Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Одонтогендіқабыну кистасы

5. Одонтогенді флегмона

890. Одонтогенді остеомиелиттің жіті (подострая фаза) сатысында секвестрлердің қалыптасуын ынталандыруда қайсысын НЕҒҰРЛЫМ тағайындамаған дұрыс:

1. Бір топтағы қанды немесе плазманы құю

2. Полисахаридтер

3. Метилурацил

4.+Антибиотиктер

5. Витаминдер

891. Балалардағы төменгі жақсүйектің жедел одонтогенді остеомиелитінде сүйекке жүргізілетін қай әрекеттің НЕҒҰРЛЫМ патогенетикалық мәні бар?

1. Консервативті емнің сәтсіздігінде «себепші» тісті жұлу, ауыз ішінен және сыртынан тілу.

2. «Себепші» тісті жұлу, ауыз ішінен және сыртынан тілу

3. Төменгі жақсүйекке остеоперфорацияоперациясы, ауыз ішінен және сыртынан тілу

4. «Себепші» тісті жұлу, антибактериалды терапия, физиоем

5.+Остеоперфорация және сүйекішілік лаваж

892. Балалардағы төменгі жақсүйектің диффузды деструктивті остеомиелитінің дамуына төменде аталған факторлардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ әсер етпейді?

1. Жақсүйектің қанмен қамтамасыз етілуінің ерекшеліктері

2.+Орталық жүйке жүйесінің лабилділігі

3. Тістер мен жақсүйектердің құрылымының толық қалыптаспауы

4. Бор заттың компактты қабаттан басым болуы

5. Тістердің түбірлерінің қалыптасу және сорылу кезеңінде ұлпаның пародонт тіндерімен кең байланысы

893. Балалардағы жақ периоститі немесе остеомиелиті бойынша жүргізілген сүйек қабын кеңірек ажырату операциясында қандай асқыну НЕҒҰРЛЫМ болуы мүмкін?

1. Іріңді экссудаттың жақсы шығуы

2. Үрдістің тез кері дамуы

3. Қабыну үрдісінің өршуі

4. Үрдістің іріңді инфильтрация кезеңіне өтуі

5.+Жақтың экстрооралді қанмен қамтамасыз етілуінің бұзылуы

894. Балалардағы жедел одонтогенді остеомиелитінде қосымша әрекет – остеоперфорация және сүйек ішілік шаюға НЕҒҰРЛЫМ ДҰРЫС көрсеткішті анықтаңыз:

1. Остеофлегмонаның дамуы

2. Венсансимптомының болуы

3.+Айқын сүйек гипертензиясы

4. Аурудың ағымының жағымсыз болжамы

5. Сүйекті айнала муфта тәрізді инфильтраттың болуы

895. Жақсүйек остеомиелитінің жедел кезеңінде «себепші» уақытша тіске қатысты НЕҒҰРЛЫМ ЖИІ қолданылатын әрекет:

1. Сақтайды

2. Шендеуішпен бекітеді

3. Трепанация

4.+Жұлады

5. Реплантация жүргізеді

896. Остеомиелиттің жедел сатысының хирургиялық емінде остеперфорация үшін НЕҒҰРЖИІ қолданады:

1. Дрильбор

2. Фиссуралы бор

3. Фрез

4.+Шар тәрізді бор

5. Науа тәрізді долото

897. Остеомиелиттің жедел сатысында ауыру сезімі НЕҒҰРЛЫМ жиі орналасады:

1.+Жақсүйекте;

2. Бірнеше тістерде

3. Антагонист-тістерде

4. Беттің жұмсақ тіндерінде

5. Ауыз қуысы шырышты қабатында

Тақырып № 24 «Балалардағы жақ сүйектерінің созылмалы остеомиелиті. Одонтогенді остеомиелиттің клинико-рентгенологиялық түрлері. Нақтамасы және емі».

898. Остеомиелиттің жіті сатысында, ашылған іріңді ошақ аймағында қалыптасады:

1. Сүйек қабығы асты гранулемасы

2. Теріасты гранулемасы

3. Жыланкөздік тартпа

4.+Жыланкөздік жол

5. Инфильтрат

899. Балаларда остеомиелиттің созылмалы сатысында рентгенограммада НЕҒҰРЛЫМ жиі келесі аймақтар анықталады:

1. Шекарасы айқын сүйек тінінің резорбциясы

2.+Шекарасы айқын емес сүйек тінінің резорбциясы

3. Шекаралары айқын остеосклероз ошақтары

4. Шекаралары айқын емес остеосклероз ошақтары

5. Секвестрацияның басталуы

900. Жақтардың созылмалы остеомиелиттерінде балалардың немесе олардың ата- аналарының шағымдары:

