Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

ЖЭС- тің бас ғимаратының топтастырылуы.

Читайте также:
  1. IV Тақырыбы: Мемлекеттің нысаны.
  2. Аналитикалық дәріс. Мемлекеттің әлеуметік және аймақтық саясаты
  3. Аржылық есептіліктің ұлттық стандарттарының ерекшеліктері
  4. Л. Н. Гумилевтің өмір жолы.
  5. Магнетиктің магниттелуінің сыртқы магнит өрісінің кернеулігінен бір мәнді емес тәуелділігі.
  6. Сабақтың тақырыбы: Балалардың дербес музыкалық қызметі . Оның бастаулары. Дербес қызметтің түрлері.

Жылу электр станцияның ішіне бастапқы және онымен байланыстырылған көмекші энергетикалық құрылғы сыйатын, технологиялық процесті жүзеге асыратын, отынның жану жылуын электрлік энергияға айналдыратын басты ғимараты болып табылады.

Электр станцияның өндіруші құрылғылары және құрылымы арасында, әр түрлі технологиялық ағыстар кететін және ағып келетін бас ғимараты маңызды, ерекше орын алады.

Сонымен, бас ғимаратқа пайдалануға болатын отын беріледі, турбинада жұмысын атқарған буды салқындату үшін және тағы басқа мақсаттарға және т.б. Бас ғимараттан салқындатылған су әкетіледі, конденсатордан кейін, бу генераторларының түтін газдары, қатты отынды пайдаланғанда шлак және күл және т.б. Бас ғимараттан электр станцияның соңғы өнімі шығарылады – электр энергия, ал жылу электр орталықтарында бумен жылу энергия немесе ыстық су. (сурет. 17 – 1)

Бас ғимараттағы ережеге сәйкес негізгі энергетикалық агрегаттың,бу генераторлардың және турбоагрегаттардың бас ғимаратына негізгі екі бөлім (бөлме) кіреді: бу генераторлық және турбиналық (машиналық бөлім), және одан басқа турбоагрегаттардың және бу агрегаттардың әртүрлі көмекші құрылғылары үшін бу генератор және турбиналық бөлме арасындағы аралық бөлме. Аралық бөлмені көп қабатты етіп орындайды: бас ғимараттың бар болуы құрылыс құрылымының мықтылығына ықпал етеді, оған қоса жеке айтқанда, машина бөлмесінің сыртқы қабырға колонналары және бу генераторларының бөлімі.

Аралық бөлмеде бактармен газсыздандырғыштар болады, кей кезде отын бункері және шаң дайындау құрылғысы. Ол газсыздандырғыш және бункерлі бөлімнен тұратын екі өтпелі болып орындалады немесе бункерлі-газсыздандырғыш бөлмесінің біріктірілген түрінде бір өтпелі болып орындалады. Одан басқа оған құбыр өткізгіштерді, өзіндік шығынның электрлік тарату жүйесі және жылулық қалқандар, сонымен қатар басқарудың блокты қалқандары. Бұл қалқандарды қызмет көрсетудің 9 – 11 м болатын және мұндай турбоагрегаттардың және бу генераторлардың бөлмесінде сәйкес келетін басты сатысына орналастырады. Бункерлі және сәйкес келетін бункерлі – газсыздандырғыш бөлме бу генераторлық бөлімнің құрамына кіреді; бөлек орындалған газсыздандырғыш бөлмені машиналы бөлімге апарады.

Басқа жағдайда, мысалы, кейбір газ мазутты ЖЭС-терде ғимаратты арзандататын, бірақ қосымша құрылғыларды орнатуды қиындататын аралық бөлме жоқ.

 

Электр станцияның қатты отында бу генераторлық бөлмесі, отын қоры және бу генераторлық бөлме қамтамасыз етілетін бункерлермен бункерлі бөлімді қосады. Жеке шаң дайындау құрылғыда шаң көмірлі электр станцияларда шаң дайындауды бункерлі бөлімге орналастырады, бірақ тез жүрісті көмірлі диірмендерді бу генераторлардың негізгі бөлмесіне орналастырады.

