Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

www.minjust.kz.

СИЛЛАБУС

Пән: ҚР Азаматтық құқығы Жалпы бөлім

Кредит: 3

Семестр: 4

Оқытушының аты-жөні: Аманкожаев Айдын Амантурович

 

Оқытушы туралы мәлімет (аты-жөні, ғылыми дәрежесі, қызметі, офисі т.б.) Өткізу уақыты және орны Байланыс ақпараты
Аудиториялық сабақ (лек., прак./емин.,лаб./студ.)   офис-сағаттары ОСӨЖ (ауд.) тел. e-mail
құқық магистрі. аға оқытушы Аманкожаев Айдын Амантурович 4 қабат 7 бөлме   Лекция – 30 сағ., семинар – 15 сағ. Өткізу уақыты және орны: оқу кестесіне сәйкес 45 сағ. Өткізу уақыты және орны: оқу кестесіне сәйкес - Av.aydinamankojaev@gmail.com

 

1.1. Осы пән «Азаматтық құқық» атты модульдің құрамдас бөлігі болып табылады.

1.2. Курстың қысқаша сипаттамасы

Курс 1994 ж 27 желтоқсанда қабылданған ҚР Азаматтық Кодекстің (Жалпы бөлім) құрылымымен сәйкес құрастырылған және жеке құқық саласының жалпы ережелері мен субъектілердің құқықтық жағдайы, мәмілелере, заттық құқық және міндеттемелік құқық жалпы ережелері сияқты негізгі салаларды қамтыған. Курс бакалавр деңгейінде жүргізілетіндіктен теориялық негізгі ұғымдармен қатар, практикалық жағдайы да ескеріліп дайындалған. Аталған курс Азаматтық құқық саласына кіретін жалпы қатынастардың азаматтық кодекс және заңнамардағы ерекшеліктері ескеріліп осы саралауда түсіндіріледі. Курс дәріс, семинар және өзіндік жұмыс түрінде құрастырылған.

1.3 Пәнді оқытудың мақсаты - Курс азаматтық құқықтың негізгі ұғымдары мен басты категорияларын оқып үйрену және соның негізінде сол заңнамаларды тәжірибе жүзінде пайдалануды игеру болып табылады. Курс 1994 ж 27 желтоқсанда қабылданған ҚР Азаматтық Кодекстің (Жалпы бөлім) құрылымымен сәйкес құрастырылған.

Курсты меңгерудің мақсаттары:

1. азаматтық құқықтың теориялық негіздерін ашу,

2. азаматтық заңнаманың маңызын нарықтық экономиканың қалыптасуында түсіндіру,

3. азаматтық құқықтың негізгі институттарымен таныстыру,

4. азаматтық заңнамаға түсіндірме беру, талдау жасау және оны дұрыс қолдану дағдыларын беру.

 

1.4 Курсты меңгерудің негізгі міндеттері:

1. азаматтық заңнама негіздері туралы мәліметтер алу,

2. азаматтық заң нормаларын тәжірибе жүзінде қолдана білу,

3. азаматтық қатынастар саласында субъектілердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау қабілеттіліктерін қалыптастыру.

1.5 Курс нәтижесінде студенттің біліктілік жағдайы мен меңгеруі тиіс;

Осы курсты игеру нәтижесінде тыңдаушы,

білуі тиіс:

- азаматтық құқықтың негізгі ұғымдары мен категориялар мен мазмұнын;

- азаматтық құқықтың теориялық негіздерін;

- азаматтық құқықтың негізгі ұғымдарын, институттарын;

- азаматтық құқықтың негіз қалаушы бастауларын;

- азаматтық құқықтың негізгі ережелерін.

- азаматтық құқықтың негізін қалаушы бастауларының практикалық арақатынасын;

- тәжіриберік жағдайларға талдау жасап шешім табуды, азаматтық заңдар нормаларын дұрыс және ұтымды қолдануды;

жасай алуы тиіс:

- азаматтық құқықтық қатынастардың заңи фактілерін және азаматтық құқықтық қатынастарды талдау,

- азаматтық құқықтың терминологиясын, негізгі ұғымдары мен категориялар мен мазмұнын, институттарының ерекшелігін;

- азаматтық құқық қайнар көздері арасы қатынасы жағдайында шешім қабылдауды;

- азаматтық заңнамаға түсіндірме беруге, талдау жасауды;

- берілген тақырып бойынша ғылыми ізденіс жасап, азаматтық құқық теориясындағы пікірлерге талдау жасап, ғылыми қорытынды шығаруды.