1.+Бір немесе бірнеше жыланкөз жолдарының болуы

2. Бет терісінің домбығуы және гиперемиясы

3. «Себепші» тістің қозғалмалылығы

4. «Себепші» тісте ауру сезімі

5. Дене қызуының көтерілуі

901. Остеомиелиттің созылмалы сатысында бет конфигурациясының өзгеруі:

1. Шырышты қабаттың қабынулары

2. Жұмсақ тіндерінің домбығуы

3. Жұмсақ тіндер инфильтраты

4. Жұмсақ тіндегі гематома

5.+Периостальды реакция

902. Ауызішілік секвестрэктомияны жүргізеді, егер үрдіс орналасса:

1. Жақ бұтағында

2. Жақ денесінде

3. Жақ бұрышында

4.+Альвеолды өсіндіде

5. Жақ денесінің иек аймағында

903. Остеомиелиттің жіті сатысында қабынулы контрактура үрдістің келесі аймақта орналасуына бйланысты:

1. Жоғарғы жақтың альвеолды өсіндісінде

2. Төменгі жақтың альвеолды өсіндісінде

3. Жоғарғы жақ төмпешігінде

4. Төменгі жақтың иек бөлігінде

5.+Төменгі жақтың бұрышы және бұтағында

904. Созылмалы остеомиелит кезінде тістер қозғалғыштығының жиі себебі:

1.+Тістердің секвестрация аймағында орналасуы

2. Альвеола қабырғаларының резорбциясы

3. Альвеола қабырғаларының бұзылуы

4. Тістің байлам аппаратының некрозы

5. Тіс ұлпасының өлуі

905. Балаларда созылмалы остеомиелит кезінде ауыз қуысында анықталады:

1. Альвеолды өсінді шырышты қабатының гиперемиясы

2. Альвеолды өсінді шырышты қабатының қалыңдауы

3.+Жыланкөз жолдарынан грануляциялардың шығып тұруы

4. Тістер қозғалғыштығының азаюы

5. Тістер қозғалғыштығының көбеюі

906. Созылмалы остеомиелит кезінде хирургиялық емнің неғұрлым тиімді әдісі:

1.+Секвестрэктомия

2. Остеоперфорация

3. «Себепші» тісті жұлу

4. Қозғалмалы тістерді шендеу

5. «Себепші» және көршілес тістерді жұлу

907. Созылмалы остеомиелиті бар балаларды қарап тексергенде, неғұрлым жиі анықтайды:

1. Жақтың вестибулярлы жағынан, зақымдану ошағы аймағында сүйектің қалыңдауы

2.+Жақтың екі жағынан да айқын периостальды реакция, теріде жыланкөздердің болуы

3. Зақымдану ошағына байланысты, жұмсақ тіңдердің домбығуы және инфильтрациясы

4. Жұмсақ тіңдердің домбығуы және пальпация кезінде ауру сезімі

5. Жақтың оральды жағынан периостальды реакция

908. Реактивтілігі төмендеген балаларда клинико-морфологиялық белгілері бойынша остеомиелиттің келесі сатысы жиі дамиды:

1. Жедел

2. Жіті

3. Созылмалы

4.+Біріншілік-созылмалы

5. Созылмалының өршуі

909. Остеомиелиттің созылмалы ағымы бар балаларда қосымша емдеу әдістеріне жатады:

1. Физиотерапия

2. Новокаин блокадалары

3. Гипербариялық оксигенация

4. Инфузионды терапия

5.+Иммуностимулдеуші терапия

910. Жақтың бұрышы аймағында созылмалы остеомиелит орналасса келесі асқыну дамуы мүмкін:

1. Тұрақты азу тістердің адентиясы

2. Тұрақты азу тістерің гипоплазиясы

3. Тістемнің бұзылуы

4.+Жақ микрогениясы

5. СТЖБ анкилозы

911. Созылмалы остеомиелиттің келесі аймақта орналасуы СТЖБ жағынан патология дамытуы мүмкін:

1. Жақ денесі

2. Альвеолды өсінді

3. Төменгі жақ бұтағы

4. Жақтың иек аймағы

5.+Төменгі жақ бұтағы мен буын өсіндісінде

912. Балаларда төменгі жақтың дамымай қалуы созылмалы остеомиелит ошағының қайда орналасуында кездеседі:

1. Жоғарғы жақтың альвеолды өсіндісінде

2. Төменгі жақтың альвеолды өсіндісінде

3.+Төменгі жақ бұтағы және бұрышы.

