Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Фильтрлардағы коагуляциялау

Буландырғыштағы қоректендірігіш су немесе жылулық желідегі қоректік су құрамындағы өлшенетін,органикалық пен минералды заттарды оның ішінде темір қышқылын жою, сілтілігін төмендету мақсатында фильтрлерде алюминий тұзының көмегімен суды коагуляциялайды.

Жоғары қысымды бу қазандықтарына қоректік суды дайындағанда фильтрларда коагуляциялауға кеңес берілмейді. Егер оның сілтілігі төмен болса бастапқы суға едкий натрды рН мөлшері 6,8-7,5 болғанға дейін қосады. Бұл схемада бастапқы су өңдеуден тыс уақытта сілтілігі (2мг-экв/л) дей дейін),құрамындағы органикалық заттар мөлшері төмен болады (қышқылдығы 5 мг-экв/л дейін). Әдетте мұндай су катиондау алдында жай фильтрлеуді қажет етеді.Қышқылдығы төмен артезиандық суды коагуляцияламайды.

Қондырғы құрылғыларын(фильтрлар, құбыр өткізгіштер, араластырғыштар) өңделетін су құрамында темір қышқылдары көбейіп кетпеу үшін коррозиядан қорғау қажет.

Фильтрларда коагуляциялау кезінде фильтрлеу жылдамдығы 7-10 м/с орнына 3-5 м/с төмендетіледі немесе екісатылы фильтрлеу қолданылады.

Фильтрларда суды коагуляциялаудың кең тараған түрінің бірі Панфилов атындағы коммуналды шараушылық Академиясының ашық байланысты жарықтандырғышта коагуляциялау.Мұнда фильтрлеу жылдамдығы 3-5 м/с тең, коагулянтты дозалау мөлшері нақты болуы тиіс,әйтпесе коагуляциялау процесі нашарлайды және алюминий қышқылдары жарықтандырғыш фильтрлер арқылы оңай өте алады.

Суды коагуляциялау кезінде қажет болса коагулянт пен сілтіні араластырғыштың алдынан, ал флокулянтты араластырғыштан кейін құбырөткізгішке фильтрдің алдынан енгізеді.

 

 


Дата добавления: 2015-09-05; просмотров: 144 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Жарықтандырғыш жұмысы| Алдын ала тазартылған суды фильтрлеу

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)