Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Жоба - болжам

Жаңа материал бойынша жұмыс

Кіріспе: Үнтаспадан Жаяу Мұсаның бір әнін тыңдау

а/ Біз не тыңдадық?

б/ Бұл кімнің әні?

в/ Ән туралы не білеміз?

Балалар, бұл атақты әншіміз Жаяу Мұсаның әні

 

Жаңа білімді меңгерту

Бүгінгі сабақта Жаяу Мұсаның өмірі мен шығармашылығымен танысамыз және Ақсиса әнін үйренеміз.

 

Жаяу Мұса Байжанұлы (1835 - 1929)

ХІХ ғасырдың екінші жартысымен ХХ ғасырдың басында өмір сүрген қазақтың белгілі ақыны, әнші – сазгері Мұса Байжанұлы 1835 жылы қазіргі Повладар облысы, Баянауыл ауданындағы Жасыбай көлінің жағасында дүниеге келді.

Мұса ауыл молдасынан 5 – 6 жыл оқып хат таниды. 15 жасында Қызылжар қаласына келіп, әр түрлі жұмыс істеп жүріп орысша үйренеді. Сол қалада бірнеше жыл жүріп білім алады. Кейін Омбыда жүріп, бос жүрмей музыка жанрларын өз бетінше түсінуге тырысады.

Ауылына қайтқан Мұса, анасы баптап отырған жалғыз атын, Шорманның Мұстафасы тартып алады. Мұса соған қарамастан ауылдарды жаяу аралап, өнерін елге көрсетіп жүре береді. Мұсаның ашу – ызасы ақындық тілімен еркін төгіледі. Мұса зорлық – зомбылыққа қарсы өршіл рухпен үн қатады. Сол кезде «Ақ сиса» әнін шығарады:

Ақ сиса, қызыл сиса, сиса – сиса,

Қалмайды кімдер жаяу зорлық қылса.

Шорманның Мұстафасы атымды алып,

Атандым сол себептен «Жаяу Мұса».

Жаяу Мұсаның өлеңдері: «Ләйлім», «Көкаршын», «Сұршақыз», «Сәулем қыздар», «Шолпан», «сапаржан», «Құлбай», «Қабір басында», т.б.

Поэмалары: «Олжабай батыр», «Данышпан қыз». Мұсаның тағы да басқа өлеңдерінің көбісі аңшылық пен қыздарға арналған.

Жаяу Мұсаның әндері Біржан салдың әндерімен үндесетін классикалық туындылар: «Көгаршын», «Хаулау», «Гауһар қыз», «Сұрша қыз», т.б.

Дарынды дала перзенті 1929 жылы, өзінің ата қонысында, 94 жасында қайтыс болады.

Жаяу Мұса – ХІХ ғасырдың ортасы мен ХХ ғасырдың басындағы қазақ халқының біртуар дарынды перзенті, өлмес мұра қалдырған ақын, әнші, сазгер.

 

 

Сергіту сәті: Қолымызды билетіп, қошқар мүйіз жасайық,

Енді сәл – сәл сілкіллеп,шапалақтап соғайық.

Домбыраны қолға алып әдемілеп ойнайық,

Көтерінкі көңілмен, ән мен жырға салайық.

 

Жоба - болжам

 
 

 


Ән үйрену: Ақ сиса

 

Ақ сиса, қызыл сиса, сиса-сиса,
Қалмайды кімдер жаяу зорлық қылса.
Шорманның Мұстафасы атымды алып,
Атандым сол себептен Жаяу Мұса.

Ақ сиса, қызыл сиса, сиса-сиса,
Жүрмейді кімдер жаяу зорлық қылса.
Байлары орыс-қазақ қашқын дейді,
Көрер ем қашқындықты күнім туса.

Үш жүзге атым мәлім Жаяу Мұса,
Жүрмейді кімдер жаяу зорлық қылса.
Аттыдан жаяу жүріп кек аламын,
Жігіттер, шамаң келсе, маған ұқса.

 

Бекіту.

- Тамаша балалар.

- Әнді ұнаттық па?

- Оңай болды ма?

- Бүгінгі сабақ ұнады ма?

Оқушыларды бағалап шығу.


Дата добавления: 2015-11-04; просмотров: 147 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Электропривод пассажирского лифта с асинхронным двигателем| Перемещение по листу

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)