Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Интерн-терапевтерге инфекциялық аурулардан 2011/2012 оқу жылына арналған емтихан сұрақтары

Читайте также:
  1. Аралық бақылау. Коллоквиум сұрақтары.
  2. Аралық бақылау. Коллоквиум сұрақтары.
  3. Бақылау сұрақтары
  4. Бақылау сұрақтары
  5. Бақылау сұрақтары
  6. Бақылау сұрақтары
  7. Бақылау сұрақтары

ТЕСТЕР

Вариант 1

 

$$$001

Аденовирусты инфекцияға тән клиникалық симптомокомплексті көрсетіңіз:

A) Қызба, интоксикация, артқы мойын лимфадениті, араңдағы гиперемия, қанның жалпы анализіндегі атипті мононуклеарлар.

B) Қызба, интоксикация, бауыр мен көкбауырдың ұлғаюы, анемия.

C) Қызба, интоксикация, фаринготонзиллит, конъюнктивит, бауыр мен көкбауырдың ұлғаюы, полиаденит.

D) қызба, интоксикация, регионарлы лимфаденит, араңның гиперемиясы, бадамша безінің ұлғаюы, лакунадағы іріңді бітелу немесе жабынды.

E) Қызба, интоксикация, бір жақты жаралы – некротикалық бадамша безінің зақымдалуы, регионарлы лимфатүйіндерінің ұлғаюы.

{Дұрыс жауабы}= С

{Қиындығы}= 1

{Оқулық}= (Жұқпалы аурулар.Шувалова Е.П.: 2005)

Интернатура

{Семестр}= 14

{Тестілеушінің болжам білімі}= FM

$$$002

Науқас А., 27 жаста, аурудың 8ші күні ауруханаға басының ауруы, ұйқысыздыққа, дене температурасының 39,5°C-қа дейін көтерілуі, тәбетінің төмендеуіне шағымданып түсті. Ауру біртіндеп дамыған. Объективті: терінің бозаруы, ішінде аздаған розеолезды бөртпелер, пульсі минутына 82 соққы (температура 39,5°C болғанда), ішінің кебуі, бауыры мен көкбауыры ұлғайған, Падалка симптомы оң. Сіздің диагнозыңыз:

A) Кенелік бөртпе сүзек.

B) Эпидемиялық бөртпе сүзек.

C) Бөртпе сүзек.

D) Малярия.

E) Жедел бруцеллез.

{Дұрыс жауабы}=С

{Қиындығы}= 2

{Оқулық}= (Жұқпалы аурулар.Шувалова Е.П.: 2005)

Интернатура

{Семестр}= 14

{Тестілеушінің болжам білімі}= РА

$$$003

Науқас А., 26 лет, аурудың 5ші келесі шағымдармен түсті: дене температурасының 38,7°C – қа дейін көтерілуі, басының ауруы, балтыр бұлшықеттеріндегі ауырсыну. Жедел ауырған, қалтыраумен бірге дене температрасы 38,5°C – қа дейін көтерілген, содан кейін бас ауруы мен әлсіздік, балтыр бұлшықеттерінде ауырсыну, тері мен көздің ақ қабығында сарғаю пайда болған. Ауырғанына дейін 1апта бұрын өзенде шомылған. Жағдайы орташа ауырлықта. Бетінің терісі сарғаюмен гипеемирленген, көздің ақ қабаты сарғайған, қан құйылулар бар. Балтыр бұлшықеттері пальпация кезінде ауырсынады. Жүрек тондары тұйықталған, ритмі дұрыс. Пульсі 98 минутына рет. АҚ 100/60 мм.сын.бағ. бауыр мен көкбауырдың төменгі шекарасы пальпацияланады. Пастернацкий симптомы екі жақтан оң. Сіздің диагнозыңыз:

A) Инфекциялық мононуклеоз.

B) Вирусты гепатит А, сарғаю

C) Вирусты гепатит В, сарғаю

D) Лептоспироз, сарғаю.

E) Псевдотуберкулез, гепатит.

Дұрыс жауабы Д

{Қиындығы}= 3

{Оқулық}= (Жұқпалы аурулар.Шувалова Е.П.: 2005)

Интернатура

{Семестр}= 14

{Тестілеушінің болжам білімі}=NS

$$$004

Науқас П., 28 жаста, қызметкер, қалада тұрады. Ауруханаға субфибрильді (37,5°C – 37,7°C) дене температурасы, тізе және оң жақ тобық буынының ауырсынуы мен ісінуіне, жалпы әлсіздік, белдегі ауырсыну шағымдарымен түсті. Анамнезінен 1 жыл бұрын жедел бруцеллезді басынан өткерген. Жағдайы орташа ауырлықта. Дене температурасы 37,6°C. Терінің жоғары ылғалдылығы. Мойын және қолтықасты лимфа түйіндері ұлғайған. Тізе буыны және тоң жақ тобық буынының көлемі ұлғайған, ауырсыну есебінен қозғалысы шектелген. Өкпеде визикулярлы тыныс. Жүрек тондары тұйықталған. Пульс минутына 92 рет. АҚ 110/60 мм.сын.бағ. бауыр мен көкбауыр ұлғайған. Бюрне сынамасы 3х4 см, Райт реакциясы 1:50. Клиникалық диагноз қойыңыз:

A) Жеделдеу бруцеллез, полиартрит.

