Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Лауазымдық нұсқаулықтар

НДІРІСТІК ТӘЖІРИБЕДЕН ӨТУ ТУРАЛЫ ЕСЕП

 

Орындаған: РПЗС – 23 тобының студенті

Қайырбек Сейітқасым

Практика жетекшісі:.

 

Астана - 2015

МАЗМҰНЫ

- Кіріспе

- ЖШС«Астаналық электротехникалық зауыт» жалпы мінездемесі

-Лауазымдық нұскаулықтар

-Кұрылыс обьектісінін мінездемесі

-Істелінген жұмыстардың қысқаша мазмұны

-Практиканы сапалы өткізу үшін студенттердің міндеттері

-Қорытынды

-Қолданылған әдебиеттер

 

КІРІСПЕ

 

Жоғары оқу орындарында кәсіби практика оқыту процесінде алынған, практикалық дағдысының қалыптасуын, теориялық білімді бекітуге, сонымен қатар озық тәжірибені игеруге бағытталған. Жәнеде қысқаша Құрылыс туралы айта кететін болсақ. Құрылыс – материалдық өндіріс саласы; негізінен әр түрлі үйлер мен ғимараттарды салумен, салынып жатқан нысандарды іске қосуға байланысты жабдықтарды монтаждаумен шұғылданады. Құрылысқа үйлер мен ғимараттарды жөндеуге байланысты жұмыстар да жатады. Құрылыстың дамуы тұрақты жұмыс істейтін мердігерлік құрылыс ұйымдарының құрылуымен және құрылыс өнеркәсібінің өсуімен қоса қабат жүргізілді. Құрылыстың бір ерекшелігі сол, мұнда құрылыс-монтаж ұйымдары өнеркәсіп орындары сияқты өнімді қорға немесе қоймаға арнап шығармайды. Өндіріс үстінде құрылыстың өнімі қозғалмайтындай етіліп белгілі бір орынға бекітіледі, тек еңбек құрал-жабдықтары (машиналар мен механизмдер), еңбек заттары (материалдар мен құралымдар) бір орыннан екінші орынға ауысып отырады. Құрылыс ашық жерде және әр түрлі табиғи ортада жүргізіледі. Сондықтан да құрылыс нысандарының, жұмыстардың өндірістік циклі бірнеше айдан бірнеше жылға дейін созылады. Құрылыс елдің мәдениетін және экономиканың барлық саласын дамытуға мүмкіндік береді.

Құрылыс қызметі – жаңа объектілерді салу және (немесе) бар объектілерді (үйлерді, ғимараттарды және олардың кешендері, коммуникациялары) өзгерту (кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру, қайта құру, қалпына келтіру, күрделі жөндеу), солармен байланысты технологиялық және инженерлік жабдықтарды монтаждау арқылы негізгі құралдарды құру, сондай-ақ аяқталмаған объектілердің құрылысын уақытша тоқтатып қою және өз ресурстарын толықтай пайдаланған объектілерді пайдалану бойынша жұмыстарды жүзеге асыру бойынша қызмет.

Құрылыс саласы қазіргі таңдағы Қазақстан экономикасындағы барынша қарқынды дамып келе жатқан сала. Жаңа өнімдер мен жаңа технологиялардың пайда болуына ықпал ететін ғылыми–техникалық прогресс капитал бағасының арзандауына ықпалын тигізеді. Экономиканың әртүрлі салаларында және ғылыми-техникалық прогрестің әртүрлі жағдайларында жағдай әртүрлі қалыптасуы мүмкін.

Құрылыс — өндірістік және өндірістік емес мақсаттағы негізгі қорларды жасау жөніндегі қызмет. Жаңа құрылыстарды салу және қолданыстағыларды өзгерту, құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын жасау болып табылады.

