Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тапсырма.

Тапсырма | Тапсырма. | Тапсырма. | Тапсырма. | Тапсырма |


Читайте также:
  1. Тапсырма.
  2. Тапсырма.
  3. Тапсырма.
  4. Тапсырма.

Академик В.Н.Сукачев ұсынған биогеоценоздың «соқыр» моделінің сызбасы. Бастапқы моделін жасақтау үшін бос ұяшықтарға төменде берілген биогеоценоз компоненттерін толтырыңыздар. Ұсынылған түсініктердің бағыныштылығын дәлелдеңіздер:

- атмосфера;

- өсімдіктер жамылғысы;

- топырақ қабаты;

- гидрологиялық жағдайлар;

- экотоп (қосымша, биогеоценоздың өлі компоненттері);

- биоценоз;

- тау жыныстары;

- жануарлар әлемі (зооценоз);

- саңырауқұлақтар (микоценоз);

- микроағзалар(микробиоценоз);

Бақылау сұрақтары:

1.Экожүйе түсінігі.

2.Экожүйедегі зат айналым

3.Экожүйенің қоректік құрылымы

4. Экожүйелердің өнімділігі, Алғашқы және екінші реттік өнімділік

5.Экологиялық пирамидалар. Сандар, биомасса және энергия пирамаидалары

6.Экологиялық сукцессиялар. Бірінші реттік және екінші реттік сукцессиялар

Әдістемелік нұсқаулар:

Тақырыпты оқу кезінде төменгі ағзалық жүйе жөніндегі сұрақ негізгі орын алады. Студенттер экожүйелердің сипаттамасын, анықтамасын, экожүйедегі заттар айналымы және қуат ағынын, қоректік тізбектерді жақсы білулері керек. Қоректік тізбектермен танысу кез-келген экожүйенің құрамдас бөліктері мен құрылымын анықтауға мүмкіндік береді. Оқытушы орманда мекен ететін өсімдіктер мен жануарлар, саңырауқұлақтар түрлерін атап, олардың экожүйе патшалығында алатын орнын атауды сұрайды. Өсімдіктер, саңырауқұлақтар, бактериялар, микроағзалар, жануарлардың ролін талдау студенттерге экожүйе тіршілігі үшін заттар айналымы қажет екенін, ол олардың органикалық заттарды өндірушілер - өсімдіктер арқылы болатыны, органикалық заттарды тұтынушылар – жануарлар арқылы, органикалық заттарды ыдыратушылар - микроағзалар арқылы жүретіні белгілі. Оқытушы студенттерге экожүйе суреті бейнеленген кестені көрсетіп ондағы қоректік тізбектерді атауды сұрайды.


Практикалық сабақ 7

Тақырыбы Биосфера және оның тұрақтылығы

Сабақ тақырыбы: Биосфера және оның тұрақтылығы

Сабақ мақсаты: Студенттерді биосфера түсінігімен, биосфера және ноосфера жайлы іліммен, биосфера эволюциясы және компоненттерімен таныстыру.

Оқыту құралдары мен әдістері: бейнелеу, сызбанұсқаны талқылау, ауызша сұрау, имитациялық және іскерлік ойындар, презентация және т.б.

 

Сабақ өткізу жоспары:

Биосфера концепциясының мәні

Вернадскийдің биосфера және ноосфера туралы ілімінің қағидалары

Биосфераның ерекшеліктері

Биосфераның тірі заттарының қасиеттері мен қызметтері

Коммонер заңдарының мәні

Биогенді миграция заңдылығының әсер ету принципі

1 тапсырма Бақылау сұрақтарына жауап беріңіздер

1.Биосфера деген не және Жердің басқа қабаттары: ядро, мантия, жер қабығы, педосфера, литосфера, атмосфера, гидросфера?

2. В.И.Вернадский тірі заттар деп нені түсінді және тірі заттардың негізгі қасиеттері.