4. Төменгі жақ бұрышы

5. Төменгі жақ денесі

913. Төменде келтірілген зерттеу әдістерінің қайсысы, одонтогенді қабынулы киста және гиперостозды остеомиелит арасында НЕҒҰРЛЫМ нақты салыстырмалы нақтама жүргізуге мүмкіндік береді?

1.+Рентгенологиялық зерттеулердің нәтижелері

2. Зерттелетін аймақта «себепші» тістің болуы

3. Тісжегі ағымының белсенділігінің дәрежесі

4. Қабыну үрдісінің ағымының ұзақтығы

5. ЭОД нәтижелері

914. Деструктивті остеомиелит дамуының қай мерзімінде біріншілік рентгенологиялық белгілер НЕҒҰРЛЫМ жақсы көрінеді?

1.+2 аптаның соңында

2. 3 аптаның соңында

3. 4 аптаның соңында

4. 5 аптаның соңында

5. 6 аптаның соңында

915. Балаларда созылмалы одонтогенді остеомиелиттің нәтижесі болып табылады:

1. Біріншілік адентия

2. Тығыз одонтома пайда болады

3. Одонтогенді қабынулы кистасы

4. Одонтогенді теріасты гранулемасы

5.+Екіншілік адентия және тіс-жақ деформациялары

916. Балалардың созылмалы одонтогенді деструктивті остеомиелиті кезінде қандай хирургиялық ем НЕҒҰРЛЫМ тиімді?

1.+Секвестрэктомия

2. Экскохлеация

3. Цистэктомия

4. Цистотомия

5. Резекция

917. Науқас 16 жаста. Бір ай бұрын ауруханада жоғарғы жақтың жедел одонтогенді остеомиелиті бойынша емделген. Қарап тексергенде, оң жақ көзасты аймағында домбығу анықталды. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Дене қызуы 37,00С. Ауыз қуысында, оральды және вестибулярлы жағынан 1.3 және 1.5 тістері аймағында шырышты қабаты ісінген, көкшіл, 1.4 тісі жоқ, ұяшығы грануляциялық тінге толы. Жоғарғы оң жақ тістерінің перкуссиясы аздап аурырады. НЕҒҰРЛЫМ дұрыс нақтама қойыңыз:

1. Жоғарғы жақтың остеобластокластомасы

2. 1.4 тісі аймағында ұяшық нервісінің невриті

3. Жоғарғы жақтың жедел одонтогенді іріңді периоститі

4. Жоғарғы жақтың жедел одонтогенді іріңді остеомиелиті

5.+Жоғарғы жақтың одонтогенді ошақты деструктивті остеомиелиті

918. 6-жасар бала 3 ай бойы ауырып жүр, аудандық ауруханада бірнеше рет жедел одонтогенді остеомиелит бойынша ем қабылдаған. Бірақ үрдіс толығымен аяқталмаған. Ауруханаға келген кезде, ауыз қуысында және терісінде грануляциясы бар жыланкөз анықталды, альвеолярлы өсінді жалаңаштанған.

НЕҒҰРЛЫМ қолайлы нақтама қойыңыз:

1. Жедел одонтогенді остеомиелит

2. Одонтогенді деструктивті остеомиелит

3. Созылмалы одонтогенді остеомиелиттің өршуі

4. Одонтогенді деструктивті остеомиелиттің өршуі

5.+Созылмалы одонтогенді деструктивті остеомиелит

919. 4 жасар қыз бала, бір ай көлемінде клиникада төменгі оң жақтың денесінің және бұтағының жедел одонтогенді остеомиелиті бойынша кешенді ем қабылдаған. Жедел одонтогенді остеомиелит басылған соң, науқасты ауруханадан шығарған.

Секвестрлердің қалыптасу кезеңінде, баланы реабилитациялау бойынша дәрігердің НЕҒҰРЛЫМ қолайлы тактикасы:

1. Антибактериальды препараттарды тағайындау, ауыз қуысын ирригациялау

2. Қызуды түсіретін, седативті препараттарды тағайындау

3.+Биологиялық активті және антистафилококкты препараттарды тағайындау

4. Сәулелі терапия, ауыз қуысын ирригациялау

5. Антигистаминді препараттарды тағайындау

920. Мектепке дейінгі жастағы балаларда деструктивті одонтогенді остеомиелит кезінде секвестрлерді алудың НЕҒҰРЛЫМ тиімді мерзімдері:

1. Емнің басынан, 6 айдан кейін

2. Емнің басынан, 3 аптадан кейін

3. Жыланкөзден ірің ағып болған соң

4. Сау тіңнен секвестрлер толық бөлінген соң

5.+Үрдістің орналасуына байланысты 3-4 апта мерзімі аралығында

921. Жоғарғы жақтың шектелген (ошақты) одонтогенді остеомиелитімен диспансерлік бақылауда тұрған 15-жасар баланы қарап тексергеннен кейін, көзасты аймағында оң жағындағы домбығу анықталды. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Ауыз қуысында вестибулярлы және оральды жағынан 1.5, 1.3 тістері аймағында шырышты қабаты ісінген, 1.4 тісі жоқ, ұяшығы грануляцияланған тінге толы, тістерді перкуссиялағанда аздап ауру сезімі бар.