Құрылыс қызметтері нарығында бәсекелік қатынастарды жүзеге асырудың негізгі тетігі мердігерлік тендерлер мен инвестициялық конкурстар болып табылады. Тендер – аукционға ұқсас, белгілі бір тәртіппен өткізілетін құрылыс компанияларының арасынан құрылыс жұмыстарын жүргізушіні таңдап алу үрдісі.Тендерлер келісім–шартқа сәйкес алған міндеттемелерін орындауға материалдық тұрғыдан кепілдік беретін жұмысты орындаушыларды конкурстық негізде іріктеудің негізгі әдісі болып табылады. Тапсырыс берушілер баға, сапа, мерзім көрсеткіштері арқылы келісім-шарттардың немесе мәмілелердің неғұрлым тиімді шарттарына қол жеткізеді. Тендерлік әдісті пайдаланудың негізгі артықшылығы – бәсекелестік жағдайын туғызу. Сол арқылы, бірнеше жеткізушілер мен мердігерлерді тарту кезінде құрылыс қызметтері нарығындағы монополиялық жағдайды жоюға мүмкіндік бар. Мұндай жағдайда құрылыс жұмыстарының бағасын арзандатуға, ғимараттар мен құрылғыларды жобалау мен құрылысын жүргізуге кететін уақытты қысқартуға, атқаратын жұмыстардың сапасын арттыруға болады. Сонда да көптеген инвесторлар тапсырыстарды өздерінің тікелей қатынастардағы, жергілікті мердігерлік ұйымдарына беруде, себебі инвесторлар бөгде ұйымдарға, сырттан келген мердігерлерге толық сенбейді немесе мердігерлердің біліктілік деңгейі белгісіз, тапсырыс берушінің тендерлерді ұйымдастырудағы тәжірибесі аз, үміткерлерді алдын-ала жіктеу тәжірибесінің қолданылмауы, «сыбайластық» және басқа жағдайлар әсерін тигізеді. Сондықтан, мердігерлік құрылыс ұйымдарының өздері тендерлер мен конкурстарға қатысуда толық тәжірибе жинақтамаған, олар өздерінің конкурсқа ұсынып отырған шарттарын тиімді түрде, анық жеткізе алмайды.

Бас мердігер – иерархиялық төменірек деңгейдегі орындаушылар – қосалқы мердігерлердің құрамын қалыптастыратын, олармен ақшалай есеп жүргізетін, олардан аяқталған жұмыстарды қабылдайтын құрылыс жұмыстарының басты орындаушысы.

Ғимараттар мен имараттарды күрделі жөндеу – ғимараттың (құрылыстың) кейбір бөліктерін немесе тұтас конструкцияларды, бөлшектерді немесе инженерлік-техникалық жабдықты тозуына және бұзылуына байланысты қайта қалпына келтіру және ұзақ қызмет ететін, үнемді, олардың пайдалану көрсеткіштерін жақсартатындарға ауыстыру бойынша жұмыстар.

Құрылыс жұмыстарының көлемі – ғимараттар мен имараттарды салу, қайта құру, кеңейту, күрделі және ағымдағы жөндеу және жабдықты монтаждау бойынша орындалған жұмыстардың құны.

Мердігер – мердігерлік шарт және (немесе) мемлекеттік келісімшарт бойынша жұмыстар немесе қызметтерді орындайтын жеке және заңды тұлға.

Құрылыстың мердігерлік әдісі – құрылыс мердігерлік шарт және (немесе) мемлекеттік келісімшарт бойынша жұмыстар немесе қызметтерді орындайтын жеке және заңды тұлғалармен жүзеге асырылатын әдіс. Тапсырыс беруші және мердігер арасындағы арақатынас екеуара тұжырымдасқан келісім шарт арқылы реттеледі.

Құрылыс объектілерімен байланысты өзге де күрделі шығындар – құрылыс сметасына кіретін және оған кірмейтін, бірақ құрылыспен байланысы бар өзге де шығындар (салынып жатқан кәсіпорындардың дирекциясын, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар бөлімшелерінің аппараттарын ұстауға жұмсалған шығындар, техникалық қадағалау, құрылыспен байланысты жер учаскелерін кесіп беру және аудару шығындары, құрылыс-монтаж ұйымдарының инфрақұрылымымен байланысты шығындар, ауыл шаруашылығына жатпайтын кәсіпорындар мен ұйымдар жүзеге асыратын жұмыс малын сатып алуға шығындар, салынып жатқан кәсіпорындар үшін қажет кадрлар дайындауға шығындар).

Жобалау-іздестіру жұмыстары – инженерлік іздестіруді жүргізу, құрылыстың технико-экономикалық негіздерді әзірлеу, жобаларды дайындау, жұмыс құжаттамалары, объектілер, ғимараттар, имараттар құрылысын жүзеге асыру үшін сметалық құжаттама құрастыру бойынша жұмыстар.

