Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сурет. Жел энергиясын іске қосу үшін қаржыландыру үлгісі

Читайте также:
  1. D) Іс үшін маңызы бар мәнA)жайлар туралы мәліметтер өзіне белгілі болған кез келген адам
  2. Бұл үшін не істеу қажет?
  3. БӨЖ үшін тапсырмалар
  4. Бап. Құқыққа қарсы мақсаттарды көздейтін интернет-ресурстарды орналастыру үшін қызметтер ұсыну
  5. Бап. Террористік немесе экстремистік қызметті қаржыландыру және терроризмге не экстремизмге өзге де жәрдемдесу
  6. Білім алушыны курстан курсқа көшіру үшін көшіру балы бекітіледі.
  7. Жылғы Желтоқсан оқиғасы үшін айыпталғандардың «Желтоқсан» партиясын құрған уақыты: 1990 жыл

Өндіріске қызмет көрсету
Іске асу
Энергияны Сату сатып алу және жасыл атрибут
Өндірісті салу қызметі
Құрылыс

Ақмола облысында Ерейментау алаңында қуаты 45МВт ЖШС «Бірінші Жел Электрстанциясы» 2013жылдың І тоқсанында салыну жоспарлануда. Капиталына 100%-дық үлестік қатысу “Samruk-Green-Energy” ЖШС-не тиесілі.

Алматы облысы Еңбекші Қазақ ауданы Шелекті дәлізінде қуаты 60 МВт тан 300 МВт-қа жететін ЖШС «Энергия Семирачь» Жел Электрстанциясы жобасы қолға алынбақ және капиталының 51%-ын АҚ «СПК Жетісу» арқылы Samruk-Green-Energy” ЖШС үлесінде. Орташа желдің жылдамдығы 50 метр биіктікте 7,8 м/c, қуат күші 310Вт/м2 тең болатын таңдалған георафиялық орынның қолайлығы жоғары.

Күн энергиясы. Күн энергиясын қалыптастырудың және пайдаланудың бірнеше бағыттары бар: күн сәулесі электр энергиясын және жылуды қалыптастырады; ғимараттарды жылыту үшін қолданылады; ауаны баптайды; ыстық сумен қамтамасыз етеді; әртүрлі материалдарды кептіру үшін қолданылады.

Қазақстанның географиялық орналасуының солтүстіктік кеңдігіне қарамастан, еліміздегі күн энергиясының ресурстары тұрақты және климаттық жағдайлардың қолайлылығына байланысты қол жетімді болып табылады. Кейбір зерттеу қорытындылары бойынша, елдің оңтүстік аймақтарында күн энергиясының әлеуеті жылына 2500-3000 күн сағатына жетіп жығылады, ал күн сәулесі энергиясы жылына 1300-1800 кВт/м. құрайды. Қызылорда, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облысы және Арал теңізі сияқты энергия тапшы аймақтар күн электростанцияларын салу үшін аса қолайлы аудандар болып табылады.

Жамбыл облысы өз территориясын күн энергетикасының даму орталығына айналдырмақ. 2013 жылы облыс аймағында қуаттылығы 24МВт тан басталатын, болашақта 2000 Мвт жеткізу перспективасын алға қоятын Күн Энергия Станциясын салуды жоспарлап отыр, Жобаны іске асырушы француздық компания “Fonrocheenergie” және оның жалпы құны 80 млн. долл. 15 жыл мерзім ішінде өтелуін көздеп отыр. Аймақ әкімшілігі АҚ «Казатомпром» және АҚ «KEGOG» серіктестікті қолға алуда [2].

Қапшағай қаласында қуаты 2МВт Гелиостнация салыну жоспарлануда. Болшақ оператор ретінде ЖШС “Samruk-Green-Energy” күн энергетикасын монокристалдық панель арқылы алу технологиясын меңгерген BISOL Group компаниясымен станция салу құрылысы және оны орнату жөнінде шартқа отырды.

Елде балама энергетикадан алынатын қуат 1 трлн КВт/сағ. оның ішінде жел энергиясы 920 млрд.КВт/сағ. құрап отыр. Ал, ол жалпы энергия ресурсының 0,5%-ын ғана алады. Үкімет 2020 жылы болашақ энергиясын пайдалануды 3%-ға жеткізуді алға қойып отыр. Германия мемлекеті үшін бұл көрсеткіш бүгінде 25% құрап, 2030 жылы балама энергетикаға 100% көшуді жоспарлап қойған.