Басты корпусқа жатпайтын орталықтандырылған кептіру және отынды майдалау жағдайында шаң дайындау құрылғысын орталық шаң заводының (ОШЗ) ғимаратына бөлек орналастырады. Сол жерге шикі көмір бункері және көмір күлінің аралық бункері орналастырылады. Жеке және орталықтандырылған шаң дайындау кезінде бу генератордың оттық камераларының қасындағы көмір шаңының шығындық бункерлерлері негізгі корпусында орналастырылады.

Бу генератор құрылғысының көмекші бөлігі: регенеративті типті ауаысытқыштар, күл ұстағыштар (шаң көмірлі электр станцияда), түтін сорғыштар – ережеге сәйкес негізгі корпустың сыртына, ашық жерде орналастырылады.

Құрғақ күл ұстағыштар ережеге сәйкес барлық климаттық аудандарда ашық ауада орналастырады, әдетте астыңғы бөлігі жабық болады. Сулы күл ұстағыштар жылытудың есептік температура – 15 0С кезінде жабық ғимаратта орналастырылады. Сулы күл ұстағыштың төменгі бөлігін барлық климаттық ауданда жабады.

Түтін сорғылар және үрлегіш желдеткіштер барлық климаттық ауданда газ және мазутты пайдалану кезінде, қатты отынды пайдалану кезінде, жылытудың есептік температурасы – 28 0С кезінде ашық жерде орналасады. Темірбетонды түтін құбырларын бу генераторлардың бөлмесінің жанынан негізгі корпусқа жақын орналастырылады. (сурет. 17-1).

Оңтайлы шарттарда, жылы климатты аудандарда, ашық жерде негізгі құрылғыны да орналастырылуы мүмкін: арнайы орындалатын бу генераторлар, жеңіл жабулармен қорғалған турбоагрегаттар. Конденсациялық бөлмені (турбина конденсаторларымен, жылуалмастырғыштармен және насостармен) жабық етіп орындайды.

Электр станцияның негізгі корпусының топтастырылуы құрылғыны және құрылыс құрылымдарын, сонымен қатар жоғарыда көрсетілген жеке бөлмелерді сәйкес орналастыру деп түсіндіріледі.

Қайта жобалананушы электр станцияға таңдау үшін негізгі корпустың топтастырылуы үлкен техникалық және экономикалық мағынаға ие. Бұл жағдайда бас корпустың жабдықтарын орналастыру принципі технологиялық үрдістің кезеңділігіне сәйкес болуы негізгі болып табылады.

Бас корпустың дұрыс және мақсатқа сай топтастырылуында келесі технико – экономикалық талаптар орындалуы керек.

1. Технологиялық процесті жүзеге асыру сенімді, үздіксіз және ыңғайлы қамтамасыз ету, жекелеп алғанда қажетті отынның бункерінің қабырға бұрышын (60 – 65 % көлденең) сақтау,кедергісіз бункерден шығу орнына жылжуы үшін керек. Қоректік судың бактарын қоректік насос үстіне (әдетте 20 м) қажетті биіктікте орналастыру және т.б.

Өрт қауіпті заттар (машиналы май, мазут) сенімді оқшаулайды және жабдықтардың ыстық элементтерінен жояды; су бактарын электр техникалық жабдықтар үстіне орнатылмайды; газ өткізгіштер бу генераторлық бөлменің үстіңгі бөлігіне орналастырылады. Өрт қауіпті заттарды жабдықтарды негізгі корпус сыртына орналастырылады және т.б.

Құрылыстық құрылымдар айналатын мехаизмдердің жұмысымен тудырылатын дірілге ұшырамауы керек.

2. құрылғының экономдылығы және эксплуатациясы. Бас ғимараттың құрылғыларының бағасы (капитал салым), құрылыс құрылғыларының материалдарының шығыны және әр түрлі технологиялық сызықтар (будың,судың, майдың, құбыр өткізгіштері, май жолдары және газ жолдары т.б.) барынша төмен болу керек.

Технологиялық сызықтар коммуникациясын және эксплуатациялық шығындардың бағасын төмендету талаптары, энергетикалық шығындармен сәйкестірілген бұл сызықта дәл келеді. Бұл талаптарды орындау үшін технологиялық қосылған жабдық барынша жақын болу керек.

