Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сайлау технологиялары 4 страница

Сайлау технологиялары 1 страница | Сайлау технологиялары 2 страница | Сайлау технологиялары 6 страница | Р саяси модернизациясы |


Читайте также:
  1. 1 страница
  2. 1 страница
  3. 1 страница
  4. 1 страница
  5. 1 страница
  6. 1 страница
  7. 1 страница

76. Саяси психология. Саяси мінез-құлықтың негізгі типтері

Саяси психологияға саяси өмір жағдайының ортақтығы негізінде адамдар ұжымдарында,әлеуметтік топтар,таптарда,жеке адамдарда туындайтын сезімдердің,көңіл-күйдің,әдет-ғұрыптардың,мінездің ерекше белгілерінің жиынтығы жатады. Саяси психология әртүрлі іс әреткеттерге соған сәйкес сезімін оятып,қоғамдық қозғалыстарға маңызды рөл атқарады.Сондықтан саяси бағытты жоспарлап,оны жүзеге асырарда халықтың саяси психологиясын ескерудің маңызы зор.Себебі,бұл салада қателік қоғамда дау жанжал,шиеленістер,адамдар мен ұлттар арасында егес тудыруы мүмкін. Саяси мінез немесе саяси мінез-құлық – басқару процесіне қатысты адамның ойлары мен іс-қимылдары болып табылады. Саяси мінез-құлыққа адамның ойлары, сезімі, пікірі, мақсаты, нанымы, яғни ішкі әлемінің көрінісі кіреді. Оның нәтижесі мынандай іс-қимылынан білінеді: сайлауға қатысы, наразылығын білдіруі, жиналыстар мен науқандарға қатысуы. Кең көлемде саяси мінез-құлық кез келген жағдайда: отбасында, бизнесте, шіркеуде, мешітте байқалуы мүмкін. Алайда бұл термин мемлекеттік институттар шеңберінде өрістейтін іс-қимыл әрекетіне байланысты қолданылады.

Саяси мінез саясаттану пәнінің бағдарламасына кіретін саяси тұлға, саяси талап және қоғамдық пікір, сайлаушылар мінезі, саяси партиялар мен мүдделі топтар, саяси әлеуметтендіру, саяси мәдениет бірлестіктегі билікті айқындайтын формуланы қолдануға қажет болады. Аталған мәселелерден байқалғандай, саяси психология мен саяси әлеуметтік мүдделер де саяси мінездің зерттеу саласына жатады.

Билет

17. Биліктің легитімдігі, саяси билік және мемлекеттік билік?

Легитимдік (латын тілінде заңдылық, шындық деген мағынаны білдіреді) дегеніміз- халықтың үстемдік етіп отырған саяси билікті мойындауы, оның заңдылығы мен шешімдерін растауы. Саяси билік - таптық, топтық, жеке адамның саясатта түжырымдалған өз еркін жүргізу мүмкіндігін білдіреді. Саяси билік адамзат тарихының барлық кезеңдерінде болған. Саяси билік тек мемлекеттік аппарат арқылы ғана емес, сонымен бірге партиялар, кәсіподақтар, халықаралық ұйымдар сияқты саяси жүйенің басқа элементтері арқылы да жүргізіледі. Мемлекеттік билік - тікелей мемлекеттің өзі жүргізетін немесе өзінің атынан жүргізуге өкілеттілік беріп, өз жәрдемімен өзге бір ұйым, мекеме арқылы жүргізетін қоғамдық биліктің бір түрі, мемлекеттік басқару органдарының жиынтығы. Мемлекеттік билік өз қырын өзгелерге тану үшін мәжбүрлеу күштеріне арқа сүйейді. Мәжбүрлеу жоқ жерде Мемлекеттік билік те жоқ, мәжбүрлеу тек тарихи жағдайға және билік болмысына қарай басқа мазмұнда, әр түрлі нысанда көрініс береді. Сондай-ақ, Мемлекеттік билік қатынастары ырық жүргізу сипатында болады және өз құрылысына орай үстемдік пен бағыныштылық әрі жетекшілік пен мойынұсынушылықтан құрылады. Ол қызметіне қарай

1)заң шығарушы;2)атқарушы;3)сот билігі болып бөлінеді. Билік объектісі мен субъектісінің қарым- қатынасына қарай

1)авторитарлық; 2)тоталитарлық; 3)демократиялық

47.Саяси сана түсінігі,құрылымы мен функциялары?

