Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Шаңның жіктелуі

Шаң - бұл …ауада қалқып жүретін қатты және сұйық заттардың өте ұсақ бөлшектері. Шаңның құрамында 10% (Si02) болады. Өндірістік шаңдар Қатты денені механикалық ұсақтау кезінде пайда болатын дисперсті бөлшек (бөлшектеу, кесу, тегістеу, жылтырату, тасымалдау, және басқа да химиялық процесстер).Шаңның адам ағзасына әсері: уландырғыш (марганец, свинец, мышьяк, хром және т.б.)түршіктендіретін (известь, щелочь, древесная және т.б.),аллергиялық,канцерогенді (күйе және т.б

· Өндірістік шаң неғұрлым кең тараған кәсіптік зияны болып келіп, өнеркәсіптердің әртүрлі салаларында еңбек етуші көптеген жұмысшылар оның әсеріне душар болып отыр. Өндірістік шаң, өндірістік ортаның жағымсыз факторы ретінде өнеркәсіптің барлық салаларында және ауыл шаруашылығында кездесуіне байланысты, осы проблема өте өзекті болып отыр.
Шаңның этиологиялық үлесі кәсіптік сырқаттар, кәсіптік патологиялар ішінде бірінше орынды алып отыр. Қазіргі таңда шаңдық этиологиядағы сырқаттарды (пневмокониоздарды) тудырушы өндірістік аэрозольдердің шамамен 60-тай түрлері бар. Сонымен қатар, ауаның мөлдірлігін төмендетіп, күн радиациясының жер бетіне және жұмыс бөлмелеріне түсуін азайтады, жұмыс орындарының жарықтануын нашарлатады, өсімдіктердің өсуін тежейді, өнеркәсіптік орталықтарында тұмандарды жиілетіп,тұрғындардың тіршілігінің санитарлық жағдайларын бұзады.
Шаң, сонымен қатар, өндірістік жабдықтарының бүлінуіне, бөлмелердің, ғимараттардың ластануына келтіріп, өзінің шығарыстарымен бірге алуандаған кұнды материалдарды әкетеді, елді мекендердің топырағын ластайды. Шахтылық, шаң жоғары концентрацияда қопарылыстардың себебі болуы мүмкін.
Қазақстан жағдайында өндірістік аэрозольдер көмір шахталарында, қазбаларды ашық шығару өндірістерінде, қара және түсті металлургия кәсіпорындарында, энергетикалық кешендерінде т.б. ең көп тараған кәсіптік зиян болып отыр.
Өндірістік жағдайларындағы шаңдарды зерттеу (көздерін және шаңның түзілу себептерін, олардың гигиеналық сипаттамасын), физиологиялық ауытқулар мен кәсіптік аурулардың этиологиясындағы шаңның ролін анықтау және жұмысшыларды одан қорғау бойынша шараларды тұжырымдау сұрақтары еңбек гигиенасы бөлімшесінің санитарлық дәрігерінің ағымды санитарлық қадағалау саласындағы жұмысының маңызды бөлігін алады.
Шаңның анықтамасы, негізгі түсініктері, терминологиясы 1 қосымша берілген.

Шаңның жіктелуі

Аэрозольдер ол дисперстік ортадан (негізінде ауадан) және ауада қалқымалы күйде болатын көптеген ұсақ, қатты және сұйық бөлшектерден тұратын дисперстік фазадан құралған аэродисперсті жүйелер, Өндірістік шаң осындай каллойдық жүйелердің бірі болып келеді.
Өндірістерде қатты заттардың дисперленуі көптеген технологиялық процесстерде болуы мүмкін.
Қопаруда, соғуда, тегістеуде, кесуде, ұнтақтауда, жонуда т.б. көптеген операцияларда. Осының нәтижесінде шаңның түзілуі өндірістерде ең көң тараған процесс болып отыр.
Өнеркәсіптік шаңдарды жіктеу оның жаратылу тегіне, шаң бөлшектерінің өлшемдеріне және адам ағзасына әсер ету сипаты бойынша жүргізіледі (1кесте)
Түзілу механизмі бойынша аэрозольдер дезинтеграция аэрозольдеріне және конденсация аэрозольдеріне бөлінеді.
Дезинтеграция аэрозольдері – олар қатты заттарды ұнтақтауда пайда болады (басқаша-ұнтақтау аэрозольдері деп атайды). Дисперстік фаза бөлшекерінің формалары әрқашанда дұрыс (біркелкі) болмайды, олардың өлшемдері әрқилы-ультрамикроскоптіктен бастап өлшемдері айтарлықтай бөлшектерге дейін.
Конденсация аэрозольдері – олар балқытылған заттардың буларының конденсациясында пайда болған аэрозольдер. Олардың бөлшектерінің формалары көбінесе домалақ немесе дұрыс кристаллдық түрде болады. Металл буларын ауада салқындатуда металлдардың және олардың тотықтарының конденсация аэрозольдері пайда болды. Металлдардың хлорлық тұздарының ауада ыдырауында және гидролизінде күрделі бу-газ-аэрозольді қоспалары пайда болады, мұнда дисперстік фазасы элементтердің тотықтарының қатты бөлшектерінен және тұз қышқылы тұмандарының бөлшектерінен тұрады, ал дисперстік орта-ауадан, будан, хлордан және ауадағы оттегімен және су буларымен реакциясында түзілген басқа қоспалардан тұрады.
Жаратылыс тегі бойынша шаңдар –органикалық, бейорганикалық және аралас деп ажыратылады.
Органикалық шаңдар – табиғи жануарлық текті (сүйек, жүн, тері) немесе өсімдік текті (ағаш, мақта, зығыр, ұн, қант т.б.) және жасанды-пластмасса, резина, смолалар, бояулар және басқа синтетикалық өнімдерінің шаңдары.
Бейорганикалық шаңар – минералдың (кварцтік, силикаттық, асбестік, цементтік, фарфорлық т.б.) және металлдық) мырыш қорғасын, сынап, темір, марганец, хром т.б.) шаңдары.

