Читайте также:
|
|
3. Реферат, эссе, баяндама тақырыптары:
- Отандық нарықтар фиаскосы және оның себептері;
- Отандық экономикадағы мемлекеттің рөліне баға беру;
- Қазақстандағы демократия және қоғамдық таңдау;
- Бюрократия экономикасы және мемлекеттің сәтсіздіктері. Отандық коррупция;
- Саясат және саяси бәсекелестік.
4. Өзіндік жазба жұмыстар бойынша конспект жазу:
- Бюрократия экономикасы және коррупция (жемқорлық);
- Ф. Хайектің Конституция моделі;
5. Тақырып бойынша тест тапсырмаларының сұрақтарына жауап беру:
1. Қоғамдық игіліктер өндірісі:
А) жағымды сыртқы әсерлерді қалыптастырады В) жағымсыз сыртқы әсерлерді қалыптастырады С) сыртқы әсерлерді қалыптастырмайды
D) жағымды да, жағымсыз да сыртқы әсерлерді туындатады
Е) мұндай игіліктердің сыртқы әсерлерге мүлдем қатысы болмайды
2. Келесі көрсетілгендердің қайсысы қоғамдық игілік бола алмайды?
А) қоғамдық көлік В) орта білім жүйесі С) ел қорғанысы D) қала көшелері мен алаңдарын көгалдандыру Е) таза ауа
3. Таза қоғамдық игіліктің мысалы ретінде мыналардың қайсысын атауға болады:
А) қоғамдық көлік В) ұлттық қорғаныс С) қалалық жағажай D) білім беру жүйесі
Е) туристік орталықтар
4. «Билетсіздер» немесе «қояндар» мәселесі дегеніміз не?
А) тұтынушылардың артық шығын жұмсай отырып таза қоғамдық игіліктерден пайдалылық көруі туралы мәселелер
В) тұтынушылардың ешқандай артық шығын жұмсамай таза қоғамдық игіліктерден пайдалылық көруі туралы мәселелер
С) тұтынушылардың төмен мөлшерде шығын жұмсап таза қоғамдық игіліктерден пайдалылық көруі туралы мәселелер
D) өндірушілердің шығын жұмсай отырып таза қоғамдық игіліктерден пайдалылық көруі туралы мәселелер
Е) бір адамның шығын жұмсай отырып таза қоғамдық игіліктерден пайдалылық көруі
5. Таза қоғамдық игіліктерді өндіру кезінде қандай сыртқы әсерлер туындайды?
А) жағымды және жағымсыз В) шекті сыртқы әсерлер С) жағымды D) жағымсыз
Е) әлеуметтік шекті әсерлер туындайды
6. Мыналардың қайсысы қоғамдық игілік болып табылмайды?
А) электроэнергия В) маяктар С) полиция D) қорғаныс Е) су шаюынан қорғау
7. Саяси шешімдердің белгілі топтар үшін тиімді түрде қабылдануын талап ететін сол топтардың саяси билік өкілдеріне әсер ету тәсілдерін не деп атаймыз:
А) лоббизм В) логроллинг С) тікелей демократия D) бюрократия Е) саяси рентаны іздеу әдістері
8. «Билетсіздер» - бұлар:
А) аз шығын жұмсай отырып немесе мүлдем жұмсамай қоғамдық игіліктің құндылығын төмендетеді
В) қоғамдық игіліктерді басқаларынан гөрі көбірек тұтынуға тырысады
С) басқаларды сол игілікті көбірек тұтынуға итермелейді немесе себепкер болады
D) басқаларды сол игіліктәі тұтынбауға көндіреді
Е) салық төлеуден қашпайды
9. Сыртқы әсерлер мәселесі қандай экономикалық жүйеге тән:
А) нарықтық экономикаға В) әкімшіл-әміршіл жүйеге С) аралас экономикаға
D) кез-келген экономикаға Е) өтпелі экономикаға тән
10. Таза қоғамдық игіліктерді өндірудің тиімді көлемін қалай анықтауға болады? Яғни:
А) оны тұтынуда ешкім шектелмеген болса
В) сол игіліктер ең аз шығынмен өндірілсе
С) сол игілікті өндірудің жеке шекті шығындары оны тұтынудың қоғамдық шекті пайдалылықтарына тең болса
D) сол игілікті өндірудің қоғамдық шекті шығындары оны тұтынудың қоғамдық шекті табыстарына тең болса
Е) қоғамдық шекті пайдалылықтың көлемі қоғамдық шекті шығындардың көлемінен көп болса
11. Мына себептердің қайсысын мемлекеттің сәтсіздігіне (фиаскосына) жатқызуға
болмайды? А) мемлекеттік бюрократия В) уақыттың сәйкессіздігі С) ақпараттардың асимметриялылығы D) ақпарат алудағы теңсіздік Е) күтпеген жағдайлардың орын алуы
12. Дауыс берумен саудаласуды немесе бір индивидтің (топтың, партияның) өз мүддесіне
байланысты белгілі бір мәселе бойынша басқа бір индивидті (топты, партияны) қолдаймын деп уәде беруін не деп атаймыз?
