Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Пән бойыншаглоссарийжәне пәннің ұғымдық аппаратымен жұмыс бойынша жалпы әдістемелік нұсқаулар

Мамандықтар: 5В050506 Экономика, 5В050507 Менеджмент, 5В050508 Есеп және аудит, 5В050509 Қаржы | Оқу пәнiнiң сипаттамасы. | Тақырыптың қысқаша мазмұны. | Орытынды | Дәріске арналған әдістемелік нұсқаулар. | Тақырып. Талдамалы дәріс | Тақырыптың қысқаша мазмұны. | Орытынды | Тақырыптың қысқаша мазмұны. | Орытынды |


Читайте также:
  1. A) Алименттерді өндіріп алу туралы талаптар бойынша талап қоюшылар
  2. Access туралы жалпы түсінік
  3. Android ОЖ және Android қосымшалардың жұмыс істеу приципі
  4. AзAвтоКөлiк» AО филиaлының қaржы-есеп жұмысын ұйымдaстыру
  5. B) 7 күн, ал күрделі істер бойынша соттың ұйғарымы бойынша бір айға дейін ұзартылуы мүмкін
  6. B) жауапкердің тұрғылықты жері бойынша сотқа
  7. B) Сол мәселе туралы дау бойынша екінші рет сотқа жүгінуге жол берілмейді

 

1. Микроэкономика – адамдардың арасындағы экономикалық қарым – қатынастарды зерттейтін және олардың әрекет ету заңдылықтарын қарастыратын экономикалық теорияның құрамдас бір бөлігі.

2. Микроэкономика – жекелеген экономикалық субъектілердің (әдетте, үй шаруашылықтары мен фирмалардың) нарықтағы тәртіптері мен мінез-құлықтарын зерттейтін ғылым.

3. Микроэкономика – шешімдер қабылдау ғылымы.

4. Микроэкономиканың зерттейтін негізгі проблемалары:

белгілі бір игіліктердің бағасы, олардың көлемі және тұтынылуы;

жекелеген нарықтардың жағдайы;

альтернативтік (балама) мақсаттарға байланысты ресурстарды тиімді бөлу.

5. Микроэкономиканың зерттеу пәні – шектелген экономикалық ресурстарды тиімді пайдаланумен байланысты экономикалық қатынастар, экономикалық таңдау жағдайында жекелеген экономикалық субъектілердің экономикалық игіліктер туралы шешімдер қабылдауы.

6. Микроэкономиканың зерттеу объектісі – бұл адамдардың экономикалық іс-әрекеттері және олардың жүзеге асырылуында туындайтын жалпы экономикалық проблемалары.

7. Микроэкономиканың зерттеу субъектілері – жекелеген индивидтер, үй шаруашылықтары, фирмалар, өндірістік ресурстардың иелері, елдің ішіндегі және сыртындағы басқа фирмалармен байланысқан ірі корпорациялар, сондай-ақ, экономиканың тұтас саласы.

8. Позитивті микроэкономика – не бар немесе не болу керек деген сұрақтарға жауап бере отырып дәл осы уақытта қалыптасып отырған нақты құбылыстар мен жағдайлардың фактілері мен байланыстарын зерттейді немесе оны басқаша айтсақ, ол нақты жағдайлармен ғана жұмыс істей отырып, іс-әрекеттің ғылыми көзқарастарын зерттеуге ұмтылады.

9. Нормативті микроэкономика – экономика қандай болуы керек деген сұрақтың субъективті көзқарасын көрсете отырып, экономикадағы кейбір аспектілердің қолайлы және қолайсыздығын қарастырады.

10. Экономикалық модель – экономикалық құбылыстарды немесе оның белгілі бір үзіндісін қарапайым түрде көрсету.

11. «Көрінбейтін қол» - сатушылар мен сатып алушылардың өзара әрекеттерін тиімділікке жетелейтін автоматты өзін өзі реттеу механизмі, өндірушілердің пайдасын арттыруға және тұтынушылардың пайдалылығын максималдауға итермелейтін күш және мәжбүрлейтін бәсекелік күрес.

12. Нарық (рынок) – 1) тауарлар мен қызметтерді сату және сатып алумен байланысты барлық экономикалық қатынастар жиынтығы; 2) өзара айналым сферасын сипаттайтын тауар – ақша қатынастары; 3) сатушылар мен сатып алушылардың мүдделерін келістіріп отыратын сиқырлы құрал немесе тетік; 4) тауарлар мен қызметтер арқылы кез келген салада әрекетке түсетін экономикалық агенттердің кез келген жағдайда өзара үйлесім табуы;

5) сұраныс, ұсыныс және баға арқылы өзін өзі реттейтін механизм.

13. Сұраныс – тұтынушылардың белгілі бір уақытта, белгілі бір бағамен тауарлар мен қызметтердің белгілі бір көлемін сатып алуға деген дайындығын сипаттайтын төлем қабілеттілігі бар қажеттіліктері мен талаптары.

14. Сұраныс көлемі – тауарларды сатып алу көлемі – бұл тұтынушылардың ағымдағы бағамен берілген уақыт бірлігінде сатып алғысы келетін сол игіліктердің максималды саны.

15. Сұраныс бағасы – тұтынушылардың белгілі бір игіліктің санын сатып алу үшін төлеуге дайын және төлей алатын максималды бағасы.

16. Сұраныс заңы – тауардың бағасы мен сатып алу көлемі арасындағы кері тәуелділікті сипаттайтын нарықтық ұстаным: тауардың бағасы неғұрлым жоғарылаған сайын, тауарға сұраныс соғұрлым төмендей береді, ал тауардың бағасы неғұрлым төмендеген сайын, тауарға сұраныс соғұрлым жоғарылай береді.

17. Сұраныс қисығы – сұраныс заңының графикалық көрінісі мен бейнеленуі, сатып алушылардың берілген уақыт мезетінде әртүрлі бағамен тауардың қандай көлемін сатып алуға болатындығын көрсететін қисық сызық.

18. Сұраныс функциясы – сұранысқа әсер ететін әртүрлі факторлардың өзгеруінен сол сұраныс көлемінің өзгеру сипатын бейнелейтін тәуелділік.

19. Сұраныс детерминанттары – сұранысқа және сұраныс көлеміне әсер ететін барлық факторлар.

20. Жеке сұраныс – бір сатып алушының сұранысы.

21. Нарықтық сұраныс – жеке сұраныстардың қосындысы және жиынтығы.

22. Ұсыныс – сатушылардың нарықта белгілі бір тауар көлемін немесе қызмет түрін берілген уақыт мезетінде белгілі бір бағамен сатуға деген даярлығы немесе сата алу қабілеті.