3. Биосфераның негізгі құрылымдық бірліктерін атаңыздар.

4. Жер биосферасын құрайтын заттардың негізгі типтері.

5. Биосфераның шекаралары.

 

2 тапсырма Тарау бойынша терминдердің глоссарийін жасаңыздар.

3 тапсырма Биосфераның құрылымы және оның шекаралары. В.И.Вернадскийдің ноосфера ілімі және тұрақты даму концепциясының негізін қалаушы ретіндегі ролін талдаңыздар.

Бақылау сұрақтары:

1. Биосфера - ғаламдық экожүйе ретінде.

2. Биосфераның тірі заттары. Негізгі қасиеттері мен қызметтері.

3. Биосфера шекаралары.

4. Зат айналымы және олардың адаммен бұзылуы:

а) азот айналымы; ә) көміртегі айналымы;б) күкірт айналымы;в) фосфор айналымы.

Әдістемелік нұсқаулар:

Дәрістен алынған материалды жақсы түсінуде В.И.Вернадский қалыптастырған констант заңдарының анықтамасына назар аудару қажет. В. И Вернадский тұжырымдаған константалық заң бойынша: биосфераның тірі затының мөлшері тұрақты шама болып табылатынын, Жердің бетін өзгертуші маңызды фактор тіршілік екендігін түсіндіру. Оның ерекшелігі тек химиялық реакциялардың жылдамдығына ғана байланысты емес, кейбір реакциялар қалыпты температура мен қысымда, ағзадан тыс жүрмейді.

Тақырыппен жұмыс істеу кезінде биосфераның ерекшеліктеріне, ондағы тірі заттардың қасиеттеріне, биосфераның ноосфераға айналуының негізгі маңызына назар аударған дұрыс. Биосферадағы қуат ағыны мен заттар айналымын бекіту үшін оқытушы студенттермен талдау жүргізеді, ондағы өсімдіктер, тұтынушы ағзалар – консументтер және ыдыратушылар (редуцент, деструктор) осы үрдістегі орнын ашуды ұсынады.


Практикалық сабақ 8

Тақырыбы: Тұрақты даму концепциясы.

Мақсаты: Студенттерге тұрақты дамудың қоғамдағы алатын ролі туралы білім беру.

Сабақ мақсаты: Студенттерді тұрақты даму тарихымен мақсаты, міндеттері, мәселелері таныстыру. Қоршаған ортаны қорғаудағы халықаралық қарым-қатынастарымен таныстыру.

Оқыту құралдары мен әдістері: әңгіме, талдау, дискуссия және диспут, комментарийлер, реферат, портфолио және т.б.

 

Сабақ өткізу жоспары:

Тұрақты даму дегеніміз не?

Экологиялық мәселелер мен дағдарыстар

Киота хаттамасы, Монреаль хаттамасы.

ХХІ ғасыр күн тәртібі

 

1 тапсырма: ХХІ ғасыр күн тәртібіндегі мәселерге: Кедейлікпен күрес, Халық және тұрақтылық, Адам денсаулығын сақтау мен жақсарту, Тұрақты тұрғын жерлер (Урбанизация), Атмосфераны қорғау: Атмосфераға қалдықтарды шығарудың негізгі көзі- энергияны өндіру мен тұтыну мәселелріне жеке тоқталу.

 

2 тапсырма: Ормандарды жоюмен күрес: Топырақ пен суды, атмосфераны қорғауда, өсімдіктер мен жануарлардың биологиялық алуан түрлілігін сақтауда маңызды ролі. Шөлдену мен құрғақшылықпен күресті қалай түсінесіз.

3 тапсырма: Экологиялық мәселелер мен дағдарыстар айырмашылықтарын көрсетіңіз.

Продуценттер, консументтер, редуценттер дағдарыстары, олардың кезеңдері.

 

Бақылау сұрақтар:

1. «Тұрақты даму» түсінігінің туындау тарихы.

