Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Ошақтық дезинфекция Алдын алу дезинфекциясы

Дезинфекцияның химиялық әдісі. | Дезинфекцияның химиялық заттары. | Кезең – Стерилизация кезеңі. | Дезинфекция камералары | Дезинсекция және оның сапасын бағалау | Дезинсекциялық заттардың қолданатын түрлері | Дератизация және оның сапасын бағалау |


Читайте также:
  1. Бап. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушысының өкілеттіктерін тоқтату
  2. Дезинфекция и дезинсекция в камерах. Паровоздушн и горячевоздушный методы, их достоинства и недостатки.
  3. Дезинфекция и стерилизация изделий препаратом Сайдекс.
  4. Дезинфекция камералары
  5. Дезинфекция физическими методами
  6. Дезинфекция химическим методом
  7. Дезинфекция, предстерилизационная очистка и стерилизация эндоскопов и инструментов к ним

Дезинфекция, стерилизация, дезинсекция және дератизация ісінің негізгі қағидалары

Эпидемиялық процестің үш бөлігіне сәйкес эпидемияға қарсы қолданылатын негізгі шаралардың да үш тобы бар. Олар мыналарға бағытталған:

1) инфекция қоздырғышының көзіне;

2) қоздырғыштың берілу механизміне;

3) қабылдағыш халыққа.

Инфекциялық қоздырғыштың берілу механизміне бағытталған шаралар берілу жолдарын үзуді және қоздырғыштың берілу факторларының зиянын жоюды көздейді. Олардың ішінде ең маңыздысы – дезинфекция.

 

Дезинфекция

Ауру адамның заттарын өртеу, күлді пайдаланып жуындыру, жараны күйдіру, металл бұйымдары қыздыру және т.б осы сияқты дезинфекцияға байланысты алғашқы тәжірибелер біздің дәуірден көп бұрын аса іске асырыла бастады.

Дезинфекцияның көптеген мәселелерін зерттеуге Н.Н. Доброславин (ласты залалсыздандыру, бұйымдарды дезинфекциялау үшін жоғары қысымды буды пайдалану) В.К.Крупин (өз атымен аталған дезинфекция камерасын құрды).

Кең мағынада «дезинфекция» француздың «des» деген теріс қосымшасынан және латынның enfection (инфекция) деген сөзінен құралады, оны ауру көзі мен қабылдаушы организм арасындағы жұқпалы аурудың қоздырғыштарын беретін жолдарда объектілердегі патогенді микроорганизмдерді (бактериялар, вирустар, риккетсиялар, токсиндер, саңырауқұлақтар-грибтер) жою немесе аулақтау деп түсіну керек. Дәл осылайша қоздырғыштарды тасымалдаушы жәндіктер, кенелер жойылады (дезинсекция) және кеміргіштер де құтылады (дератизация).

Дезинфекция шараларын (олардың көлемі, түрі, мақсаты) іске асыру көпшілік жағдайда жұқпалы аурудың түріне, оның қоздырғышына, әрине, берілу механизміне байланысты болады.

Тыныс жолдарындағы аспирациялық механизмді жұқпалы аурулардың (грипп, скарлатина, туберкулез және т.б) қоздырғышына көпшілік жағдайда ауа-тамшы жолымен, фекальды-оральды механизмді ішек ауруларының қоздырғыштары су, тамақ, қол және ластанған тұрмыс бұйымдары арқылы беріледі. Трансмиссивтік аурулардың (бөртпе және қайталама сүзектер, безгек, кейбір зооноздар және т.б) қоздырғыштары қанда орналасқан, сондықтан олар қоршаған ортаға өздігінен шықпайды, бірақ тасымалдаушы буынаяқтылар арқылы таралады. Жанасу механизмді инфекциялардың қоздырғыштары ауру немесе тасымалдаушымен тұрмыс заттарын бірлесіп пайдаланғанда жаралардың, күйген, үсіген жерлердің ластануы, залалды киімді пайдалану немесе тікелей жанасу (жыныс қатынасы, қол алысу) арқылы таралады. Одан басқа парентеральдық жолдардың да болуы мүмкін. Дезинфекция бөлімдері дезинфекция шараларын жоспарлап, оларды іске асырады, балалар және емдеу-алдын алу мекемелерінде санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы тәртіптің сақталуын қадағалайды, оның үстіне медицина бұйымдарын залалсыздандырумен қамтамасыз етеді.

Мақсатқа байланысты дезинфекцияны ошақтық және алдын алу түрлеріне бөлінеді. Ошақтық дезинфекция жұқпалы аурудың (немесе тасымалдаушылықтың) ошағы табылғанда жасалады. Эпидемия ошағында қоздырғыштың көзінің бар-жоғына байланысты дезинфекцияның күнделікті және қорытынды түрлері болады.

 

Дезинфекцияның түрлері:

Ошақтық дезинфекция Алдын алу дезинфекциясы

 


Дата добавления: 2015-10-24; просмотров: 483 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Основные противоэпидемические мероприятия. Понятия дезинфекции, дезинсекции,дератизации; карантин.| Күнделікті Қорытынды

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.005 сек.)