Саяси сана - өмірдегі саяси қатынастарды бейнелейтін, оларды түсініп-сезінетін, адамдардың бұл саладағы іс-әрекеттеріне бағыт-бағдар беретін әлеуметтік сезімдер, түсініктер, көзқарастар жиынтығы. Яғни, адамдардың саяси өмірді түсініп, сезінуі. Оған ең алдымен қоғамдағы саяси идеяларды, көзқарастарды, мақсат-мүдделерді ұғынуы, саяси билікке қатынасуы жатады. Олар адамның іс-әрекетіне, әр түрлі жағдайда өзін-өзі ұстауына тікелей әсер етеді.

Саяси құрылым - саяси тұтастықтың құрамдас бөліктері, элементтері арасындағы тұрақты және тәртіптелген байланыстар. Саяси құрылым адамның саяси тұрмысын сипаттай алады. Құрылымдандыру - саясат қағидаты, ал құрылым заңдары - саяси тұтастықтың саяси элементтері арасындағы маңызды қажетті байланыстар. Қоғамның құрамдас бөліқтерінің, әлеуметтерінің арасындағы тұрақты және реттелген байланыстар.Саясатта әртүрлі құрылымдық деңгей заңдары бар: саяси институттарды құрылымдандыруды ұйымдастыру заңы; әртүрлі саяси жүйелерді, мемлекеттік басқару мен жетекшілікті құрылымдандыру заңы; саяси үрдістерді құрылымдандыру заңы. Саяси сананың функциялары - саясаттың институтционалдық емес элементі ретінде келесі функцияларды орындайды: когнитивті, яғни, саяси субъектілер функцияларын орындау мен модификациялау үшін қоғамның әрдайым білімді жетілдіру мұқтаждықтарын көрсету; коммуникативтік, яғни, субъектілердің өзара және билік институттарымен саналы өзара қарым-қатынасын қамтамасыз ету; идеялық, яғни, саяси әлемді өзінше түсінуге субъектілердің қызығушылық танытуын түсіндіруі

77. БАҚ түсінігі, олардың қоғамның саяси жүйесіндегі функциялары

Бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) - арнайы техникалық құралдардың көмегімен, кез келген тұлғаларға әртүрлі мәліметтерді ашық жариялауға арналған әлеуметтік меке- мелер. Сарапшылар олардың мынадай ерекше белгілерін атап көрсетеді: жариялылық, яғни тұтынушылардың шексіздігі; арнайы техникалық құралдардың, аппаратуралардың болуы; ақпарат таратушының (коммутатор) қабылдаушыға біржақты ықпалы; тұтынушы аудиторияның тұрақсыз әркелкілігі. Қоғамның өмір сүруін қамтамасыз етудегі БАҚ-тың рөлі зор. БАҚ-тың атқаратын қызметі:1)әртүрлі, сарапшылардың пікірінше олардың аса маңыздыларына мыналар жатады: ақпараттық, білімдік, әлеуметтендірушілік, мүдделерді тоғыстырушы, саясат субъектілерінің ықпалдасуы, жұмылдыру және т.б.;2) азаматтарға, билік органдарына, қоғамдық институттарға аса маңызды жалпы оқиғалар, құбылыстар, процесстер жайлы мағлұматтарды таратудан тұрады;3) азаматтарға әртүрлі ғылым саласынан - қоғамдық-гуманитарлықтан жаратылыстану ғылымдарына дейінгі танымдық хабарларды дайындап, таратуынан көрінеді;4)адамдардың әлеуметтік ережелерді, құндылықтарды сіңіріп, мінез-қылықтарын қалыптастыруға септігін тигізеді;5)адамдарды нақтылы бір іс-әрекеттерге немесе саналы әрекетсіздікке шақырады;6)БАҚ-ты саналы түрде саяси алдап- арбау мақсатында қолдану азаматтарға және қоғамға аса қауіпті болып табылады.