 

1.6 «ҚР Азаматтық құқығы Жалпы бөлім» пәнін оқу үшін студенттердің меңгеруі тиіс пәндер. Пререквизиттері: Мемлекет және құқық теориясы, Мемлекет және құқық тарихы, Рим құқығы, ҚР Конституциялық құқығы, Логика.

 

1.7 «ҚР Азаматтық құқығы Жалпы бөлім» пәнін меңгергеннен кейін оқитын пәндері. Постреквизиттері: Азаматтық құқық (ерекше бөлім), Кәсіпкерлік құқық, Тұрғын үй құқығы, Халықаралық жеке құқық, Жер құқығы, Нотариат, Отбасы құқығы және т.б.

 

 

2. ПӘН БОЙЫНША ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

2.1. Міндетті әдебиеттер

1. ҚР азаматтық Кодексі Жалпы бөлімі Ерекше бөлімі, Юрист Алматы 2014ж

2. Азаматтық құқық (Жалпы Бөлім) Ғ.А.Жайлин, Жеті жарғы; Алматы 2013ж.

3. Гражданское право. Ч. 3. Под ред. Сергеева А.П., Толстого Ю.К. М., Проспект, 2010ж

4. Азаматтық құқық, Практикум, (Жалпы Бөлім) С.А.Ынтымақов, Сарын; Алматы 2013ж.

5. Азаматтық құқық. 1 том (Жалпы бөлім). Жоғарғы оқу орындарына арналған оқулық (оқу курсы). Өнделген және толықтырылған 2 басылым. Жауапты редактор: М.К. Сулейменов, Ю.Г. Басин. – Алматы, 2003.

6. Азаматтық құқық. (Жалпы бөлім). Жоғарғы оқу орындарына арналған оқулық (оқу курсы). Жауапты редактор: М.К. Сулейменов, Ю.Г. Басин. – Алматы, 2003.

7. Ынтымақов С.А. Азаматтық құқық. Практикум. Жалпы және ерекше бөлім. – Алматы: Заң әдебиеті, 2003.

8. Гражданский кодекс Республики Казахстан (Общая часть). Комментарий. Том. І и ІІ. Отв.ред. М.К.Сулейменов, Ю.Г.Басин. Алматы, Жеты жаргы, 2000.

9. Гражданское право. Том I. Отв. Ред. М.К. Сулейменов, Ю.Г. Басин Алматы. Издательство Каз-ГЮА. 2002.

10. Гражданское право. Ч. 1, 2. Под ред. Сергеева А.П., Толстого Ю.К. М., Проспект, 1997.

11. Гражданское право в 2-х томах. Отв.ред.Суханов Е.А. М., Бек, 1993.

2.2. Қосымша әдебиеттер

1. Иоффе О.С. Правоотношение по советскому гражданскому праву. 1949.

2. Халфина Р.О. Общее учение о правоотношении. М., 1974.

3. Каудыров Т. Гражданско-правовая охрана объектов промышленной собственности в Республике Казахстан. Алматы, 2001.

4. Ильясова К. Регистрация прав на недвижимость в Республике Казахстан. Основные концептуальные положения. Алматы, 2000.

5. Карагусов Ф. Ценные бумаги и деньги как объекты гражданских прав. Алматы, 2001.

6. Климкин С.И. Юридические лица по законодательству Республики Казахстан. Общие положения. Алматы, 2001.

7. Юридические лица. Практикум. Под ред. Климкина С.И. Алматы, 2003.

8. Климкин С.И. Юридические лица (сборник статей). Алматы, 2004.

9. Климкин С.И. Хозяйственные товарищества по законодательству Республики Казахстан. Алматы, 2002.

10. Басин Ю.Г. Сделки. Алматы, 1996.

11. Скловский К.И. Собственность в гражданском праве. 2000 г.

12. Диденко А.Г. Обеспечение исполнения договоров. Астана, 2002 г

2.3. Ақпараттық әдебиет

1. Параграф ақпараттық жүйесі

2.4. Интернет-қайнаркөзі

www.minjust.kz.