B) Созылмалы бруцеллез, субкомпенсация, полиартрит.

C) Созылмалы бруцеллез, декомпенсация, полиартрит.

D) Созылмалы бруцеллез, компенсация, полиартрит.

E) Резидуальді бруцеллез, тізе буынының артрозо – артриті

Дұрыс жауабы С

{Қиындығы}= 3

{Оқулық}= (Жұқпалы аурулар.Шувалова Е.П.: 2005)

Интернатура

{Семестр}= 14

{Тестілеушінің болжам білімі}=NS

$$$005

Науқас., 42 жаста, тері өңдеу фабрикасының жұмысшысы. Ауруың 4ші күні дене температурасының 38,7°C – қа дейін көтерілуі, басының ауруы, оң жақ білезік буынының сырт жақ бетінің жара шығуына шағымданады. 4 күн бұрын ауырған, оң жақ білезік буынының терісінде қышитын, күйдіру сезімімен, дақ пайда болған. Содан кейін қою құрамды көпіршік пайда болған, ол қасыған кезде жарылып, қара қабыршақпен жабылған жараға айналған. Аурудың екінші күні дене температурасы жоғарылаған. Жағдайы орташа ауырлықта. Дене температурасы 38,90 С. Терісі қалыпты түсте. Оң жақ білезік буының сыртқы бетінің тері асты май қабатының ісінуі байқалады, жара (3x2 см.) ауырсынусыз, қара қабыршақпен жабылған. Жара айналасында мөлдір құрамды көпіршіктер. Өкпеде визикулярлы тыныс. Жүрек тондары тұйықталған. Пульсі минутына 90 рет. АҚ 110/70 мм.сын.бағ. бауыр мен көкбауыр пальпацияланбайды. Аймақтық лимфа түйіндері ұлғайған. Сіздің диагнозыңыз:

А) Сібір жарасы, тері формасы, карбункулезді вариант

В) Сібір жарасы, тері формасы, тілме тәрізді вариант

С) Туляремия, жаралы-бубонды форма.

D) Тілме, эритематозды-буллезды форма.

Е) Тілме, буллезды-геморрагиялық форма.

Дұрыс жауабы А

{Қиындығы}= 3

{Оқулық}= (Жұқпалы аурулар.Шувалова Е.П.: 2005)

Интернатура

{Семестр}= 14

{Тестілеушінің болжам білімі}=NS

$$$006

Науқас П., 26 жаста, ауруының 2 куні ауыр жағдайда тусті. Акелген адамдардың сөзіне қарағанда жедел ауырған, қалтыраумен бірге дене температурасы 39,5°C дейін көтерілгеніне, басының ауруына, 3 ретке дейін құсуына шағымданған. 1 сағат бұрын есінен танып, қалтыраулар пайда болған. Жағдайы ауыр. Есі жоқ, сопор. Тері жабындылары таза. Өкпеде визикулярлы тыныс. Тыныс саны минутына 36 рет. Жүрек тондары тұйықталған, ырғағы дұрыс. АҚ 180/90 мм.сын.бағ. Пульсі 140 рет минутына. Бауыр мен көкбауыр пальпацияланбайды. Керниг симптомы оң, шүйде бұлшықеттерінің ригидтілігі 4 көлденең саусақ. Диурезі – 700 мл тәулігіне. Науқаста дамыған аурудың асқынуын көрсетіңіз:

A) Инфекциялық – токсикалық шок III сатысы.

B) Мидың ісінуі.

C) Жедел бүйрекүсті жетіспеушілігі.

D) Жедел бүйрек жетіспеушілігі.

E) Өкпенің ісінуі.

Дұрыс жауабы В

{Қиындығы}= 2

{Оқулық}= (Жұқпалы аурулар.Шувалова Е.П.: 2005)

Интернатура

{Семестр}= 14

{Тестілеушінің болжам білімі}=РА

 

Вариант 2

 

$$$001

АИВ инфекциясына зерттеуге келесі клиникалық белгілері бар науқастар жатады:

A) Қасағалық лимфаденит және субфебрилитет 2 апта бойы

B) Микрополиаденит, субфебрилитет, диарея 1 ай бойы, дене массасының төмендеуі.

C) Микрополиаденит, субфебрилитет, орхоэпидимит.

D) Микрополиаденит, субфебрилитет, полиартрит 1апта бойы.

E) Микрополиаденит, субфебрилитет, бауыр мен көкбауырдың ұлғаюя, полиартралгия.