НЕҒҰРЛЫМ қолайлы нақтама қойыңыз:

1. Жұлынған тіс ұяшығының альвеолиті

2. Жоғарғы жақтың жіті одонтогенді остеомиелиті

3. Жоғарғы жақтың одонтогенді остеомиелитінің өршуі

4.+Жоғарғы жақтың 1.4 тісінің аймағындағы созылмалы одонтогенді шектелген остеомиелиті

5. Жоғарғы жақтың одонтогенді остеомиелитінің гиперостозды түрі

922. 6 жасар бала 3 ай бойы ауырып жүр. Аудандық ауруханада жедел одонтогенді остеомиелит бойынша бірнеше рет ем қабылдаған. Бірақ үрдіс толық аяқталған жоқ, жіті түрге ауысты, грануляцияға толы ауызішілік және ауызсыртылық жыланкөздер қалыптасты. Қарап тексергенде, бет әлпеті аздап ісінген, пальпацияда, айқын периостальды реакция, ауызын ашуы аздап шектелген, альвеолярлы өсінді жалаңаштанған

НЕҒҰРЛЫМ оптимальды ем жоспарын құрыңыз:

1. Антибактериальды терапия

2. Қабынуға қарсы терапия

3. Стимулдеуші терапия

4.+Секвестрэктомия

5. Физиотерапия

923. 4 жасар қыз бала, бір ай көлемінде клиникада төменгі жақ денесінің және бұтағының оң жағындағы жедел одонтогенді остеомиелит бойынша емделген. Үрдіс жіті түрге ауысты.

Баланы емдеу бойынша дәрігердің НЕҒҰРЛЫМ қолайлы тактикасы?

1. Ауруханалық емді жалғастыру, протеолитикалық ферменттерді тағайындау

2. Ауруханалық емді жалғастыру, антистафилококкты препараттарды тағайындау

3. Ауруханалық емді жалғастыру, биологиялық активті препараттарды тағайындау, патологиялық сынуды алдын-алу үшін шендеуіш дайындау

4.+Емханада биологиялық активті препараттарды тағайындау, патологиялық сынуды алдын-алу үшін шендеуіш дайындау

5. Емханада массаж тағайындау, физиотерапиялық шараларды және антибиотик тағайындау

924. 4 жасар бала үш апта бойы ауруханада төменгі жақтың жедел остеомиелиті бойынша емделді. Бірақ ауруханадан шыққан соң, қайтадан жедел қабыну белгілері пайда болды.

Науқастың бұл жағдайына НЕҒҰРЛЫМ дұрыс түсініктеме беріңіз:

1. Остеомиелиттік үрдіс созылмалы сатыға ауысты

2.+Остеомиелиттік үрдіс жіті сатыға ауысты

3. Науқасты ерте ауруханадан шығарды

4. Остеомиелиттің жедел сатысы жалғасуда

5. Ауруханадағы ем адекватты емес болды

925. Жоғарғы жақтың жедел остеомиелиті бойынша ұзақ уақыт бойы емделген 16 жасар баланы қарап тексергенде, оң жақ көзасты аймағында домбығу анықталды. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық, дене қызуы 370С. Ауыз қуысында, вестибулярлы және оральды жағынан 1.6 жұлынған тіс аймағында қызылиек ісінген, көкшіл, 1.6 тісі жоқ, ұяшығы грануляциялық тінге толы. Жоғарғы оң жақ тістеріне перкуссия жасағанда аздап ауру сезімі болды.

НЕҒҰРЛЫМ дұрыс нақтама қойыңыз:

1. 1.4 тісінен болған, жоғарғы ортаңғы ұяшықты нервісінің нервиті

2. Жоғарғы жақтың альвеолярлы өсіндісінің жаңа түзілімі

3. 1.4 тісінен болған, жоғарғы жақтың жедел одонтогенді остеомиелиті

4. 1.4 тісінен болған, жоғарғы жақтың жіті одонтогенді остеомиелиті

5.+1.6 тісінен болған, жоғарғы жақтың созылмалы шектелген остеомиелиті

926. Балалардағы төменгі жақ денесінің созылмалы деструктивті остеомиелитін емдеудің НЕҒҰРЛЫМ қолайлы тәсілін анықтаңыз:

1. Секвестрэктомия, диспансерлік бақылау

2. Секвестрэктомия, антибактериальды және иммунотерапия

3. Секвестрэктомия, остеостимуляция, симптоматикалықжәне антибактериальды терапия

Диспансерлік бақылау

4. Секвестрэктомия, симптоматикалық терапия, диспансерлік бақылау

5.+Секвестрэктомия, төменгі жақты шендеу, антибактериальды ем және физиоем, остеостимуляция

927. Балалардағы остеомиелиттің жіті сатысы нақтамаланады:

1. 5-7 күнде

2. 7-10 күнде

3.+10-14 күнде

4. 14-21 күнде

5. 21-28 күнде

Тақырып № 25 «Балалардағы жақ сүйектерінің гематогенді остеомиелиті. Одонтогенді остеомиелиттің клинико-рентгенологиялық түрлері. Нақтамасы және емі».

928. Жоғарғы жақтың қандай ерекшеліктері жедел гематогенді остеомиелиттің орналасу жерлерін анықтайды?

1. Кортикальды қабаттың құрылысы

2. Қанмен қамтамасыз ету ерекшеліктері

3. Анатомиялық құрылысының ерекшеліктері

4. Жоғарғы жақтың топографиялық ерекшеліктері

5.+Анатомиялық құрылысының және қанмен қамтамасыз етілуінің ерекшеліктері.

 

929. Төменде келтірілген факторлардың ішінде қайсысы балалардағы жедел одонтогенді стеомиелиттің клиникалық ағымын ауырлатады?

1. Баланың жасы

2. Баланың тамақтану түрі

3.+Аурудың септикалық фоны

4. Жақсүйектердегі үрдістің орналасу орны

5. Үрдістің бастапқы кездегі деструктивті бұзылысы

930. Жақсүйектерінің гематогенді остеомиелитімен ауырған балалардың диспансерлік бақылауының ЕҢ қолайлы ұзақтылық мерзімі?

1.+Тіс-жақ жүйесінің толық қалыптасуына дейін

2. Бір жыл ішінде тұрақты ремиссияға дейін

3. Уақытша тістемнің қалыптасуына дейін

4. Жыныстық қалыптасу мерзіміне дейін

5. Толық клиникалық айығуға дейін

931. Балалар жақ бет аймағы хирургиясына 2,5-жастағы бала анасымен кеңес алуға облыстық ауруханадан келді. Анамнезден, балада ұзақ уақыт бойы жазылмаған кіндігінің жарасы болғаны белгілі болды. Қарап тексергенде, жоғарғы жағы домбыққан, мұрын-ерін қатпары тегістелген, жоғарғы жағының альвеолды өсіндісінде қою іріңді бөліндісі бар жылға анықталды.

Төменде келтірілген нақтамалардың ішінде ЕҢ қолайлысы?

1. Мұрын фурункул

2. Одонтогенді периостит

3. Көзасты аймағының абсцессі

4. Жоғарғы жақтың одонтогенді остеомиелиті

5.+Гематогенді остеомиелиттің жергілікті ошақты түрі

932. Балалардағы гематогенді остеомиелит қай жас аралығында ЕҢ жиі кездеседі?

1+1 жасқа дейінгі уақыт

2. 2 ден 3 жасқа дейін

3. 4 тен 6 жасқа дейін

4. 7 ден 12 жасқа дейін

5. 13 тен 15 жасқа дейін

933. Емханаға ата-анасы 2- жасар баланы алып келді, бала жоғарғы жақтың жедел гематогенді остеомиелитімен ауырған. Ата-анасының айтуы бойынша, мазасыз болып жүргеніне 2 күн болды, дене t0 38,50С жоғарылаған. Қарап тексергенде, уақытша күрек және сүйір тістер интактты, қозғалмалылығы I-II дәрежелі, шырышты қабаты гиперемияланған, ісінген, қызылиек астынан ірің ағып тұр.

Ең қолайлы нақтама қойыңыз. Балаға біріншілік дәрігерлік көмек көрсетіңіз

1. Жедел одонтогенді периостит, периостотомия

2. Жоғарғы жақтың остеобластокластомасы, ісікті алып тастау

3. Жедел іріңді ұлпа қабынуы, жансыздандыру арқылы іріңді шығыруға жол ашу

4.+Гематогенді остеомиелиттің өршуі, жедел госпитализация, іріңдікті шығару, медикаментозды ем.