Билет

18.Саяси жүйе: түсінігі, мәні мен құрылымы?

Саяси жүйе дегеніміз қоғамдағы адамдардың саяси іс-әрекеттерін анықтайтын, бағыттайтын және бақылайтын институттар мен ұйымдар, нормалар мен принциптер жиынтығы.Саяси жүйе төмендегідей құрылымнан тұрады:

Институционалды, мұнда мемлекет, саяси партиялар мен ұйымдар кіреді;

Нормативті құрылым, бұған заңдар, жазылған немесе жазылмаған нормалар мен принциптер жатады;

Мәдени құрылым, саясаттың ішкі эмоционалды жақтарын қарасырады

Коммуникативті құрылым қоғамдағы саяси билік қатынастарын қамтиды;

Функционалды құрылымға әр түрлі саяси рөлдер мен қызметтер жатады

48.Саяси әлеуметтену,мәні мен негізгі кезеңдері

Саяси әлеуметтену деп адамның саяси ілімдерді,ережелерді,құндылықтарды бойына сіңіріп,оларды өзінің рухани ішкі дүниесіне айналдырып,сол арқылы өзінің саяси санасы мен мәдениетін қалыпастыру,саяси іс-әрекетке дайындалу процесін айтады.Саяси әлеуметтену процесі үш негізгі мәселені шешуге бағытталады:1)қоғамның жаңа мүшелеріне саяси мәдениеттің және саяси сананың негізгі элементтерін жеткізу;2)қоғам мүшелеріне қажетті саяси тәжірибе алуға,саяси іс-әрекет етуге және шығармашылық жасауына қолайлы жағдай жасау;3)саяси мәдениеттің элементтерін өзгерту. Саяси әлеуметтену адам өмірінде маңызды орын алады. Оның басты кезеңдері:1)саясаттану,яғни балдырғанның ата-ана билігінен де жоғары саяси билік барын ұғыну;2)жекелену,мұнда бала саяси билікті президент,полицейский тұлғасы арқылы жекелеп сезінуі;3)дәріптеу,яғни саяси қайраткерлерге тек жақсы қасиетерді тану;4)институционалдандыру,саяси билікті жеке тұлғалар арқылы емес,иесіз институттар арқылы қабылдау.

78. Саяси манипуляциялау мақсатында БАҚ-ты пайдалану

Саясатта манипуляция ретінде манипулятордың адамды өзі жасауға ықылас білдірмеген əрекетті жасауына итермелеуі сипатындағы əсер ету түрін түсінеді. Адамға манипуляциялық əсер ету барысында ол сыртқы мəжбүрлеуді сезінбейді, өзі шешім қабылдап, өзінің жүріс-тұрысының нысанын өзі таңдаған сияқты əсерде болады. азаматтар мен демократиялық мемлекет құрылымына бұқаралық ақпарат құралдарын (БАҚ) саяси манипуляция, яғни адамдардың саяси санасы мен жүріс-тұрысына олардың өз мүддесіне сəйкестігіне қарамастан əрекет немесе əрекетсіздік жасауы мақсатында жасырын басқару жасау үшін пайдалану үлкен қауіп төндіреді. Оның үстіне манипуляция тек өтірікке негізделеді. Ал, бұл өтірік құтқаруға бағытталмаған, керісінше пайдакүнемдікке қызмет етеді. Қазіргі саяси кеңістікте нақты жағдай жайлы білу əрқашан БАҚ-пен байланысты, азаматтар болған жайды содан көріп біледі, сондықтан да орын алған жағдай мен берілген ақпаратты айыру қиын. Саяси манипуляцияның тек БАҚ қызметіндегі басым бағыт болып табылатын тоталитарлық жəне авторитарлық мемлекеттерде ғана кең пайдаланылмайтындығын, сонымен қатар, партиялық насихаттау шаралары мен сайлау алды науқандарда қазіргі батыстық демократиялық мемлекеттерде де көп қолданылатындығын айта кету қажет. Бүгінгі күні батыс жəне өзге көптеген мемлекеттердегі президенттік немесе парламенттік сайлау науқандары бір-бірімен астасып, нақты саясаткер жайлы шындықтан алыс түсінік қалыптастыратын жарнама мен саяси манипуляция тəсілдерінсіз өткізілмейді.