Дұрыс жауабы В

{Қиындығы}= 2

{Оқулық}= (Жұқпалы аурулар.Шувалова Е.П.: 2005)

Интернатура

{Семестр}= 14

{Тестілеушінің болжам білімі}=РА

$$$002

Науқас П., ауруының 2ші күні түсті. Жедел ауырған. Қалтырау мен дене температурасының 39,5°C көтерілуі, басының қатты ауруы, әсіресе маңдайы мен қабақ маңында. Мұрнының бітелуі, түшкіру, жарыққа қарай алмау, кеуде артындағы ауырсыну мен күйдіру сезімі, құрғақ жөтел. Эпиданамнез: 3 күн бұрын әйелі аналогты түрде ауырған. Объективті: жағдайы орташа ауырлықта, араңның шырышының, бетінің дене температурасы 39,6°C. Жүрек тондары тұйықталған, тахикардия. Өкпеде визикулярлы тыныс. Сіздің диагнозыңызды көрсетіңіз:

A) Парагрипп.

B) Менингококкты инфекция назофарингит.

C) Риновирусты инфекция.

D) Грипп.

E) Аденовирусты инфекция.

Дұрыс жауабы Д

{Қиындығы}= 2

{Оқулық}= (Жұқпалы аурулар.Шувалова Е.П.: 2005)

Интернатура

{Семестр}= 14

{Тестілеушінің болжам білімі}=РА

$$$003

Клиникалық көріністері дене температурасы 38,7°C дейін жоғарлаған, жүрек айну, құсу, жиі көп мөлшерлі, жасыл түсті жағымсыз иісті, патологиялық қоспасыз нәжіспен жедел басталатын аурудың диагнозын көрсетіңіз.

A) Тырысқақ.

B) Дизентерия.

C) Амёбиаз.

D) Сальмонеллёз.

E) Лямблиоз.

{Дұрысжауабы}= D

{қиындылығы}= 2

{Оқулық}= (Инфекционные болезни.Шувалова Е.П.: 2005)

Интернатура

{Семестр}= 14

{Тест тапсырушыныңбілімболжамы}=РА

$$$004

Науқас 29 жаста, механизатор, ауруының 17-ші күнінде шамалы бас ауруы, дене температурасы 38,0°C көтерілуімен, тәбетінің төмендеуімен, әлсіздік, кешкі уақытта қалтырау мен тершеңдік шағымдарымен түсті. Дене температурасы 38,5°C жоғарлауымен жедел басталған, түнгі тершеңдік, әлсіздік шамалы бас ауруы пайда болған. Ауылда тұрады, азық-түлікті (ет, сүт) бруцеллез және безгектің эндемиялық аймақта тұратын халықтан сатып алады. Жағдайы орташа ауырлықта. Дене температурасы 38,2°C. Терісі бозарған, ылғалдылығы жоғарлаған. Микрополиаденит. Өкпесінде құрғақ бірқалыпты сырылдар. Жүрек тондары тұйықталған, тахикардия. Пульс 96 рет мин. АҚҚ 110/70 мм.сын.бағ. Іші ауырсынбайды, бауыр мен көкбауыры пальпацияланады. Сіздің диагнозыңыз?

A) Үш күндік безгек.

B) Ку-қызбасы, бруцеллез тәрізді формасы.

C) Іш сүзегі, типті форма.

D) Жедел бруцеллез.

E) Инфекциялық мононуклеоз.

{Дұрысжауабы}= D

{қиындылығы}= 2

{Оқулық}= (Инфекционные болезни.Шувалова Е.П.: 2005)

Интернатура

{Семестр}= 14

{Тест тапсырушыныңбілімболжамы}=РА

$$$005

Науқас А., 19 жаста, клиникаға түскен күні ауырған. Айқын қалтырау дене температурасы 390С пайда болды, бас аурымен мазасызданды. Жағдайы ауыр. Дене температурасы 39,90С. Сана-сезімі бұлыңғыр. Тері жабындылары қалыпты, еріні көгерген. Жамбас, санда көп мөлшерлі жұлдызшалы геморрагиялық бөртпе ортасына қарай тығыздалған. Жүрек тондары тұйықталған, пульсы 120 рет мин. толымдылығы бос. АҚҚ 85/50 мм.сын.бағ. Өкпесінде везикулярлы тыныс. ТАЖ 28 рет мин. Перифериялық қанда- Л-22x109/л, солға жылжыған, ЭТЖ 24 мм/сағ. Сіздің диагнозыңыз?.

А) Грипп, геморрагиялық формасы.

В) Менингококкты инфекция, менингококкцемия.

С) Геморрагиялық қызба бүйректік синдроммен.

D) Лептоспироз, сарғаюсыз формасы.

Е) Менингококкты инфекция, менингит.

{Дұрысжауабы}= В

{қиындылығы}= 3

{Оқулық}= (Инфекционные болезни.Шувалова Е.П.: 2005)

Интернатура

{Семестр}= 14

{Тест тапсырушыныңбілімболжамы}=NS

$$$006

Науқас К., 30 жаста ауру біртіндеп басталған, дене температурасы 4 күн бойы 39°C көтерілген,іш аймағында розеолезды бөртпе, адинамия, салыстырмалы брадикардия, бауыр мен көкбауырдың ұлғаюы, аурудың 12 ші күні оң жақ мықын аймағында іштің бұлшықеттерінің локальді қатаюымен жедел ауырған.

