Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Болатын сынау

Читайте также:
  1. Iзбес сЌндiру уа‹ытын сынау н‰тижелерi

 

Құрылыс болаттары атқаратын міндеттері бойынша мыналарға бөлінеді: құралымдық (құрылыс құралымдары үшін) және арматуралық.

Болаттар химиялық құрамы бойынша көміртектілерге және қоспаларға, ал өндіру тәсілі бойынша мартен, конверторлы және электр болаттарына бөлінеді.

Көміртекті болаттары балбырау дәрежесі бойынша тынық,жартылай тынық және қайнатылғанға бөлінеді. Көміртекті болаттар үш топқа бөлінеді:

А – механикалық қасиеттері бойынша;

Б – химиялық құрамы бойынша;

В – химиялық құрамы бойынша қосымша талаптар қойылған механикалық қасиеттері бойынша.

МСТ 380-94 бойынша көміртекті болаттардың қабылданған таңбаларында әріптер болаттың тобын және өндіру тәсілін, ал цифрлар оның таңбалауын көрсетеді. А тобындағы болаттарды СТ әріптерімен және 0-ден 7 дейін цифрлармен, Б тобындағыларды МСТ (мартен) немесе БСТ (бессемер) және 0-ден 7 дейін цифрлармен, ал В тобының болаттарын ВСТ әріптерімен таңбалайды. Қайнатылған болат белгісіне "кп", жартылай тынықтарға "пс" қосылады. Сонымен Б тобындағы "қайнатылған" бессемер әдісімен өндірілген болатты БСТ3 кп, ал үстінен оттекпен үрлеумен конверторларда өндірілген В тобының болатын ВКСТ 3 кп деп белгілейді.

Төмен қоспалы болаттар маркасына қоспа араластарының болуын көрсететін әріптер, ал олардың орташа пайызбен көрсететін цифрлар кіреді: әріптер алдындағы цифрлар пайыздың жүзінші үлесінде көміртектің мөлшерін көрсетеді. Болатты таңбалау үшін әр қосылған элементке белгілі әріп меншіктелген: кремний-С, марганец-Г, хром-Х, никель-Н, молибден-М, вольфрам-В, алюминий-Ю, мыс-Д, кобальт-К. Мысалы, 10Г2С маркалы төмен қоспалы құралымдық болатта 0,1% көміртек, 2% марганец және 1% марганец бар.

Көміртекті болаттар сапасы және атқаратын міндеті бойынша кәдімгі сапалы, сапалы құралымдық және аспаптық болаттарға бөлінеді.

Кәдімгі сапалы көміртекті болат өзімен темір мен көміртек қорытпасын көрсетеді. Құрылыста қолданатын кәдімгі сапалы болаттарда 0,06-0,62% жуық көміртек бар.

Сапалы құралымдық көміртекті болаттарды машина жасауында, ал аспаптықтарды кескіш құралдарын дайындауға қолданады.

Қоспалы болаттар қосылған элементтердің мөлшеріне байланысты жоғары,орташа және төмен қоспалыларға бөлінеді. Құрылыста негізінде 2,5% дейін қоспа элементтері бар төмен қоспалы болаттар қолданылады. Оларда көміртек мөлшері 0,2% аспау керек.

Кәдімгі сапалы көміртекті болаттардың және төмен қоспалы құралымдық болаттардың қасиеттері 11.1 және 11.2-кестелерде келтірілген.

Құрылыс прокат болаттың сапасын бағалау үшін нұсқаларды созылуға сынайды, қаттылығы және соқпа жабысқақтығы анықталады. Нұсқалар әр партиядан іріктеп алынған екі бұйымнан жасалады.

Бұл жұмыста болат нұсқаларын қаттылыққа сынау әдістемесі келтірілген.

Аспаптар: шарикті қаттылық өлшеуіш-ТШМ, таңбалар өлшеуге арналған лупа.

Материалдар: болат нұсқалары.