Алайда, Индустрия және жаңа технологиялар Вицеминистрі Бахытжан Жаксалиев өзінің баяндамасында Мемлекеттің жел энергетикасының қондырғыларына кететін шығын көптігіне қарамастан, Электрэнергиясымен шалғай аудандарды да жеке-жеке қамтамасыз ету мүмкіндігіне ие бола алатынымызды айтты. Ел үкіметі бүгінгі күні осы үлес салмақты арттырудың қажеттілігін толық түсініп отыр және энергияның балама көздеріне инвестиция салу үшін қосымша жаңа серпіндер жасаудың жұмыстарын қолға алып келеді. Cонымен қатар, еліміз Балама энергетика саласында саясатты тиімді ұйымдастыру үшін, келешете Россия, Беларусия және Қазақстан арасында жалпы электрэнергетикалық нарықты қалыптастыруды көзге алып отыр. Бұл жөнінде Энергетика және Инфраструктура ЕЭК мүшесі, Министр Даниал Ахметов осы үш елдің энергокомплексінің потенциалдық қуаттылығы бойынша тиімділік коэффиценті 60%-ды құрайтынын ескере отырып, ортақ нарық құру қажеттілігін көрсетті.

Электроэнергияның балама көздерін өндіруден Еуропалық Одақ, АҚШ, Қытай және Үндістан сияқты елдер әлемде көшбасшылар ретінде саналады. Энергияның жаңартпалы көздеріне деген әлемдік сұраныс тұрақты түрде өсіп келеді. ХХІ-ғасырдың ортасына қарай олардың үлесі 35%-ға жетеді деп болжануда. Энергияның осындай көздерінің тартымдылығы және оларға қызығушылықтың артуы осы ресурстардың сарқылмайтындығымен, энергия тасымалдағыштардың әлемдік бағаларының өзгеруіне деген тәуелсіздігінен және экологиялық тазалығымен байланысты. Соңғы аргументі ерекше өзекті болып табылады, өйткені, дәстүрлі энергетика жергілікті деңгейде де, жаһандық масштабта да қоршаған ортаға жағымсыз әсерін үнемі тигізіп отырады.

Қазақстанның энергетикалық секторындағы қазіргі кәсіпорындар атмосфераны ең ірі ластаушылар болып табылады. Жыл сайын олар атмосфераға миллион тоннадан артық зиянды қалдықтар тастайды. Халықаралық энергетикалық агенттіктің деректері бойынша, Қазақстан парниктік газдардың ЖІӨ-ге шаққанда қалдықтарын тастаудың үлесі бойынша әлемде үшінші орынға ие болған. Қазақстанда тек көмір энергетикасынан ғана келетін қоршаған ортаны ластаудың экономикалық шығыны болжам бойынша, жылына 3,4 млрд. долларға бағаланады екен. Сондықтанда, балама энергетиканы елемеу сол энергетикалық ресурстарды ұтымсыз пайдалануға, олардың үнемділігін төмендетуге және энергиямен жабдықтаудың сенімсіздігіне алып келеді, сонымен қоса, адамдардың денсаулығына және экологияға өте көп зиян тигізеді.

Енді экономиканы дамытуда балама жолдарды таңдау «Қаржы секторына, мемлекеттік бюджет құрылымына, Ұлттық банкке, жалпы елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қалай әсер етеді, қанша көлемде қаржы керек, нивестиция есебі қалай жүргізілуі керек, мемлекет қандай саясат ұстануы керек, дағдарысқа қарсы тиімді бағыт па?» деген сұрақтар туындайды. Бұл мәселелердің оңтайлы шешімін табу үшін әлемде энергияға деген сұранысты бақылап, талдап, бағалау қажет. Демек энергияға деген тәуелділіктің ертеңін жоспарлау үшін оның кешегісімен бүгінгі жағдайын дұрыс, айқын бағалай білу қажет. 2-суретте 2007 жылдың сәуір айынан 2012 жылдың қараша айына дейін әлемдегі энергияға тәуелділік индексі көрсетілген. Дағдарыс жылдары энергияға деген тәуелділік күрт өскенін анық көре аламыз.