Сіздің тактикаңызды көрсетіңіз

A) Динамикалық бақылауға алу

B) Хирург кеңесін ұсыну

C) Спазмолитиктерді тағайындау.

D) Анальгетиктерді тағайындау.

E) Тамақ ішуді тыю және іш аймағына суық басу

Дұрыс жауабы В

{Қиындығы}= 2

{Оқулық}= (Жұқпалы аурулар.Шувалова Е.П.: 2005)

Интернатура

{Семестр}= 14

{Тестілеушінің болжам білімі}=РА

 

Вариант 3

 

$$$001

Сарғаюы бар науқаста гепатит диагнозын төмендегілердің қайсысының деңгейінің жоғарылауы нақтылайды:

A) АЛТ.

B) АСТ.

C) Холестерин.

D) Сілтілі фосфатаза

E) Жалпы билирубин мен оның фракциясы.

{Дұрыс жауабы}= A

{Қиындығы}= 1

{Оқулық}= Инфекционные болезни. Шувалова Е.П.: 2005)

Интернатура{Семестр}= 14

{Тестілеушінің болжам білімі}=F

$$$002

Н. есімді 20 жасар науқас ауруының екінші күні мынандай шағымдармен ауруханаға келді: сол жақ мықын аймағындағы толғақ тәріздес ауырсынулар, жиі сұйық көп мөлшердегі шырыш және қан араласқан нәжіс (тәулігіне 10 рет), дене қызуының 38,5°C-қа дейін көтерілуі фонында тенезмдер мен жалған шақыртулар, қайталамалы құсу,әлсіздік. Сіздің диагнозыңыз.

A) Псевдотуберкулез.

B) Тырысқақ.

C) Иерсиниоз.

D) Вирусты диарея.

E) Дизентерия.

{Дұрыс жауабы}= Е

{Қиындығы}= 2

{Оқулық}= (Инфекционные болезни.Шувалова Е.П.: 2005)

Интернатура

{Семестр}= 14

{тестіленушінің болжамдық білімі}= РА

$$$003

Науқас Р., 27 жаста, ауруының 6-шы күні дене қызуының 38,9°C дейін көтерілуі, басының ауырсынуы, әлсіздік, оң жақ қолтық асты аймағының ісінуі деген шағымдармен ауруханаға түсті. Ауруы жедел қалтыраумен басталған, дене қызуы 38,8°C дейін көтерілген, басының ауырсынуы әлсіздік, бқлшық еттің ауырсынуы пайда болған, кейінірек оң жақ қолтық асты аймағы ісінген. Ауру басталғаннан бір апта бұрын аңға шыққан, қоян мен ондатрдың терілерін сыпырған. Жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Дене қызуы 38,7°C. Беті гиперемияланған, пастозды. Көзінің ақ қабығының инъекциясы байқалады. Оң жақ қолтық асты аймағында грек жаңғағының мөлшеріндей аздап ауырсынатын, шекаралары айқын, қозғалмалы лимфа түйіні палпацияланады. Жүрек тондары тұйвқталған, ырғақты, пульсі 76соққы минутына, АҚҚ 115/70 мм.сын.бағ. Бауырдың шеті пальпацияланады. Сіздің диагнозыңыз қандай?

A) Аденовирусты инфекция.

B) Туляремия, бубонды форма.

C) Оба, бубонды форма.

D) Инфекциялық мононуклеоз.

E) Жедел бруцеллез.

{Дұрыс жауабы}=B

{Қиындығы}= 2

{Оқулық}= (Инфекционные болезни.Шувалова Е.П.: 2005)

Интернатура

{Семестр}= 14

{Тестіленушінің болжамдық білімі}=РА

$$$004

25 жасар С есімді науқас ауруының 4-ші күні мынадай шағымдармен ауруханаға түсті: оң жақ тобығының төменгі үштен бір бөлігінің ауырсынуы, қызаруы, ісінуі, дене қызуының 38, 70 С-қа дейін көтерілуі, басының ауырсынуы, жүрегінің айнуы және 2 реттік құсу. Бірінші рет ауырған, ауру жедел басталған. Шопан болып жұмыс істейді, отарда жануарлардың сібір жарасы ауруы көрінген. Жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Дене қызуы - 38,60 С. Тобығының төменгі үштен бір бөлігінде шекаралары тегіс емес оттың алауына ұқсас айқын гиперемия аймақтары байқалады. Осы аймақты пальпациялағанда перифериясында ауырсынады, бетінде құрамында серозды сұйықтықты екі көпіршік бар. Аймақтық лимфаденит анықталады. Сіздің диагнозыңыз.

А) сібір жарасы, терілік форма.

В) оба, терілік форма

С) тілме, эритематозды-буллезді форма

D) тілме, эритематозды форма.

Е) ішек иерсиниозы, нодозды эритема.

