Бұл лейкоциттерден, тамыр қабырғалары арқылы қабыну ошағына олардың шығуына қажетті, коллагеназа ферменті босап шығуын арттырады. IL-1 нейтрофилдерде оксидазалық және гексозомоноффосфаттық тотығуды күшейтіп, олардан оттегінің бос радикалдары босап шығуын көбейтеді. Осыдан нейтрофилдердің бактерицидтік қасиеті артуымен қатар, тіндердің салдарлық бүліністері де пайда болуы мүмкін. Бұл цитокин фибробластар мен сілемейлі қабық жасушаларына өсу факторы ретінде әсер етіп, оларда коллаген және плазминогеннің әсерлендіргіштері өндірілуін күшейтеді. Коллаген өндірілуінің артуы нәтижесінде қабыну кезінде пайда болған бүлінген тіннің орны толықтырылады.

Гипоталамусқа әсер етіп, IL-1 аденогипофизде кортикотропин мен соматотропин өндірілуін арттырады. Осыдан зат алмасуларына, инсулинге қарсы әсер ететін, катаболизмдік гормондардың мөлшері көбейеді. Бұл кезде тотығатын заттардың артық ыдырауынан организмнің қорғаныстық серпілістері барысында пайдаланылатын энергиялық өнімдер пайда болады.

Осы келтірілгендердің өзінен-ақ IL-1-дің организмнің қорғаныстық жүйелерінің қызмет атқаруында өте маңызды екенін көруге болады. Бұл қорғаныстық серпілістер ОЖЖ мен иммундық жүйенің бірігіп жұмылдырылуы нәтижесінде дамиды. Қабыну кезінде IL-1-дің әсерінен дене қызымының көтерілуі жіті кезеңдік жауаптың тек бір ғана көрінісі болады.

Гипофизге IL-1-дің әсерінен кортикотропин артық өндірілуінен бүйрек үсті бездерінің сыртқы қабатында глюкокортикоидтық гормондардың түзілуі күшейеді. Содан кортизол өндірілуі жасушалардан IL-1-дің босап шығуын тежейді. Осылай жүйелік қабынулық серпіліс пен қабыну кезіндегі жіті кезеңдік жауап өзін-өзі шектейді.

IL-1 Тх-лимфоциттеріне әсер етіп, олардан IL-2 босап шығуын арттырады. Ол Т-лимфоциттерінің білгілі өскіндері өсіп-өнуіне әкелетін митогендік ықпал етеді. Бұлардың бөлініп көбеюі оларды қоршаған ортада температура 39,5ْ С болғанда ең үлкен деңгейге жетеді. Дене қызымының осылай көтерілуі Т-жасушаларына IL-2-нің митогендік әсерін 400 есе күшейтеді.

Қан сұйығында IL-1 темір мен мырыштың деңгейін төмендетеді. Темір көптеген микробтардың өсіп-өнуіне қажетті зат болғандықтан, оның азаюы дерт туындататын бактериялардың өсуін тежейтін ықпал етеді. IL-1 бауырда жіті кезеңдік нәруыздардың түзілуін арттырады.

Өспе өсуі кезінде қатерлі өспе жасушасына айналған жасушалардың қарқынды өсіп-өніп кетуі организмнің туа біткен немесе жүре пайда болған организмнің иммундық тапшылығынан болатыны белгілі. Сондықтан қатерлі өспесі бар науқастарды радио- және химиотерапиямен қосып, дене қызымын жасанды жолмен көтеру арқылы (пиротерапия) емдеу өспенің өсуі мен метастаза таратуын шейктейтін әсер етеді. Бұл кезде бір ядролы макрофагтар мен иммундық қабілетті жасушаларда өндірілетін цитокиндер (IL-1, өспені жоятын фактор) көбейеді. Бұл цитокиндердің әсерінен табиғи Т-киллер жасушалары қатерлі өспе жасушаларын шабуылдайды. Бұл кезде есте сақтайтын бір жайт, ол пиротерапияны қолданғанда дене қызымы 40ْ С-дан төмен болмауы қажет.

Дегенмен, Т-киллер жасушалары сыртқы беттерінде тіндік үйлесімділіктің үлкен кешенінің антигендері жоқ қатерлі жасушалаларды жоя алмайды. Сондықтан барлық жағдайларда қатерлі өспелерді пиротерапиямен емдеу нәтижелі бола бермейді.