· Өндірістік жарықтандыру

· Өндірістік жарықтандыру бұл дұрыс жобаланған, жұмысшыларға функционалдық міндеттерін дұрыс атқаруға жағдай жасайды. Рационалдық жарықтандыру өндірістік бөлмелерде адамның көзіне зақым келтіруден сақтайды. Ол еңбек өнімділігін арттырады.
Өндірістік жарықтандыру сандық және сапалық қасиеттерімен сипатталады. Сапалық қасиеттерге: пульсация коэффициенті, фон, заттың фонмен контрасты және т.б. Сандық қасиеттерге: жарық ағыны, жарық күші, жарықтандыру, шағылыстыру коэффициенті.
Жарық ағыны Ф сәулелік энергияның қуатымен анықталады, өлшем бірлігі люмен (лм).
Жарықтың шығу тегінің қасиеттерін анықтау үшін жарық ағынынан бөлек, ағынның әртүрлі бағыттағы кеңістік тығыздығын көрсетіп өту керек.
Кеңістіктегі тығыздықты жарық ағынының денелік бұрышқа (W) бөліндісіне тең. Оның аты жарық күші
I = Ф/W
I – жарық күші.
Ф- жарық ағыны, лм.
Жарық ағынының өлшем бірлігі кандела (кд). Бір кандела ауданы I/600000 м² толық шағылыстырушыға перпендикулярлы түсірілген, температурасы платинаның қатаю температурасына (2046,65 К, Рһ101325 Па (760 мм.рт. ст.)) тең.
Жарықтандырпылу Е жарықтандырылған беттің жарық ағынының тығыздығы.
Е = Ф/S
Жарықтандырылу өлшем бірлігі люкс (лк). Ол 1 лм жарық ағынының беттік тығыздығына тең. Ауданы 1м² — қа бөлінген.
Шағылыстыру коэффициенті Р өзіне түскен жарық ағынының шағылыстыру бейімділігін сипаттайды.
Беттің ашық жарықтылығы L мына формуламен өрнектеледі.

· L = I/Scosα

· Жоғары ашық жарықтылық адамның көру қабілетін нашарлатады. 30000 кд/м² ашық жарықтылық соқырлыққа әкеледі.
Жұмыс бетіндегі жақсы жарықтандыру жұмыстың нормативтік тапсырыстарын орындауға ықпал жасайды. Және жұмысты дәл көру себебінен тиянақты орындауға болады. СНИП 2-4-79 8 разрядқа норматив бекіткен. Бұл разрядтар көру жұмысының әр деңгейін көрсетеді.
Өндірістік жарықтандыру 2 түрге бөлінеді. Нағыз, ол күннің жарығынан пайда болады. Ол 4-ке бөлінеді: Жақтық, жоғарғы, комбинациялық және жасанды.
Нағыз жарықтандырудың өлшем бірлігі ретінде КЕО коэффициенті алынған. Ол бөлме ішінде Еа әрбір нүктенің жарықтанғанын проценттік есеппен көрсетеді.
Ғимараттардың жарықтандырылуын нормалауға СНИП 2-4-79 –дың КЕОе н есебін алады. Бұлар ТМД климатының 3 зонасында орналасқандарға. Ал қалғандарына (1,2,4,5) жарық поясының климаттарына КЕО нормалауына мына формула қажет
Е1-5 = е3н*м*с
м – жарық климатының коэффициенті
н – күн климатының коэффициенті.
Жасанды жарықтандыру 2-ге бөлінеді: жалпы және комбинациялық. Онда газозарядтық жоғары және төмен қысымды шалбар қолданылады. Олар: люминесценттық, металлогалогендік, канондық, ДРЛ.