23. Ұсыныс көлемі – нарықтағы барлық сатушылардың берілген уақыт мезетінде сатқысы келетін немесе сатуға дайын игіліктерінің жалпы саны.

24. Ұсыныс бағасы – сатушының нарық жағдайында берілген игіліктің көлемін сатуға дайын минималды бағасы.

25. Ұсыныс заңы – тауардың бағасы мен тауарды сату көлемі арасындағы тура тәуелділікті сипаттайтын нарықтық ұстаным: баға жоғары болғанда (басқа факторлар тұрақты болғанда) сатушылар өз тауарын көбірек көлемде сатқысы немесе ұсынғысы келеді.

26. Ұсыныс қисығы – ұсыныс заңын сипаттайтын графикалық көрініс, сатушылардың берілген уақыт мезетінде әртүрлі бағамен тауардың қандай көлемін сатқысы келетінін көрсететін қисық сызық.

27. Ұсыныс детерминанттары – нарық жағдайында ұсынысқа немесе сатушылардың сату қабілетіне әсер ететін бағалық және бағалық емес факторлар.

28. Ұсыныс функциясы – ұсынысқа әсер ететін әртүрлі факторлардың өзгеруінен сол ұсыныс көлемінің өзгеру сипатын бейнелейтін тәуелділік.

29. «Маршалл кресі» - сұраныс қисығы мен ұсыныс қисығының қиылысуы.

30. Нарықтық тепе – теңдік – берілген баға бойынша игіліктерге деген сұраныс көлемі оның сол игіліктің ұсыныс көлеміне тең болған кезіндегі орын алатын нарықтың қалыптасқан жағдайы.

31. Тепе–теңдік баға – сатып алушылар мен сатушылардың өзара әрекеттері нәтижесіндегі сұраныс бағасы мен ұсыныс бағасын теңестіретін ортақ баға.

32. Тепе–теңдік көлем – сатып алушылар мен сатушылардың өзара әрекеттері нәтижесінде сұраныс көлемі мен ұсыныс көлемін теңестіретін ортақ сату және сатып алу көлемі.

33. Тұтынушының ұтымы (артықшылығы) – нарықтық айырбас үрдісінде тұтынушының игілікті сатып алуға төлеген нақты тепе-теңдік бағасы мен оның сол игілікті сатып алуға дайын максималды сұраныс бағасы арасындағы айырмашылықтан алатын қосымша пайдалылығы.

34. Өндірушінің ұтымы (артықшылығы) – нарықтық айырбас үдісінде өндірушінің игілікті сатуға дайын минималды ұсыныс бағасы мен сол игілікті нақты сатудың тепе-теңдік бағасы арасындағы айырмашылықтан көретін қосымша пайдасы.

35. Вальрас бойынша тепе–теңдік – нарықтық тепе-теңдіктің қалыптасу шарты сұраныс көлемі мен ұсыныс көлемі теңдігінің (QD = QS) орындалуы арқылы туындайтынын сипаттайтын неоклассикалық тұжырым және ол тепе-теңдіктің анықтаушы рөліне сұраныс пен ұсыныстың сандық сипаттамалары қойылады. Нарықтық тепе-теңдіктің қалыптасуы сұраныс пен ұсыныс көлемдері тарапынан орын алған артықшылықтарды басу немесе жою салдары ретінде түсіндіріледі.

36. Маршалл бойынша тепе–теңдік – нарықтың тепе-теңдіктің қалыптасу шарты сұраныс бағасы мен ұсыныс бағасының теңдігі (РD = РS) тарапынан орындалатынын сипаттайтын неоклассикалық тұжырым және ол тепе-теңдіктің анықтаушы рөліне сұраныс пен ұсыныстың бағалық сипаттамалары қойылады. Мұндай нарықтық тепе-теңдіктің қалыптасуы сұраныс бағасының ұсыныс бағасынан артып кетуін жою немесе ұсыныс бағасының сұраныс бағасынан артып кетуін жою арқылы қарастырылады.

37. Нарықтың тепе-теңдіктің бір болуы (бірдейлігі) немесе дербестілігі – белгілі бір уақыт мезетінде кез келген қалыпты тауар үшін «баға - көлем» үйлесімінде жалғыз ғана тепе-теңдіктің орнауын қамтамасыз ететін нарықтың қабілеттілігі.

38. Нарықтық тепе-теңдіктің көптілік (бірнешелік) жағдайы – бір нарықта бірнеше тепе-теңдіктің орын алу жағдайлары, егер сұраныс немесе ұсыныс белгілі бір аралықта (учаскеде) көлбеулігін өзгертсе, онда тепе-теңдік нүктелерінің көптігі немесе сұраныс пен ұсыныстың қиылысуында нарықтық тепе-теңдіктің бірнеше нүктелері орын алуы мүмкін.

39. Нарықтық тепе-теңдіктің тұрақтылығы – нарықтың өзінің ішкі күштері арқылы тепе-теңдік жағдайды қалпына келтіріп отыратын сол нарықтың қабілеттілігі.

40. «Өрмекші торы тәріздес» модель – бұл уақыт факторын есепке ала отырып нарықтық тепе-теңдіктің қалыптасу заңдылықтарын талдауға мүмкіндік беретін қарапайым динамикалық модель, ол бір уақыт мезетінен екінші бір уақыт мезетіне өту кезіндегі сұраныс пен ұсыныстың өзара байланысын көрсетеді. Ұсыныс бұл жерде сұраныс бағасының өзгеруіне белгілі бір уақыт өткеннен кейін ғана кешігіп барып әсер етеді, соңында тепе-теңдіктің қалыптасуында бағалық немесе циклдік толқулар орын алады.

41. Икемділік – бір айнымалы өлшемнің өзгеруіне байланысты екінші бір айнымалы өлшемнің өзгеріске ұшырау реакциясының дәрежесі.

42. Икемділік коэффициенті – бір айнымалының 1 пайызға өзгеруі нәтижесінде екінші бір айнымалының соған байланысты қанша пайызға өзгеретінін көрсететін сандық көрсеткіш.

43. Cұраныстың баға бойынша икемділігі – тауар бағасының бір пайызға өзгергендегі сұраныс көлемінің салыстырмалы өзгеру реакциясының сезімталдылығын сипаттайтын көрсеткіштік коэффициент.