Өспені жоятын фактор мен IL-1 басқа макрофагтық қабынулық альфа-1 нәруызда эндогендік пироген болады. Бұл пироген гепаринмен байланыса алады және оның қызба туындатуы циклооксигеназа ферментінің белсенділігімен байланысты болмайды. Сондықтан оның әсерінен пайда болған қызба, циклооксигеназа ферментін тежейті, бейстероидтық қабынуға қарсы дәрілермен емдеуге көнбейді. Бұндай қызба септицемия кезінде қан айналымындағы моноциттер мен бактериялық эндотоксиндер әрекеттесуінен макрофагтық қабынулық протеин бөлініп шығуы нәтижесінде дамиды.

Бұлшықет жасушаларында IL-1 циклооксигеназа ферментін және простагландин Е1 түзілуін артырып, нәруыздар ыдырауын күшейтеді. Содан пайда болған аминқышқылдары қанмен айналып жүріп организмнің қорғаныстық жүйелерінде нәруыз түзілуіне пайданылады. Бұлшықеттердің нәруыздары ыдыратылуынан қызба кезінде науқас адам 1 кг-дай ет массасын жоғалтады. Бұлшықеттерде нәруыздардың ыдырауын науқас адамды ұйқы басуынан болатын гиподинамия да күшейтеді. Науқасты ұйқы басу мыйдың баяу ұйқыға жауапты нейрондарына IL-1 әсер етуінен болады.

Гипоталамустың термореттеу орталығына IL-1 әсер етуінен шеткері тері қан тамырларының жиырылуынан жылудың сыртқа шығарылуы азайып, бұлшықеттердің қалтырауынан және бауырда жылу өндірілуі артады. Осыдан дене қызымы көтеріледі. Ол белгілі бір деңгейге жеткенде жылу шығару мен оның өндірілуінің арасында жоғары деңгейде тепе-теңдік пайда болады. Бұл кезде гипоталамус арқылы өтетін қанның температурасы жаңа орныққан деңгейге жетеді.

Жорамал бойынша, гипоталамуста IL-1 жасуша мембранасындағы арахидон қышқылынан Е тектес простагландин түзілуін күшейтеді. Простагландин Е1 аденилатциклаза ферментін әсерлендіріп, жасушаларда циклдік АМФ түзілуін арттырып, жылу өндірілу және шығарылу тетіктерін әсерлендіреді. Ацетилсалицил қышқылы және басқа бейстероидтық қабынуға қарсы дәрілердің дене қызымын төмендететін әсері олардың циклооксигеназа ферментін тежеп, простагландиндер Е1 және Е2 түзілунен сақтандыру нәтижесінде жүзеге асады.

Глюкокортикоидтар фосфолипаза А ферментін тежеп, ОЖЖ жасуша мембраналарынан арахидон қышқылы және иммундық жүйе жасушаларынан IL-1 босап шығуын азайтады. Сол тетіктер арқылы көтерілген дене қызымын төмендетеді.

Мыйға қан құйылудан астроциттердің цитолизі болып, олардан IL-1 босап шығады. Осыдан бұндай науқастарда дене қызымы көтеріледі және ұйқы басу байқалады.

Қызбаның теріс жақтары.Қызба тым қатты және ұзақ болғанда организмнің иммундық серпілістері тым қарқынды болуынан артынан иммундық тапшылықтық дамытады. Содан организмнің жұқпаларға төзімділігі кемиді. Қызба кезінде бұлшықеттерде дистрофия дамуы науқастың сауығуын баяулатады. Дене қызымының көтерілуі организмде оттегінің пайдаланылуын арттырады. Сол себепті әйгіленбеген тыныс алу және жүрек қызметінің жеткіліксіздігі бар науқастарда артериалық гипоксемия, тыныстық ацидоз дамуына әкеледі және жүректің әлсіздігін ушықтырып жібереді. Дене қызымы күрт түсінен коллапс дамуы мүмкін.

Дене қызымының 41ْ С-дан астам жоғары көтерілуі өз бетінше науқастың есінен тануына (комаға) және өліміне әкелуі ықтимал.

 


Дата добавления: 2015-07-10; просмотров: 229 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Ауру және біртектес дерттік үрдістер | Организм реактивтілігі | Организмнің төзімділігі және оның түрлері | Реактивтіліктің түрлері | Жіті қабыну | Абынудың жасушалық және гуморалдық медиаторларының пайда болу және әсер ету жолдары | Абыну дамуындағы комплемент жүйесінің маңызы | Сүлде қабыну | Жіті және сүлде қабынулардың айырмашылықтары | Жіті кезеңдік жауаптың негізгі медиаторлары |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Жіті кезеңнің арнайыланған нәруыздары| Ызбаның клиникалық жіктелу түрлері

mybiblioteka.su - 2015-2017 год. (0.089 сек.)