Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Алматы, 2013 ж.

Читайте также:
  1. АЛМАТЫ, 2012-2013 УЧЕБНЫЙ ГОД

ОТЖ проректоры

Профессор Тулебаев К.А.

_______________________

Ж.

ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ

Пән: Экология және тұрақты даму - ЕUR 1105

Мамандық: 5В074800- «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы»

Оқу сағаттының көлемі (кредиттік) 2 кредит, 90 сағат

Курс 2 Семестр 1,2

Бақылау түрі: емтихан

Алматы, 2013 ж.

Жұмыс бағдарламаны құрастырғандар: жалпы гигена және экология кафедрасыны меңгерушісі, профессор У.И.Кенесариев., жалпы гигиена және экология кафдрасының аға оқытушылар Г.А.Бегимбетова, Н.Е.Алимова.

 

2012 жылғы ҚР МББС медициналық және фармацевттік жоғары оқу орындарының және университеттердегі медицина факультеттерінің кафедраларында оқу-әдістемелік құжаттарды дайындау бойынша №6 нұсқау хат негізінде

 

Жұмыс бағдарлама жалпы гигиена және экология кафедрасының отырысында талқыланды

«_____» ________________ 2013 ж.,хаттама № ______

 

Кафедра меңгерушісі,профессор _______________ У.И.Кенесариев

 

Жұмыс бағдарламасы Қоғамдық денсаулық сақтау бойынша білім беру бағдарламалар Комитетінің отырысында талқыланды

«____» _________________ 2013ж., хаттама № _____

 

Қоғамдық денсаулық сақтау

мамандығының ББК төрайымы, доцент__________ А.Б.Бужикеева

 

 

Жұмыс бағдарламасы Фармация бойынша білім беру бағдарламалар Комитетінің отырысында талқыланды

«____» _________________ 2013ж., хаттама № _____

 

Фармация мамандығының

ББК төрайымы,доцент _____________________ Г.М. Саякова

 

 

Жұмыс бағдарламасы ҚазҰМУ Әдістемелік Кеңеcімен мақұлданды

«_____» _________________ 2013 ж.

 

 

Төраға, профессор _______________________К.А.Тулебаев

 

 

1. Жалпы мағлұмат:

1.1. ЖОО-ның атауы: С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті

1.2. Кафедра: Жалпы гигиена және экология

1.3. Пән, пән коды: Экология және тұрақты даму - ЕUR 1105

1.4. Мамандық: 5В074800- «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы»

1.5. Оқу сағатының (кредиттің*) көлемі – 2 кредит/ 90 сағат

1.6. Курс және оқыту семестрі: 1курс, 1семестр

2. Бағдарлама:

2.1. Адамзат қоғамының табиғатпен қарым – қатынасы қазіргі заманның ең маңызды проблемаларының біріне айналды. Адам жерде пайда болған кезден бастап оның биосфераға тигізетін әсері үнемі үдеп отырды. Бірақ тек индустриалдық қоғам және демографиялық жарылыс жағдайында ғана адам әрекетінің жағымсыз зардаптары ғаламдық сипатқа ие болды.

Қоршаған орта бұған дейін ешқашан байқалмаған қарқынмен ластанып жатыр. Энергетикалық және минералдық ресурстардың сарқылу үрдісі байқала бастады. Антропогендік әрекеттің саналуан түрлері жануарлар мен өсімдіктердің көптеген түрлерінің тікелей немесе жанама түрде жойылуына әкеліп соқты.

Табиғи ортаның химиялық ластануы, радиациялық жағдай, азық – түлік пен ауыз судың сапасының нашарлауы және т.б. халықтың денсаулығының нашарлауына әкеліп соқты. Бірқатар ғаламдық экологиялық проблемалар пайда болды.

Бірақ қазіргі кезде антропогендік өзгерістер планетаның барлық дерлік экожүйелерінен байқалады, атмосфераның газдық құрамы, Жердің энергетикалық балансы өзгерді. Бұл адамның әрекеті табиғатпен қарама – қайшылыққа түсіп, “биосфера - адамзат” жүйесі барған сайын тепе – теңдік күйден ауытқып бара жатыр деген сөз, нәтижесінде әлемнің көптеген аймақтарында табиғаттың динамикалық тепе – теңдігі бұзылды.

Барлығы жинала келіп қазіргі биосфераның жағдайының нашарлауына, адамның денсаулығы мен рухани дуниесінің бұзылуына себепші болады. Мәселені табиғи тепе – теңдікті қалпына келтіру нәтижесінде шешуге болар еді, бірақ бұл өте күрделі, әлемде теңдесі жоқ қиын мәселе, ол 1992 жылы Рио-де-Жанейрода күн тәртібіне қойылып, сонда Тұрақты даму тұжырымдамасына қол қойылып, бекітілді.