Www.zakon.kz

 

 

3. Күнтізбелік-тақырыптық жоспар

Пәннің тақарыптарының аталуы, қысқаша мазмұны апта Аудиториялық сабақтар Тапсырма түрі (сипаттама) Барлығы (с.)
Дәрістер (с.) Тәж./сем./лаб./ студ (с.) СОӨЖ СӨЖ баяндама, реферат  
  Азаматтық құқықтың түсінігі, пәні, әдісі.     0,5     2,5
  Азаматтық құқықтың қайнар көздері     0,5     3,5
  Азаматтық құқықтық қатынас     0,5     2,5
  Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру және қорғау.     0,5     3,5
  Азаматтық құқықтықтық қатынастардың субъектілері            
  Заңды тұлғалар азаматтық құқықтардың субъектілері ретінде            
  Мемлекет және әкімшілік аумақтық бөліністер азаматтық құқықтың субъектісі ретінде            
  Азаматтық құқықтың объектілері.     0,5     8,5
  Мәмілелер. 6-7          
  Өкілдік және сенімхат     0,5     2,5
7 аптада аралық бақылау нәтижесі бойынша І РЕЙТИНГ бағасы шығарылады.
  Азаматтық құқықтағы мерзімдер. Талап қою мерзімі.            
  Заттық құқықтар     0,5     7,5
  Меншік құқығының түсінігі.     0,5     6,5
  Меншік құқығы және өзге де заттық құқықтардың пайда болуы мен тоқтатылуы.            
  Ортақ меншік құқығы.     0,5     3,5
  Өзге шектеулі заттық құқықтар     0,5     2,5
  Меншік құқығын және өзге де заттық құқықтарды қорғау.            
  Міндеттеме ұғымы мен мазмұны. Міндеттемедегі тараптар.       0,5         3,5
  Міндеттемелердің орындалуы     0,5     2,5
  Міндеттемені орындалуын қамтамасыз ету.     0,5     9,5
  Міндеттеменің тоқтатылуы     0,5     2,5
  Міндеттемені бқзғаны үшін азаматтық құқықтық жауапкершілік     0,5     11,5
  Шарт ұғымы және жағдайлары.   0,5 0,25     1,75
  Шарт жасасу, өзгерту және бұзу.   0,5 0,25     1,75
15 аптада аралық бақылау нәтижесі бойынша ІІ РЕЙТИНГ бағасы шығарылады.
16-17 апталарда қорытынды емтихан өткізіледі
  Барлығы:            

 

 

4. Білімді бағалау өлшемі

Жұмыс түрлері Баллдар
R1 (апта7) R2 (апта15)
Сабаққа қатысу    
Жазбаша тапсырмаларды (СӨЖ) орындау (рефераттар және т.б.)    
Семинар сабақтарындағы белсенділік    
Аралық бақылау    
Қорытынды рейтинг1 (7 апта), рейтинг 2 (15 апта) R1, R2    
Қорытынды емтихан (Е)  

Екі (R1-R2) рейтингте (R1- R2) алынған балдардың қорытындысы қосылып екіге бөлу де шыққан (R) санның 60% мен емтиханда алған (E) балдың 40% қосылу арқылы студенттің семестрлік, курс (пән) үшін алған жалпы балы (K) анықталады. Қорытынды рейтингті анықтау: (R1+R2):2=R, Студенттің пән бойынша алған жалпы балы: (Rx0,6)+(Tx0,4)=K анықталады.

Келтірілген білім бағалау туралы ақпарат кестесі және жұмыс орындау мен тапсыру графигі тек қана аталған пән үшін бағалау әдісі болып табылады. Әр оқытушы өз пәні ерекшілігіне байланысты дербес түрде жұмыс түрлерін және білім бағалау мәндерін анықтайды.

 

БАҒА ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

Төрт балдық жүйе бойынша сандық эквивалентіне сәйкес келетін студенттердің оқу жетістіктерін бағалаудың әріптік жүйесі

Әріптік жүйе бойынша баға Балдардың сандық эквиваленті   %-дық көрсеткіш Дәстүрлі жүйе бойынша баға
А 4,0 95-100 Өте жақсы
А- 3,67 90-94
В+ 3,33 85-89 Жақсы
В 3,0 80-84
В- 2,67 75-79
С+ 2,33 70-74 Қанағаттанарлық
С 2,0 65-69
С- 1,67 60-64
D+ 1,33 55-59
D 1,0 50-54
F   0-49 Қанағаттанарлықсыз

 

ПӘНДІ ОҚЫТУ САЯСАТЫ

Сабаққа қатысу, өзіндік жұмысты талқылауға белсенді қатысу, тапсырмаларды орындау міндетті болып табылады. Сабаққа әрбір екінші кешігу немесе кез келген себеппен сабақ аяқталғанға дейін кетіп қалу бір күн сабақта болмаған болып есептеледі. Қандай да бір тапсырманы орындамау тиісті балды алуыңызға кедергі болады. Белгіленген мерзімнен кеш орындалған тапсырмалар қабылданбайды.