44. Икемді сұраныс – бағаның өзгеруіне қарағанда сұраныс көлемінің көбірек өзгеруін көрсететін жағдай, бұл жерде икемділіктің мәні 1-ден жоғары болады, ЕPD>1 (бұл сұраныс көлемінің бағаға қарағанда тез өсетіндігін немесе кемитіндігін білдіреді).

45. Икемсіз сұраныс – бағаның өзгеруіне қарағанда сұраныс көлемінің азырақ өзгеруін көрсететін жағдай, бұл жерде икемділіктің мәні 1-ден төмен болады, ЕPD<1 (бұл сұраныс көлемінің бағаға қарағанда баяу өсетіндігін немесе кемитіндігін білдіреді).

46. Бірлік икемді сұраныс – бағаның және сұраныс көлемінің бір пропорцияда өзгеруін көрсететін жағдай, бұл жерде икемділіктің мәні 1-ге тең болады, ЕPD =1 (бұл бағаның қанша пайызға өзгерсе, сұраныс көлемінің де сонша пайызға өзгеретіндігін білдіреді).

47. Абсолютті (өте) икемді сұраныс – бағаның өте аз өзгеруіне немесе мүлдем өзгермеуіне орай сұраныс көлемінің шексіз өзгеруін көрсететін жағдай, мұнда икемділіктің мәні шексіздікке ұмтылады, EPD = ¥.

48. Абсолютті (өте) икемсіз сұраныс – бағаның өзгеруі сұраныс көлемін мүлдем өзгерпейтінін немесе салыстырмалы өте аз өзгертетінін көрсететін жағдай, мұнда икемділіктің мәні нөлге тең болады, EPD = 0.

49. Сұраныстың қиылысқан (тоғыспалы) икемділігі – бір тауардың бағасының (Х) пайыздық өзгеруіне байланысты сол тауарды алмастыратын немесе толықтыратын екінші бір тауарға (Y) деген сұраныс көлемінің пайыздық өзгеру дәрежесін көрсететін коэффициент.

50. Сұраныстың табыс бойынша икемділігі – тұтынушы табысының пайыздық өзгеруіне байланысты тауарға деген сұраныс көлемінің пайыздық өзгеруін сипатайтын сұраныстың сезімталдық дәрежесінің көрсеткіштік коэффициенті.

51. Ұсыныстың баға бойынша икемділігі – тауар бағасының бір пайызға өзгеруіне байланысты ұсыныс көлемінің салыстырмалы түрде қанша пайызға өзгеретінін және соған орай сезімталдық реакциясын көрсететін сандық коэффициент.

52. Ағымдық кезең (өте қысқа мерзім) – өндірушінің бағаның өзгеруіне әлі бейімделе алмайтынын көрсететін уақыт аралығы, мұндай кезеңде ұсыныс өте икемсіз болып табылады, сондықтан сұраныстың өсуі (кемуі) бағаны жоғарылатады (кемітеді), бірақ ұсыныс көлемі әлі өзгермейді.

53. қысқа мерзімді кезең – өндірушінің бағаның өзгеруіне белгілі бір дәрежеде, бірақ толық емес дәрежеде бейімделе алатынын көрсететін уақыт аралығы, мұндай кезеңде ұсыныс бағаға икемді бола бастайды, сұраныстың өзгеруіне байланысты баға өзгереді, сол секілді ұсыныс көлемі де өзгере бастайды, өйткені фирмалар сұранысқа байланысты өндірістің бірқатар факторларын өзгертіп үлгереді.

54. Ұзақ мерзімді кезең – өндірушінің бағаның өзгеруіне толығымен және жеткілікті түрде бейімделе алатынын көрсететін уақыт аралығы, мұндай кезеңде ұсыныс бағаға өте икемді болып табылады, сұраныстың өсуіне байланысты ұсыныс көлемі маңызды түрде артады, бірақ енді бағалар өзгермей тұрақты күйінде қалады.

55. Икемді ұсыныс – бағаның өзгеруіне қарағанда ұсыныс көлемінің көбірек өзгеруін көрсететін жағдай (бұл ұсыныс көлемінің бағаға қарағанда тез өсетіндігін немесе кемитіндігін білдіреді), бұл икемділіктің коэффициенті бірден жоғары (ESP>1), ал ұсыныс қисығы аса жатыңқы болып келеді.

56. Икемсіз ұсыныс – бағаның өзгеруіне қарағанда ұсыныс көлемінің азырақ өзгеруін көрсететін жағдай (бұл ұсыныс көлемінің бағаға қарағанда баяу өсетіндігін немесе кемитіндігін білдіреді), бұл икемділіктің коэффициенті бірден төмен (ESP<1), ал ұсыныс қисығы аса тіктеу болып келеді.

57. Бірлік икемді ұсыныс – бағаның да, ұсыныс көлемінің де бір пропорцияда немесе бірдей пайызға өзгеретінін көрсететін жағдай (бұл бағаның қанша пайызға өзгерсе, ұсыныс көлемінің де сонша пайызға өзгеретіндігін білдіреді), бұл икемділіктің коэффициенті 1- ге тең (ESP=1), ал ұсыныс қисығы кәдімгі оң көлбеулі болып келеді.

58. Абсолютті (өте) икемді ұсыныс – бағаның өте аз немесе мүлдем өзгермеуіне байланысты ұсыныс көлемінің шексіз өзгеруін көрсететін жағдай, мұнда икемділіктің мәні шексіздікке ұмтылады, EPS = ¥, ал ұсыныс қисығы көлденең сызық болып келеді.

59. Абсолютті (өте) икемсіз ұсыныс – бағаның өзгеруі ұсыныс көлемін мүлдем өзгерпейтінін немесе салыстырмалы өте аз өзгертетінін көрсететін жағдай, мұнда икемділіктің мәні нөлге тең болады, EPS = 0, ал ұсыныс қисығы тік сызық болып келеді.

60. Тұтынушы – соңғы игіліктер мен қызметтерді тұтынатын кез-келген экономикалық агент (индивид, жеке фирма, мемлекеттік кәсіпорын). Әдетте экономистер өздігінен шешім қабылдайтын тұтынушыны жеке индивид немесе ұйым ретінде емес отбасы (үй шаруашылығы) ретінде қарастырады.

61. Тұтынушының талғамы – жекелеген тұтынушылардың белгілі бір игіліктің жиынын таңдауына әсер ететін негізгі факторларының бірі.

62. Тұтынушы таңдауындағы игілік – тұтынушыға белгілі бір қанағаттанушылық дәрежесін әкелетін тұтынудың кез келген объектісі. Әдетте, ереже бойынша игіліктер белгілі бір жиынтықпен тұтынылады.