Билет

19.Саяси жүйенің типтері мен функциялары?

Саяси жүйе дегеніміз қоғамдағы адамдардың саяси іс-әрекеттерін анықтайтын, бағыттайтын және бақылайтын институттар мен ұйымдар, нормалар мен принциптер жиынтығы.Саяси жүйенің жұмыс жасап, дамуы оның «кірісі» мен «шығысына» байланысты. Кіріске жататындар: талап тілектер, мүдде, мұқтаждықтар, қолдаулар немесе кеілпеушіліктер. Осы кіріске жауап ретінде саяси жүйе жұмыс жасайды. Ол шығыс деп аталады. Оған жататындар: заңдар, шешімдер, бұйрықтар, реформалар және тағы басқалары. Саяси жүйенің басқа қоғамның жүйелерден айырмашылығы, онда күш көрсету құқы бар.

Саяси жүйе төмендегідей қызметтеді атқарады:

1.Белгілі бір әлеуметтік топтың немесе көпшілік халықтың саяси билігін қамтамасыз ету. Ол биліктің тәртіпке келтірілген, ережелерде,қалыптарда бекітілген, яғни институтционалданған түрі. Сондықтан ол конститутцияға негізделген жалпыға міндетті заңдар шығарады. Сол арқылы қоғамда тәртіп орнайды.Егер оны бұзушылар болса, оларға тиісті шара қолданылады.

2.Саяси жүйе қоғамдық қатнастарды реттейді, жекелеген әлеуметтік топтар немесе көпшілік халықтың мақсат-мүддесіне сәйкес адамдардың тіршілік әрекетінің әртүрлі салаларын басқарады. Ол әлеуметтік институттар қызметінің мақсаттарын айқындайды, солардың негізінде оларды орындаудың саяси жобаларын жасайды.

3.Саяси жүйе қоғамда жинақтаушылық қызметті атқарады.Ол ортақ әлеуметтік-саяси мақсаттармен құндылықтардың айналасында барлық әлеуметтік топтар,таптар,жіктердің белгілі бір бірлестігін қамтамасыз етеді.

4.Экономиканың қалыпты жұмыс істеп,прогресті дамуына қажетті саяси жағдай жасау. Мысалы,саяси жүйе өндіріс құралдарына меншік түрлерін құқықтық тұрғыдан бекітеді,қаржы жүйесін реттейді,салық саясатын жүргізеді.

5.Қоғамды,оның мүшелерін ішкі және

49. Саяси шиеленіс түсінігі

Шиеленіс деп әрбір қарсы жақты қолайсыздыққа ұшыратып, істі насырға шаптыратын қарама-қарсы мүдделердің, пікірлердің, көзқарастардың қайшы келуін, елеулі келіспеушілікті, өткір таласты айтады.Шиеленіске адамзат өте ертеден-ақ көңіл аударған. Мысалы, б. з. б. VII—VI ғасырларда қытай фәлсафашылары дүниедегі нәрселердің бәрінің қозғалыс көзі оң (ян) және теріс (инь) бастаулардан тұрады деп есептеді. Осы ғасырдың 50 жылдарында американдық Льюис Козер әлеуметтік шиеленістерге құндылықтар, мәртебе, билік, қаржы-қаражат үшін күресті жатқызды. Американың әлеуметтанушысы Кеннет Баулдинг "шиеленістің жалпы теориясын" жасады. Қазіргі кезде қоғамдағы шиеленістер көптеген ғалымдардың назарын аударуда. Сондықтан осы мәселемен арнайы айналысатын конфликтология деген ғылым пайда болды. Әлеуметтік шиеленістердің бірнеше себептері бар. Ең бірінші, жалпы себебіне адамдардың теңсіздігі жатады. Шиеленістің екінші себебіне кажеттілік, мұктаждыктың, талап-тілектің өтелмеуі немесе канағатгандырғысыз өтелуі жатады.Үшіншіден, адамдар өздерін белгілі бір әлеуметтік, этникалық, діни, т. б. бірлестіктердің мүшесіміз деп санайды.Саяси шиеленістер өзінің даму барысында бірнеше кезеңдерден өтеді. Алғашқы кезеңінде кикілжіңдерге негіз туадьі. Келесі кезенде келіспеушілік, наразылық ашық айтылып, алғашқы қақтығыстар болуы мүмкін.. Одан кейін екі жақтың арасында ашық қарсыластық, қақтығыстар болуы мүмкін.

