Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Кәсіпорынның ағымдағы активтерінің айналымдылық көрсеткіштерінің динамикасы

Көрсеткіштер Өткен жылы Есеп беру жылы Ауытқу <+ -)
1. Өнімді сатудан түскен табыс, мың теңге     -1213
2. Кезендегі ағымдағы активтердің орташа шамасы, мың теңге     + 4317
3. Ағымдағы активтердің айна-лымдылық коэффициенті (1 қатар • 2 қатар) 1.80 1,30 -0,50
4. Ағымдағы активтердің бір айналымының күнмен есептелген ұзақтығы (360:3 қатар)     + 77
5. Айналым қаражатын бекіту коэффициенті (2 қатар:1қатар) 0,56 0,77 + 0,21

 

Кестеден ағымдағы активтердің бір жылда айналым жылдамдығының 1,8-ден 1,3 есеге дейін қысқарғаны көрінеді, нәтижесінде бір айналымның ұзақтығы 77 күнге артқан, бұл кәсіпорынның қаржы жағдайының нашарлағанын куәландырады (талданып отырған кезеңде ағымдағы активтерге салынған қаражаттың толық циклден өтуі мен қайтадан ақша түріне келуі былтырғы жылға қарағанда 77 күнге - ұзақ болады). Осының салдарынан кәсіпорынға былтырғы жыл деңгейінде өндірістік-коммерциялық қызметін жалғастыру үшін қосымша қаражат жұмылдыру қажеттігі туындайды.

5. Материалдық айналым қаражатының айналымдылық коэффициенті кәсіпорынның талдау кезіндегі шығындары мен қорларының айналым санын көрсетеді, яғни олардың сатылу жылдамдығын сипаттайды. Толықтай алғанда бұл коэффициенттің мәні жоғары болған сайын, осы аз өтімді бапта солғұрлым азырақ қаражат байланады, кәсіпорынның қаржылық жағдайы тұрақтанып, айналым капиталында көбірек өтімді қүрылым болады. Және керісінше, басқадай жағдайда тауардың шамадан тыс жиналып қорлануы, кәсіпорынның іскерлік белсенділігіне кері әсер етеді. Қоэффициентті есептеу формула бойынша жүргізіледі, онда алымында - сатудан (ақша) түскен табыс, ал бөлімінде - кезеңдегі шығындар мен материалдық-өндірістік қорлардың құнының орташа шамасы.

Өндірістік қорлар (материалдар) оларды дайындау (сатып алу) құны бойынша есептелетіндіктен, қорлардың айналымдылық коэффициентін есептеу үшін сатудан түскен табыс емес, сатылған өнімнің өзіндік құны пайдаланылады.

SN

Коз = ----------------------------

Орт

Мұнда:

Ко/з - материалдық айналым құралдарының

айналымдылық коэффициенті;

SN- сатылған өнімнің толық өзіндік құны;

Қорт - өндірістік қорлардың орташа құны. Неғұрлым айналымдылық көрсеткіші жоғары болғанан, солғұрлым қорлар тезірек ақшалай қаражатқа айналады.

6. Дайын өнімнің айналымдылық коэффициенті. Бұл көрсеткіш өнімді сатудан түскен (жұмыс, қызмет көрсету) табыстың (ақша) кезеңдегі дайын өнімнің орташа шамасына қатынасымен формула бойынша анықталады:

Дн

Кд.ө=---------------------

Дө

Мұнда: Кд.ө - дайын өнімнің айналымдылық коэффициенті;

Дө- баланс бойынша кезеңдегі дайын өнімнің орташа шамасы.

Ол дайын өнімнің айналым жылдамдығын көрсетеді, Оның өсуі кәсіпорынның өніміне деген сұраныстың арт-қанын көрсетеді, ал төмендеуі - сұраныстың төмендеуіне байланысты дайын өнімнің шамадан тыс жиналып қалғанын білдіреді.

7. Дебиторлық борыштың айналымдылық коэффициенті. Ол өнімді сатудан түскен табыстың (ақша) кезеңдеп дебиторлық борыштың орташа шамасына қатынасымен формула бойынша анықталады

Дн

Кд/б = -----------------------------

Дб

Мұнда:

Кд/б-дебиторлық борыштың айналымдылық коэффициенті;

Дб- дебиторлық борыштың кезеңдегі орташа шамасы.