3. Бас ғимараттың эксплуатацияның және жабдықты жөндеудің ыңғайлылығы. Бас ғимаратты құрастыру агрегаттар жұмысының және энергоблоктардың ыңғайлы орталықтандырылған автоматты басқарылуын, қалқан және басқару пультінің орналасу орнын ыңғайлы орналасуын қарастыру керек. Жабдықты бақылау, оны тексеру үшін, жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде жабдықтың элементтеріне ыңғайлы кіре алу мүмкіндігі қамтамасыз етілу керек. Жабдық айналасында көрсетілген жұмыстарды орындау үшін жеткілікті орын болу керек, жабдықтың бөлшектерін шығару үшін - жылуалмастырғыштың құбырлары, электрлік генераторлардың роторлары және т.б. Жөндеу және монтаждау жұмыстарын жүргізу қажетті жүк көтергіш механизмімен қамтамасыз етіледі. Машиналы залда турбоагрегаттардың (электрлік генератордың статорлары, турбиналардың конденсаторлары және т.б.) аса ауыр бөлшектеріне есептелген, бір – екі мостты жүк көтергіш электрлік крандарды орнату міндетті. Бу генераторларының бөлмесінде бір-екі мостты электрлік крандарды орнатады. Көмекші жабдықтарға жүк көтергіш механизмдарымен қызмет көрсетеді. Электр станцияда одан басқа, жүк және пассажирские лифттерді орнатады.

Бастапқы сыртын құрастыру кезінде оны жабдықтау механизациясын және ыңғайлылығын қарастырады. Құрылысты индустрияландыру мақсатында темір-бетонды және құрышты құрылғыларды кең қолданады; сонымен қатар, мекемені жабдықтау негізінен жүк көтергіш механизмдерімен құрылыс құрылғыларын монтаждауына түйіледі.

4. Электр станцияның жұмысшыларының еңбегінің, сонымен қатар электр станция аумағындағы тұрғындар өміріне санитарлы – гигиеналық шарттарын қамтамасыз ету. Жұмысшының жұмыс орындарын жақсы шынайы жарықпен және шынайы желдетумен (таза ауа беретін аэрациямен), күндізгі кездегі электрлік шамдармен, пайдалы жасанды желдетумен жабдықтайды. Ашық өндірістік құрылғыларды (электрлік тарату құрылғысы) ластанудан қорғау үшін, жұмысшының және тұрғынның денсаулығын сақтау үшін, электр станция аумағының табиғатын қорғау үшін бастапқы сыртын құрастыру кезінде күлұстағыштарда (электрфильтрлерде және т.б.) бу генератордың түтін газдарын қатты қоспадан (ұшатын күл, көмірдің жанбаған қатты бөліктері) толық тазалауды қарастыруы мүмкін. Түтін газдарында болатын азот және сірке қышқылдары, техникалық және экономикалық қиындықтар кезінде, үлкен аумақта қоспаны азайту үшін және рұқсат етілген шекте зиянды қоспалардың концентрациясын сақтап тұру үшін оларды жоғары түтін құбырлары (200- 300 м) арқылы түтін газдарының жалпы ағысымен ұстап жояды.

Санитарлы – гигиеналық талаптар электр станцияның бастапқы сыртының құрастырылуының дамуына әсер етті. Олар аса пайдалы күл ұстағыштарды жер бетімен бірдей етіп орналастыруға және жоғары түтін құбырларын орнатуға болатын, күл ұстағыштардың,түтін сорғыштардың және түтін құбырларының ашық ауаға, бастапқы сыртының сыртына шығуына әсер етті. Аталған технкалық және экономикалық талаптар бастапқы сыртының құрастырылуына жарым-жарты өзара қайшы (мысалы, бастапқы сыртының арзандату талабы және эксплуатация ыңғайлылығы немесе санитарлық – гигиеналық шарттарды қамтамасыз ету). Бұл жағдай бас ғимаратты жобалау тапсырмасын және аса рационалды құрастырылуын қиындатады

 

2. По цифровым обозначениям перечислить наименования на русском, англ. и казахском.