11.1-кесте

МСТ 380-71 бойынша кәдімгі сапалы көміртекті

болаттардың қасиеттері

 

Болат марка- сы Прокат қалыңды- ғының разряды бойынша аққыш- тық шегі, МПа Созылу уақытша кедер- гісі,МПа Нұсқа үшін салыстырмалы ұзару,%
      -10 -5
Сто - - -      
Ст1 - - - 320-400    
Ст2       340-420    
Ст3кп       380-470 23-21 27-25
Ст3пс,Ст3сп       380-470 23-21 27-25
Ст4       420-520 21-19 25-23
Ст5пс,Ст5сп       500-620 17-15 21-19
Ст6пс,Ст6сп       600-720 13-11 16-14
Ст7пс,Ст7сп - - - 700-750 9-8 11-10

 

 

11.2-кесте

Төмен қоспалы құралымдық болаттың қасиеттері

 

Болат марка- сы Прокат қалың- дығы, мм Аққыш- тық шегі, МПа Үзілуге уақытша кедер- гісі, МПа Салыстырмалыұзару, %
14Г 4-10      
19Г 4-10      
09Г2 4-32 310-300    
14Г2 4-32 340-330 470-460  
18Г2 8-10      
12ГС 4-10      
16ГС 4-160 320-380 500-460  
17ГС 4-20 350-340 520-500  
10Г2С1 4-160 380-320 520-460  
15Г 4-32 380-340 520-480  
14ХГС 4-32 340-350 480-500 22-21
СНД 4-40   540-520  

 

 

11.1. Бринелл әдісі бойынша болат қаттылығын

анықтау

 

Қалыңдығы 2-6 мм пластина түріндегі болат нұсқалары тоттан тазалап, алдын ала қырнап өңделеді.

Бринелл әдісі бойынша болат қаттылығы 30 с ішінде диаметрі 10 мм суарылған болат шарикті 30 КН (300 кгс) жүктеме астында сыналатын нұсқаның бетіне басу арқылы анықталады.

Нұсқадан алынған таңбаның диаметрі бойынша мына формула ар‹алы болаттың қаттылық саны НВ есептеледі

 

НВ= 2 Р / [π D (D - )],

мұндағы Р - шарикке жүктеме, кгк;

D – шарик диаметрі, мм;

d – таңба диаметрі, мм.

 

Нұсқа алдын ала шарикті ұштыққа қатты қысып және 100 кгк жүктемені түсіріп қаттылық өлшеуіш табанының үстеліне бекітiледі. Осыдан кейін өлшеу аспабының көрсеткіш тілін нөлдік бөлікке қояды ды сынақа кiрiседi. Нұсқаға жүктеме суарылған шарик арқылы бір қалыпты беріледі және сынақ аяқталған соң екі өзара перпендикулярлы бағыттарда 0,05 мм дейін дәлдікпен нұсқаға таңба диаметрі өлшенеді және соңғы нәтижеге орташа арифметикалық мағынасы алынады, сонымен бірге диаметр мағынасы мына шектерде болу керек

0,2 < d < 0,6 D,

 

мұндағы D – шарик диаметрі, мм;

d – таңба диаметрі, мм.

Егер осы шарт орындалмаса, онда сынақ жарамсыз деп саналады және қайталанады.

Сынақ нәтижелері 11.3-кестеге жазылады.

Созылуға уақытша кедергісі мен Бринелл бойынша қаттылық арасындағы байланыс келесі байланыстылықпен көрсетіледі

 

Gв = 0,36 кгк/ мм2

 

11.3-кесте

Болатты қаттылыққа сынау нәтижелері

 

  Бұйым-дар   Болат маркасы Таңба диаметрі, мм Қаттылық саны, кгк/мм2 МСТ бойынша қаттылық саны, кгк/ мм2
1 өл-шеу 2 өл-шеу орта-шасы
             
Швеллер Ст3 3,01 3,03 3,02    

 

 

Өзін-өзі әзірлеуге арналған сұрақтар

 

1. Термиялық өңдеу деп нені атайды?

2. Суаруға болатты қыздырғанда қандай айналымдар өтеді?

3. Болатты өте қыздыру неге соЉады?

4. Суару температурасы бар болатты суытқанда қандай айналымдар пайда болады?