63. Игіліктер жиынтығы – белгілі бір уақыт мезетінде белгілі бір мөлшерде тұтынылатын нақты игіліктер түрінің жиынтығы.

64. Экономикалық игіліктің жалпы пайдалылығы – тұтынылатын игіліктің барлық көлемінің жиынтық пайдалылығы.

65. Шекті пайдалылық – тұтынылатын игіліктің әрбір қосымша бірлігінің пайдалылығы.

66. Шекті пайдалылықтың төмендеу заңы – тұтынылатын игіліктің санының өсуіне байланысты шекті пайдалылықтың төмендеу тенденциясы.

67. Игіліктің пайдалылығы – экономикалық игіліктің адамдардың бір немесе бірнеше қажеттіліктерін қанағаттандыра алу мүмкіндігі.

68. Госсеннің бірінші заңы – игіліктің тұтыну мөлшерінің саны өскен сайын оның әрбір қосымша пайдалылығының төмендей беруі. Австриялық экономистер жұмыстарының нәтижесінде Госсеннің бірінші заңы шекті пайдалылықтың төмендеу заңы деген атқа ие болды.

69. Госсеннің екінші заңы – барлық тұтынылатын игіліктердің шекті пайдалылықтары тең болған жағдайда тұтынушы берілген жиынтық игілікті тұтынудан максимум пайдалылықты алады.

70. Пайдалылық функциясы – игіліктің көлемінің өсуіне байланысты оның шекті пайдалылығының төмендеуін көрсететін функция, тұтынушының белгілі бір игілікті тұтынуға жұмсаған ақшалай табысының әрбір бірлігінің (доллар, марка, фунт и т.б.) шекті пайдалылығы бірдей дәрежеде көрінуі; тұтынушының сатып алатын тауарларының немесе қызметтерінің саны мен сол тауарды тұтынудан көрген қанағаттану деңгейі арасындағы арақатынасты көрсететін функция.

71. Тұтынушы таңдауы – бұл шектеулі ресурстар (ақшалай табыс) жағдайында ұтымды тұтынушының максималды пайдалылықты таңдауы.

72. Функционалды сұраныс - экономикалық игіліктің (тауардың немесе қызметтің) өзіне тән тұтыну қасиеттері бар факторлармен сипатталған сұраныстың бір бөлігі.

73. Функционалды емес сұраныс – экономикалық игілікке тән қасиеттерге байланысты емес факторлармен сипатталған сұраныстың бір бөлігі болып табылады.

74. Көпшілікке ілесу әсері – тұтынушы басқаларынан қалып қоймауға тырысып, солар сатып алған тауарды бұларда сатып алуға тырысады. Ол басқа тұтынушылардың ойы мен сөзіне байланысты болады. Тұтынушының жалпы қабылданған нормаларды сақтай отырып, басқалары сатып алған сол тауарды сатып алумен байланысты тұтыну сұранысының өсу әсері, яғни «елдің бәрінде бар, менде де болу керек» деген ұғым сән талабына сәйкес болуға ұмтылу және басқадай әсерлер жекелеген тұтынушылардың сұраныс мөлшеріне әсер етеді.

75. Өзін-өзі жоғары ұстау (сноб) әсері – бұл жағдайда тұтынушы көпшілікке ілеспей ерекше бір тауарды сатып алуға ұмтылады. Кейбір адамдар өте ерекше, сирек кездесетін немесе эксклюзивті тауарларға құмар болады. Атақты суретшілердің жұмыстары, өте қымбат және арнайы тапсырыспен орындалған заттар, киімдер сноб тауарларына жатады. Осы тауарларды тұтынатын тұтынушылардың саны аз болған сайын олардың пайдалылықтары мен құндылықтары өседі де сұраныс мөлшері көбейеді және керісінше болады. Өзін-өзі жоғары ұстау (сноб) әсері нарықтық сұранысты икемсіздеу жасайды және бағаны көтеруге мүмкіндік береді.

76. Веблен әсері – тауардың аса жоғары бағаға ие болуымен байланысты тұтыну сұранысының көбею әсері.

77. Спекулятивті сұраныс – қоғамда аса жоғары инфляциялық күтімдердің болуымен байланысты туындайды, яғни бағалардың келешектегі өсіп кету қаупі тұтынушылардың тауарларды қазіргі уақытта көбірек тұтыну (сауда-саттық жасау) ынтасын арттырады.

78. Тиімсіз (рационалды емес) сұраныс – бұл адамның көңіл-күйінің күрт өзгеруіне байланысты, аяқ астынан қалауының болуы әсерінен пайда болатын жоспарланбаған сұраныстың бір түрі, яғни бұл сұраныстың түрі адамның ұтымды шешім қабылдау туралы алғышартын бұзады.

79. Талғамсыздық қисығы – тұтынушыға бірдей пайдалылық алып келетін екі экономикалық игіліктің әртүрлі комбинациялар жиынтықтығын көрсететін қисық.

80. Талғамсыздық қисықтарының картасы – екі экономикалық игіліктің кеңістігінде жатқан бірнеше талғамсыздық қисықтары.

81. Алмастыру зонасы (субституциялар) – бір игілікті екінші бір игілікпен тиімді түрде алмастыруға болатын талғамсыздық қисықтарының учаскесі.

82. Алмастырудың шекті нормасы (marginal rate of substitution - MRS) – өзара алмастырылу қасиетіне ие екі игіліктің шекті пайдалылықтарының арақатынасы және ол тұтынушының бір игіліктің қосымша (шекті) бір бірлігін тұтынуды арттыруы (азайтуы) үшін екінші игілікті тұтынудың қанша (шекті) бірлігінен бас тартуға болатындығын немесе азайта (арттыра) алатынын көрсетеді.

83. Бюджет шектеулілігі – бұл тұтынушының дәл қазіргі уақытта берілген табыс деңгейінде және белгілі бір бағамен сатып ала алатын игіліктерінің барлық нұсқаларының жиынтығы. Бюджет шектеулілігі қолда бар нақты ақшаға қанша тұтыну тауарларын сатып алуға болатындығын және жалпы жұмсалатын шығынның табысқа тең болу керектігін көрсетеді. Тұтынушының табысы азайса бюджет сызығы параллельді түрде солға, ал табыс көбейсе сызық параллельді түрде оңға жылжиды.

84. Бюджет сызығы – берілген табыс мөлшерінің игіліктер жиынтығын толық сатып алу кезіндегі сол игіліктер жиынын көрсететін нүктелерді қосатын түзу сызық.