79. Қазақстандық қоғамның демократиялануы: жетістіктері мен болашағы

Жаһандану және қоғамдық өмірдің демократиялануы жағдайында, Қазақстан Республикасында, таяу және алыс шетелде орын алған тарихи маңызы зор түбегейлі өзгерістер тұсында төзімділік мәселесін, әсіресе мемле кеттің саясатын жүзеге асыруға жауапты буын өкілдерінің – яғни мемлекет тік қызметшілердің төзімділігі мәселесін зерттеу қисынды қажеттілік әрі уақыт талабы болып табылады. Қазақстан Республикасында төзімділік қағидаттарына негізделген демократиялық қоғамның қалыптасып, дамуына әрбір қазақстандық, әрбір мемлекеттік қызметші өз деңгейінде үлес қосуда. Соның нәтижесінде ең күрделі кезеңдерде қазақ халқының кемеңгерлігі мен төзімділігі жаңа мемлекеттің азаматтарының этностық шығу тегіне қарамастан саяси тұрақтылықты сақтап қала білді.

Билет

20.Д.Истон, Г.Алмонд, К.Дойч бойынша саяси жүйелердің модельдері?

Саяси жүйе теориясының пайда болғанына көп уақыт болған жоқ. Оны ХХ ғасырдың 50 жылдарында Американын саясаттанушысы Давид Истон ойлап тапты. Ол саяси жүйенің қызмет ету тетіктерін былай сипаттайды. Саяси жүйе сыртқы ортамен кіріс,шығыс принциптері арқылы байланысады.Кірістің екі түрі бар ол талап және қолдау болып бөлінеді.Талапты халықтың билік органдарына қоғамдағы құндылықтардың,қазынамен қаржының,қоғамдық қордың әділетті, дұрыс немесе әділетсіз,бұрыс бөліну туралы пікір,билік оргондарына үндеуі деуге болады.Мысалы,еңбек ақыны көтеру,жұмыс күнін қысқарту,әлеуметтік салаға қаржыны көбейту білім алу мүмкіндігін арттыру,азаматтардың құқықтарымен еркіндігін қорғау.т.б.Мұндай талаптар көбейіп,оларға билік органдары назар аудармаса,саяси жүйе әлсірейді.

Қолдау қоғам мүшелерінің саяси жүйеге ниеттестігін,адалдығын,саяси институттарға сенетіндігін білдіреді.Ол үстемдік етіп отырған саяси жүйені күшейтеді. Қолдауға мысалы, салықты дер кезінде төлеу, әскерлік міндетті атқару,ұлтжандылық білдіру,сайлауға белсене қатысу,қабылданған шешімдерді,заңдарды уақытында бұлжытпай орындау және т.б. жатады.

Д.Истонның идеяларын одан әрі дамытқан Г.Алмонд болатын.Саяси жүйенің өзіндік мүмкіндіктері де бар.Д.Истон мен Г.Алмонд олардың төрт түрін көрсетеді.

1.Топтар мен жеке адамдардың жүріс-тұрысын басқаруға байланысты реттеу мүмкіндігі

2.Өзінің қызмет етуіне қажетті экономикалық және басқа қорларды табуға байланысты қысымдық мүмкіндігі

3.Қорлады игіліктерді қызметті үздік белгілерді және т.с.с. бөлу және қайта бөлу мүмкіндігі

4.Әлеуметтік ортаның талаптарына әрқашан жауап берерлік,өзгерген жағдайларға бейімдеушілік мүмкіндігі