{дұрыс жауабы}= C

{қиындық}= 3

{оқулық}= (Инфекционные болезни. Шувалова Е.П.: 2005)

Интернатура

{Семестр}= 14

{тестіленушінің болжамдық білімі}= NS

$$$005

Науқас Н., 26жаста, аңшы. Ауыруының 17-ші күні басының ауырсынуы, дене қызуының 38,5°C дейін көтерілуіне, тәбетініің төмендеуіне, кешкі уақытта тоңуға, терлеу, миалгия, қолы мен аяғының ірі буындарының ауырсынуына шағымданып ауруханаға келді. Малярия мен бруциллез эндемиялары бар ауылды жерде тұрады. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Дене қызуы 37,7°C. Терісі ылғалды, микрополиаденит байқалады. Өкпесінде везикулярлы тыныс. Жүрек тондары тұйықталған, пульсі – 112 минутына. Артериалдық қысым 110\70 мм. сын. бағ. Тілі ақ таңдақпен қапталған. Іші жұмсақ, ауырсынбайды. Бауыр мен көкбауыр пальпацияланады. Бұл науқасты емдеуде негізгі терапиясы қайсы және неге?

A) Дезинтоксикациялық, себебі, патогенезінде негізгі орынды интоксикация алады.

B) Антибактериальды (этиотропты), себебі, патогенезінде негізгі орынды бактеремия алады

C) Қабынуға қарсы, себебі, патогенезінде негізгі орынды серозды қабыну алады

D) иммунокоррекциялаушы, себебі, патогенезінде негізгі орынды екіншілік иммунтапшылығы алады

E) Антигистимнді,себебі, патогенезінде негізгі орынды жедел типті жоғарғы сезімталдылық алады.

{дұрыс жауап}= B

{қиындығы}= 3

{оқулық}= (Инфекционные болезни. Шувалова Е.П.: 2005)

Интернатура

{Семестр}= 14

{тестіленушінің болжамдық білімі}= NS

$$$006

Науқас К., 24 жаста, ауру басталғаннан 17 сағаттан кейін ауруханаға түскен. Жедел ауырған, сұйық, сулы нәжіс пайда болған (15ретке дейін), алдын ала жүрек айнусыз 5рет көп мөлшерде құсқан. Әдсіздік, басының айналуы, шөлдеу пайда болған. Индияда саяхатта болып, үш күн бұрын оралған. Жалпы жағдайы ауыр, есі сақталған. Дене қызуы 35,8°C. Тері жабындылары бозарған, суық, жабыспақ термен жабылған, шырышты қабаттардың құрғауы, афония, беті үшкірленген. Ішінің тері қатпары жазылмайды, «кір жуғыш қолы» симтпомы балтыр бұлшық еттерінде байқалады. ТАЖ 34 рет минутына, тынысы беткей, жүректің жиырылу жиілігі 130мин. АҚҚ 40\0 мм.сын.бағ. Тілі құрғақ. Іші аздап тартылған, ауырсынусыз. Бауыр және көкбауыр пальпацияланбайды. 12сағаттағы диурезі 350мл. Бұл науқаста қандай асқыну?

A) Жүректің жедел жетіспеушілігі

B) Жедел қан тамырлық жетіспеушілік

C) ІІІ дәрежелі инфекционды – токсикалық шок

D) Гиповолемиялық шок.

E) Аралас шок (инфекционды – токсикалық и гиповолемиялық).

{Дұрыс жауабы}= D

{қиындығы}= 2

{оқулық}= (Инфекционные болезни. Шувалова Е.П.: 2005)

Интернатура

{Семестр}= 14

{тестіленушінің болжалдық білімі}= РА

 

4 нұсқа

 

$$$001

Бруцеллездің абсолютті диагностикалық маңызы не?

A) Гемокультура.

B) Райт реакциясы.

C) Хеддельсон реакциясы.

D) РПГА.

E) Бюрне сынамасы (тері – аллергиялық сынама)

{Дұрыс жауабы}= A

{Қиындығы}= 1

{Оқулық}= (Инфекционные болезни. Шувалова Е.П.: 2005)

Интернатура

{Семестр}= 14

{тестіленушінің болжамдық білімі}= FM

$$$002

Мына клиникалық белгілер қай ауруға тән: 20 жасар шопанда 6 апта бойы жедел басталған толқын тәрізді қызба, тоңу, түнгі терлеу, лимфа түйіндерінің, бауырының, көкбауырдың ұлғаюы, оң жақ тізе буынының ауырсынуы мен аздап ісінуі.

A) Ку қызбасы.

B) Эпидемиялықпаротит.

C) Псевдотуберкулез.

D) Иерсиниоз.

{Дұрыс жауап}= А

{Қиындығы}= 2

{Оқулық}= (Инфекционные болезни. Шувалова Е.П.: 2005)

Интернатура

{Семестр}= 14

{тестіленушінің болжамдық білімі}= РА

$$$003

Мына клиникалық белгілер қай ауруға тән: жедел басталған 2 күндік қызба, катаральді белгілер, тәбетінің болмауы, жүрегінің айнуы, құсу, ауруының 4-ші күні терісі мен склерасының сарғаюы, зәрінің лайлануы, бауырының ұлғаюы.