85. Тұтынушының тепе-теңдігі – тұтынушы өзінің жалпы пайдалылығын және әл-ауқаттылығын максималдай алатын нүктесі немесе шектеулі табысын толық жұмсаудан алатын қанағаттанушылық деңгейі; талғамсыздық қисықтарының бюджет сызығымен жанасуы.

86. Өндіріс – тауарлар мен қызметтерді өндіруге қажетті өндірістік ресурстарды тиімді пайдалану үрдісі немесе басқаша сөзбен айтқанда, сол өндірістік ресурстарды адамның шексіз қажеттіліктерін тікелей және жанама түрде қанағаттандыруға қажетті игіліктерге айналдырудың үрдісі.

87. Технология – бұл өндірісте қолданылатын өндіріс факторларының өзара тиімді және тұрақты үйлесімділіктері.

88. Өндірістік функция – өндірілетін өнімнің максималды көлемі мен берілген технология деңгейіндегі өндіріс факторларының физикалық көлемі арасындағы тәуелділікті сипаттайтын функционалдық өзара байланыс.

89. Өндірістік кесте дегеніміз – факторлардың әрбір үйлесімінде жүзеге асырылуы мүмкін өндірілетін өнімнің барынша үлкен көлемін анықтау үшін өндірістік функцияны сипаттайтын өндірістік тор.

90. Изокванта (латын тілінен iso – тең және quant – көлем, яғни, тең көлемді өнімдер қисығы дегенді білдіреді) – бұл бірдей көлемдегі өнім шығаруды қамтамасыз ететін ресурс шығындарының әртүрлі комбинацияларын көрсететін қисық.

91. Изокванталар картасы – бұл өндірісті жүзеге асырудың барлық қол жетімді нұсқаларын көрсететін мүмкін болатын изокванталардың жиынтығы.

92. Алмастырудың технологиялық шекті нормасы (MRTS) – өндіріс көлемін өзгерпей отырып, бір фактор (K) санының өзгеруінің екінші бір фактор (L) санының өзгеруіне деген қатынасы.

93. Түзу сызықты изокванталар – екі фактордың біреуі екіншісімен толық алмастырылатын қасиетке ие болатын жағдайда сипатталатын өндірістік функция және өндірістік технология қисықтарының бір түрі, өндіріс бұл жерде бір фактордың көмегімен де жүзеге асырыла алады.

94. Тік бұрышты (қатаң) изокванталар – өндіріс факторларының тұрақты және қатаң үйлесімділіктерін (пропорцияларын) сақтау арқылы берілген өнім көлемін өндірудің заңдылықтарын сипаттайтын өндірістік функция қисығының бір түрі.

95. Жұмсақ еңкіш (сызықтық емес) изокванталар – берілген өнім көлемін өндіру үшін қолданылатын міндетті екі фактордың өзара алмастырылуының әртүрлі (біртіндеп немесе үздіксіз) үйлесімділіктерін орындаудың заңдылықтарын сипаттайтын өндірістік функция қисығының бір түрі.

96. Кемімелі қайтарымдылық заңы (өндіріс факторлары шекті өнімділігінің төмендеу заңы) – басқа ресурстың саны тұрақты болып, ал белгілі бір ресурсты пайдаланудың санын көбейткенде бұл жағдай белгілі бір кезеңнен бастап айнымалы фактордың шекті өнімінің (МPL) азаюына әкеледі.

97. Масштаб тиімділігі (өндіріс ауқымының өсуі) – өндіріс факторлары шығындарын арттыру мен өндіріс көлемінің өзгеруі арасындағы арақатынастың сипатын көрсететін өндірістік үрдістің маңызды қасиеті.

98. Масштаб өсуінің (өндіріс ауқымының) оң тиімділігі – өнім шығару көлемі ресурстар шығынынан гөрі көбірек дәрежеде өскенде орын алатын ұзақ мерзімдік өндірістің маңызды қасиеті.

99. Масштаб өсуінің (өндіріс ауқымының) тұрақты тиімділігі – өнім шығару көлемі ресурстар шығындарымен бірдей пропорцияда өсетіндігін сипаттайтын ұзақ мерзімдік өндірістің маңызды қасиеті.

100. Масштаб өсуінің (өндіріс ауқымының) теріс тиімділігі – өнім шығару көлемі ресурстар шығынынан гөрі көбірек дәрежеде өскенде орын алатын ұзақ мерзімдік өндірістің маңызды қасиеті.

101. Шығындар – игіліктерді өндіру үрдісінде тұтынылатын өндірістік ресурстар құнының ақшалай көрінісі; өнім өндіруге кететін жанды және заттандырылған өндіріс факторларының жиынтық жұмсалымдары.

102. Айқын шығындар (бухгалтерлік немесе сыртқы) – сырттан алынған ресурстар үшін төленетін ақшалай төлемдер. Бұған кіретіндер: жалдамалы жұмысшыларға төленетін еңбекақы, шикізаттар мен материалдарды төлеу, көліктік, қаржылық және заң қызметтері үшін төлемдер.

103. Айқын емес шығындар – фирманың өз меншігіндегі ресурстарын пайдаланумен байланысты бухгалтерлік есеп беруде көрсетілмейтін ішкі шығындары; берілген ресурстарды балама нұсқада тиімдірек қолданғанда олардың әкелетін түсімі. Бұған жататындар: кәсіпкердің меншігіндегі капиталға түсетін пайыз, жалгерлік төлемдер, кәсіпкердің өзінің менеджерлік жұмысының төлемақысы.

104. Экономикалық тұрғы – фирманың шығындаған өндіріс факторларын балама нұсқаларда қолданған кезде ең жоғары деңгейдегі түсімділікті қандай шамада алуға болатынын анықтау.

105. Пайда – фирманың тауарлар мен қызметтерді сатудан түсетін жалпы түсімдері мен оның жалпы шығындарының арасындағы айырма:

π = TR – TC.

106. Бухгалтерлік пайда – жалпы түсім мен фирманың айқын шығындарының арасындағы айырма түрінде анықталады:

πбух. = TR – TCбух.

107. Экономикалық пайда – бұл жалпы түсім мен фирманың барлық шығындарының арасындағы айырма түрінде анықталады:

πэк. = TR – TCэк.

108. Қалыпты (қарапайым немесе нөлдік) пайда – бұл өзінің жеке меншік кәсібін жүргізуге ынтасы болу үшін кәсіпкерге қажет ең төменгі деңгейдегі түсім. Егер πэк. = 0 болса, онда бұл кәсіпкердің өзінің іс-әрекетінің аумағында ұстанып қалуына септігін тигізетін, тек қана қалыпты пайда алатынын көрсетеді.

