Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

XIII апта

II АПТА | IV АПТА | VI АПТА | Ойлан, тап. | VIII АПТА | IX АПТА | Жасайды. | XI АПТА | XV АПТА | Хабарландыру ... туралы |


ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІ

1- сабақ

Себеп бағыныңқы сабақтас

Себепті бағыныңқы сабақтас –бағыныңқысы басыңқыда айтылған ойдың себебін білдіретін сабақтас. Жасалу жолдары:

а) Есімшенің -қан/кен, -ған/ген жұрнағына -дықтан/діктен жұрнағы мен соң шылауы жалғану арқылы. Неліктен? Қайткен соң? Не еткен соң? Мемлекет жағдай жасағандықтан, олар шет елде білім алып жүр.

ә) Болымсыз етістікке көсемшенің – й жұрнағы жалғану арқылы. Қайтпей? Не етпей? Әр баланың бойындағы табиғи қасиетін ашпай, оны жеке тұлға ретінде қалыптастыра алмаймыз.

1-тапсырма. Мәтін бойынша сұхбат құрастырыңыздар.

Бүгінгі таңда жалпы орта білім беретін мектеп – жаңа қоғам мектебі, яғни болашақ мектебі. Ол халықтық мәдениетке интеграцияланған, баланың жеке басының дамуына педагогикалық жағдай жасайтын, рухани жағынан таза, дүниеге тік қарайтын, қоршаған ортамен жүйелі байланыс түзетін, білімнің жаңа мазмұнымен байланысқан, бәсекеге қабілетті жаңа ұрпақ өсіріп, дамытып жетілдіретін мектеп болуға тиіс. Біздің келешектегі мақсатымыз – рухани жан дүниесі бай, жан – жақты жарасымды дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру. Білім ордасы жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беру, ғасырлар бойы жиналып сақталып келе жатқан асыл мұраларымызды келешек ұрпақ игілігіне жеткізе алатын мәдени ошақтар, ұлттық тәлім – тәрбие орталығына айналмақ.

 

2-тапсырма. Мәтін бойынша берілген бағыныңқы сөйлемге ортақ бірнеше басыңқы сөйлем тауып, себепті бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем жасаңыздар. Мысалы: Мемлекет барлық жағдайды жасап отырғандықтан, ол халықтық мәдениетке интеграцияланған мектеп болуы керек.

3-тапсырма. Берілген нақыл сөздер бойынша себепті бағыныңқы құрмалас сөйлем арқылы өз ойларыңызды жазыңыздар.

Мұғалім – мектептің жүрегі. (Ы.Алтынсарин) Білекке сенген заманда – ешкімге есе бермедік, Білімге сенер заманда, қапы қалып жүрмелік. (Абылай хан) Ойдағыдай тәрбиелеудің сыры - оқушыға деген құрмет сезімде жатыр.(Р.Эмерсон)

 

4-тапсырма. Мәтін бойынша пікірлесіңіздер.

Қазіргі өскелең өмір талаптарына сай жастарға білім және тәрбие беру, оларды жан –жақты дамыту –қоғам алдында тұрған басты міндеттердің бірі. Білім беру - бұл қоғам мүшелерінің адамгершілік, интеллектуалдық мәдени дамуының жоғары деңгейін және кәсіби біліктілігін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудың үздіксіз процесі. Қазақстан Республикасында жастарға білім беру процесі халқымыздың ұлттық салт – дәстүріне, экономикасына және саяси өміріне негізделіп іске асырылады.

2- сабақ

Қазақтың тағдыры да, келешек ел

болуы да мектебінің қандай негізде

құрылуына барып тіреледі.

(М.Жұмабаев)

Білім беру жүйесіндегі тың серпіліс

Жалпы білімнің жүйесі қоғам дамуымен бірге дамып, әрдайым үнемі өзгеріп отырады. Ол әр елдің экономикалық ерекшеліктеріне қарай қалыптасып, үнемі үздіксіз жетіле отырып, барынша күрделене түседі. Білім беру жүйесі қоғамның әлеуметтік – экономикалық дамуында жетекші рөл атқарады. Қазақстан Республикасының білім беру саласы да - өз жастығына қарамастан, тереңге тартылған тамыры бар жүйе. Оқыту, тәрбиелеу және білім беру жүйесін ежелгі энциклопедист – философтар негізін салып, ұзақ уақыт бойы ұлы ойшылдар оны өз еңбектерінде дамытқан. Сол арқылы қазіргі кездегі Қазақстанның білім саласы құралып, ары қарай даму үстінде. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев жолдауында: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім» -деп көрсеткен. Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында: «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу»- деп атап көрсеткен. Сондықтан Қазақстан бүгін бүкіл әлемдік білім кеңістігіне ену табалдырығында. Отанымыздың білім беру жүйесіндегі ізденістері мен бастамалары әлемдік білім кеңістігіндегі ықпалдастықты арттыру мен сапаны көтеруге бағытталған. Білім беру нормаларын өзара мақұлдау жөніндегі Лиссабон конвенциясын, жоғары білім саласы мен құрылымындағы бірізділікке қатысты Сорбон декларациясын қолдап, белсенді араласуға талпыныс жасаған мемлекеттердің арасында Қазақстан алғашқылардың қатарында тұр. Еліміздің Болон процесіне қосылуы отандық білімнің жаңа талаптары мен республиканың саяси – экономикалық таңдауына толық жауап береді. Бұл - білім сапасы мен бәсекелестік мүмкіндігін көтеру мақсатында жасалып жатқан қадам.

