Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тақырыбы: Бас пен мидың жарақаты

Читайте также:
  1. Сабақтың тақырыбы: Программалық қамтамасыз етудің жалпы сипаттамасы және жіктелуі.

Дәріс № 8

Бас сүйегі мен бас миының закымдануы механикалық жарақаттардың аса ауыр туріне жатады. Бас жарақаты әр түрлі болады: оқ тіген, кесілген, шаншылған, шабылған, тістелген, скальптелген және т.б. Бас жарақаты ашық және жабық болып бөлінеде, терең және онша терең кірмейтін, доғал және тесіп өтетін, жалғыз және көптеген, аралас болуы мүмкін.

Бас сүйектің жабық зақымдануларын негізгі екі топқа бөледі:

1. Сүйектер зақымданбаған – мидың шайқалуы, мидың жаншылуы және бас сүйек ішінде гематомалар қалыптасатын (эпидуральды, субдуральды, ми ішіндегі, қарынша ішіндегі), субарахнойдальды қан құюлулары жатады.

2. Сүйектердің зақымдануы, соның ішінде тұйық сүйектен басталып, бас сүйектің жан жағына таралатын мидың базальды бөліктерінің, бағанасының, болмаса жаншылған немесе жарықшақтана сынған жердегі, сондай-ақ қашықтағы, соққыға қарсы жер тұсындағы мидың үстіңгі қабатының контузиясы қабаттаса жүретін бас сүйектің көптеген жарықшақтары жатады.

Мидың шайқалуы кезінде мидың қызметі уақытша өзгереді ешқандай органикалық өзгерістер болмайды, аздаған гематомалар, мидың ісуі пайда болады.

Мидың шайқалуы жеңіл және ауыр түрде өтеді. Жеңіл түрінде зардап шегушінің басы аурады, басы айналады, кейде есінен айрылады, бір-екі рет құсады. Зардап шегуші тыныштық сақтап және төсек тартып жатса, бір аптадан кейін айығып кетеді. Ми шайқалудың ауыр түрінде зардап шегушінің басы қатты ауырады, ес түсінен айырылады, амнезия (сырқат бәр нәрсені ұмытады) байқалады, 5-6 рет құсады. Есін жинағаннан кейін жарақатқа ұшыраған оқиға мен жағдайды ол есіне түсіре алмайды, жарақаттанушы емханада емделу керек.

Алғашқы медициналық көмек тыныс жолдарының тазартудан және олардың құсық массаларымен бітеліп қалмауйын қадағалау керек. Тасымалдаған кезде басының астына киімін салып, басын қырына жатқызу қажет.

Мидың жаншылуы ауыр жарақатқа жатады, мидың бір бөлігі жаншылады, ісіді, қанталайды. Аурудың белгісі – мидың қай бөлігі жаншылуына байланысты. Зардап шегуші ес-тусінен айрылады, ұмытшақтық (амнезия) байқалады, кейде көзі көрмей, құлағы естімей қалады, орталық жүйке тамырлары зақымдалады, сондықтан сырқаттың жарақаттан қарама қарсы жағы тартылып, аяқ-қолы сал тартады. Ауыр жағдайда бұл өзгерістер қалпына келмейді сондықтан сырқат мүгедек болып қалады.

Мидың қысылуы миға қанның құйылуларына байланысты. Зардап шегушінің жағдайы қанның аққан мөлшеріне, ұзақтығына, мидың қан құйылатын бөлшегіне байланысты. Мидың қысылуы ауыр жарақатқа жатады. Аурудың белгісі ес-түсінен айрылады, қарама қарсы жағында аяқ-қолы тартылады, жансызданады, сал тартады, ауыр жағдайда сырқат мүгедек болып қалады. Зардап шегушілер нейрохирургиялық емханаға жеткізіледі.

Бас сүйек пен мидың ашық зақымданулары – снарядтар мен оқ тию, пышақтар, балталар, қылыштар салдарынан пайда болуы мүмкін. Бұл болған жарақаттар көбіне үлкендігі мен түрі әр түрлі: жыртылған, сұғылған, соғылған болады. Мұндай жағдайда тек жұмсақ ұлпалар ғана емес, сонымен қоса сүйектер, ми қабықтары және ми зақымдалады. Кесілген, сұғылған және скальптелген жарақаттар өте сирек кезігеді. Бас сүйек пен мидың оқ тиюден болатын жарақаттарының сипаттары да әр түрлі: жарықшақтық және оқ тиген (шарикті, жебе тәрізді, жабық, жырып кеткен, тесіп өткен және шоршып тиген тәрізді).

Бұлар өздерінің орналасқан жағынан күмбездің бас сүйек түбінің жарақаттары, оңнан да солдан да пайда болуы, жалғыз-жарым, көптеген, басқа мүшелер мен жүйелерді зақымдаған, аралас, құрама және басқа жарақаттар болуы мүмкін.

Алғашқы медициналық көмек жарақаттанушыға басына асептикалық таңғыш салудан тұрады. Таңғыштың түрі тақия, ауыздық, сақпан тәріздес. Құсатын болса немесе мұрнынан қан кетсе, зардап шегушіні қырынан жатқызу керек. Тыныс алу бұзылған кезде, ауыз қуысы мен жоғары тыныс жолдары босаған соң, жасанды тыныс алу шарасын жасайды. Ессіз күйдегі адамдардың тілін байқаған жөн, ол қозғалыс кезінде тыныс жолдарын жауып тастауы мүмін. Басқа мұз салынған қағанақ қойылады да, аса сақтықпен емханаға жеткізіледі.


Дата добавления: 2015-10-24; просмотров: 337 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Элиста – столица Калмыкии, шахмат и российского буддизма| Бас жарақаттары

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.005 сек.)