5. Жедел ошақты остеомиелит, барлық қозғалмалы тістерді жұлу

934. Балалардың бассүйегіндегі, бет сүйектерінің гематогенді остеомиелитінің ЕҢ жиі орналасу жерін көрсетіңіз:

1. Төменгі жақтың денесі

2. Жоғарғы жақтың денесі

3. Мұрын және иек сүйектері

4. Жоғарғы және төменгі жақтың альвеолярлы өсіндісі

5.+Жоғарғы жақ өсінділері және төменгі жақтың буын өсіндісі

935. Төменде келтірілген асқынулардың қайсысы балалардың төменгі жағының буын өсіндісінің гематогенді остеомиелитімен байланысы жоқ?

1. Самай-төменгі жақ буынының анкилозы

2. Самай-төменгі жақ буынының неортрозы

3. Самай-төменгі жақ буынының остеоартрозы

4. Самай-төменгі жақ буынының остеоартриті

5.+Самай-төменгі жақ буынының дистензионды артриті

936. Клиникаға ата анасы 3 жасар қызды алып келді. Бала туылған кезде, төменгі жағының оң жағының буын өсіндісінің жедел гематогенді остеомиелитімен ауырған. Кейіннен науқастың аузы жабылып қалған, тек сұйық тағаммен тамақтанады.

ЕҢи қолайлы нақтама қойыңыз және ем жоспарын құрыңыз.

1. Самай-төменгі жақ буынының деформацияланған остеоартрозы, жасөспірімдік кезеңге дейін механотерапия

2. Буын өсіндісінің созылмалы гематогенді остеомиелиті, секвестрэктомия содан кейін сүйектік пластика

3. Төменгі жақтың оң жағының микрогениясы, остеотомия және сүйектік пластика

4.+Самай-төменгі жақ буынының анкилозы, микрогения, төменгі жақ бұтағының біркезеңдік сүйектік пластикасымен остеотомия көрсетілген

5. Самай-төменгі жақ буынының деструктивті остеомиелиті, секвестрэктомия, қабыну үрдісі аяқталғаннан кейін сүйектік пластика

937. Жақсүйектердің гематогенді остермиелитімен ауыратын балаларға белсенді түрде инфузионды ем жүргізеді. Құйылатын ерітінділердің фармакодинамикалық бағыты бойынша арналған:

1. Шокпен күресу

2.+Дезинтоксикация үшін

3. Парентеральды тамақтану үшін

4. Иммунды жүйені ынталандыру үшін

5. Бұлшықеттік тонусты бір қалыпта ұстап тұру үшін

938. Гиперэргиялық тип бойынша өтетін жақсүйектерінің гематогенді остеомиелитінің асқынуы:

1. Ауыз қуысы түбінің флегмонасы

2. Тромбогеморрагиялық синдром

3. Мұрын қуысының қабынуы

4.+Токсикоинфекциялық шок

5. Тромбофлебит

939. Гематогенді остеомиелитімен ауыратын балаларға интенсивті терапия жүргізгенде төменде келтірілген жалпы компоненттердің барлығы кіреді, ТЕК біреуінен басқасы:

1. Алмасу үрдістерін түзеу

2. Тыныс алу қызметтерін түзеу

3.+Бұлшықет тонусын бір қалыпта ұстап тұру

4. Өмірге қажет қызметтерді қалпына келтіру

5. Адекватты қанайналымды бір қалыпта ұстап тұру

940. Жедел гематогенді остеомиелитпен ауыратын балаларды емдеуді қандай мекемеде жүргізген НЕҒҰРЛЫМ дұрыс:

1. Емханада;

2. Аурухана изоляторында;

3. Жақ-бет аймағы бөлімшесінде;

4. Аурухананың жалпы палатасында;

5.+Интенсивті терапия және реанимация бөлімінде.

941. Балалардың жақ-сүйектерінің гематогенді остеомиелиті кезінде балаларға детоксикация мақсатында инфузионды терапия жүргізеді. Трансфузионды терапияны бақылаудың ЕҢ ақпаратты белгісі:

1.+Енгізілетін ерітінділер және шығарылатын зәр мөлшерінің балансы

2. Енгізілетін ерітінділер және шығарылатын зәр мөлшерінің арасындағы дисбаланс

3. Енгізілетін ерітінділер мөлшерінің ұлғаюы және шығарылатын зәр мөлшерінің төмендеуі

4. Енгізілетін ерітінділер мөлшерінің ұлғаюы және шығарылатын зәр мөлшерінің күрт төмендеуі

5. Енгізілетін ерітінділер санының төмендеуі және шығарылатын зәр санының ұлғаюы

942. Гематогенді остеомиелит кезінде емдік препараттарды тиімді енгізу үшін қай қантамырды ЕҢ жиі катетерлейді?