109. Тұрақты шығындар (FC) – өнім шығару көлеміне байланысты емес тәуелсіз шығындар.

110. Өзгермелі шығындар (VC) – өнім көлемі өзгергенде өзгеріп отыратын шығындар.

111. Жалпы шығындар (TC) – фирманың өнімді өндіруге және оны сатуға жұмсайтын барлық шығындарының жиынтығы: TC = FC + VC.

112. Орташа шығындар (АС) - өнімнің бір бірлігіне шаққандағы жалпы шығындар.

113. Шекті шығындар (МС) - өнімнің келесі бір бірлігін өндіруге кететін қосымша шығындар немесе жалпы шығындағы өзгерістер.

114. Изокоста (тең шығындар сызығы) – барлық нүктелерінде жалпы шығындары тең болатын өндіріс факторларының тіркестерін көрсететін сызық.

115. Өндірушінің тепе-теңдігі – изокоста мен изоквантаның жанасу нүктесінде орын алады, ал осы нүктеде изокванта мен изокостаның көлбеу бұрыштары тең болады.

116. Жетілген бәсеке нарығы – нарықтағы бағаға әсер ете алмайтын және оны өзгерте алмайтын, саны өте көп және көлемі жағынан шағын фирмалар жұмыс істейтін нарықтық құрылымның бір типі; «тең мүмкіндіктер нарығы».

117. «Ортақ баға заңы» – жетілген бәсеке нарығында кез-келген сатушының кез келген тауарды немесе қызметті ортақ нарықтық баға бойынша сатуын сипаттайтын нарықтық қағида.

118. Монополия – өндірісті, сауданы және қызметтердің басқа да түрлерін жүргізу үшін жеке тұлғаға, белгілі бір адамдар тобына немесе мемлекетке берілетін ерекше құқық; «жалғыз сатушының нарығы».

119. Салаға кіруге қойылатын тосқауылдар – салаға кіргісі келетін жаңа фирмалардың кіру жолдарына қойылатын кедергілер.

120. Табиғи (экономикалық) тосқауылдар – экономикалық себептерден туындайтын (өндіріс масштабының тиімділігі, басты ресурстарды бақылау) кедергілер.

121. Жасанды (заңды немесе құқықтық) тосқауылдар – институционалдық жолмен құрылатын, мысалы, үкімет іс-әрекеттерінің салдарынан (патенттер, лицензиялар немесе монополисттің әділетсіз іс-әрекеттері) туындайтын кедергілер.

122. Таза монополия – жетілген бәсекеге қарама-қарсы болып табылатын нарықтық құрылымның ең шеткі түрі.

123. Жабық (жасанды) монополия – бәсекелестіктен заңды шектеулер көмегімен қорғалған монополияның бір түрі.

124. Табиғи (мемлекеттік) монополия – белгілі бір өнімнің көлемін бір фирманың өндіруі және оны екі немесе одан да көп фирмаларда өндіргенне гөрі арзанға түсетін өндіріс саласы.

125. Ашық (кездейсоқ) монополия – берілген тауарды өндіретін тек қана бір фирма болып және оның бәсекелестіктен ешқандай арнайы (заңдық шектеулер көмегімен) қорғанышы жоқ болатын жағдай.

126. Бағалық дискриминация – бұл монополист-фирманың сапалары бірдей болып табылатын берілген тауар немесе қызмет бірлігінің көлемін берілген шығындар деңгейінде әртүрлі бағалар бойынша әртүрлі тұтынушыларға сатуын немесе сата алуын сипаттайтын монополиялық тәжірибе.

127. Монополиялық билік – фирманың нарықта сатылатын тауарының санын өзгерту арқылы өзінің тауарының бағасына ықпал ету қабілеті.

128. Лернер индексі (IL) – монополиялық биліктің сандық мәнін анықтайтын негізгі көрсеткіш. 1934 жылы ағылшын экономисі Абба Лернер алғаш рет монополиялық билікті анықтаудың осындай әдісін ұсынғандықтан, аталған көрсеткіш сол экономистің атымен аталады. Ол мына формуламен анықталады:

IL = (Pm – MC) / Pm = 1 / EdP.

мұндағы, Pm – монополиялық баға, МС – шекті шығын, EdP – сұраныстың бағалық икемділігі.

129. Херфиндаль-Хиршман индексі (IHH) – нарықтағы фирмалардың шоғырлану (концентрация) деңгейін анықтайтын және нарықтың барлық қатысушылары арасында нарықтық билікті бөлуді сипаттайтын көрсеткіш. Индексті есептеу үшін әрбір фирманың нарықтағы жеке үлестері бөлшек ретінде шаршының алынуы керек және мына формауламен анықталып, осы шаршылардың қосындысы арқылы алынады:

IHH = S2 1 + S2 2 +... + S2 n,

мұндағы, IHH – шоғырлану (концентрация) көрсеткіші, S2 1 – ең ірі фирманың нарықтағы пайыздық үлес салмағы, S2 2 – көлемі бойынша келесі фирманың нарықтағы пайыздық үлес салмағы, S2 n – ең кіші фирманың үлес салмағы.

130. Монополиялық биліктің әлеуметтік бағасы – монополиялық биліктің салдарынан қоғамның шегетін зияндары немесе шығындары. американдық экономист А. Харбергер 1954 жылы алғаш рет монополияның қоғамға тигізетін зиянын (монополиялық биліктің әсерінен қоғамның зардап шегетінін) анықтап, оның сандық мәнін бағалап көрсеткен болатын. Харбергердің ұсынған теориясын басқаша, «қоғамның өлі шығындары» («мертвый груз») деп атайды.

131. Монополияға қарсы заңдар – фирмалардың қоғамға зардап шектіретін монополиялық билікті көбейтуіне қарсы бағытталған шаралар. Мұндай заңдылықтардың негізгі мақсаты – ірі фирмалардың бірігуіне, бәсекелетікті әлсіретуге, монополияны орнатуға, яғни олардың бірігуіне рұқсат бермеу арқылы құрылымдық салаларды реттеу.

132. Монополистік бәсеке – салада өзіндік ерекшеліктері бар тауарларды өндіретін және өзара бәсекеге түсетін көптеген фирмалар болатын, сонымен қатар, олардың ешқайсысының нарықтық бағаны бақылауға толық билігі болмайтын нарықтық құрылымның бір түрі; тәжірибе жүзінде аса жиі кездесетін, «ұқсас еместілердің бірлігі» деген атқа ие нарықтық құрылымның жетілмеген түрі.