І – помещение парогенераторов, бу генератор бөлмесі, steam generation room; ІІ – машинный зал, машиналы зал, machine hall; 1 – разгрузочные устройство, жүк көтеру құрылғылары, unloading equipment; 2 – вагоны с углем на склад, қоймаға вагонмен көмір, carriages with coal on storage; 3 – склад, қойма, storehouse; 4- кран перегружатель, жүктейтін кран, a faucet is an unloader; 5 – дробильная установка, ұнтақтағыш құрылғы, crushing installation; 6 – ленточные конвееры, tape conveyor; 7,8 – бункеры и питатели сырого угля, шикі көмір қоректендіргіштері және бункерлері, bunker and feeder of raw coal; 9 – угольная мельница, көмір диірмені, coal mill; 10 – сепаратор, сепаратор, separator; 11 – пылевой циклон, шаңды циклон, dustborne cyclone; 12 – бункер угольной пыли, көмірлі шаң бугкері, bunker of braize; 13 – пылевой шнек, шаңды шнек, dustborne screw; 14 – питатели пыли, шаң қоректендіргіштері, feeder of dust; 15 – мельничный вентилятор, диірменді желдеткіш, mill ventilator; 16 – парогенератор, бу генератор, steam generation; 17 – пылеугольные горелки, шаң көмірлі оттық, dust coal gas-rings; 18 – топочная камера, оттық камера, fire-box chamber; 19 – пароперегреватели, бу ысытқыштар, superheaters; 20 – водяной экономайзер, сулы экономайзер, aquatic econometer; 21 – воздухоподогреватель, ауа жылытқыш, air heater; 22 – дутьевые вентиляторы, үрлегіш желдеткіштер, blow fans; 23 – золоуловители, күл ұстағыштар, dust arresters; 24 – дымососы, түтін сорғыш, induce-draught fans; 25 – дымовая труба, түтін құбыры, flue; 26, 27 – шлакосмывные и золосмывные каналы, шлак жуғыш және күл жуғыш арналар, wash off slag and ash-sluicing channels; 28 – трубопроводы свежего пара, таза бу құбыр өткізгіштері, pipelines of fresh steam; 29, 30 – трубопроводы пара промежуточного перегрева, буды аралық қыздыру құбыр өткізгіші, pipelines of steam of reheat; 31 – паровая турбина, бу турбинасы, steam-turbine; 32 – электрический генератор, электрлік генератор, electric generator; 33 – конденсатор, конденсатор, condenser; 34 – конденсатные насосы, конденсатты насостар, runback pumps; 35 – регенеративные подогреватели низкого давления, төмен қысымды регенеративті жылытқыштар, regenerative heaters of subzero pressures; 36 – деаэратор, газсыздандырғыш, deaerator; 37 – бак – аккумулятор, бак – аккумулятор, a tank is an accumulator; 38 – питательные насосы, қоректендіргіш насостар, feed-pumps; 39 - регенеративные подогреватели высокого давления, жоғары қысымды регенеративті жылытқыштар, regenerative heaters high-pressure; 40 – питательные трубопроводы, қоректендіргіш құбыр өткізгіштер, nourishing pipelines; 41 – насосная охлаждающей воды, суды салқындататын насосты, pump cooling water; 42 – очистные сетки, тазалайтын торлар, cleansing nets; 43 – насосы охлаждающей воды, суды салқындататын насостар, pumps of cooling water; 44,45 – подающие и сливные трубопроводы охлаждающей воды, суды салқындататын құйынды және берілісті құбырөткізгіштер, giving and downlow pipelines of cooling water; 46 – фильтры химического обессоливания воды, суды химиялық тұссыздандыру фильтрлері, filters of chemical demineralization of water; 47 – сетевые подогреватели, желілік жылытқыштар, mains heaters; 48 – электрическое распределительное устройство собственного расхода, өзіндік шығындарды электрлік тарату құрылғысы, electric distributive device of own expense; 49 – электрический мостовой кран, электрлі мостты кран, electric travelling crane; 50 – повышающие электрические трасформаторы, көтеретін электрлік трансформаторлар, step-up electric transformers; 51 – тепловые щиты управления, жылулық басқару қалқандары, thermal control panels; ЭЭ – электроэнергия высокого напряжения, жоғары қысымды электроэнергия, electric power of high tension; ТЭ – тепловая энергия, жылулық энегия, thermal energy

;

3. Рассказать предназначение и принцип работы каждого энергетического оборудования.


Дата добавления: 2015-11-04; просмотров: 207 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Феофилакт Болгарский| Эскорты конвоев

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.009 сек.)