2. Рим клубы, Медоуздың (Өсу шектері, 1972) және Форрестердің (Әлемдік динамика, Әлемдік экономика 1972)., Мессерович пен Пестельдің (Адамзат бұрылыс шегінде) еңбектері.

3. БҰҰ қоршаған ортаға қатысты бірінші конференциясының декларациясы. (Стокгольм 1972). Рио-де-Жанейро 1992

4. Иоханнесбург 2002 бүкіләлемдік саммиті.

5. Еуропа қалаларының тұрақты даму хартиясы (Ольборг, Дания 1994).

6. Тұрақты даму факторлары немесе аспектілері: Экологиялық, Экономикалық, Әлеуметтік

7. Киото хаттамасы.

 

Әдістемелік нұсқаулар:

Дәрістің бас кезінде оқытушы әлеуметтік-экономикалық жағдайлар экологиялық дағдарыстармен байланыстылығын айтады. Содан соң оқытушы ерте кездегі концепцияның дамуы мен қалыптасу тарихын айтып, қазіргі кездегі Жердегі халық санының өсу қарқыны жылдан жылға қоршаған ортаға салмақ әкелетінін тұжырымдайды. Осы жерде мына нәрсеге көңіл аудару керек: табиғат тек экономикалық дамудың материалды негізі ғана емес, ол адамның рухани қажеттіліктерін қанағаттандыратын эстетикалық ортасы болып табылады. Осыған байланысты оқытушы қазіргі кездегі тұрақты даму концепциясының туындау қажеттілігі жөнінде ойдың туындауына итермелейді. Оқытушы тұрақты даму концепциясының 1992 жылдың 3-14 маусымында Рио-де-Жанейродағы арнайы қоршаған ортаны қорғау жөнінде БҰҰ-ның конференциясының орын алғанын, 2002 жылы Йоханнесбургте болған конференция Риода болған 10-жылдыққа арналған «Тұрақты даму» лозунг атымен болғанын айтады.


Ғылыми пікірталас № 9

Тақырыбы: Тұрақты дамудың стратегиясы мен принциптері.

Мақсаты: Студенттердің тұрақты дамудың стратегисы мен принциптерін жүзеге асырушы халықаралық экологиялық ұйымдар туралы білімдерін жетілдіру.

Оқыту құралдары мен әдістері: әңгіме, талдау, дискуссия және диспут, комментарийлер, және т.б.

 

Сабақ өткізу жоспары:

1. Тұрақты дамуды қамтамасыз ететін халықаралық бірлестіктер

2. Әлеуметтік-экологиялық дағдарысқа сипаттама

3. Ғаламдық экологиялық мәселелер

4. Озон тесігі, қышқылдық жауын, жылу эффектісі.

 

1 тапсырма:

1. Тұрақты дамудың локальды, аймақтық, ұлттық, мемлекетаралық, ғаламдық. деңгейлеріне сипаттама беріңіздер.

 

2 тапсырма Тұрақты дамуды қамтамасыз ететін халықаралық ұйымдардың құрылу тарихы, әлемдік қауымдастықта алатын орнына байланысты презентациялар дайындаңыздар.

ГРИНПИС, МАГАТЭ, WWF, МСОП, ВМО, МОТ, ФАО, ВОЗ, МЮО, МЭС, ЮНИДО,

 

3 тапсырма ЮНЕСКО-ның «Адам және биосфера», «Адам және оны қоршаған орта» бағдарламаларымен танысыңыздар.

 

4 тапсырма Невада-Семей, Табиғат сияқты ҚР қоғамдық қозғалыстар мен ұйымдарға тоқталыңыздар.

 

6 тапсырма Халықаралық ұйымдардың іс-әрекетінің тұрақты дамуға қатысты ғылыми теориялық негіздерін талдаңыздар.

 

7 тапсырма Халықаралық экологиялық маркировкалар бойынша презентация дайындаңыздар.