133. Тауарды ерекшелендіру (дифференциациялау) – фирманың нарықтағы өз билігін күшейту мақсатында тұтынушының көз алдында тауарын өзіне ұқсас тауарлардан қандай да бір белгімен айрықша көрсету әдістерін сипаттайтын нарықтағы мінез-құлықтық элементі, яғни ондай айрықша белгілерге: сапа, жарнама, сауда белгісі, сату шарттары, буып-түю және т.б жатады.

134. Олигополия – «өзара әрекет етуші сатушылар» нарығын сипаттайтын жетілмеген бәсеке нарығының бір түрі; сату көлемінің қомақты бөлігін бірнеше ірі фирмалар жасайды және олардың әрқайсысы нарықтық бағаға әсер ете алады. Өндірістің күрделі салаларының бәріне жақыны: металлургия, химия өнеркәсібі, автомобиль өнеркәсібі, электроника, кеме және ұшақ жасау өнеркәсібі және т.б. нарық құрылымының осы түріне жатады.

135. Табиғи олигополия – ұзақ мерзімдік ең төменгі орташа шығындармен барлық нарыққа өнімнің белгілі бір түрін бірнеше фирмалардың сатуымен ерекшеленетін олигополияның бір түрі.

136. Таза (стандартталған) олигополия – біртекті (стандартты) өнімді (мысалы, металл, шикі мұнай, т.б.) өндіруді жоспарлаған бірнеше ірі фирмалардың нарықта әрекет етуін сипаттайтын олигополия нарығының бір түрі.

137. Ерекшеленген (дифференциацияланған) олигополия – нарыққа әртүрлі (ерекшеленген) өнімдерді (мысалы, автомобиль, тұрмыстық техника, т.б.) бірнеше ірі фирмалардың шығарып сатуын сипаттайтын олигополия нарығының бір түрі.

138. Курно дуополиясы – өнім көлемі арқылы өзара бәсекелестікке түсетін екі фирманың іс-әрекетін талдайтын сандық дуополия моделі.

139. Бертран дуополиясы – игіліктің бағасы арқылы өзара бәсекелестікке түсетін екі фирманың іс-әрекетін талдайтын бағалық дуополия моделі.

140. Бағалық қақтығыс (баға соғысы) – олигополиялық нарықтан өз бәсекелесін ығыстыру мақсатында бағаны тізбектеп төмендету циклі.

141. Картель – біртұтас монополия болу үшін өнім шығару көлемі мен тауардың бағасы жайындағы шешімдер бойынша бір ымыраға келуші фирмалар тобы.

142. Жасырын (құпия) келісім – картельдердің қалыптасуына жетелейтін олигополиялық фирмалардың кооперативтік (біріккен) іс-әрекеттері.

143. Бағадағы жетекшілік моделі (үнсіз бітім) – өз өнімдерінің бағасы туралы олигополистер арасындағы келісім.

144. Ішінара (жартылай) монополия – жетекші фирманың өзінің жетегіндегі фирмаларға қарағанда шекті табыс пен шекті шығынның теңесуі принципін негізге ала отырып монополиялық бағаны тағайындай алуы.

145. Бағаны тежеу тәжірибесі моделі – фирмалардың ағымдағы пайдаларынан уақытша бас тарта отырып бақталас-фирмаларды салаға жібермеуі үшін ең төменгі деңгейде баға белгілеу тәжірибесі.

146. Өндіріс факторларының нарықтары – сұраныс пен ұсыныстың өзара әрекеттесуі нәтижесінде еңбек, капитал және жер сияқты ресурстарға жалақы, пайыз және рента түріндегі бағалардың қалыптасуы орын алатын нарықтар.

147. Туынды сұраныс – ресурстардың көмегімен өндірілген соңғы өнімге деген сұраныспен анықталатын өндіріс факторларына деген сұраныс.

148. Факторлық табыстар – ресурстар иелерінің олардың сәйкес түрлеріне (еңбек, жер, капитал және кәсіпкерлік қабілет формаларында) байланысты белгілі бір уақытта сол өндірістік ресурстарын нарықта сатуынан түсетін ақшалай түсімдері.

149. Ресурстың шекті табыстылығы – фирманың белгілі бір ресурстың қосымша бірлігін тұтыну кезінде шығарылатын қосымша өнімді өткізудің нәтижесінде ала алатын қосымша түсімінің өзгеруі.

150. Экономикалық рента – ұсынысы қатаң шектелетін ресурстарға төленетін төлемақы.

151. Капитал – тауарлар мен қызметтерді өндіруді арттыру мақсатында адамдардың қолымен жасалған барлық өндіріс құрал-жабдықтарының түрлері; экономикалық игіліктерді көп мөлшерде өндірумен байланысты және сол мақсатта құрылатын кез-кезген ресурс. Капиталға машиналар, ғимараттар, құрылыстар, станоктар, құрал-жабдықтар, қозғалғыш заттар, құрал-саймандар, шикізат қорлары, жартылай фабрикаттар, патенттер, «ноу-хаулар» және тағы басқалары жатады.

152. Негізгі капитал – өндірістік үрдіске ұзақ уақыт бойы қатысатын және өзінің құнын өндіріске біртіндеп жұмсайтын ғимараттар мен құрылыстар (зауыттар), құрал-жабдықтар, машиналар мен станоктар түріндегі өндіріс факторлары немесе еңбек құралдары.

153. Айналмалы капитал – өндірістік үрдістің цикліне өзінің құнын бірден жұмсайтын немесе ауыстыратын шикізат, еңбектің негізгі және көмекші материалдары, жұмыс күші түріндегі капиталдың бір формасы.

154. Адам капиталы – оқу немесе білім алу үрдісінде, тәжірибелік әрекеттер арқылы алынған және игерілген ақыл-ой қабілеттіліктері мен еңбек дағдылары түріндегі капитал.

155. Қорлар – белгілі бір уақыт мезетіндегі капиталдың шамасы.

156. Қарыз пайызы – капитал иелеріне олардың қарыз құралдарын белгілі бір уақыт аралығында қолданғаны үшін төленетін бағасы.

157. Инвестиция – капитал қорларын құру және оны толтыру үрдісі; берілген жылда өндіріске жаңа капиталдың құйылуы.

158. Жер – ұсынысы өте икемсіз және көлемі шектелген ерекше экономикалық ресурс.

159. Жердің бағасы – болашақтағы жер рентасының дисконтталған құны.

160. Ерекшеленген жер рентасы – құнарлылығы бар жерлерден алынатын табыстың бір түрі.