 

Дебиторлық борыштың айналымдылық коэффициенті дебиторлық борыштың сапасы мен көлемін бағалау ушін пайдаланылып, кәсіпорын берген коммерциялық несиенің үлғайғанын немесе төмендегенін көрсетеді. Егер коэффициент шоттарды төлеуге қарай қүрылған сатудан түскен табыс (ақша) бойынша есептелсе, оның өсуі - несиеге сатудың азайғанын, ал төмендеуі -несиеге берудің көлемінің артқанын білдіреді.

Дебиторлық борыштың айналымдылық коэффициентімен қатар дебиторлық борыштың орташа айналым уақытын анықтау мына формуламен анықталады:

Дд/б= ---------------------------------------

Кд/б

Мұнда: Дд/3 - дебиторлық борыштың орташа айналым уақыты немесе оны өтеу кезеңі. Бұл көрсеткіш компанияның қойған шоттарын клиенттердің төлеуге қажет уақытын сипаттайды. Осы көрсеткіштің төмендеуі - оң, ал артуы - теріс бағаланады 8. Кредиторлық борыштын айналымдылық коэффициенті. Ол өнімді сатудан түскен табыстың (ақша) кезеңдегі кредиторлық борыштың орташа шамасына қатынасымен формула бойынша есептеледі:

Дн

Кк/б =-----------------------------

Кб

Мұнда: Kк/б - кредиторлық борыштың айналымдылық коэффициенті;

Кб - кезеңдегі кредиторлық борыштың орташа шамасы.

 

Кредиторлық борыштың айналымдылық коэффициенті дебиторлық борыштың айналымдылық коэффи-циенті сияқты коммерциялық несиенщ артқанын немесе төмендегенін көрсетеді. Айырмашылығы тек мынада: дебиторлық борыш коэффициенті кәсіпорын берген коммерциялық несиенің артқанын немесе төмендегенін көрсетсе, ал керісінше кредиторлық борыштың аиналымдылық коэффициенті кәсіпорынға берілген аиқындайды Кредиторлық борыш коэффициентінің өсуі -кәсіпорынның борышты төлеу жылдамдығының артқанын, ал төмендеуі - несиеге сатып алудың артқанын

Бір мезгілде кредиторлық борыштың орташа айналым уақыты мына формуламен анықталады:

Док/б=-----------------------

Кк/б

Мұнда:

Ко -кредиторлық борыштың орташа айналым уақыты.

Бұл көрсеткіш кәсіпорынның қарыздарын қайтаруының орташа уақытын (банк алдындағы және басқадай заемдар бойынша міндеттемелерін қоспағанда) көрсетеді.

 

9. Ақша қаражатының айналымдылық коэффициенті. Кәсіпорынның ырғақты қызмет етуі үшін ақшақаражаты қозғалысының жылдамдығының ерекше маңызы бар. Кәсіпорынның қаржылық жағдайының ойдағыдай болуының негізгі шарттарының бірі, оның ағымдағы міндеттемелерін жабуды қамтамасыз ететін ақша қаражатының құйылуы болып табылады. Демек, бұндайаса қажет ақша қаражаты қорының болмауы кәсіпорының қаржылық қиыншылығы бар екендігін куәландырады. Сонымен қатар ақша қаражатының шамадан тыс көп болуы, инфляция және ақшаның құнсыздануына байланысты, іс жүзінде кәсіпорын шығынға ұшырап отырганын білдіреді. Осыған байланысты кәсіпорындағы ақша қаражатын басқарудың тиімділігін бағалау қажеттігі туындайды.

Ақша қаражатының айналымдылық коэффициенті мына формуламен есептеледі:

АҚ°

Ка.к =---------------------------------

АҚС

Мұнда:

Ка.қ - ақша қаражатының айналымдылық коэффициенті;

АҚ° - талдау кезеңіндегі ақша қаражатының айналымы;

АҚС - ақша қаражатының орташа қалдығы.

 

Есептеу үшін ақша қаражатының шоттары бойыңша («Касса», «Есеп шот», «Валюталық шот», «Банктегі арнайы шоттар» және т.б.) кезеңнің басы мен соңындағы қалдықтар шамасы туралы ішкі есеп мәліметтері пайдаланылады.

Ақша қаражатының айналымын есептеу үшін талданып отырған кезеңдегі 441 "Есептесу шотындағы барлық" шоты бойынша кредит айналымын пайдалану керек, онда кәсіпорындардың көпшілігі өздершің контрагенттерімен ақша аударып есеп айырысатынын, ал ақша қаражатын касса арқылы беруде (мысалы, қызметкерлердің еңбекақысы немесе шаруашылық шығындарын төлеу) оны алдын ала банктен алу болжанады.