Курстың ерекшелігі қоғамдық ынтымақтастық, белсенді жүріс-тұрыстың жоғарғы талаптарын сақтау: сабырлы, ашық және игі ниетті болу. Егер Сізде курс бойынша қандай да бір сұрақтар туындаса көмек үшін оқытушыға немесе қызметкерлерге жүгіне аласыз. Сіз өз ойыңызды ашық білдіре аласыз, шешім қабылдауға қатысуға, жеке өз тәжірибеңізге сүйенуге құқылысыз.

Сабақ барысында ұялы телефондарыңызды өшіріп қоюға тиіссіздер. Бұл ережені сақтамау этикалық ережені бұзу болып табылады.

Студенттен талап етіледі:

Пәнді оқуға шығармашылық тұрғыдан қарауы;

Оқу үрдісіне белсенді араласу;

Әртүрлі әдебиеттерді, нормативтік құқықтық актілерді қолдану;

Топпен жұмыс істей алу;

Талдау жасай білу.

Студенттің міндеттері:

Сабаққа қатысу;

Сабаққа кешікпеу;

СОӨЖ орындауға, дәрістерге, семинар сабақтарына белсенді қатысу;

СОӨЖ орындай білу;

Сабаққа жүйелі түрде дайындалу;

Орындалған жұмыстарды белгіленген мерзімде тапсыру;

Негізгі және қосымша әдебиеттермен танысу;

ҚР-ның азаматтық заңнамасын оқу және оны тәжірибелік жағдайларда қолдана білу;

Сабақтың қалыпты өтуіне кедергі жасамау;

Мәнді сөйлеу.

 

 

5. Емтиханға дайындалу сұрақтары

1. Жеке құқық ұғымы

2. Азаматтық құқықтың нысанасы, әдісі және функциялары

3. Азаматтық құқық реттейтін мүліктік қатынастардың ұғымы және түрлері

4. Жеке мүліктік емес қатынастар азаматтық-құқықтық реттеудің нысанасы ретінде

5. Азаматтық құқықтың құқық жүйесіндегі орны

6. Азаматтық заңнаманың ұғымы мен жүйесі

7. Кәмелетке толмағандардың әрекет қабілеттілігі

8. Жеке кәсіпкерлердің құқықтық жағдайы

9. Шетел азаматтарының құқыққабілеттілігі және әрекет қабілеттілігі

10. Заңды тұлғаның ұғымы мен мәні

11. Заңды тұлғалардың түрлері

12. Серіктестік заңды тұлға ретінде

13. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құқықтық жағдайы

14. Акционерлік қоғамның құқықтық жағдайы

15. Еншілес және тәуелді қоғамдар заңды тұлға ретінде

16. Өндірістік және тұтыну кооперативтері заңды тұлға ретінде

17. Коммерциялық емес ұйымдар заңды тұлға ретінде

18. Заңды тұлғалардың қайта құрылуы және таратылуы

19. Коммерциялық ұйымның банкрот болуы оның қызметін тоқтату негізі ретінде

20. Мемлекет азаматтық құқықтың субъектісі ретінде

21. Азаматтық құқықтағы заңи фактілердің ұғымы және түрлері

22. Мәмілелердің жарамдылығының шарттықтары (жағдаяттары)

23. Мәмілелердің түрлері

24. Мәміледегі ерік және ерік білдіру

25. Даулы және мардымсыз мәмілелер

26. Азаматтық құқықтық қатынастардың ұғымы және түрлері

27. Заттар азаматтық құқықтардың объектілері ретінде

28. Қозғалмайтын мүліктің азаматтық-құқықтық режимі

29. Бағалы қағаздар азаматтық құқықтардың объектілері ретінде

30. Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру ұғымы және әдістері

31. Азаматтық құқықтағы өкілдік

32. Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру шектері

33. Азаматтық құқықтағы құқықты теріс пайдалану мәселесі

34. Азаматтық құқықтағы мерзімдердің ұғымы мен түрлері

35. Талап қою мерзімдерінің ұғымы, түрлері және салдары

36. Азаматтық құқықтағы тыйым салу мерзімдері

37. Қорғануға құқық субъективтік азаматтық құқық ретінде

38. Азаматтық құқықтарды өзіндік қорғау

39. Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің ұғымы және түрлері

40. Кінә азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің негізі ретінде

41. Себепті байланыс азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің негізі ретінде