161. Жеке тепе-теңдік – жеке алынған нарықтың тепе-теңдігі, осы нарыққа қатысушы субъектілердің өзара әрекеттерінің нәтижесі.

162. Жалпы тепе-теңдік – барлық нарықтық жүйенің тепе-теңдік жағдайы; барлық нарықтарда (игіліктер нарығы мен ресурстар нарығында) тепе-теңдіктің бір уақытта орындалуы.

163. Кері байланыс әсері – жеке бір нарықтағы жеке тепе-теңдік шарттардың (сұраныс пен ұсыныстың) өзгеруі басқа бір нарықтағы тепе-теңдікті бұзуы, ал ол нарық өз кезегінде жаңа тепе-теңдікке ұмтыла отырып бірінші нарықтың тепе-теңдік жағдайының нәтижесіне әсер етуі.

164. «Аукционист» моделі – нарықты тиімділікке жетелейтін автоматты өзін-өзі реттеу механизмі.

165. Ресурстарды тиімді қолдану – ресурстарды тиімді пайдалану жолында ең жақсы нәтижеге жету; ешқандай мүмкіндікті жіберіп алмау және ешқандай пайданы жоғалтпау.

166. Парето-тиімді бөлу – нарықтың бір субъектісі өз жағдайын екінші бір субъектінің жағдайын төмендетпей жақсарта алмағанда ресурстар мүмкіндігінше тиімді бөлінеді деген қағиданы алға тартатын үлгі.

167. Әл-ауқаттылық экономикасы – қоғамның әл-ауқаттылығын арттыруды қамтамасыз ететін ресурстардың автоматты түрде тиімді бөлінуіне мүмкіндік беретін механизмге жүгінетін шаруашылық жүйесі.

168. «Эджуорт қорабы» - экономикалық игіліктердің өзара тиімді айырбасталуы мен өндірілуін қамтамасыз ете отырып қоғамның әл-ауқаттылығын максималдаудың мүмкіндіктерін зерттейтін диаграмма түріндегі модель.

169. Вальрас тепе-теңдігі – барлық бәсекелес нарықтардағы сұраныс пен ұсынысты теңестіретін бағалар жиынтығын орнататын механизм.

170. Келісімдер жасау қисығы - барлық тиімді келісімдер жасауды сипаттайтын қисықты, яғни игіліктерді тиімді бөлудің барлық жағдайларын көрсететін қисық; екі субъектінің арасындағы игіліктердің Парето-тиімді бөлуінің графикалық сипаттамасы.

171. Қол жетімді пайдалылық қисығы - қоғам мүшелері арасында игіліктердің Парето бойынша тиімді бөлінуі кезінде жүзеге асырылатын пайдалылықтардың барлық нұсқаларын көрсететін қисық; қоғам арасында игіліктерді бөлудің максималды пайдалылығын арттыратын Парето бойынша тиімділікті сипаттайтын қисық.

172. Қоғамдық талғамсыздық қисықтары – жеке талғамсыздық қисықтары қоғамның әл-ауқаттылық деңгейіне сәйкес келетін әртүрлі әлеуметтік топтардың пайдалылықтарының барлық комбинациясын көрсететін, яғни қоғам үшін бірдей қолайлы пайдалылықтарды және әл-ауқаттылықтың теңдігін сипаттайтын қисықтар.

173. Әл-ауқаттылық экономикасы - қоғамның әл-ауқаттылығын арттыруды қамтамасыз ететін ресурстардың автоматты түрде тиімді бөлінуіне мүмкіндік беретін механизмге жүгінетін шаруашылық жүйесі.

174. Ақпараттың асимметриялылығы - нарықтың жекелеген қатысушыларының маңызды ақпараттарға ие болу жағдайы, ал басқа субъектілердің мұндай маңызды ақпараттарға ие болмауы, яғни ақпараттардың субъектілер арасында тең бөлінбеуі немесе дұрыс қамтылмау жағдайы.

175. Белгісіздік – болашақтағы ықтимал оқиғалардың болуы жөніндегі ақпараттардың жетіспеушілігі.

176. Интерналийлер – келісім жасаушы тұлғалардың келісім жасау барысында пайда болатын, алдын-ала келісілмеген және алатын шығындары немесе табыстары.

177. Тәуекел – әрбір мүмкін нәтиженің ықтималдылығын біле отырып бәрібір соңғы нәтижені анық білу мүмкін еместігін сипаттайтын жағдай.

178. Сақтандыру – тәуекел жауапкершілігін үшінші тұлғаға аудару жолымен тәуекелдің дәрежесін төмендетумен байланысты ықтимал жоғалтулардан қорғау әдістері.

179. Тәуекелді біріктіру – тәуекелді бірнеше тұлғаның арасына бөлу арқылы оны төмендету әдісі, яғни ұтылыс болғанда әрбір адамның үлесіне келетін жоғалтулардың дәрежесі соншалықты жоғары болмайды.

180. Тәуекелді бөлу – үлкен жоғалтулар бола қалған жағдайда қолданылатын сақтандырудың әдісі, бұл жағдайда компания сақтандырудың барлық міндеттерін өз мойнына ала алмайды.

181. Диверсификация – экономикалық субъектілердің өз қаржыларын жоғалтулардан қорғау мақсатында әр түрлі салаларда қолдану әдісі.

182. Нарықтық сигналдар – сатушының сатып алушының мекен-жайына экономикалық игілік туралы беретін ақпараттары.

183. Сыртқы әсерлер – нарықтағы бағада есептелінбеген шығындар мен пайдалылықтар.

185. Жағымсыз сыртқы әсерлер (экстерналии) – өнімнің бағасында есептелінбеген өндірісте қолданылған ресустардың құны.

186. Таза жеке игіліктер – әрқайсысы жеке-жеке бағаланатын және сатылатын экономикалық игіліктер.

187. Таза қоғамдық игіліктер – барлық тұтынушылар бірге тұтынатын экономикалық игіліктер.

188. Нарықтың «сәтсіздіктері» (фиаскосы) – нарықтың ресурстарды тиімді бөлуді және пайдалануды қамтамасыз ете алмауы жағдайындағы туындайтын мәселелері.

189. Лоббизм – белгілі бір топтардың белгілі бір мүдделері бойынша үкіметке қысым жасау әрекеттері.

190. Саяси рента – саяси институттар арқылы экономикалық рента алудың жолы.

 


Дата добавления: 2015-09-05; просмотров: 205 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Оқу пәнін оқытудың жоспары| Оқу пәнінің тақырыптары бойынша дәріс конспектісі және дәріс курсын оқу бойынша әдістемелік нұсқау

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.07 сек.)