2 – сурет. 2007-2012жж, Энергияға тәуелділік индексі [10]

[Federal Reserve Economic Data мәліметтері бойынша график автормен құрастырылған]

 

Әлемде қаржы орталықтары энергияны қайта жаңарту, балама энергияға көшу жұмыстарына инвестиция салуды бастап кетті. Жаһандық инвестиция 2002 жылы 22 млрд. доллар болса соңғы жылдары 155 млрд. долларға өсіп отыр. МИНТ мәліметтері бойынша энергияның қайта жаңару көзіне инвесторлар тарапынан қуаты 2000 МВт жететін өтінімдер берілген. Бұл 2015 жылға жоспарланған бағдарламадан тыс 6 есе жоғары көрсеткішті береді. Дағдарыс жылдары бұл салаға инвестиция күрт азайып кетті, алайда осы сектор соңғы көрсетілген мәліметтер бойынша инвесторларды әлі де қызықтырып отырғаны айқын.

Осындай жағдайда мемлекет саясаты төмендегідей жүргізілуі керек:
- Әлеуметтік маңызға ие жобаларды қаржыландыру мәселесі;
- Қаржы секторының бөліктері бойынша әр сала міндеттерін анықтауы;
- Қаржы мамандары каптиал салу проблемаларын, аймақтық саясаттың рөлін бағалауы;
- Баламалы энергияны қалпына келтіріп, оны дамыту үшін қаржыландыруды ынталандыру шараларын жасауы балама энергияға көшудің алғы шарттары болып табылады.

Қаржы секторынан баламалы энергияға салынатын инвестиция басқа секторларға салынған инвестициялардың үлгісіндей болады. Бірақ Баламалы энергияға инвестиция салудың өзіндік ерекшелігі бар. Оған мемлекет жүргізген саясат, инвестицияның өмір сүру қабілеттілігін реттеу, яғни кез келген субсидия, жүгірме қағаздар мен салық қарыздарын растайтын заңнамалық негіздегі куәліктер керек. Бұл факторлар қаржылық талдауға негіз болады.

Қаржыландыру үлгісі ретінде ағылшындық шетелдік үлісі қарастырылды. Капиталды қамтамасыз етуші қорлар төменде көрсетілгендей түрлері арқылы құралады [9].

Тәуекел капиталға арналған қорлар:

· Қаржы тәуекелдіктiң жоғары деңгейі арқылы әртүрлі өзара қорлар, сақтандыру компаниясы, зейнетақы қорлар әсерінен өседі;

· Мақсаты: жаңа технология, жаңа нарықтар;

· Серiктестіктерді тарту, қызықтыру;

· Әрбiр кәсiпорындағы сәтсiздiгiнiң тәуекелі жоғары;

· Талап етілген 4-7 жылға инвестициялар;

· Инвестиция жиындарын қайтару (50-100% IRR)

Дербес капиталға арналған жарғылық қорлар:

· Қаржы тәуекелдіктiң жоғары деңгейі арқылы әртүрлі инвесторлар әсерінен өседі;

· Мақсатты мүмкiндiктер қайтару мүмкiндiгi өте жоғары;

· Серiктестiктерді жобалардағы жоғары технологиялар қызықтырды, соның iшiнде (алдын ала IPO) қоғамдық фондылық биржаларға демонстрант жасау немесе ашық акционерлiк қоғам орнату;

· Қысқа мерзімді инвестиция, 3-5 жыл;

· Жоғарғы қайтарымды талап, 25% IRR;

Балама энергетиканы қаржыландыруда жиналған капиталдарды, инвестицияларды қайтару коэфиценті есептелуі келесі қорлар арқылы жүргізіледі.

 

2-кесте. Алдағы кезеңге пайдалы қаржы шарттары: капитал коэфицентіне кредиторлық борышы, (салық арқылы)

Тәуекел капитал Дербес капитал Инфрақұрылым дық қорлар Зейнетақы қорлары Банктік антресольдық борыш Орталық банк борышы
Iске қосу, жаңа технологиялар, түп тұлғалар pre IPO компаниялар, демонстраторациялық технологиялар Тәжірибелі технологиялар, жеке кәсіпорын Тәжірибелі технологиялар Демонстрация, тәжірибелі технологиялар, жаңа кәсіпорын Тәжірибелі технология, Орнатылған кәсіпорын
50% IRR 35% IRR 15% IRR 15% IRR Libor[1]+700 бит/сек. Libor +300,бит/сек

3-сурет. Толқын қуатына арналған технологияларға инвестиция салу: [11]

Компания концепциясы
Прототипті сынау
Жобаны де -монстрациялау
Алдағы кезең құрастырылған жоспар
Тәжірибелі технология
Қоғамдық қаржы
Бастапқы инвестиция VC
Қоғамдық берулер&Өндірістік субсидия
  Екінші реттік VC инвестиция
Қоғамдық берулер & Өндірістік субсидия

 


Этап

 

