Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Жалпы ережелер

Читайте также:
  1. Білім бағасының жалпы баллдануы
  2. Жалпы дәрігерлік тәжірбие
  3. Жалпы дәрігерлік тәжірибе_ каз
  4. Жалпы жағдайы
  5. Жалпы жағдайы
  6. Жалпы мәліметтер

Осы Ереже Қазақстан Республикасы I Президентінің күніне орай «Парасатты жастар Лигасы» қоғамдық бірлестігінің жүлдесіне пікірсайыс турнирінің (әрі қарай - турнир) өткізу тәртібін анықтайды.

 

Ұйымдастыру алқасы: «Парасатты жастар Лигасы» қоғамдық бірлестігі, «Шығыс» дебат қозғалысын қолдау орталығы және Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік техникалық университеті.

 

Турнирдің өту орны: Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Серікбаев к-сі 19.

Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік техникалық университеті.

 

Турнирдің өту күні мен уақыты: 2012 жылдың желтоқсан айының 1-2 жұлдызы аралығында өтеді, Турнирдің басталуы сағат 08.30.

1.1 Қазақстан Республикасы I Президенті күніне орай «Парасатты жастар Лигасы» қоғамдық бірлестігі жүлдесіне» республикалық пікірсайыс турнирінің ережесі, сәйкесінше оның өткізілуін анықтайтын құжат болып саналады.

1.2 Турнирға «Пікірсайыс» ойынымен таныс жұмысшы, студент және оқушы жастар қатыса алады.

 

1.3 Турнирдің мақсаты: еліміздің халықаралық беделінің артуына бағытталған Қазақстан Республикасы жастары арасындағы саяси сауаттылығының артуына ықпал ету.

 

1.4 Турнир міндеттері:

- жастар арасында шешендік өнерді дамыту;

- қоғамда болып жатқан әлеуметтік және саяси үрдістерге қызығушылықты арттыру;

- құқықтық мәдениетті қалыптастыру;

- төзімділік пен азаматтық сана-сезімді тәрбиелеу;

- жастардағы сыни ойды дамыту;

- жас ұрпақты демократиялық қоғам өміріне баулу;

 

1.5 Турнир келесі принциптер бойынша негізделеді:

- объективтілік;

- белсенді азаматтық және өмірлік позиция;

- ашықтық;

- конструктивті диалог;

- достық атмосфераны құру.

 

2. Турнирдің өту реті, қатысу шарттары.

2.1 Турнир қазақ тілінде өтеді.

2.2 Турнир екі формат бойынша өтеді: американдық-парламенттік формат және Линкольн – Дуглас форматы. Турнир есебі бойынша қазылар алқасы 1-ші, 2-ші және 3-ші орын алған командаларды, үздік спикер Линкольн-Дуглас форматының нәтижелері бойынша анықталады. Жалпы ережелер және турнирдің өту форматы қазылар алқасымен турнир басталғанға дейін талқыланады.

2.4 Турнир жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен, үздік спикерлер сәйкесінше сертификаттармен марапатталады.

2.5 Турнирдің қорытындысы және жеңімпаздарды жариялау 2012 жылдың

2 желтоқсанында Турнирдің жабылу салтанатында өтеді.

2.6 Ақпаратпен қамтамасыз ету. Телеарналар: «Қазақстан-Өскемен»;

Газеттер: «Дидар», «Өскемен», «За знание», «Жаңа әлем жастары», «Имидж ВКГУ»;

2.7 Турнирға өтініштер мына эл.адрес бойынша жіберілуі тиіс: lem_uka@mail.ru

http://vk.com/oskemendebat

 

3. Турнирдің қарарлары

3.1 Американдық парламенттік формат:

- Б.ПЖастар бастамаларын қолдау орталықтарының (Жастар орталықтарының) ашылуы ақталады деп санайды;

- Б.П Қазақстан спортына легионерлерді тарту ақталады деп санайды;

- Б.П ҚР театрларын дамытудың тиімді механизмін ұсынады;

- Б.П Қаржы пирамидаларымен күресудің тиімді механизмін ұсынады;

- Б.П Парламенттегі жастардың саны артқаны ақталады деп санайды;

- Б.П ҚР жұмысшылардың гендерлік теңдігі туралы Конвенцияны ратификациялау ақталады деп санайды;

- БП Пантүріктік идеясы ақталады деп санайды;

 

3.2 Линкольн-Дуглас форматы турнирінің қарарлары ойын алдында анықталады.

Қосымша ақпарат үшін анықтама телефондар:

- Токтарбаев Данияр Салауатұлы, «Парасатты жастар Лигасы» қоғамдық бірлестігі Кеңесінің төрағасы, жұм.тел: +7 /7232/ 24 99 59, ұялы тел: +7 /775/ 172 99 07;

- Мұздапаров Медет, Шығыс» дебат қозғалысын қолдау орталығы төрағасы, +7 775 903 81 87;

- Нұғыманов Мирхат, «Еркін сөз» дебат клубының координаторы, +7 702 114 55 49;

- Қуандықова Толқын, «Ділмар» дебат клубының координаторы, +7 775 403 37 62.

 

 

Шығыс Қазақстан облыстық

«Шығыс» дебат қозғалысын қолдау орталығы

Төрағасы М.Мұздапаров


Дата добавления: 2015-10-02; просмотров: 317 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
ВСТРЕЧА| М Е Т О Д И Ч Е С К И Е У К А З А Н И Я

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)