А) лоббизм В) логроллинг С) тікелей демократия D) бюрократия Е) саяси рентаны іздеу
Ағымдық, аралық және қорытынды бақылауға арналған материалдар және олардың орындалуы бойынша әдістемелік нұсқау
Бақылау жүйесi. Дәрiс, практика, лабороториялық және СОӨЖ сабақтары барысында ағымдық бақылау жүргiзiледi, ал студенттің өзіндiк жұмысы (СӨЖ) бойынша екі аралық бақылау (7-ші және 14-ші апта) жоспарланады. Қорытынды бақылау емтихан (тест) түрiнде өтедi.
Ағымдық бақылау (АБ): «дөңгелек үстел», ауызша сұрау, сұрақ-жауап, пiкiр-талас, жаттығулар, мысалдар, есептер және мәселелiк жағдайларды қарастыру және талдау, тестiлеу, конспектілеу, слайд арқылы презентация жасау тәрiздi әдiстердi қолдану арқылы iске асырылады.
Аралық бақылау (АРБ): коллоквиум, кешендi тестiлеу, жазбаша бақылау, глоссарий, логикалық схемалар құрастыру, іскерлік ойындар, жоба жасау, эссе, реферат дайындау және қорғау сияқты әдістер қолданылады.
Бағалау өлшемдері. Ағымдық бақылаудың өлшемдері: «дөңгелек үстелге» қатысу, ауызша сұрау, пiкiр таласына қатысу, есеп және проблемалық экономикалық жағдайларды шешу, тестiлеу, жазбаша жұмыс, сабаққа қатысу, сабақтағы белсенділік және басқадай жұмыстардың барлығына - 30 балл беріледі. Яғни 1-ші рейтингтік бақылауға (7-ші апта) 14 балл және 2-ші рейтингтік бақылауға (14-ші апта) 16 балл берілуі тиіс.
Аралық бақылаудың өлшемдері: коллоквиум (маңызды тақырыптар немесе арнайы курс бойынша өткiзiледi), кешендi тестiлеу немесе жазбаша бақылау жұмысы, іскерлік ойын, жоба жасау, реферат, эссе, баяндама жазу және оны қорғау сияқты жұмыстардан қамтылады және барлығы 30 балл беріледі. Яғни 1-ші рейтингтік бақылауға (7-ші апта) 14 балл және 2-ші рейтингтік бақылауға (14-ші апта) 16 балл берілуі тиіс.
Уақытында берiлген тапсырмаларды орындамаған студенттерге және әр жіберілген 6 сағат үшін -5 баллға дейiн айып салынады. Ал белсенділік көрсеткен студенттерге +5 балл қосылады. Үй тапсырмасы мен аралық бақылауды тапсыру уақытының кестесі белгіленеді.
Ағымдық және аралық бақылаудың нәтижелері қосылады, бұл алынған балл қорытынды бағалауда есептеледі. Ағымдық және аралық баллды 50 пайыздан төмен жинаған студенттер қорытынды бақылауға (емтиханға) жiберiлмейдi. Қорытынды бақылау компьютерлік кешендi тестiлеу арқылы жүргiзiледi. Ал оның нәтижесі 40 пайызға (балға) дейін бағаланады. Сонымен қатар, бұл балл қорытынды рейтингке қосылады. Мысалы, АРБ мен АБ 60 пайыз болса, оған ҚБ 40 пайыз қосылады, яғни ақтық қорытынды рейтинг 100 пайызға тең болады, әріп бойынша баға «А» болады, ал БЖББ бойынша «өте жақсы». Ал егер, АРБ мен АБ 30 пайыз, ҚБ 20 пайыз болса, онда қорытынды рейтинг 50 пайыз болады, яғни әріп бойынша «D» болып бағаланады, ал БЖББ бойынша «қанағаттанарлық» бағасы қойылады.
Студенттердің білімі кешенді матрицалық тестілеу бойынша емтихан арқылы былай анықталады: Әріп бойынша:
* «А» 4,0 балл, пайыздық арақатынас – 95-100 %;
* «А-» -3,67 балл, - 90-94 %. Байырғы жүйе бойынша баға (БЖББ) – «өте жақсы» - 90-100 %;
* «В+» - 3,33 балл, 85-89 %; - «жақсы» - 75-89 %;
* «В» - 3,0 балл, 80-84 %; - «жақсы»
* «В-» - 2,67, 75-79 %: - «жақсы»
* «С+» - 2,33 балл, 70-74 %; - «қанағат» - 50-74 %;
* «С» - 2,33 балл, 65-69 %; - – «қанағат»
* «С-«- 1,67 балл, 60-64%; - – «қанағат»
* «D+» - 1,33 балл, 55-59 %; - – «қанағат»
* «D» - 1,0 балл, 50-54 %; - «қанағат»
* «F» - 0 балл, 0-49 %; - «қанағатсыз». /Ғабит Ж.Х. Экономикалық теория: ОӘК., 9-10 б./
Дата добавления: 2015-09-05; просмотров: 119 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Тақырып бойынша логикалық схемалар құрастыру. | | | Проведення змагань на короткій командній дистанції |