 

Бақылау сұрақтары:

1. Тұрақты дамудың деңгейлері

2. Экологиялы, әлеуметтік, экономикалық факторлар

3. Халықаралық экологиялық ынтымақтастық

4. Фреондар дегеніміз не?

5. Озон тесігі. Қалпына келтіру шаралары

Әдістемелік нұсқаулар:

Сабақта мына нәрсеге көңіл аудару керек: табиғат тек экономикалық дамудың материалды негізі ғана емес, ол адамның рухани қажеттіліктерін қанағаттандыратын эстетикалық ортасы болып табылады. Осыған байланысты оқытушы студенттерді қазіргі кездегі тұрақты даму концепциясының туындау қажеттілігі жөнінде пікірталас тудыратын ойдың туындауына итермелейді. Тұрақты дамуды қамтамасыз ететін халықаралық ұйымдардың құрылу тарихы, әлемдік қауымдастықта алатын орны туралы мәліметтерге баса көңіл аудару керек. Пікірталаста тұрақты даму концепциясының даму ережелері маңызды орынды алуы қажет.

 

 


Практикалық сабақ 10

Тақырыбы: Табиғи ресурстар оларды тиімді пайдалану тұрақты дамудың негізгі аспектісі ретінде.

Сабақ мақсаты: Студенттерді табиғат, табиғи орта, табиғи қорлар түсініктерімен таныстыру. Табиғи қорлардың жіктелуін көрсету және ластаушы заттар жіктелуімен таныстыру.

Оқыту құралдары мен әдістері: ауызша сұрау, имитациялық және іскерлік ойындар, жеке және топтық презентация, аргументтелген эссе, дискуссия және диспут және т.б.

 

Сабақ өткізу жоспары:

Жер табиғи қорларына сипаттама. Жер табиғи қорларының жіктелуі.

«Ластаушы зат» анықтамасын түсіндіру. Ластаушы заттардың жіктелуі қандай?

Ауаның ғаламдық, аймақтық, жергілікті ластану.

Бірінші реттік, екінші реттік қалдықтар.

1 тапсырма Бақылау сұрақтарына жауап беріңіздер.

1. Қоршаған ортаның оптимизациясы табиғатты тиімді пайдаланудың теориялық негізі.

2. Жердің табиғи ресурстарының сипаттамасы: литосфера, гидросфера, атмосфера.

3. Табиғат ресурстарының классификациясы: сарқылатын, сарқылмайтын, қалпына келетін, қалпына келмейтін.

 

2 тапсырма Берілген есепті шығарып өз тұжырымдамаңызды дайындаңыз.

Адам өзінің өмір сүру барысында қанша мөлшерде су мен азық-түлік (өсімдік текті және жануар текті) тұтынатынын есептеп шығарыңдар. Орташа күніне адам 2 кг өсімдік қоректі (нан,жармалар,картоп,макарон өнімдері,бақша дақылдары,жеміс-жидектер және т.б.) және 0,5 кг жануар текті азық түліктер (ет, балық, жұмыртқа, сүзбе т.б.) тұтынады. Тәулігіне адам 2,5 литр су тұтынады. Адам орташа 70 жыл өмір сүреді. Берілген мәліметтерді төмендегі кестеге толтырыңдар.

Бір адамның өмір сүру барысында тұтынатын су мен азық-түлік мөлшері

Жануар текті азық-түлік (т) Өсімдік текті азық-түлік(т) Су (м³)
     

 

2.1. Бір адамның ағзасы арқылы өмір бойына өтетін заттар мен судың орташа жиынтығы (т және м)

Заттектер- _________________________________________________

Су - _____________________________________________________

2.2. Үлкен қалалардың халқының тәулігіне қанша азық-түлік тұтынатынын есептеп шығарыңдар. (Алматы, Астана, Ақтөбе, Қарағанды т.б).