42. Азаматтық құқықтағы шығындардың ұғымы және оларды есептеу

43. Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктен босату негіздері

44. Азаматтық құқықтағы тәуекел ұғымы және мазмұны

45. Меншік құқығының ұғымы және мазмұны

46. Әртүрлі құқықтық жүйелердегі меншік иесінің (өкілеттігі) құзыреті

47. Азаматтық құқықтағы заттық құқықтар

48. Азаматтық құқықтағы құқыққатысушылық

49. Меншік құқығын алу және тоқтату

50. Иесіз мүліктің ұғымы және түрлері

51. Меншік құқығын қорғаудың заттық-құқықтық тәсілдері

52. Мемшік құқығын мемлекеттің араласуынан қорғау

53. Шектеулі заттық құқықтарды қорғау

54. Мемлекеттің меншік құқығы

55. Мемлекеттік меншік құқығының объектілері

56. Мемлекеттік қазына мемлекеттің меншік құқығының объектісі ретінде

57. Мемлекеттік мүлікті жекешелендірудің азаматтық-құқықтық нысандары

58. Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын жайларды жекешелендіру

59. Шаруашылық серіктестіктердің меншік құқығының субъектілері және объектілері

60. Өндірістік кооперативтердің меншік құқығының субъектілері және объектілері

61. Мемлекеттік мүлікпен шаруашылық жүргізу құқығы

62. Қоғамдық және діни ұйымдардың меншік құқығының туындау негіздері және мазмұны

63. Қоғамдық және діни ұйымдардың меншік құқығының субъектілері мен объектілері

64. Тұтыну кооперативтерінің меншік құқығы

65. Қайырымдылық және өзге де қорлардың меншік құқығы

66. Азаматтардың меншік құқығының ұғымы және мазмұны

67. Азаматтардың меншік құқығының объектілері

68. Азаматтардың меншік құқығын жүзеге асыру және тоқтату

69. Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын азаматтың меншік құқығы

70. Кәмелетке толмағандардың мүлкі және оны азаматтық құқықта қорғау

71. Ортақ меншік құқығының ұғымы және түрлері

72. Ортақ үлестік меншіктің ұғымы және туындау негіздері

73. Ортақ үлестік меншік қатысушыларының құқықтары мен міндеттерінің мазмұны және жүзеге асыру

74. Ортақ бірлескен меншік құқығының ұғымы және түрлері

75. Шаруа қожалығының ортақ меншігі

76. Кондоминиум – ортақ меншіктің ерекше нысаны

77. Өнеркәсіптік (өндірістік) үлгі авторының құқықтары және оларды азаматтық-құқықтық қорғау

78. Тауар белгілері мен қызмет көрсету белгілері иелерін азаматтық-құқықтық қорғау

79. Ар-намыс, абырой және іскерлік беделді азаматтық-құқықтық қорғау

80. Азаматтардың жеке өмірін азаматтық-құқықтық қорғау

81. Азаматтық құқықтағы міндеттемелердің ұғымы және жүйесі

82. Үлестік және ортақтасқан міндеттемелер

83. Үшінші тұлғалардың қатысуымен болатын міндеттемелер

84. Міндеттемелердегі талапты беру және борышты аудару

85. Міндеттемелерді орындаудың ұғымы және әдістері

86. Кепіл және оның нарықтық экономикадағы маңызы

87. Ипотека және ипотекалық кредит

88. Айып төлеу. Кепіл болушылық және кепілдік

89. Банктік кепілдік

90. Шарт мүліктік айналым қатысушыларының өзара байланысын ұйысдастыру құралы ретінде

91. Шарттардың бостандығы және нарықтық шаруашылыққа ауысу кезіндегі шарттық тәртіп

92. Шарттардың түрлері және оларды азаматтық құқықта бөлу

93. Шарттың мазмұны және оның жағдаяттарын (шарттықтарын) бөлу

94. Шарттың жағдаяттары және іскерлік айналым әдеттері

95. Азаматтық-құқықтық шарттарды жасау сатылары және әдістері

96. Сауда мен аукциондардағы шартарды жасау

97. Биржалық шарттар (контрактілер)

98. Азаматтық құқықтағы жария шарттар және қосылу шарттары

99. Алдын-ала жасалатын шарттар

100. Азаматтық құқықтағы аралас және қалыптаспаған (нетипичные) шарттар

 

Глоссарий

Азаматтық құқық нысаны

қоғамдық қатынастарды азаматтық-құқықтық реттеу процесінде олардың мүшелері субъективті құқықтар мен міндеттемелермен бөлінеді, ол болашақта құқықтық қатынас шегіндегі мүшелер тәртібін анықтайды.

 

Азаматтық құқықтық қатынас субъектілері

азаматтық құқық қатынас мүшелер олардың субъектілер мен аталады.

 

Азаматтық құқық қатынас объектілері

азаматтық құқық қатынас объектісі түрінде оның субъектілерінің материалдық жеке материалдық емес игіліктерге бағытталған тәртібі көрінеді.