50. Саяси шиеленіс типологиясы

Әр түрлі мазмұндағы саяси қақтығыстар әлемі біршама дұрысталған көрініс беруі үшін, оның типологиясы, саяси конфликтілердің негізгі типтерін бөліп алу қажет. саяси қақтығыстың бірінші тобы ретінде ғалымдар мемлекеттік билік жүйесінде пайда болатын мемлекеттік-құқықтық қақтығыстарды есептейді. Бұл типке қақтығыстардың мынадай түрлері жатады:1)заң шығарушы мен атқарушы билік арасындағы қақтығыстар;2)мемлекеттік-құқықтық жүйе және оны өзгерткісі келетін саяси оппозиция арасындағы қақтығыстар;3)мемлекет пен басқа саяси институттар арасындағы қақтығыстар;4)мемлекет пен жеке тұлға арасындағы қақтығыстар. Заңдылық қақтығысы азаматтарды саяси реттеу формалары, яғни, басқару нормалары және тағы басқа туралы ұсынылған басқару тәртібінің мақсаттары мен құндылықтарын келісу нәтижесінде туады. Бірегейлік қақтығысы әлеуметтік құрылымдық бөлінулердің этникалық немесе басқа халықтық емес сәйкестік, жалпы халықтық бірігу мен белгілі бір саяси жүйеге қарсы әсер етуден тұрады. Саяси араласу қақтығысы билікке өздерінің қарсылықтарын білдіретін белсенді саяси топтар өміріне жасанды қарсылықтарды енгізетін басқару элитасын құрумен сипатталады. Бөлу қақтығысы басқару элитасының қоғам үшін материалдық жағдайды қамтамасыз ете алмауы және оны әлеуметтік дифференцацияланған көшу мүмкіндігін туғыза алмауын білдіреді.

80. Қазақстандағы президенттік басқарудың ерекшеліктері

Президенттік республикада, Президент парламенттен тәуелсіз сайланады, не сайлаушылар коллегиясымен, не тікелей халықпен сайланады және ол бір мезгілде мемлекеттің және үкіметтің басшысы қызметін атқарады. Ол өзі үкіметті тағайындайды және оның жұмысын өзі басқарады. Бұл мемлекетте Парламент үкіметке сенімсіздік вотумын жариялай алмайды, ал Президент — Парламентті таратпайды. Дегенмен Парламент қабылданатын заңдардың көмегімен Президент пен Үкіметтің жұмыстарын шектеуге мүмкіншілігі бар және бюджетті құрғанда, тағы сондай жағдайларда Президентті жұмысынан аластатуы мүмкін (әсіресе ол конституцияны бұзып, қылмыс жасаса). Президенттің өз жағынан, заң шығарушы органның шешіміне тоқтату ветосын қолдануға құқығы бар (латын тілінен — «тыйым салу»).

Қазақстан Республикасының Президенті (Конституцияның 63-бабы) мына жағдайларда: Парламент Үкіметке сенімсіздік білдіргенде, Парламент Премьер-Министрді тағайындауға екі мәрте келісім бермегенде, Парламенттің Палаталары арасындағы немесе Парламент пен мемлекеттік өкіметтің басқа тармақтары арасындағы еңсерілмейтін келіспеушілік салдарынан саяси дағдарыс болғанда Парламентті тарата алады.

Билет

21.Саяси тәртіп түсінігі мен типтері?

Саяси тәртіп- саяси билікті жүзеге асырудың, қоғамды басқарудың әдіс-тәсілдер жиынтығы. Оған демократиялық құқық пен еркіндіктің жағдайын білдіретін саяси тәртіп жатады. Зерттеушілердің көбі бұл тәртіпті айқындағанда оның көрсеткіш, өлшеуіші ретінде демократиялық даму деңгейін, қоғам мүшелерінің белсендігін айтады. Осыған байланысты қазіргі саяси тәртіптерді демократиялық және антидемократиялық деп екіге бөледі. Демократиялық тәртіпке халықты биліктің қайнар көзі деп санап,оған мемлекеттік істерді шешуге құқық берілген және ол үшін қажетті жағдайлар жасалған биліктің түрі,қоғамның мемлекеттік – саяси құрылысы жатады. Антидемократиялық тәртіп тотолитарлық және авторитарлық болып бөлінеді.Тотолитарлық латынның бүтіндей тұтас жалпы деген сөзінен тәртіп деп қоғам,адам өмірінің барлық салалары тұтасымен мемлекеттік бақылауға алынған мемлекеттік саяси құрылымды айтады. Авторитарлық тәртіп деп күштеуге,жеке адамның билігіне негізделген мемлекеттік саяси құрылысты айтады.

