|
Волютин — бұл нуклеин қышқылының туындысы – қоректі зат ретінде маңызды роль атқарады. Қоректі зат ретінде майлар, гликоген және волютин ереше орын алады. Осы қосындыларды микроскопияда ажыратып алғашқы болжамды диагноз қоюға болады, мысалы, күл ауруында. Волютин дәндерін айқын Нейссер әдісімен бояғанда көруге болады.
Волютин дәндерін Нейссер әдісі бойынша бояу:
Бояу кезеңдері:
1.Жұғын-препаратты Нейссердің сіркесу қышқылды сия көгімен бояу (2-3 мин);
2.Сумен шайып тастау;
3.Люголь ертіндісімен бояу (30 сек);
4.Бояуды төгіп тастау және везувинмен бояу (1 мин);
5.Жұғын-препаратты жақсылап шайып сүзгі қағазымен кептіру.
6.Жұғын-препаратты иммерсиялық жүйемен микроскоптан қарап, талдау
Жасуша цитоплазмасы қышқыл реакцияда болғандықтан сілтілі везувин бояуын қабылдайды және сары түске боялады. Волютин дәндері цинк ацетатын тығыз байланыстырғандықтан — қоныр-сия көк түсте, тіпті қара болады.
Романовский-Гимзе бойынша бояу
Күрделі бояу әдісіне жатады және мүшелерден алынған жұғын-препараттарды және қан препараттарын бояуға қолданады, сұйық фиксаторда бекіген соң, бактериялық жасушаның ядролық элементтерін және волютин дәндерін анықтау үшін қолдануға болады. Бояу үшін 1 мл суға бір тамшы алынады, рН - 7,2.
Бояу кезеңдері:
1.Петри ыдысына жұғын-препаратты төмен қаратып салу керек және препарат шыныға жабыспау үшін астына зат қою керек;
2.Шетінен бастап бояуды құю керек, көпіршік шықпау керек (1-2мин);
3.Сумен шайып тастау (рН 7,2) және сүзгі қағазымен кептіру.
Жас жасушалардың протоплазмасы сия көк-күлгін түске боялады, ядролық элементтері -қызыл-күлгін түс алады. Енді аз уақыт қышқылмен өндегенде бояуды қабылдаған микробтық жасушалар түссізденбейді. Осылай қышқылға тұрақты бактерияларды тұрақсыз бактериялардан ажыратуға болады. Қышқылға тұрақты бактерияларды қосымша Циль-Нельсен әдісімен бояу қажет.
Ожешко әдісімен спораларды бояу
Бояу кезеңдері:
1.Бекітілмеген (фиксацияланбаған) жұғын-препаратқа 0,5% хлор қышқылы тамшысын тамызады да оттың үстінде бу шыққанға дейін қыздырады (2- 3 мин);
2.Қышқылды төгіп, сумен шайып, кептіру керек;
3.Оттықтың үстінде бекітеді;
4.Циль-Нельсен әдісімен бояу (споралар – қызыл түсте, ал вегетативті формалары – сия көк түсте). Толық жетілген спора бояуды өте қиын қабылдайды, себебі қабықшасы еш нәрсе өткізбейді. Грам әдісімен бояғанда спора түзуші дақыл бояуды тек микробтық жасушаның вегетативтік бөлігі боялады, ал спора түссіз. Оның қабығының өткізгіштігі ыстық тұз қышқылымен өңдегеннен кейін немесе қыздырумен жүретін бояудың концентрирленген ерітіндісін қолданған кезде бірден жоғарылайды. Бояуды қабылдаған спора қышқылмен қайта өңдеу барысында, вегетативті жасушалар бірден бояуын жоғалтқан кезде түссізденбейді.
Дата добавления: 2015-10-24; просмотров: 452 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Жалпы микробиология бөлімі | | | Клиникалық үлгілерді қатты коректік ортаға егу схемасы |