Елбасының «Қазақстан 2030» Стратегиялық бағдарламасының елімізде құрылыс саласын дамытуда бәсекелік қабілеттілігін арттыру маңыздылығы уақыт өткен сайын айқын аңғарылады. Құрылыс жобаларын жүзеге асыру өңірлердегі индустриялық-инновациялық дамуға жаңа серпін берумен бірге, экспорттық мүмкіндікті арттырса, халықтың энергетикалық тәуелсіздігіне қол жеткізу мен индустриялық аймақ құруға қатысты мәселенің оң шешілуіне бірден-бір негіз қалап отыр. Демек, инновациялық бағыт арқылы әлеуметтік-экономикалық дамуға қеңінен жол ашылып, халықтың дағдарыс салқынын сезінбеуіне керісінше әлеуметтік жағдайдың оң шешілуіне мүмкіндік туатынын көреміз.

Қазіргі таңда құрылыс қызметтері саласындағы бәсекелестік ұлттық деңгейге дейін көтеріліп, халықаралық құбылысқа айналды. Қазақстан Республикасының халықаралық экономикалық қауымдастық аясына интеграциялануы, экономиканың қарқынды дамуы Астана, Алматы және басқа қалалардағы ірі құрылыс нысандарын жобалауға және салуға көптеген шетелдік құрылыс компанияларын, инженерлер мен мамандар тартылды. Инжинирингтік қызметтер мен құрылыс жүргізуге байланысты тапсырыстардың ауқымды көлемі шағын зауыттар, фабрикалар, қоймалар, дүкендер, кеңселер және тұрғын үйлер салуға қатысты қарапайым міндеттердің үлесіне берілді.

Бәсекеге қабілеттілік=сапа+баға+қызмет көрсету. Бәсекеге қабілеттілікті басқару, яғни төменде айтылғандардың тиімді қатынасын қамтамасыздандыру: сапаны жоғарылату, өндіріс шығындарын кеміту, үнемдеу мен сатудан кейінгі қызмет көрсетуді жеделдету.

Құрылыс саласындағы жобалардың сапасын көтеруге ең алдымен елімізде қабылданған 2003-2015 жылдарға арналған «Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық дамуының стратегиясы» ықпалын тигізеді. Сонымен бірге, отандық құрылыс компаниялары шетелдік алдыңғы қатарлы құрылыс ұйымдарымен қарым–қатынас жасауы тиіс, олардың осы салада жинақталған озық тәжірибелері мен білімдерін, жаңа технологиялары мен менеджментін үйренуі қажет. Прогрессивті технологияларды игеру арқылы отандық құрылыс кәсіпорындары отандық құрылыс материалдарымен қамтамасыз етіледі, ол өз кезегінде құрылыс өнімінің өзіндік құнының төмендеуіне жол ашады. Сол арқылы салынатын тұрғын үй бағасы тұрақталып, тұрғындардың көп бөлігін тұрғын үймен қамтамасыз етуге мүмкіндік туады.

Құрылыс компаниясының бәсекеге қабілеттілігін дамытуға бағытталған шараларды ұзақ мерзім аралығында іске асыруға қарамастан компанияның көрсеткіштері төмендеп бара жатқаны байқалса, онда қабылданған стратегияны қайтадан қарастырған жөн. Егер компанияның жағдайы төмендеп, келешегіне қауіп төнсе, бәсекеге қабілеттілік стратегиясын жаңадан құру керек. Ал, керісінше, жалпылама көрсеткіштер көтерілген байқалған жағдайда іріктеп алынған стратегияның дұрыстығы дәлелденеді және осы бағыттың құрылыс компаниясының бәсекеге қабілеттілігін басқарудағы тиімділігін дәлелдейді.

Құрылыс компаниясының бәсекеге қабілетін басқарудың басты мақсаты – тендерлерде жеңіске жету арқылы құрылыс жұмыстарын мердігерлік жолмен жүргізуге тапсырыс алу. Сондықтан, құрылыс компаниясының әлеуетінің факторларын іріктеп алудың негізгі белгісі ретінде құрылыс нарығының жекелеген сегменттеріндегі тендерлік комитеттердің қоятын нақты талаптары алынуы тиіс. Әлеует факторлары құрылыс ұйымы қызметінің негізгі бағыттарын анықтайтын жекелеген құрамдас бөліктері арқылы топтастырылады: өндірістік, басқару, қаржылық және инновациялық факторлар.