 

3 тапсырма. Берілген табиғи ресурстардың түрлерін кесте түрінде көрсетіңіздер: балықтар, өсімдіктер, күн энергиясы, теңіз тасуының энергиясы, жел энергиясы, көмір, атмосфералық ауа, құстар, мұнай, мұхит сулары, тұщы сулар, топырақ, темір, мыс, никель, табиғи газ, ас тұзы, ормандар, күн сәулесі, сүт қоректілер, шымтезек, меруерт.

 

Табиғи ресурстар
Қалпына келмейтін Қалпына келетін Ғарыштық Климаттық Су

 

Бақылау сұрақтары:

1. Биологиялық ресурстар және өнім қауіпсіздігі.

2. Табиғатты тиімді пайдалану, аз қалдықты және қалдықсыз технология.

3. Экожүйе мен қоғамның тұрақты дамуының компоненті ретінде энергияның альтернативті экологиялық таза көзін пайдалану мүмкіндіктері.

4. Табиғатты тиімді пайдалану. Табиғатты тиімді пайдалану технологиясы

5. Табиғи қорларды пайдаланудың жалпы инженерлік шаралары.

6. Табиғатты қорғаудың аспектілері. Жер табиғи қорларына сипаттама беріңіз.

7. Табиғи орта, табиғи жағдай, табиғи кешен дегеніміз не?

8. Жер табиғи қорларының жіктелуі қандай? Мысал келтіріңіз.

9. «Ластаушы зат» анықтамасын түсіндіріңіз.

10. Ластаушы заттардың жіктелуі қандай?

11. Ауаның ғаламдық, аймақтық, жергілікті ластануына мысал келтіріңіз.

12. Қандай қалдықтар бірінші реттік, қандай заттар екінші реттік қалдыққа жатқызылады?

Әдістемелік нұсқаулар:

Қоршаған табиғи ортаны қорғаудың түпкі мақсаты осы және болашақ ұрпақтар үшін қолайлы жағдайды қамтамасыз ету; қоршаған ортаны қорғау – мемлекеттік маңызды іс.

Оқытушы қоршаған ортаны қорғау мәселесінің маңыздылығын оны тарихи аспектіде қарастырған кезде ғана түсінуге болатынын айтады. Ормандардың денсаулықты нығайтудағы маңызын нақты мысалдармен келтіре отырып олардың құрлықта орналасуына аса мән аударған жөн. Оқытушы табиғи ресурстарды тек саналы, жоспарлы қолдану арқылы ғана адам қажеттіліктерін қанағаттандыруға болатынын көрсетеді. Студенттер көптеген жанауарлар мен өсімдіктер түрлерінің жылдан-жылға саны азайып бара жатқанын білетіні белгілі. Табиғатты қорғау жалпы мемлекеттік және жалпы ұлттық іс. Осы жоғарыда айтқандарды назарға ала отырып оқытушы студенттерге Қазақстан республикасында мекен ететін қорғауға алынған өсімдіктер мен жануарлар жөнінде өздік жұмыстар дайындауға нұсқау береді.

 

Практикалық сабақ №11

Тақырыбы: Биосфера тұрақсыздығының шығыуындағы антропогендік фактордың әсері

Сабақ мақсаты: Студенттерді қазіргі кездегі негізгі ғаламдық экологиялық мәселелермен таныстыру, сондай-ақ ҚР негізгі өзекті экологиялық мәселерімен таныстыру

Оқыту құралдары мен әдістері: ауызша сұрау, кейс-стади, аргументтелген эссе, дискуссия және диспут, комментарийлер, портфолио және т.б.

 

Сабақ өткізу жоспары:

Қазіргі ғаламдық экологиялық мәселелер қандай?

Атмосфера құрамын сипаттаңыз.

Қандай заттар канцерогендер деп аталады?

Ауа ластануының алдын алу шараларын атаңыз.

Әлемдік су қорлары. Дүниежүзілік су әлемінің ластануы.

Тұщы судың жетіспеу проблемалары.

 


Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 366 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Тапсырма.| Тапсырма

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.024 сек.)