A) Вирусты гепатит В, сарғаю формасы.

B) Вирусты гепатит А, сарғаю формасы.

C) Вирусты гепатит D, сарғаю формасы.

D) Лептоспироз, сарғаю формасы.

E) Псевдотуберкулез, гепатит.

{Дұрыс жауабы}= B

{Қиындығы}= 3

{Оқулық}= (Инфекционные болезни. Шувалова Е.П.: 2005)

Интернатура

{Семестр}= 14

{тестіленушінің болжамдық білімі}= NS

$$$004

27 жасар А есімді науқас ауруының 2-ші күні мынадай шағымдармен түскен: шөлдеу, жиі сүйық көп мөлшерде патологиялық қоспаларсыз(15рет күніне) нәжіс, алдын ала жүрек айнусыз құсу (күніне 5-6 рет). Аяқ астынан ауырды,жиі сүйық көп мөлшердегі іш өту байқалған, ішініің ауырсынуы болмаған, кейінірек көп ретті құсу пайда болған. 4 күн бұрын Индиядан саяхаттан оралған. Жалпы жағдайы орташа ауырлықта, дене қызуы 36,0°C. Көз астының аздап қараюы. Терісі құрғақ, шырышты қабаттардың жеңіл цианозы, тері тургоры сақталған. Өкпесінде везикулярлы тыныс, ТАЖ – 20 минутына. Жүрек тондары тұйықталған. Пульсі – 92рет минутына. АҚҚ 90\50мм.сын.бағ. тілі қапталған, құрғақ. Іші тартылған, жұмсақ, ауырсынусыз. Нәжісі сүйық, күріш қайнатпасы тәрізді. Сіздің диагнозыңыз:

A) Сальмонеллез, гастроинтестинальдық форма, гастроэнтеритикалық вариант.

B) Сальмонеллез, гастроинтестинальдық форма, гастроэнтероколитикалық вариант.

C) Тағамдық токсикоинфекция, гастроэнтеритикалық вариант.

D) Тырысқақ, ІІІ дәрежелі сусыздану.

E) Тырысқақ, ІІ дәрежелі сусыздану.

{Дұрыс жауабы}= E

{Қиындығы}= 3

{Оқулық}= (Инфекционные болезни. Шувалова Е.П.: 2005)

Интернатура

{Семестр}= 14

{тестіленушінің болжамдық білімі}= NS

$$$005

Науқас А., 30жаста, ауыруының 3күнінде ауруханаға мынандай шағымдармен түсті: дене қызуының 38,60C дейін көтерілуі, тоңу, сол жақ тобғының төменгі үштен бір бөлігінің ауырсынуы, күю сезімі, қызаруы, ісінуі, басының ауырсынуы, құсу. Ауру жедел қалтыраумен, дене қызуының 38,90 С дейін көтерілуімен басталған, басының ауырсынуы, кейін құсу пайда болған, аурудың 2-ші күнінде сол жақ тобықтың төменгі үштен бір бөлігінде ауырсыну, ісіну және гиперемия байқала бастаған. 5жыл бойы өкше микозымен ауырады. Жалпы жағдайы орташа ауырлықта, дене қызуы 38,60 С. Сол жақ тобықтың үштен бір бөлігінде гиперемияланған, валикпен шектелген ісіну анықталады, ісіну мен гиперемияның шекаралары анық, шеттері тегіс емес географиялық карта түрінде. Жүрек тондары тұйықталған, тахикардия, АҚҚ 90/60мм.сын.бағ. бұл науқасқа ұсынылатын терапияны атаңыз:

А) Этиотропты.

В) Дезинтоксикациялық.

С) Қабынуға қарсы.

D) Десенсибилизациялаушы.

Е) Симптоматикалық.

{Дұрыс жауабы}= А

{Қиындығы}= 2

{Оқулық}= (Инфекционные болезни. Шувалова Е.П.: 2005)

Интернатура

{Семестр}= 14

{тестіленушінің болжамдық білімі}= РА

$$$006

32жасар С есімді науқас әйел, сауыншы болып жұмыс істейді. Ауруханаға тізе және тобық буынының ауырсынуына, дене қызуының көтерілуіне, әлсіздік пне тершеңдікке, енжарлыққа шағымданып келді. Үш жыл бұрын ауырған, алғашында тобық буынанда ауырсынулар пайда болған, буындары ісінген, дене қызуы көтерілген,қалтырағыштық пен түнгі тершендік байқалды. Кейіннен тізе буынында ауырсыну пайда болған. Ақырғы ушығу 1 ай бұрын басталды. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Дене қызуы 37,50С. Терісі ылғалдылығы жоғары. Микрополиаденит. Оң жақ тізе буынының көлемі ұлғайған, қимылы шектелген, ауырсынады. Тобық буынынында көзге көрінерлік өзгерістер жоқ, бірақ қозғалысы ауырсынумен. Өкпеде везикулярлы тыныс. Жүрек тондары тұйықталған, пульсі 68 рет минутына. АҚҚ 100/60 мм.сын.бағ. Бауырдың шеті палпацияланады. Бұл науқастың негізгі емі қайсы?