Ең маңызды факторларға құрылыс компанияларының қызметінің қаржылық жағдайын көрсететін факторлар кірді. Құрылыс жұмыстарын жүргізетін компаниялар көбінде сырттан тартылған несие ресурстарын пайдаланады. Ал, несие алу кезінде қарыз алушы кәсіпорынның несиелік тарихына мән берілмейді: бұрын несие алған жағдайлары, оларды уақытында қайтаруы сияқты мәселелер. Маңыздылығы жөнінен екінші орында компания мүлкілерінің құрылымы тұр және олардың қалыптасу көздеріне мән берілуі керек.

Қорытындылай келе, құрылыс нарығының негізгі ойыншысы болып табылатын құрылыс компаниясының бәсекеге қабілеттілігін объективті бағалау, оның нарықтағы позициясын дәл айқындау, кәсіпорын басшылығының бәсекеге қабілеттілікті оңтайлы басқаруды ұйымдастыру және құрылыс ұйымының бәсекеге қабілеттілігін тиімді басқару әдістемесін жасау арқылы бәсекеге қабілеттілікті басқаруды жетілдіру қажеттілігі маңызды. Қазақстанның дүниежүзілік экономикадағы интеграциялық үрдістерде терең және жан-жақты ықпалдасуы жағдайында отандық құрылыс компанияларының өркениетті де аса қатаң бәсекелестік күреске дайын болуы бүгінгі күннің өзекті мәселесі екені анық.

Университетте ұйымдастырылатын барлық кәсіби практика түрлері және олардың мақсатты бағыттары ҚР МЖМБС және мамандықтың ЖОЖ сәйкес анықталады.:

- оқу-таныстыру, тілдік; педагогикалык; педагогикалық;

- өндірістік, өз кезінде технологиялық және диплом алды болып бөлінуі мүмкін.

Өндірістік тәжірибе оқу үрдісінің құрамдас бөлігі, онда студенттер оқыту кезінде алған білімдерін мақсатты тереңдетіп, оқып жатқан мамандығы бойынша қажетті білім, білік, дағдыға үйренеді.

Тек тәжірибеден өту арқылы ғана келешек маманның кәсіби шеберлігі барлық деңгейде артып, сол арқылы өмірлік тәжірибеге ие болуға мүмкіндік беретіні бәрімізге мәлім.

Студенттердің кәсіптік тәжірибесін ұйымдастыру және өткізу Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңына (2011.24.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен) сәйкес жүргізіледі. ҚР «Білім беру туралы» Заңына келесі толықтырулар енгізілді: кооперативті коқыту бұл – мемлекеттің, жұмыс берушілердің және оқу орындарының корпоративтік жауапкершілігіне негізделген, кадрларды кәсіптік даярлауды ұйымдастыру нысандарының бірі;

«Кәсіптік білім беру саласындағы әлеуметтік әріптестік» жаңа бабы енгізілді. Кәсіптік білім беру саласындағы әлеуметтік әріптестік білім беру жүйесінің қызметі нәтижелерінің барлығын арттыруға, кадрларды даярлау деңгейін экономика салаларының және жұмыс берушілердің қажеттіліктеріне жақындатуға, оқытудың өндіріспен байланысын нығайтуға, мамандар даярлау және оларды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу мәселелері бойынша тараптардың өзара іс-қимылдарын дамытуға, экономиканың тиісті салаларында кәсіптік қызмет тәжірибесі бар мамандарды оқыту процесіне тартуға, кәсіптік білім беру сапасын бақылауды ұйымдастыруға және түлектердің кәсіптік даярлығын бағалауға қатысуға бағытталған.

Тәжірибелік оқыту 2004 жылғы 5 сәуірдегі ҚРБжҒМ № 287 бұйрығына сәйкес ұйымдастырылады, онда кәсіптік тәжірибені ұйымдастыру мен өткізу бойынша әдістемелік ұсыныстар берілген.

Тәжірибеден өту мерзімі колледждің оқу үрдісінің кестесімен анықталады. Студенттер тәжірибеден колледж директоры бекіткен «СЭК студенттерінің кәсіптік тәжірибесін ұйымдастыру мен өткізу бойынша ережесі», сонымен қатар колледждің жетекші оқытушылары әзірлеген тәжірибе бағдарламасы негізінде өтеді.

Өндірістік тәжірибе бекітілген келісімшарт негізінде қызмет саласы бойынша әр түрлі ұйымдарда өткізіледі. Тәжірибе базалары: мемлекеттік мекемелер, ұлттық компаниялар, шағын және орта бизнес кәсіпорындары болып табылады.