5. Суаруға көміртекті болаттардың қыздыру температурасы қалай таңдалады?

6. Суару ортасы ретінде не қолданады?

7. Арматура болатының жіктеуі.

8. Болат прокат бұйымдарының түрлері.

9. Алюминий қорытпалары.

10. Жез бен қола құрамы.

11. Шойын жіктеуі.

 

 

1-қосымша

 

ҚҰРЫЛЫС МАТЕРИАЛДАРЫ МЕН БҰЙЫМДАРЫН СЫНАУ БОЙЫНША НЕГІЗГІ СТАНДАРТТАР

(1.01.2004- жағдай бойынша)

 

МСТ 125—79 Гипс байланыстырғыштары. Техникалық шарттар

МСТ 310.1—76 Цементтер. Сынау әдістері. Жалпы ережелер.

МСТ 310.2—76 Цементтер. Әдеттегі қоюлығын, ұстасу мерзімін және көлемінің біркелкі өзгеруін анықтау әдістері

МСТ 310.3—76 Цементтер. Иілуге және сығуға беріктік шегін анықтау әдістері

МСТ 310.4—81 Цементтер. Силикат кірпіштері мен тастар. Техникалық шарттар.

МСТ 379—79 Керамика кірпіштері мен тастар. Техникалық шарттар

МСТ 530—80 Ақ портландцемент. Техникалық шарттар.

МСТ 965—78 Портландцемент белый. Технические условия.

МСТ 969—77 Глиноземді цемент.

МСТ 2140—81 Ағаш ақаулары. Жіктеуі, терминдері мен анықтаулары, өлшеу тәсілдері.

МСТ 2697—75 Төбе пергамині. Техникалық талаптар.

МСТ 2889—80 Ыстық төбе битум мастикасы. Техникалық шарттар.

МСТ 3808.1—80 Қылқан жапырақты тектерінің кесілген материалдары.Атмосферада кептіру және сақтау.

МСТ 4765—73 Лак-бояу материлдары. Соққыда қабыршақ беріктігін анықтау әдісі.

МСТ 5802—78 Құрылыс ерітінділері. Сынау әдістері.

МСТ 6589—74 Лак-бояу материалдары.Қожалу дәрежесін анықтау әдісі.

МСТ 6617—76 Құрылыс мұнай битумдары. Техникалық шарттар.

МСТ 6806—73 Лак-бояу материалдары. Иіліске қабыршақтың созылғыштығын анықтау әдістері.

МСТ 7076—78 Құрылыс материалдары. Жылу өткізгіштікті анықтау әдісі.

МСТ 8267—82 Құрылыс жұмыстарына арналған табиғи қиыршық тас. Техникалық шарттар.

МСТ 8268—82 Құрылыс жұмыстарына арналған малта тас. Техникалық шарттар.

МСТ 8269—76 Табиғи тастан, малта тастан жасалған қиыршық тас және құрылыс жұмыстарына арналған малта тастан жасалған қиыршық тас. Сынау әдістері.

МСТ 8420—74 Лак-бояу материалдары. Шартты жабысқақты анықтау әдістері.

МСТ 8735—75 Құрылыс жұмыстарына арналған құм. Сынау әдістері.

МСТ 8736—77 Құрылыс жұмыстарына арналған құм. Техникалық шарттар (өзгерістерімен)

МСТ 9012—69 Металдар. Сынау әдістері. Бринелл бойынша қаттылықты өлшеу.

МСТ 9013—59 Металдар. Сынау әдістері. Роквелл бойынша қаттылықты өлшеу.

МСТ 9179—77 Құрылыс ізбесі. Техникалық шарттар.

МСТ 9529—80 Органикалық емес пигменттер. Ақ пигмент-тердің ағартқыш қабілетін анықтау әдістері.

МСТ 9548—74 Төбе мұнай битумдары. Техникалық шарттар (өзгерістерімен)

МСТ 16483.3—84 Ағаш. Статикалық иілісте беріктік шегін анықтау әдістері.