А) Этиотропты (антибактериалды), себебі, бактеремия бар.

В) Дезинтоксикациялық, себебі интоксикация бар.

С) Қабынуға қарсы, себебі серозды қабыну бар.

D) Иммунокоррекциялаушы, себебі екіншілік иммунодефецет.

Е) Антигистаминді, себебі ГНТ бар.

{Дұрыс жауабы}= А

{қиындығы}= 3

{оқулық}= (Инфекционные болезни. Шувалова Е.П.: 2005)

Интернатура

{Семестр}= 14

{тестіленушінің болжамдық білімі}= NS

 

5 нұсқа

 

$$$001

Тырысқаққа тән нәжісті көрсетіңіз:

A) Көп мөлшерде, сұйық, иісі жағымсыз, түсі жасыл.

B) Көп мөлшерде, сұйық, сулы, «күріш ботқасы» түрінде.

C) Аз мөлшерде, сұйық, қан мен шырыш қоспалары бар.

D) Жартылай қалыптасқап, ірің қоспасы бар.

E) Сұйық, «таңқурай желесі» типіндегі шырышпен.

{Дұрыс жауабы}= B

{Қиындығы}= 1

{Оқулық}= (Инфекционные болезни. Шувалова Е.П.: 2005)

Интернатура

{Семестр}= 14

{тестіленушінің болжамдық білімі}= FM

$$$002

23 жастағы К.есімді науқас ауруының 4-ші күні ауырсынуға, оң жақ тобығының төменгі үштен бір бөлігінің қызаруы мен ісіеуі, қалтырау, дене қызуының 39,5°C-қа дейін көтерілуіне, жүрегінің айнуы мен құсуға шағымданады. Ауруы жедел 3күн бұрын басталған. Эпиданамнез: шопан болып жұмыс істейді, өкшесінде тілінулер бар. Жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Дене қызуы 38,9°C. Оң жақ тобығының төменгі үштен бір бөлігінде шекаралары біркелкі емес, алау тілшелеріне ұқсайтын айқын гиперемия аймағы байқалады. Ісінуі айқын, пальпация кезінде гиперемияланған аймақтың шеттерінің ауырсынуы байқалады. Құрамында геморрагиялық сұйықты көпіршік анықталады. Аймақтық лимфаденит. Осы қлининкалық жағдайға келетін диагнозды атаңыз.

A) Сібір жарасының терілік формасы.

B) Обаның терілік формасы.

C) Тілме, эритематозды-буллезді форма.

D) Туляремия, жаралы-буббонды форма.

E) Тілме, эритематозды-геморрагиялық форма.

{Дұрыс жауабы}= С

{Қиыныдығы}= 3

{Оқулық}= (Инфекционные болезни. Шувалова Е.П.: 2005)

Интернатура

{Семестр}= 14

{тестіленушінің болжамдық білімі}= NS

$$$003

Науқас К., 28жаста. Ауруының 25-ші күні мынадай шағымдармен ауруханаға түсті: әлсіздік, шаршағыштық, жоғары тершеңдік, дене қызуының 38-39°C-қа дейін көтерілуі, басының ауырсынуы, бұлшық еттері мен ірі буындарында ауырсынулар. Ауру жедел қалтыраумен басталған, дене қызуы о 38,7°C-қа дейін көтерілген, түнгі уақыттағы тершеңдік, кейінірек- тобық пен оң жақ тізе буындарының ауырсынуы мен ісінуі. 1жыл ағымында, ет комбинатында ет бөлу цехінде жұмыс істейді. Жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Дене қызуы 38,9°C. Тері түсі бозарған, ылғалдылығы жоғары. Микрополиаденит. Оң жақ тізе және тобық буындарының ісінуі, жергіліқті температура. Бұл буындардың қозғалысы шектелген. Жүрек тондары тұйықталған. Пульсі -96 соққы минутына. АҚҚ 100/60 мм.сын.бағ. Тілі қапталған. Іші ауырсынусыз. Бауыр мен көкбауыр палпацияланады. Диурезі мен нәжісі қалыпты. Сіздің диагнозыңыз.

A) Ішектік иерсиниоз, полиартрит.

B) Псевдотуберкулез, полиартрит.

C) Ку қызбасы, бруцеллез тәрізді форма.

D) Жеделдеу бруцеллез, полиартрит.

E) Созылмалы бруцеллез, декомпенсация, полиартрит.