 

Жеке мүліктік емес игіліктер

азаматтық заңның жеке мүліктік емес қатынастарды реттеу нәтижесінде бекітіледі

 

Абсолюттік құқықтық қатынастар

құқықтық тұлға құқығын кез келген тұлға бұза алады.

 

Қатысты құқықтық қатынас

құқықтық тұлға құқығы осы құқытық қатынасқа қатысатын белгілі бір тұлғалар жағынан бұзылуы мүмкін.

 

Заттық қатынастар

құқықтық тұлға көзқарасы заттардың пайдалы қасиеттері есебінен қанағаттандырылады.

 

Міндеттемелік құқықтық қатынастар

тұлға көзқарасы (қызығушылығы) материалдық игіліктерді құқықтық тұлғаға ұсыну бойынша міндетт тұлғаның белгілі бір әрекет есебінен қанағаттандырылуы мүмкін.

 

Факт

құқықтық нормалармен қарастырылған жағдайлар туындауы қажет, олар азаматтық заңдық болып табылады.

 

Заңдық әрекет

бұл заңдық әрекет жасаған тұлға еркінен тыс, ал кейде тәуелді азаматтық – құқықтық зардап тудыратын құқықтық әрекеттер.

 

Сенімхат

ретінде бір тұлғаның екіншісіне үшінші тұлға алдындағы өкілеттігі үшін берілетін жазбаша құқығы түсіндіріледі.

 

Талапқа құқық

ұлғаның заңмен қорғалатын мүддесін немесе бұзылған құқықтарын қорғау мақсатында жауапкермен материалдық-құқықтық дауды қарау және шешу туралы талабымен мүдделі тұлғаның заңмен қамтамасыз етілген сотқа шағымдану мүмкіндігі.

 

Императивтік мерзімдер

заңмен нақты анықталған және олар тараптардың келісімімен өзгертілмейді.

 

Анықталмаған мерзімдер

заңмен немесе шартпен уақыты бекітілмеген, бірақ бұл құқық қатынастарында уақыт шегінің бар болуын болжайды. Осылайша мүлік уақытша өтеусіз пайдалануға немесе белгісіз мерзімге жалға берлуі мүмкін.

 

Жалпы мерзімдер

азаматтық құқықтың кез-келген субъектісіне қатысты жалпы мағыналы мерзімдер.

 

Арнайы мерзімдер

заңда тікелей көрсетілген жағдайларда әрекет етеді және жалпы мерзімдердің ережелері шектелген.

 

Талаптық мерзім

өкілетті тұлғаның міндетті тұлғаға олардың арасындағы болған түсініспеушілікті реттеу мақсатында өзінің бұзылған құқықтарын сотқа дейін қорғауға құқылы, ол кейінде міндетті мерзім аралығы.

 

 

Тапсырмаларды орындау және тапсыру графигінің формасы

 

Бақылау түрі Апталар Қорыт. балл
                              16-17
Сабаққа қатысу * * * * * * * * * * * * * * *    
Жазбаша тапсырмаларды (СӨЖ) орындау (рефераттар және т.б.)   * * * * * * * * * * * * *      
Семинар сабақтарындағы белсенділік * * * * * * * * * * * * * * *    
Аралық бақылау   *   *   *   *   *   *   *      
Қорытынды рейтинг             * R1               * R2   200/2= 100 (R)
Қорытынды емтихан                               * 100 (E)
Жалпы балл                                 100 (К)
                                   

 

Қосымша З

«Азаматтық құқық Ерекше бөлім»

пәні бойынша оқу әдістемелік қамтамасыз етілу картасы

Пәннің аталуы Студ. саны Оқулықтар мен оқу құралдары Кітаптар саны Практикумдар және т.б. Кітаптар саны
Семестр Кітапханада кафедрада Кітапханада Кафедрада
4сем -
Азаматтық құқық Жалпы бөлім     Азаматтық құқық (Жалпы Болйм) Жеты Жаргы, Г.А.Жайлин, 2012.   - Азаматтық құқық. Практикум. Жалпы және ерекше бөлім. Ынтымақов С.А. – Алматы: Заң әдебиеті, 2003.   -
Азаматтық құқық Жалпы бөлім     Гражданское право. Том І. Отв.ред. М.К.Сулейменов, Ю.Г.Басин. Алматы. Издательство КазГЮА. 2000.     - Азаматтық құқық. Практикум. Ерекше бөлім. Ынтымақов С.А. – Алматы: Сарын Баспасы, 2013.    
Азаматтық құқық Жалпы бөлім     Гражданское право. Том І. Общая часть. Под ред. Суханова Е.А. М.; Волтерс Клувер, 2004 Жауапты редактор: М.К. Сулейменов, Ю.Г. Басин. – Алматы, 2003.   -      
          -      

7. Семинар сабақтарына дайындалу үшін әдістемелік нұсқаулар.