МСТ 16483.7—71 Ағаш. Дымқылдықты анықтау әдістері.

МСТ 16483.10—73 Ағаш. Талшықты бойлай сығуға беріктік шегін анықтау әдістері.

МСТ 16483.18—72 Ағаш 1 см жылдық қабаттардың санын және жылдық қабатында кеш ағаштың мөлшерін анықтау әдісі.

МСТ 18105.0—80 Бетондар. Беріктікті бақылау тәртібі. Негізгі ережелер.

МСТ 18105.2—80 Бетондар. Тұтас құймалы құралымдар үшін сығуға беріктікті бақылау тәртіптері.

МСТ 22245—76 Жабысқақ жол мұнай битумдары. Техникалық шарттар.

МСТ 22688—77 Құрылыс ізбесі. Сынау әдістері.

МСТ 22690.0—77 Ауыр бетон. Механикалық әсер ететін аспаптармен бұзбайтын беріктікті анықтайтын әдістеріне жалпы талаптар.

МСТ 23732—79 Бетондар мен ерітінділерге арналған су. Техникалық шарттар.

МСТ 23789—79 Гипс байланыстырғыштары. Сынау әдістері.

МСТ 24211—80 Бетонға арналған қосымшалар. Жіктеуі.

МСТ 25192—82 Бетондар. Жіктеуі және жалпы техникалық талаптар.

МСТ 25328—82 Құрылыс ерітінділеріне арналған цемент. Техникалық шарттар.

Қолданылған әдебиет

 

1.Горчаков Г.И., Баженов Ю.М. Строительные материалы — М.: Высшая школа, 1986. 688 с.

2.Строительные материалы: Справочник/Под ред..С.Болдырева и др./– М.: Стройиздат, 1989, 567 с.

3.Попов Л.Н. Лабораторный контроль строительных материалов и изделий: Справочник — М.: Стройиздат, 1987, 349 с.

4.Попов Л.Н. Лабораторный практикум по предмету «Строительные материалы и детали» -- М.: Стройиздат, 1988, 223 с.

5. ГОСТар және МСТ.

 

Мазмұны

 

Кіріспе………………………………………………………….2

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СТАНДАРТТАРЫ (ҚР СТ), МЕМЛЕКЕТАРАЛЫҚ СТАНДАРТТАР (МСТ), ОЛАРДЫҢ АТҚАРАТЫН МІНДЕТІ МЕН ҚҰРЫЛУЫ………………………4

Стандарттардың міндет атқаруы ……………………….4 Стандарттардың міндет атқаруы

Стандарттардың құрылуы

1. ҚҰРЫЛЫС МАТЕРИАЛДАРЫНЫҢ НЕГІЗГІ ФИЗИКА-МЕХАНИКАЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ…………………………………..7

1.1. Физикалық қасиеттері ………………………………..8

1.1.1. Шын тығыздықты анықтау…………………………….8

1.1.2. Орташа тығыздығы анықтау

1.1.2.1. Орташа тығыздықты геометриалық пішіні

дұрыс нұсқаларда анықтау

1.1.2.2. Орташа тығыздықты геометриялық пішіні

дұрыс емес нұсқаларда анықтау

1.1.3.Сусымалы матеалрдыңүйілгентығыздығын анықтау

1.1.4. Кеуектіні анықау

1.1.5. Жылу өткізгіштікті анықтау

1.2. Механикалық қасиеттер

1.2.1. Сығуда және иілісте беріктікті анықтау

1.2.1.1. Сығуға беріктік шегін анықтау

1.2.1.2. Иіліске беріктік шегін анықтау

1.2.3. Уатылуды анықтау

Өзін-өзі әзірлеуге арналған сұрақтар

2. ТАБИҒИ ТАС МАТЕРИАЛДАРЫ

2.1. Жыныс құрайтын минералдарының қасиеттерін оқып білу

2.2. Тау жыныстарының қасиеттерін оқып білу

Өзін-өзі әзірлеуге арналған сұрақтар


Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 311 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Расписание зачетной недели| КЕРАМИКА МАТЕРИАЛДАРЫ

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.021 сек.)