Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Организм реактивтілігі

Читайте также:
  1. II. Сопоставление различных действующих в животном организме сил
  2. Авитаминозные, гиповитаминозные и гипервитаминозные состояния организма.
  3. АНТИГЕНЫ ОРГАНИЗМА ЧЕЛОВЕКА
  4. Буферные системы организма
  5. Буферные системы организма.
  6. Буферные системы человеческого организма
  7. В организме больного начался острый гнойный воспалительный процесс. Какие изменения можно ожидать в гемограмме? / Увеличение содержания лейкоцитов.

Кейбір жұқпалардың індеттері кездерінде (мәселен, тұмау) барлық адамдар бірдей ауыра бермейтіні көптен белгілі. Жұқпалы ауруларға қарсы екпелер жасағанда кейбір адамдарда жұқпалардың клиникалық көріністері байқалып, иммунитет дамыса, басқалары иммунитет дамуымен мүлде жауап қайтармайды.

Қандай да болмасын аурутуындататын белгілі бір қоздырғышқа әр адам әртүрлі жауап қайтаратыны көне заманнан белгілі болған. Мәселен, Абу Али ибн Синаның, Парацельстің т.б. еңбектерінде осындай ерекшеліктер туралы нұсқамаларды кездестіруге болады. Соған карамай организмнің реактивтілігі туралы түсінік ХХ-ғасырдың басында, аллергия туралы түсінікті Пирке енгізгеннен кейін, ғана пайда болды.

Аурутуындататын ықпал әсер еткеннен кейін аурудың пайда болуы немесе болмауы және оның өту түрі организм реактивтілігінен байланысты болады. Сондықтан реактивтілікті және оның даму жолдарын білу аурудың патогенезін жете түсінуге, одан алдын-ала сақтану мен емдеу жолдарын нәтижелі қолдануға мүмкіншілік береді.

Н.Н.Сиротинин: «организм реактивтілігі –қоршаған ортаның ықпалдарына организмнің белгілі жолмен жауап қайтару қасиеті» деп анықтаған. Бірақ келтірілген анықтама көпшілік ғалымдардың көңілдерінен шыққанымен, бұл қасиет тұтас организмге ғана тән бе, жоқ әлде жекелеген жүйелерге, ағзалар мен жасушаларға да тән бе? – деген сұрақтың төңірегінде даулар әлі күнге дейін жүріп жатыр. Бұндай жауап қайтару қабілет тұтас организм деңгейінде ғана емес, оның жекелеген жүйелерінің, ағзалары мен жасушаларының деңгейлерінде де байқалады. Мәселен, бронхиалық демікпемен ауыратын науқастардың кеңірдекшелерінің ацетилхолинге сезімталдығы, сау адамдарға қарағанда, жоғары болады. Оқшауланған жағдайда қызмет атқарып тұрған жүрекке гипоксиямен, адреналинмен немесе пилокарпинмен әсер еткенде өзінің жиырылу күшін өзгертіп жауап қайтарады. Қан лейкоциттері пробирка ішінде де фагоцитоздық қызмет атқарады. Орақ тәрізді жасушалы анемия кезінде эритроциттер гипоксияға жауап ретінде тез гемолизге ұшырайды. Бөтен текті антигенге сезімталдығы көтерілген жануарлардың лаброциттерін алып, оларға әйнектің үстінде сезімталдықты көтерген антигенді қосқанда бұл лаброциттер өздерінің түйіршіктерін сыртына бөліп шығарады. Ал сезімталдығы көтерілмеген сау жануарлардың лаброциттері мұндай жауап қайтармайды. Осы келтірілген деректерден қоршаған орта ықпалдарына организмнің жекелеген жүйелері мен ағзалары және жасушалары да жауап қайтара алатынын көруге болады. Сондықтан жоғарыда келтірілген анықтама былай толықтырылғаны жөн.

Реактивтілік – деп қоршаған ортаның әртүрлі, солардың ішінде аурутуындататын ықпалдарына тұтас организмнің және оның жекелеген жүйелері мен ағзаларының жауап қайтару қабілетін айтады».

Тұтас организмнің реактивтілігі реттеуші (жүйке, эндокриндік және иммундық) жүйелердің қатысумен қамтамасыз етіледі. Бұл кезде заттардың алмасуы, иммундық жауап, қан, қанайналым, тыныс алу жүйелерінің өзгерістері байқалады. Ол қабынудың өту қарқынымен, фагоцитоздың айқындылығымен, лейкоцитоз даму, дене қызымы көтерілу, эритроциттердің тұну жылдамдығы, антиденелер өндірілу, бүлінген тіндердің қалпына келу және жараның біту дәрежелерімен т.б. көрінеді.

Реактивтілік түсінігі организмнің төзімділігімен тығыз байланысты.


Дата добавления: 2015-07-10; просмотров: 1017 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Кіріспе | Реактивтіліктің түрлері | Жіті қабыну | Абынудың жасушалық және гуморалдық медиаторларының пайда болу және әсер ету жолдары | Абыну дамуындағы комплемент жүйесінің маңызы | Сүлде қабыну | Жіті және сүлде қабынулардың айырмашылықтары | Жіті кезеңдік жауаптың негізгі медиаторлары | Жіті кезеңнің арнайыланған нәруыздары | Ан сұйығының протеолиздік жүйесінің әсерленуі |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Ауру және біртектес дерттік үрдістер| Организмнің төзімділігі және оның түрлері

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)