1-тапсырма. Мына сөздер мен сөз тіркестері арқылы құрмалас сөйлем құрастырыңыздар.

Білім жүйесі, үздіксіз жетілу, күрделене түсу, тамыры тереңге тартылған, негізін салу, өркениетті елдер, заиан талабына сай, терезесін тең ету, ғаламдық коммуникациялық желі, білім кеңістігі, ізденістер мен араласу, талпыныс жасау, жаңа талаптар, бәсекелестік мүмкіндігін көтеру.

 

2-тапсырма. Мәтін бойынша жазбаша бірнеше сұрақ құрастырыңыздар.

 

3-тапсырма. Мәтін бойынша пікірлесіңіздер.

 

4-тапсырма. Мәтінді өз сөздеріңізбен мазмұндаңыздар.

 

3-сабақ

Кредиттік оқу жүйесіндегі артықшылықтар

1-тапсырма. Мәтіндегі таныс емес сөздер бойынша сөздік жұмысын жүргізіңіздер. Мәтін мазмұны бойынша пікірлесіңіздер.

Заңда көрсетілген білім беру жүйесінің негізгі міндеттері:

-жеке адамның рухани және күш – қуат мүмкіндіктерін ашу, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, әрбір адамды дамыту үшін жағдайлар жасау;

-азаматтықты, үйелменнің, халықтың, қоғамның және мемлекеттің алдындағы жеке адамның құқылары мен міндеттерін ұғынуды, сондай – ақ республиканың мәдени, қоғамдық, экономикалық және саяси өміріне қатысу қажеттігін тәрбиелеу;

-республика тұрғындарына жалпы және кәсіптік білім алу үшін мүмкіндіктер жасау;

-жеке адамның шығармашылық қабілеттерін және эстетикалық тәрбиесін дамыту;

-қазақ халқының мәдениеті мен салт – дәстүрін оқып үйрену үшін жағдайлар жасау.

2-тапсырма. Берілген сөз тіркестері бойынша сөйлем құрастырыңыздар.

Мүмкіндіктерін ашу, салауатты өмір салты, жағдайлар жасау, жеке адамның құқылары, міндеттерін ұғыну, саяси өмірге қатысу, жалпы және кәсіптік білім алу, шығармашылық қабілет, негіздерін қалыптастыру.

 

3-тапсырма. Берілген бағыныңқы сөйлемдердің тиісті басыңқы сыңарын тауып, себепті бағыныңқы құрмалас сөйлем жасаңыздар.

Жалпы және кәсіптік білім алуға жағдай жасалғандықтан, ----------------------. Жеке адамның шығармашылық қасиеттерін ашпай, --------------------------------. Салауатты өмір салтын қалыптастырмай, ---------------------------------------------. Қоғамдық, экономикалық және саяси өмірге белсене қатысқандықтан, -------. Үйелмен алдындағы міндетін ұғынған соң, ------------------------------------------. Өз міндетін жақсы орындағандықтан, -------------------------------------------------. Қазақ халқының салт – дәстүрі мен мәдениетін оқып – үйренген соң, ---------.

 

4-тапсырма. Мына даналық сөздерге өз пікірлеріңізді білдіріңіздер.

Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы. (Әл -Фараби) Бала тәрбиесіне ерекше мән берілуі керек, тәрбиенің арқасында болашақ адамзат тағдырының негізгі мәселесі шешіледі.(В.Белинский) Балам дейтін ел болмаса, елім дейтін бала қайдан болсын?(А.Байтұрсынов)

БӨЖ тапсырмалары

«Кредиттік оқужүйесіндегі артықшылықтар з» деген тақырыпта өз ойыңызды жазыңыз.


Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 110 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
XII АПТА| XIV АПТА

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.009 сек.)