10. Инвестицияланған капиталдың айналымдылығы. Инвестицияланған капиталдың айналымдылық коэффициенті кәсіпорынның өзінің дамуына салған инвестицияны қоса есептегенде, оның ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді инвестицияларының айналым жылдамдығын көрсетеді. Алымында - сатудан түскен табыс (ақша), бөлімінде - кезеңдегі инвестицияланған капиталдың орташа шамасы:

Дн

Кик=-------------------------

Мұнда: Ұи+Ки

Ұи - және Ки - сәйкес ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді инвестициялар.

Бұл коэффициенттің мағынасын сол кезеңдегі істегі капиталдың (барлық активтерден қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді инвестицияларды алып тастағанда), яғни тікелей өндірістік қызметтегі капиталдың айналымдылық коэффициентімен салыстырған абзал.

 

11. Істегі капиталдың айналымдылығы алымында - сатудан түскен табыс (ақша), бөлімінде - кезеңдегі істегі капиталдың орташа шамасы келтірілген формула бойынша есептеледі.

Дн

Фк=------------------------

Фк

Мұнда: Фк - істегі капитал.

Бұл коэффициенттің мағынасын талдағанда өндірістік қызметке тікелей қатысатын капиталдың айналымдылығының баяулағанын немесе жылдамдағанын көруге болады. Өзінің дамуына салған инвестицияны қоспағанда, активтердің жалпы айналымдылық көрсеткішімен салыстырғанда бұл коэффициенттің алынған мағынасы кәсіпорынның сатудан түскен табысына (ақша) тікелей әсер етпейтін инвестициялардан тазарған.

 

12. Перманенттік капиталдың айналым жылдамдығын сатудан түскен табысты кезеңдегі перманенггік капиталдың орташа шамасына бөлу жолымен алынған коэффициент анықтайды:

 

Дн

Кпер/к=----------------------

Пер/к

 

Пер/к - перманентгік капитал капитал+ұзақ мерзімді міндеттемелер

Бұл коэффициент кәсіпорынның ұзақ мерзімдік пайдалануындағы капиталдың қаншалықты тез айналатындығын көрсетеді. Оның мәні меншікті капиталдың айналымдылық көрсеткішіне ұқсас, тек бір айырмашылығы, талдағанда кәсіпорынның ұзақ мерзімді міндетте-мелерінің әсерін еске алу керек.

 

13. Іскерлік белсенділік индексі айналым капиталдын басқару өрісінде, кезеңдегі кәсіпорынның негізгі қызметі бойынша кәсіпкерліктің тиімділігін сипаттайды. Ол талдау процесіндегі істегі капитал айналымдылығы мағынасын негізгі қызметтің табыстылығына (рентабельділігі) көбейту арқылы есептеледі:

Дн

 

И д.а=--------------* До/S

 

Фк

Дн

Мұнда: —— - істегі капиталдың айналымдылық

Фк коэффициенті;

 

До/S-негізгі қызметінің табыстылығы

Д°- негізгі қызметтен түскен табыс;

Дн- өнімді сатудан түскен табыс.

 

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1. Іскерлік белсенділікті талдаудың рөлі қандай?

2. Іскерлік белсенділіктің көрсеткіштерін ата?

3. Іскерлік белсенділікті есептеу әдістері қандай?

Қолданылған әдебиет:

1.Ковалев В.В. Анализ финансового состояния и прогнозирование банкротства,

Санкт-Петербург, 1994

2. Шеремет А.Д. Методика финансового анализа, Москва, 1995

3.Дюсембаев К.Ш. Анализ доходности и деловой активности предприятия.

4. Библиотека бухгалтера и предпринимателя, 1996 № 23-24

5.Ковалев В.В. Финансовый анализ: методы и процедуры – Москва: Финансы и статистика, 2001

6.Дюсембаев К.Ш. Анализ финансового положения предприятия, Алматы,1998

Балабанов И.Т. Финансовый анализ и планирование хозяйствующего субъекта, Москва, 2000

 


Дата добавления: 2015-10-24; просмотров: 1137 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Негізгі құралдардың айналымдылығы.| Я И ТОТ УЧЕНИК

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.016 сек.)