«Азаматтық құқық» пәні бойынша семинар және тәжірибелік сабақтары әр-түрлі нысандарда өткізіледі (жалпы сұрау, есептер шешу, сот шешімдерін талқылау, мамандықты меңгеру ойындары, ауызша баяндамалар, рефераттарды қорғау, үй тапсырмасын талдау). Семинарды немесе тәжірибелік сабақты өткізу нысанын мұғалім әр сабақта анықтайды және алдын ала хабарлайды.

«Семинар» деген сөз латын тіліндегі "seminarium" сөзінен туындаған және аудармасында студенттердің белсенді қатысуымен өткізілетін топтық сабақтардың нысанын белгілейді. Семинар – ұсынылған қайнар көздер мен әдебиетті оқу бойынша студенттің дербес жұмысының нәтижесі. Семинардың мақсаты - әдебиет бойынша дербес жұмыстың нәтижелерін тексеру, түсініксіз мәселелерді талқылау, аудитория алдында баяндау дағдыларын беру.

Студенттің дербес жұмысы дегеніміз не? Дербес жұмысты атқару дегеніміз – ұсынылған әдебиетті, қайнар көздерді оқу, семинар сұрақтарына жауаптарға дайындалу мақсатында, пән бойынша білімдерді тереңдету мақсатында, курстың тақырыптары бойынша реферат немесе баяндама жасау мақсатында оқылғанға қысқаша мәнжазбаларды жасау.

Әдебиетті оқудың жалпы ережелері:

1. Оқу кезеңдері:

1) кітаппен алдын ала танысу;

2) алғы сөзді немесе кіріспені оқу;

3) мәтінді оқу.

2. Мәтінді ұқыпты оқыңыз – түсініксіз жерлерге қайта оралып.

3. Мәтінді мұқият оқыңыз – маңызды жерлерін жібермей.

4. Мәтінді зейінділікпен оқыңыз – оқып жатқаныңызды ойдан тастамай.

5. Мәтінді логикалық соңына дейін оқыңыз – абзац, параграф, тарау, бөлімінің және т.б. соңына дейін.

 

Тиімді оқу жолдарын дербес игеру үшін келесі оқу құралын ұсынамыз - Андреев О.А., Хромов Л.Н. Учитесь быстро читать.- М., 1991.

 

Есептер мен сот шешімдерін талқылауға байланысты нұсқаулар:

Сесептер мен сот шешімдерін талқылау кезінде ұстанылатын кезеңдерді төрт сатыда қарастырылуы тиіс. Олар:

1) Есеп немесе шешімнің қысқаша мазмұнын анықтау. Алғаш есеп немесе сот шешімін құқықтық тұрғыдан маңызды мән жайларын қысқаша түйіндеуіміз керек. Себебі қысқаша мазмұндау, ойымыз және бағытымызды нақтылай түсуімізге көмегі тиіп, ойымыздың жан жаққа бөлінбеуінде маңызды.

2) Шешілуі тиіс құқықтық мәселені (проблема) анықтау. Осы екніші кезеңде есеп немесе сот шешіміндегі құқықтық мәселе қандай құқықтық институт бойынша шешілетіндігін анықтауымыз тиіс. Мысалға есептегі шешілуі тиіс мәселе отбасы құқығымыздағы неке институына байланысты болып, некеге тұру шарттары. Осылайша құқықтық мәселені (проблеманы) анықтауымыз, бізге осы мәселе, қандай құқықтық қатынас (отбасылық, міндеттемелік, қылмыстық тб құқықтық қатынас), реттеген нормативтік актіні және заңнамадағы қандай нормаларды (баптарды) қолданатынымызды анықтауда тиімділік көрсетеді.