Тәжірибелік оқытуды ұйымдастыруда колледж барлық мамандықтар бойынша Астана қаласы мен облыстың 60 кәсіпорындарымен келісімшартқа отырған, оған қоса тәжірибелік оқыту жұмыс берушілердің өтініштері негізінде ұйымдастырылады.

Өндірістік тәжірибе жетекшісі тәжірибе мен әлеуметтік серіктестермен жұмысы бойынша бөлім меңгерушісі болып табылады, ол студенттердің өндірістік тәжірибесін жоспарлап, ұйымдастырып, өтілуін бақылап, қамтамасыз етеді.

 

 

Лауазымдық нұсқаулықтар

1) Ортақ белгілері

1. Кұрылыстық-монтаждық жұмыстардың мастері басқарушылардың қатарына кіреді, жұмысқа кіруі және шығуы директордың бұйрығымен жүреді.

Әрлеу және монтаждық жұмыстардыңмастері білуі тиіс:

2. Кұрылыстық-монтаждық жұмыс мастері жоқ болған жағдайда, оның лауазымдық міндеттерін белгіленген тартіпте тағайындалған орынбасар атқарады.Ол жұмыстың сапалы, тиімді және уақытылы орындалуына толығымен жауапкершілікті өз мойнына алады.

2) Функциялар

Құрылыстық-монтаждық жұмыстардың мастерына келесі функциялар үміт артылады:

1. Өндірістік телімді басқару.

2. Енбектін озық адістері мен тасілдерін енгізу уйымы.

3. Жұмысшылар мен бригадирлердін профессионалды шеберліктері мен дәрежелерін жоғарылату ұйымы.

4. Кауіпсіздик белгілер мен карауылдау ережелерінін сакталуын кадағалау.

3) Лауазымдык міндеттер

1. Әрбір жұмыс орнында еңбектін кауіпсіз және дұрыс жағдай жасалуын қамтамасыз етеді.

2. Жұмысшылардың кауіпсіз жұмыс жасауға алдын-ала түсіндіріп, уйретеді.

3. Жұмысшылардың жеке және ортақ қорғаныс кұралдарын дұрыс қолдануын қадағалайды.

4. Технологиялық, транспортты, ауыркөтергіш, энергетикалық және т.б. жабдықтардың қауіпсіз жағдайда және эксплуатация жасауды қадағалайды.

5. Қауіп-қатері жоғары жұмыстарды тікелей жетекшілік етеді.

6. Жетекшіге болған қайғылы оқиға туралы уақытылы баяндайды, зақымданған жұмыскерге бірінші көмекті ұйымдастырады.

7. Ортаны қорғау нұсқамасы мен медициналық тексерістен өтпеген жұмыскерлерді өздігінен жұмыс істеуге рұқсат бермейді.

8. Ауылықтарды тасымалдау нормасын кадағалап, жұмыс орындарына кауіпсіздік белгілері мен алдын-алушы жазулар, плакаттармен қамтамасыз етеді.

9. Жұмыс бастар алдында жұмысшылармен 3-5 минуттық жұмыс мінездемесі, олардың денсаулық күиін және қауіпсіздік белгілері туралы куалігі бар-жоғын туралы әнгіме жүргізеді.

10. Әлі үйренбеген, жоғары оқу орыннан куалігі жоқ адамдарды ауыркөтергіш механизмдермен және де қауіптілігі жоғары қурал-жабдықтармен қолдануға руқсат бермейди.

11. Жұмыс орындарда және қоймаларда келген материалдарды, бөлшектерді, бұйымдарды шашып тастамай, ыңғайластырып жинауын қадағалайды.

12. Жұмысшыларға бөтен адам кіргізіп, жұмыс істетуіне рұқсат бермейді, ал жаңа келген кадрларға еңбек етудін кауіпсіз жақтарын уйретеді.

13. Уақыт пен демалыс тартібін сақтап, Әйел және жасөспірім жұмыскерлерді күзеткермен камтамасыз етеді.

14. Жұмысшылар санитарлық және кауіпсіздік техникаларын бұзған жағдайда, жүйелі түрде олармен талдау жасайды, оларды нұскамаға сүйенгенін талап етеді.

15. Жұмыс орнында аяқ-асты оқиғалардыңалдын-алу шарттарын жүргізеді.

 


Дата добавления: 2015-11-04; просмотров: 1402 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Цветная вкладка| Істелінген жұмыстардың қысқаша мазмұны

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.017 сек.)