{Дұрыс жауабы}= D

{Қиындығы}= 3

{Оқулық}= (Инфекционные болезни. Шувалова Е.П.: 2005)

Интернатура

{Семестр}= 14

{тестіленушінің болжамдық білімі}= NS

$$$004

32 жастағы П есімді науқас, ауруының 6-шы күні мынандай шағымдармен ауруханаға түсті: дене қызуының 39, 20 С-қа дейін көтерілуі, басының ауырсынуы, қалтырау, тершеңдік, тәбетінің болмауы. әр 2күннен кейін қалтырау және дене қызуының көтерілуі, артынан терлеуі қайталанып отырған. 3апта бұрын Африкадан іссапардан келген. Жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Дене қызуы- 38,90 С, терісі бозарған, сарғыш реңті, бауыр мен көкбауыры ұлғайған, пальпацияланады. Жүрек тондары тұйықталған. Пульсі – 86 соққы минутына. АҚҚ 110/60мм.сын.бағ. Төменде аталған диагноздардың қайсысында осындай клинико-эпидемиологиялық көріністер байқалады?

А) Лептоспироз, сарғаюлық формасы.

В) Вирусты гепатит А, сарғаюлық формасы.

С) Псевдотуберкулез, гепатит.

D) Малярия үшкүндік.

Е) Ішектік иерсиниоз, гепатит.

{Дұрыс жауабы}= D

{Қиындығы}= 2

{Оқулық}= (Инфекционные болезни. Шувалова Е.П.: 2005)

Интернатура

{Семестр}= 14

{Тестіленушінің болжамдық білімі}= PA

$$$005

19 жастағы Р есімді наауқас ауруының 3-ші күні әлсіздік, жиі көп мөлшердегі (тәулігіне 16 рет) нәжіс, алдын ала жүрек айнусыз көп ретті құсу, шөлдеу шағымдарымен ауруханаға түсті. 3күн бұрын Индиядан туристтік сапардан келген. Жағдайы ауыр. Есі сақталған. Дене температурасы 35,8°C. Беті сүйірленген, көзі кіртиген, көз астының қараюы. Шырышты қабаттары құрғақ, бозарған. Тері жабындылары көгерген, суық, жабысқақ термен жабылған, ішінде тері қатпары жазылмайды. «Кір жуушының қолы» симптомы айқын. Аяқ бұлшық еттерінің ұстамасы байқалған. ТАЖ 38 рет минутына. Жүрек тондары тұйық. Пульсі – 116 рет минутына, жіп тәрізді. АҚҚ 50/0мм.сын.бағ. Тілі құрғақ, еріннің шырышында цианоз. Іші тартылған. Қабылдау бөліміндегі нәжісі сұйық, көп мөлшерде «күріш ботқасы» типінде. Диурез-400мл тәулігіне. Осы науқасқа берілуге тиіс сұйықтық түрін қөрсетіңіз және неге?

A) Гемодез, реополиглюкин, хлосоль, себебі айқын интоксикация бар.

B) Полиглюкин, ацесоль, себебі гипотония айқын көрінген.

C) Хлосоль, ацесоль, квартасоль, себебі айқын дегидратация бар.

D) Глюкоза 5%, поляризациялаушы қоспа, себебі, жүрек-қан тамыр жеткіліксіздігі.

E) Гемодез, полиглюкин, себебі айқын интоксикация мен гипотония бар.

{Дұрсы жауабы}= C

{Қиындығы}= 3

{Оқулық}= (Инфекционные болезни. Шувалова Е.П.: 2005)

Интернатура

{Семестр}= 14

{Тестіленушінің болжамдық білімі }= NS

$$$006

Науқас ауруханаға ауруының 8-ші күні түсті. Аурудың алғашқы күнінен бастап әлсіздік, тәбетінің төмендеуі, жүрек айну, аяқ-қолдарының буындарында ауырсыну, оң жақ қабырға асты аймағында ауырсынулар байқалған, кейінірек терісінің қышуы пайда болған. Ауруының 7-ші күнінде зәрінің түсінің өзгеруін (қоюлану) және тері қатпары ммен склерасының сарғаюын байқаған. Ал екі күннен кейітерінің сары түсі айқындала түскен. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Тері түсі шамалы сарғайған, қасынуларсыз. Бауыры қабырға доғасынан 1,5-2см-ге асып тұр, аздап ауырсынады. Нәжісі ахолиялы, зәрі қою түстес. Сіздің диагнозыңыз.

А) Вирусты гепатит В, сарғаю формасы, жеңіл ағымда.

В) Вирусты гепатит В, сарғаю формасы, орташа ауырлықты ағымда.

С) Вирусты гепатит В, сарғаю формасы, с холестатикалық компонентпен

D) Вирусты гепатит В, холестатикалық форма.

Е) Вирусты гепатит В, сарғаю формасы, ауыр ағымда.

{Дұрыс жауабы}= С

{Қиындығы}= 3

{Учебник}= (Инфекционные болезни. Шувалова Е.П.: 2005)

Интернатура

{Семестр}= 14

{Тестіленушінің болжамдық білімі}= NS

 


Дата добавления: 2015-10-02; просмотров: 122 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
10 страница| ТЕСТОВЫЕ ЗАДАНИЯ ДЛЯ ТЕСТИРОВАНИЯ У ИНТЕРНОВ

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.072 сек.)