51. Саяси шиеленістерді басқару және шешу логикасы

Саяси салада жанжалдарды тудырмаудың,оны одан әрі өршітпеудің басты амалы – халықтың әл ауқатын көтеру,елдің жоғары әлеуметтік экономикалық дәрежеде дамуын қамтамасыз ету.Саяси жанжалдарды шешудің бірнеше түрі бар:1)дау жанжалға бармау,одан қашқақтау әдісі.М:кейбіреулер бастығымен істесе алмаса,өз еркімен жұмыстан кетеді;2)кейінге қалдыру әдісі.Қарсылықпен ерегіске бармай,бәріне көніп жүре береді.3)Саяси жанжалды мәмілеге келу арқылы бейбіт жолмен шешу.Онда екі жақ бірін-бірі ұғынысып,өзара кешірімділік жасап,ортақ келісімге келуге тырысады.4)Зорлық негізінде бітістіру,келістіру.Мұндай жағдайда бір жақтың күші айтарлықтай басым болғанда,2-ші жақ жеңілгенде не толық жойып жібергенде туады.5)Аралық сот не арбитраждық сараптау әдісі.Мұнда қарсы жақтар дау,талас тудырған мәселені тексеруге өз еріктерімен үшінші жаққа береді.

81. ҚР ұлттық саясатының қазіргі концепциясының мәні

«Қазақстан Республикасы ұлттық саясатының тұжырымдамасы» - бұл елімізді мекендеген барлық азаматтардың, олардың ұлттық, діни өзгешеліктеріне қарамастан, бірлікте, татулықта өмір сүріп, тәуелсіздікті сақтауға және нығайтуға, қоғамды демократияландыруға, әділеттілікті орнатуға үлес қосуын басты мұрат еткен негізгі құжат. «Қазақстан халқы ассамблеясы» әзірлеген, қоғамның басым бөлігі қабылдамаған «Ел бірлігі» доктринасымен қатар талқылауға ұсынылады.Тұжырымдама ұлттық мемлекетті қалыптастыру әрі нығайту, содан соң азаматтық қоғамды құру бағытындағы негізгі ұстанымдар, өзекті мақсаттар мен міндеттердің жиынтығы болып табылады.Бұл құжат Қазақстан Республикасының байырғы қазақ жерінде құрылғандығын, мемлекеттің байырғы тұрғындары және республиканың абсолютті басым бөлігін қазақтар құрайтындығын ескеріп, елде өмір сүретін өзге этникалық топтардың мемлекетқұрушы ұлттың төңірегіне топтасуының саяси, мәдени, рухани, экономикалық, т.б. негіздерін анықтауға бағытталған.Тұжырымдама Қазақстан Республикасы Конституциясына, Қазақстан Республикасы заңдарына, дүниежүзілік құқық талаптарына негізделіп дайындалды.Қазақстанның жаңа геосаяси, геоэкономикалық жағдайда алға ілгерілеуі, жаһандану кезеңінде ұлттық мемлекет ретінде ерекшеліктерін сақтай отырып, төлтумалық болмысын, әлемдік дамуда дара мемлекеттілігін қалыптастыруы, елдегі демократиялық үрдістерді тереңдету бағыттары осы тұжырымдаманы қабылдау қажеттігін күн тәртібіне қойды. Бұл әрі саяси және тарихи қажеттілік.Тұжырымдама мемлекеттік бағдарламаларды, заңдық және басқа да нормативтік құқықтық актілерді дайындау үшін негіз болып табылады.


Дата добавления: 2015-09-01; просмотров: 1097 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Сайлау технологиялары 3 страница| Сайлау технологиялары 5 страница

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.014 сек.)