Ғаламдық “қоғам – табиғат” жүйесіндегі тұрақты даму - әртүрлі деңгейдегі әлеуметтік–экологиялық жүйелерде динамикалық тепе-теңдікті сақтау болып табылады. Адамзат осыны неғұрлым ертерек түсініп осы жолға түссе, оның Жер бетінде тірі қалу мүмкіншілігіде соғұрлым жоғары болмақ. Бұл жолда шешуші рөлге ие болатын экологиялық білім құрайды.

2.2. Пәннің мақсаты: табиғаттың және қоғамның тұрақты дамуының негізгі заңдылықтары туралы біртұтас түсінік қалыптастыру.

2.3. Міндеттері:

· тірі ағзалардың, әртүрлі деңгейде ұйымдастырылған экожүйелердің, бүкіл биосфераның қызмет атқаруының негізгі заңдылықтарын және олардың тұрақтылығын туралы білім қалыптастыру;

· биосфера компоненттерінің өзара әсерлесу заңдылықтары және адамның шаруашылық әрекеттерінің, әсіресе табиғатты қарқынды пайдалану кезіндегі салдарлары туралы білімдерді қалыптастыру;

· әртүрлі мемлекеттердегі және Қазақстан Республикасындағы тұрақты дамудың тұжырымдамалары, стратегиясы, тәжірибелік міндеттері туралы замануи түсінікті қалыптастыру;

· студенттердің экологияның, қоршаған ортаны қорғаудың және тұрақты дамудың күрделі және шиеленіскен мәселелерін талқылауды ауқымды кешенді,обьективті және шығармашылық көзкарасын қалыптастыру

2.4.Оқытудың соңғы нәтижесі:

Студенттердің біліміндерін қалыптастыру:

· Тірі ағзалардың тіршілік ортасымен өзара әсерін анықтайтын негізгі заңдылықтар туралы, ағзалардың тарауы мен санының өсуі, қауымдастықтар құрылымы мен оның негізі;

· Тірі жүйелер арқылы энергия ағымының заңдылығы туралы, заттардың айналымы, экологиялық жүйелер мен жалпы биосфера туралы;

· Табиғатты қорғау мен табиғатты пайдаланудың негізгі қағидалары, антропогендік қызметтің әлеуметтік- экологиялық нәтижелері туралы;

· Тұжырымдама, стратегия, тұрақты даму мәселелері мен оларды шешудегі ғаламдық, аймақтық және жергілікті деңгейде тәжірибелік мәселелер туралы;

Студенттердің дағдыларын қалыптастыру:

· табиғи және антропогендік экологиялық үрдістерді және оларды реттеудің мүмкін болатын жолдарын анықтау және талдау;

· қожалық етудің дәстүрлі түрлерін жоспарлы өзгертуге арналған адамзаттың тұрақты даму стратегиясы мен заманауи концепциясын және биосфераның тұрақтылығын сақтау мақсатында адамдардың өмір сүру салтын түсіну;

· тұрақты дамуды сақтау үшін тірі ағзалар мен қоршаған ортаның практикалықтық қызметте өзара әрекеттесу заңдылығы туралы алған білімді пайдалану.

· экологиялық үрдістерді талдау машықтары, нақты мақсаттарды қою және табиғаттың және қоғамның тұрақты даму басымдылығы, экологиялық мақсатты шешу үшін алған білімді қолдану;

Студенттердің комуникативті құзыреттілігін қалыптастыру:

· Тұлға аралық қарым-қатынасты орнатуды қалыптастыру;

· Кәсіби іскерлік қарым-қатынасты дұрыс қалыптастыру;

· Жағымды қарым-қатынас орнату дағдыларын қалыптастыру;

· Стресс жағдайында студенттерді эмоциональды қолдау.

Студенттердің құқықтық құзыреттілігін қалыптастыру:

· экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің мақсаты, негізгі міндеттері мен қағидалары туралы білім қалыптастыру;

· қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңдар, құқықтары мен міндеттер бойынша білім қалыптастыру;

· Қазақстан Республикасының Президентінің жарлығымен 2007-2024 жылдарға арналған тұрақты дамуға көшу тұжырымдамасы

Өз бетімен білум алу:

· Әдебиетпен жұмыс жасауда студенттің аналитикалық қабілетін жетілдіру және қалыптастыру.

2.5. Реквизитке дейінгі: Биология, Қазақстан тарихы, саясаттану,философия, әлеуметтану, биофизика, құқық негіздері.

2.6. Реквизиттен кейінгі: Биохимия, микробиология, жалпы гигиена, қалыпты физиология,

патологиялық физиология, тіршілік қауіпсіздік негіздері.

Сабақтың тақырыптық жоспары: тақырыптар, өткізу түрі және әр сабақтың ұзақтығы (дәрістердің, тәжірибелік, оқытушының жетекшілігімен студенттің өз бетінше атқаратын жұмысының*, студенттің өз бетінше атқаратын жұмыс тапсырмасының*).

 

 

 


Дата добавления: 2015-09-01; просмотров: 92 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
им самим написанное, и другие его сочинения 25 страница| Тәжірибелік сабақтардың тақырыптық жоспары

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.016 сек.)