 

Ассигнациялау (қаржы бөлу)

 

Жалпы типтік бағалау барысында келесі тәуекелдерді ескерген жөн:

Мемлекет және қаржылық тәуекел - Мемлекеттік, экономикалық, қаржылық, валюталық, саяси, қауіпсіздік тәуекелдері;

Техникалық ерекшелік, технологиялық жобалар тәуекелі – технологиялық, құрылыс, қоршаған ортаға әсер ету, басқару тәуекелдері;

Нарықтық тәуекел – Нарық мамандарының алда электр энергиясын, субсидияны, көміртектікті бағалауымен байланысты және жаңа бәсекелестік перпективаны қалыптастыру;

Тәжірибеден өткен технологияларға арналған ерекше орталықтар нарықтың өсуіне ықпал жасайды. Мемлекет саясаты энергияны балама энергияға айналдыру жұмыстарының қаржыландыруын қамтамасыз етеді және ол қаржыландыру перспективасын көрсетеді. Келесі кесте Қазақстан Респуюликасының Жалпы энергияның айналу секторының көрсетілген. (Energy Efficiency/CO2 Indicators, Kazakhstan) [12]. Бұл бүкіләлемдік статистикалық база бойынша Қазақстанның энергетика саласында едәуір қиындықтар бар.

3-кесте. Жалпыы энергияның айналу секторының процентке шаққандағы жылдық ауытқуы

БИОЭНМҰНЫ БОЙЫНША 2000/10 (%/жыл) *Энергияның жалпы айнелу секторы      
Қазақстан        
Электрдің жалпы эффектілігінің тиімділігі, % 1,4 24,0 27,3 27,4
Электр энергиясын тарату шығыны шамасы,% -4,6 15,7 10,5 9,84
Баламалы энергияның қуат күші,% 0,5 10,8 11,7 11,4
Баламалы электр энергиясының тұтыну қарқыны,% -3,3 14,7 9,29 10,5
Баға (Қазақстан)           2000/10 (%/жыл) *
ЖІӨ (at ppp) 5,41 8,70 10,5 10,5 11,1 7,4
Электр энергиясының орташа бағасы (at ppp) 5,43 5,17 6,09 6,79 7,63 3,5
Энергетикалық отынның орташа бағасы (at ppp) 0,872 1,37 1,01 0,976 1,13 2,7

4-кесте (а). Қазақстан Республикасының және Германия ЖІӨ мен энергетиканың оршаша бағасының ауытқуы

 

Баға (Германия)           2000/10 (%/year) *
ЖІӨ (at ppp) 30,6 31,4 33,7 32,0 33,2 0,8
Электр энергиясының орташа бағасы (at ppp) 9,60 12,3 14,5 16,0 16,0 5,3
Энергетикалық отынның орташа бағасы (at ppp) 1,14 1,32 1,48 1,27 1,39 2,0

 

Қорыта келгенде дәл осындай қарқынмен энергияға деген тәуелділіктің деңгейін Қазақстанда да кемітіп, энергия алудың баламалы көздеріне көшу керек. Мемлекет экономикасын балама жолдармен дамыту арқылы Қазақстан тек шикізатқа тәуелділікті ғана емес, тұрақты экономикалық-экологиялық дамуға қол жеткізеді. Болашақта бүкіл әлемдік дағдарыстың алдын алуға мүмкіндік туады. Астананың ЭКСПО-2017 бүкіләлемдік көрмесіне өз кан­дидатурасын ұсынып, әрі өткізу құрметін жеңіп алғандығымен қоса «Бо­лашақтың энергиясы» ат­ты жаһандық мүдделерді топ­тастыратын тақырыпты таң­дауы әлем на­зарын өзіне аударғаны хақ. Өйт­кені, адамзат алдындағы күр­меуі қиын мәселе – энергияға де­ген тапшылықты жойып, ба­лама қуат көздерін кеңінен іс­ке қосатын кез келді. Адамзат ба­ласына көмірді, мұнайды, газ­ды толығымен игеруге орта есеп­пен 40-50 жыл кетті, ба­лама энергетиканы игеруге де шамамен сонша уақыт ке­рек. Бұл ша­ра – біздің елімізде балама эн­ер­гетиканың қарқынды да­муына жол ашары сөзсіз.


Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 321 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
БАЛАМА ЭНЕРГЕТИКАНЫҢ ДАМУ БОЛАШАҒЫ ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ҮЛГІСІ| INTRODUCTION: THE HEART 1 страница

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.011 сек.)