3) Шешімі. Есеп немесе сот шешіміне байланысты проблеманы анықтағаннан кейін, шешім беруге кірісеміз. Себебі проблеманың қандай құқықық қатынас екенідігіне байланысты қандай құқықпен реттелгендігін анықтадық. Ал институтты анықтау арқылы заңнамадағы қандай нормалармен реттелгендігін анықтадық, осылайша нормативтік актіден осы мәселені реттеген нориаларды наықтап, осы нормаларға сәйкес мәселені алғаш нормативтік актіге сәйкес шешеміз. Нормативтік актіге сәйкес шешкеннен кейін тәжірибеде аталған мәселе (проблема) қалай шешім табуда екендігіне тоқталамыз. Яғни осы мәселе тәжірибеде, сот шешімдерінде қалай шешімге жетуде. Мұнда жергілікті сот, жоғарғы сот сешімдері, жоғарғы соттың нормативтік қаулыларында мәселе қалай шешілуде екендігіне тоқталамыз. Тәжірибеде мәселе қалай шеілгендігіне тоқталғаннан кейін, мәселеге (проблемаға) байланысты доктринадағы пікірлерге тоқталамыз. Яғни осы мәселеге байланысты осы саладағы ғалымдардың, мамандардың пікіріне тоқталамыз.

Сонымен қорытсақ есеп немесе сот шешімін талқылау кезінде шешім кезеңін үш бағытта қарастырамыз: біріншісі нормативтік актіге сәйкес, екіншісі тәжірибеге (практикаға) сәйкес, үшіншісі доктринаға сәйкес. Мұнда ескеретін жәйт барлық құқықтық мәселеге байланысты норма, тәжірибе, доктрина әрдайым әр пікірде болмауы мүмкін.

4) Мәселеге (проблемаға) байланысты өз пікіріңіз. Осы орайда есепті немесе сот шешімін талқылап отырған студент құқықтық мәселеге байланысты өз пікірін жазуы мүмкін. Бірақ өз пікірін жазу міндетті емес. Ал өз пікірін жазғанда оны құқықтық негіздеуі тиіс. Құқықтық негіздеу дегеніміз, норманың аталған құқық саласының белгілі принципіне, субъектінің құқығы бұзылғандығы, конституцияға қайшылығы, жалпы негіздерге қайшылығы сияқты өз пікірін қолдайтын құқықтық дәйектердің болуы.

Есеп шығаруда пайдаланылатын оқулық:

1. С.А.Ынтымақов, Азаматтық құқық, Практикум. Алматы:2003, Заң Әдебиеті баспасы 230 бет.

2. С.А.Ынтымақов, Азаматтық құқық, Практикум, (Жалпы Бөлім) Сарын; Алматы 2013ж.

8. СӨЖ тапсырмаларына дайындалу үшін әдістемелік нұсқаулар.

СӨЖ тапсырмаларына қойылатын талаптар:

Студенттер СӨЖ тапсырмалары силлабуста белгіленген тақырыптар бойынша жазбаша нысанда дайындалады. Студент тарапынан дайындалған СӨЖ мұғалімнің офис сағантарында қорғайды. Қорғау кезінде тақырыпты қысқаша түсіндіреді және сол тақырыпқа байланысты мұғалім тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруі талап етіледі.

СӨЖ туралы талаптар:

Тақырыптың негізіне кірмес бұрын студент СӨЖ тақырыбына кіріспе жасайды. Кіріспеде тақырыптың қысқаша тарихшасына тоқталады, құқықтағы орны мен маңызы қарастырылады. Осыдан кейін негізіне тоқталады. Осы бөлімде тақырыпты жан жақты ашуға тырысылады. Осы тақырыпқа байланысты ғылыми пікірлер, тәжірибелерге тоқталады. Жұмыста студент тақырып шеңберінде еңбекте қаралған сұрақтарды көрсетіп автордың субъективті позициясын ашуға тиісті. Осыдан кейін барып өзіндік қорытынды жасалады. Қорытынды да тақырыпқа байланысты өзіндік тұжырым, түйіндемелер жасалады.

Студенттер СӨЖ жазу барысында жұмыс бағдарламасында сонымен қатар силлабустарда көрсетілген әдебиеттерді пайдалана алады. Жұмыстың көлеміне байланысты шектеулер жоқ, бірақ тақырыпты жеткілікті дәрежеде ашуы тиіс. СӨЖ орындауда жоспары, мазмұны және қолданылған әдебиет тізімі көрсетіледі. Қолданылған әдебиеттер тізімінде, ғылыми еңбектің аталуы, авторы, баспа атауы, шыққан жері мен жылы көрсетіледі.

СӨЖ мақсаты: тақырып шеңберінде жоспарда көрсетілген сұрақтар бойынша негізделген ғылыми және тәжірибелік қорытындыларды шығару.

Жұмыс бағдарламасында көрсетілген мерзімнен кейін даярланған СӨЖ қаралмайды.


Дата добавления: 2015-10-24; просмотров: 380 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Семинарлық сабақтар| Ші тақырып. Азаматтық құқықтың түсінігі.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.068 сек.)