·

·

·

· 18 Электрқауіпсіздігі

· Электрқауіпсіздік — бұл адамдарды қауіпті және зиянды электр тоғының әсерінен қорғауға бағытталған ұйымдастырушылық және техникалық іс-шаралар мен құралдардың жүйесі. Электр тоғымен зақымданудың екі түрі бар: электрлік жарақат (жергілікті) және соққы (жалпы). Электрлік жарақат электр тоғымен мүшенің зақымдануы: күйік, электрлік таңба, терінің электрлік металлдануы,электроофтальмия (грек сөзі «офтальмос» — көз),

· механикалық зақымдану.

· Электр соққының 4 тобы бар:I – ес-түсінен айырылмау, бұлшықеттің тартылуы;II - ес-түсінен айырылу, бұлшықеттің тартылуы, бірақ тыныс алуы мен жүректің жұмысы сақталған; III - ес-түсінен айырылу, тыныс алуы немесе жүректің жұмысы бұзылған;IV – клиникалық өлім жағдайы.Электр тоғымен зақымданудың ауырлығы көптеген факторларға байланысты: Тоқ күші, Адам денесінің электрлік кедергісі,

· Тоқтың дене бойымен өту уақытының ұзақтығы, Тоқтың жиілігі мен түрі,Адамның жеке ерекшелігі,Қоршаған орта жағдайы.Электр тоғының адамға әсері:Термиялық; 2. Механикалық; 3. Биологиялық.Электр тоғы әсер етудің 3 түрі бар: Сезілетін тоқ;Жібермейтін тоқ;

· Фибрилляциялық тоқ. Электрқауіпсіздігі бойынша бөлменің классификациясы: 1 класс: Бөлменің жоғары қауіптілігі. 2 класс: Бөлменің аса қауіптілігі. 3 класс: Бөлменің қауіпсіздігі.

·

·

·

·

·

Төтенше жағдай: табиғи және техногенді сипаттағы

Төтенше жағдай дегеніміз адамдардың қаза табуына әкеліп соққан немесе әкеліп соғуы мүмкін, олардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашлық жүргізуші объектілерге нұқсан келтірген немесе келтіруі мүмкін, халықты едәуір дәрежеде материалдық шығындарға ұшыратып, тіршілік жағдайын бұзған немесе бұзуы мүмкін авария, зілзала немесе апат салдарынан белгілі бір аумақта туындаған жағдай.

Табиғи сипаттағы ТЖ – дүлей зілзала (жер сілкінісі, сел, көшкін, су тасқыны және басқалар), табиғи өрт, індеттер мен малдың жұқпалы аурулары, ауылшаруашылық өсімдіктерінің және ормандардың кеселдері мен зиянкестері арқылы зақымдануын туғызатын ТЖ-лар.

Техногендік сипаттағы ТЖ - өнеркәсіп, көлік авариялары және басқа да авариялар, өрт (жарылыс), күшті әсер ететін улы, радиоактивті және биологиялық жағынан қауіпті заттарды тарататын (тарату қаупі бар) авария, үйлер мен ғимараттардың кенеттен қирауы, бөгендердің бұзылуы, тіршілікті қамтамасыз ететін электр-энергетика және коммуникация жүйелеріндегі, тазарту құрылыстарындағы авария туғызған ТЖ.

Сипаттамасы: Табиғи су басу, жерсілкінісі, вулканның атқылауы, көшкін, сел, қирау, ураган, тайфун, құйын, боран, төтенше атмосфералық жауын шашындар немесе мүлдем жоқ болуы, инфекциялық аурулар, эпидемиия, және т.б. Техногендік көлік авариялары, өрт және жарылыс, күшті әсер ететін улы, радиоактивті және биологиялық жағынан қауіпті заттарды тарататын (тарату қаупі бар) авария, бөгендердің бұзылуы, тіршілікті қамтамасыз ететін электр-энергетика және коммуникация жүйелеріндегі, тазарту құрылыстарындағы авария

 

 

Өрт

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Өрт [1] – бұл адамның өмірі мен денсаулығына, қоғам мен мемлекетке зиянын тигізетін, қоршаған ортаға үлкен материалдық зақым келтіретін, қоршаған ортадағы заттардың бақылаусыз жануы.

Ең күрделі, зиян тигізетін өрттер өртке қауіпті объектілерде және басқа да зақымдау факторлары (жарылыс, улы заттардың жиналуы т.б.) бар объектілерде болады. Сонымен бірге, адамдар көп шоғырланған жерлерде де өрт шығу қаупі бар.


Дата добавления: 2015-09-01; просмотров: 861 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Правящий дом| Деу]Өрттің алдын алу шаралары

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)