1. Айырша вена

2.+Бұғанаасты вена

3. Бұғанаасты артерия

4. Ішкі ұйқы артериясы

5. Сыртқы ұйқы артериясы

943. Гематогенді остеомиелит кезінде ауыр жүйелі асқыну дамуы мүмкін – жүйелі қабынулы реакция, төменде келтірілген клиникалық белгілердің барлығы сәйкес келеді, ТЕК біреуінен басқасы:

1.+Ауыздың шектеліп ашылуы

2. Тыныс алуы минутына 30 рет

3. Дене температурасы 38 С жоғары немесе 36 С төмен

4. Жүрек соғуы минутына 100 соғыс немесе одан да көп

5. Перифериялық қанда лейкоциттер саны 20 000 1 мм, жоғары ЭТЖ, лимфопения,

944. Төменде келтірілген медикаментозды терапияның ішінде барлығы гематогенді остеомиелит кезінде қолданылады ТЕК біреуінен басқасы:

1. Дезинтоксикациялық терапия

2. Симптоматикалық терапия

3. Қабынуға қарсы терапия

4. Гипосенсибилиздеуші

5.+Тіндік терапия

945. Төменде келтірілген ем-шаралардың ішінде барлығы жедел фазалы гематогенді остеомиелит кезінде қолданылады, ТЕК біреуінен басқасы:

1. Іріңді шығару

4. Иммунотерапия

3. Детоксикациялық терапия

5.+Гормональды препараттарды қолдану

2. Антибактериальды және гипосенсибилиздеуші терапия

946. Төменде келтірілгендердің барлығы жаңа туылған балалардағы гематогенді остеомиелит инфекциясының біріншілік ошағы бола алады, ТЕК біреуінен басқасы:

1. Туылу жолдарының патологиясы кезінде нәрестені инфицирлеу

2. Кіңдіктің ұзақ уақыт бойы жазылмайтын жарасы

3. Жаңа туылған нәрестенің отиті

4. Емізетін ананың маститі

5.+Одонтогендік ошақтар

947. Қабылдау бөліміне 4 айлық баланы алып келді. Оң жақ көзінің қабағының терісі гиперемияланған, көз саңылауы жабық. Көздің төменгі қыры бойынша көздің сыртқы бұрышында жылға бар, жоғарғы жақтың оң жағынан альвеолды өсінді муфта тәрізді қалыңдаған, өтпелі қатпар тегістелген. Дене қызуы 39,7, бала мазасыз. Баланың анамнезінде – терінің іріңді ауруымен ауырған. Келтірілген клиникалық мағлұматтар қай нақтамаға ЕҢ дұрыс сәйкес келеді?

1. Оң жақ көзінің дакриоциститі

2. Ұрт аймағының одонтогенді абсцессі

3. Ретробульбарлы кеңістігінің флегмонасы

4.+Жоғарғы жақтың гематогенді остеомиелиті

5. Бетсүйегі аймағының одонтогенді емес абсцессі

948. Гематогенді остеомиелиттің қоздырғышы болып келеді:

1. Гемолитикалық стрептококк

2. Анаэробты микрофлора

3. Фильтрлейтін вирус

4. Актиномицеттер

5.+Стафилококк

949. Остеомиелиттердің басқа түрлерімен салыстырғанда гематогенді остеомиелиттің таралуының пайыздық қатынасы қандай?

1. 0- 1%

2. 1- 5%

3.+7- 9%

4. 10- 20%

5. 20- 30%

950. Көптеген зерттеушілер гематогенді остеомиелитті, сепсистің көрінісі ретінде, септикопиемия ретінде қарастырады. Қандай клиникалық белгі бұл тұжырымға сәйкес келеді?

1.+Екіншілік пиемиялық ошақтардың пайда болуы

2. Анемия, лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарлауы

3. Пароксизмальды тахикардия

4. Терінің бозаруы

5. Дене салмағының азаюы.

951. Микрофлораның сезімталдығын анықтағанға дейін, антибактериальды терапияның келесі схемасы ЕҢ тиімді:

1. Ошақтың орналасуына байланысты

2. Науқасты емдеудің барлық мерзімдеріне

3. Микробиологиялық зерттеулердің нәтижесін күту

4.+48-72 с. жоғары дозалы, кең спектрлі препаратты таңдау

5. 48-72 с. дозасы жоғары емес, спектрі кең емес препаратты таңдау

952. Жақтардың гематогенді остеомиелитінің токсикалық түрінде НЕҒҰРЛЫМ дұрыс белгісі:

1. Тахикардия

2. Тұрақты емес АҚ

3. Дене салмағының азаюы

4. Анемия, лейкоцитоз, ЭТЖ жоғары

5.+Температуралық шкаланың гектикалық типі

953. Гематогенді остеомиелиттің септикопиемиялық түрінде НЕҒҰРЛЫМ дұрыс белгісі:

1. Сепсистің бастапқы стадиясы

2. Іріңді- резорбтивті қызба

3. Жергілікті іріңді үрдіс

4.+Екіншілік пиемиялық ошақтардың пайда болуы

5. Септицемия

954. Токсикалық остеомиелиттің септикопиемиялық түрінде НЕҒҰРЛЫМ дұрыс белгісі:

1. Тахипноэ

2.+Бактериемия

3. Дене қызуы 38

4. Тахикардия, тахипноэ

5. Анемия, лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарлауы

955. Гематогенді остеомиелиттің септикопиемиялық түрінің дамуының бастапқы механизмі болып табылады:

1.+Бір мезетте немесе әртүрлі уақытта қанайналымға микроорганизмдердің және олардың токсиндерінің түсуі

2. Созылмалы инфекция ошағы және баланың организмінің арасындағы динамикалық тепе-теңдік

3. Лимфатикалық қантамырларға және аймақтық лимфа түйіндеріне микроорганизмдердің түсуі

4. Иммундық жүйенің және организмнің спецификалық емес реактивтілігінің өзгеруі

5. Ішкі ағзалардың созылмалы аурулары

956. 3-жасар баланың ата-анасы, ауыз қуысының шектеліп ашылуына, бет конфигурациясының бұзылуына шағымданып келді. Қарап тексергенде, микрогения белгілері, сол жақ мықын аймағының бетінде «лампасты» тіліктер анықталды. Анасының айтуы бойынша, бала өмірінің бірінші айында іріңді үрдіс салдарынан оперативті ем қолданылды.

Микрогенияның дамуына қандай патологиялық үрдіс себепші болды?

1. Буын өсіндісінің жарақаты

2. Одонтогенді қабынулы үрдіс

3. Буын өсіндісінің басының шығуы

4. Самай-төменгі жақ буынының туа пайда болған ақауы

5.+Буын өсіндісінің гематогенді остеомиелиті, остеоартрит, СТЖБ анкилозы

957. 5-жасар балада, СТЖБ анкилозы және төменгі жақтың микрогениясы нақтамаланды. Бұл клиникалық жағдайда қандай ем әдісі ЕҢ рациональды?

1. Динамикада бақылау

2. Ортодонтиялық ем

3. Жақ бұтағының остеотомиясы

4. Жақ остеотомиясы және сүйектік пластика

5.+Жақ остеотомиясы және компрессионды-дистракционды остеосинтез

958. Ерте балалық шақта, жақтардың гематогенді остеомиелитімен ауырған балада, қандай асқыну дамуы мүмкін

1. Тістер түсінің өзгеруі

2. Тіс пішінінің ақауы

3.+СТЖБ анкилозы және микрогения

4. Жақтардың қабынулы контрактурасы

5. Одонтогенді қабыну үрдістерінің дамуы


Дата добавления: 2015-07-10; просмотров: 355 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Тақырып: № 12 «Қайталамалы герпетикалық стоматит. Клиникалық ағымының ерекшеліктері, емі, алдын-алу шаралары». | Тақырып: № 15 «Балалардағы созылмалы кандидоз. Клиникалық ағымының ерекшеліктері, емі, алдын-алу шаралары». | Шаралары». | Тақырып: № 17 «Балалардың ауыз қуысындағы қайталамалы афталары. Клиникалық ағымының ерекшеліктері, емі,алдын-алу шаралары». | Тақырып № 19: «Балалардағы ерін аулары. Клиникалық ағымының ерекшеліктері, емі, профилактикасы». | Тақырып № 20: «Балалардағы тіл аурулары. Клиникалық ағымының ерекшеліктері, емі, профилактикасы». 1 страница | Тақырып № 20: «Балалардағы тіл аурулары. Клиникалық ағымының ерекшеліктері, емі, профилактикасы». 2 страница | Тақырып № 20: «Балалардағы тіл аурулары. Клиникалық ағымының ерекшеліктері, емі, профилактикасы». 3 страница | Тақырып № 20: «Балалардағы тіл аурулары. Клиникалық ағымының ерекшеліктері, емі, профилактикасы». 4 страница | Тақырып № 20: «Балалардағы тіл аурулары. Клиникалық ағымының ерекшеліктері, емі, профилактикасы». 5 страница |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Тақырып № 20: «Балалардағы тіл аурулары. Клиникалық ағымының ерекшеліктері, емі, профилактикасы». 6 страница| Балаларда кездесетін тіс жарақаттары. Диагностикасының және емнің клиникалық ағымының ерекшеліктері. Жедел тіс жарақаты бар баланы

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.074 сек.)