Читайте также:
|
|
Лабароториялық жұмыс 1
Пәнге кіріспе. Негізгі ұғымдар және анықтамалар. Мәліметтер құрылымының классификациясы.
Турбо Паскаль 7.0. алгоритмдік тілі. Алфавиті. Мәліметтердің қарапайым құрылымы.
Операциялар. Өрнектер. Программа құрылымы. Меншіктеу операторы.
Енгізу және шығару.
Сабақтың мақсаты: Сызықтық құрылымды алгоритмдермен танысу. Сызықтық құрылымды алгоритм құру, программа жазу.
Сұрақтар:
1. Оператор дегеніміз не?
2. Паскаль тілінің қандай негізгі операторларын білесіз?
3. Сызықтық құрылымды алгоритм дегеніміз не?
4. Алгоритмдердің орындалуының табиғи реті деген не?
5. Меншіктеу операторын сипаттаңыз.
6. Енгізу және шығару операторлары Паскаль тілінде қалай жазылады?
Әдебиеттер тізімі:
1. С.У.Калдыбаев, Н.Д.Лукашенок, А.Т.Ахмедиярова. Программи-рование на языке Паскаль. Учебно-методический комплекс. Алматы-2005г. 130 стр.
2. С.У.Калдыбаев, А.Т.Ахмедиярова, Г.Т.Доскараева. Лабораторный практикум по программированию на языке Паскаль. Изд. Института непрерывного образования, 2003 г, - 52 с.
3. Ж.К.Масанов, Б.А.Бельгибаев, А.С.Бижанова, К.К.Макулов. Turbo Pascal. Алматы-2004 ж. 220 бет.
4. К.З.Халыкова. Паскаль тілінде программалау. Алматы-2002 ж. 200 бет.
5. С.И.Молчанова. Основы программирования. Москва «Аквариум» ACT-1999 г.-222 стр.
6. Н.Культин. Turbo Pascal в задачах и примерах. Санкт-Петербург-2000 г. -256 стр.
7. Б.Хамзина, Г.Каниев. Курс лабораторных работ по языкам программирования Паскаль и Бейсик. Алма-Ата-1992 г. -57стр.
8. С.А.Абрамов, Г.Г.Гнездилова- Задачи по программированию. Москва «Наука»-1988 г.-224стр.
9. С.А.Абрамов, Е.В.Зима. Начала программирования на языке Паскаль. Москва «Наука»-1987г.
10. В.В.Фараонов. Программирование на ПЭВМ в среде Турбо-Паскаль. Москва, изд-во МГТУ-1990г.
Тапсырмалар:
1. Параллелограмның ұзындығы мен ені белгілі, параллелограмм ауданын есептейтін программа құрыңыз. (S=ab)
2. Параллелепипедтің ұзындығы, ені және биіктігі белгілі, параллелепипед көлемін есептейтін программа құрыңыз. (V=abc)
3. Параллелепипедтің ұзындығы, ені және биіктігі белгілі, параллепипед бетінің ауданын есептейтін программа құрыңыз. (S=2(ac+ab+bc))
4. Куб қабырғаларының ұзындықтары белгілі, кубтың көлемін есептейтін программа құрыңыз. ()
5. Цилиндрдің биіктігі және табанының радиусы белгілі, цилиндр көлемін есептейтін программа құрыңыз. ()
6. Екі санның арифметикалық ортасын есептейтін программа құрыңыз.
7. Үшбұрыштың биіктігі мен табанының ұзындығы белгілі, үшбұрыш ауданын есептейтін программа құрыңыз. ()
8. Үшбұрыштың екі қабырғасының ұзындығы және олардың арасындағы бұрышының шамасы белгілі, үшбұрыш ауданын есептейтін программа құрыңыз. ()
9. Автомобильмен саяжайға бару және кейін қайту жүрісінің құнын есептейтін программа құрыңыз. Мыналар қажетті берілгендер болып табылады: саяжайға дейінгі арақашықтық (километрмен), автомобильдің 100 км жүрісіне қажетті бензин мөлшері (литрмен), бір литр бензин құны.
10. Шақырыммен берілген арақашықты километрге айналдыратын программа құрыңыз (1 шақырым 1066,8 метрге тең).
11. Фунтпен берілген салмақты килограммға айналдыратын программа құрыңыз (1 фунт 409,5 граммға тең).
12. Салым бойынша түсім мөлшерін есептейтін программа құрыңыз. Пайыздық үстеме (жылдық пайызбен) және сақтау мерзімі (күнмен) программаның орындалу барысында беріледі.
13. Минутпен берілген уақыт аралығының мөлшерін сағатпен және минутпен өрнектелген мөлшерге айналдыратын программа құрыңыз. (Мысалы, 243 минут 4 сағат 3 минут түріне өзгертілуі қажет).
14. Пернетақтадан енгізілген бөлшек санды ақшалай түрге айналдыратын программа құрыңыз (Мысалы, 25,05 саны 25 теңге 05 тиын түріне өзгертілуі қажет).
15. х=9 болғанда функциясының мәнін есептейтін программа құрыңыз.
16. а = 287,098, b =0,0497, r = 0,98 үшін функциясының мәнін есептейтін программа құрыңыз.
17. x=16 үшін функциясының мәнін есептейтін программа құрыңыз.
18. үшін функциясының мәнін есептейтін программа құрыңыз.
19. х=2 үшін функциясының мәнін есептейтін программа құрыңыз.
20. х=2 үшін функциясының мәнін есептейтін программа құрыңыз.
21. Конустың биіктігі мен табанының радиусы белгілі болса, көлемін есептейтін программа құрыңыз. ()
22. Шардың радиусы белгілі, шар көлемін есептейтін программа құрыңыз. ()
23. х=4 үшін функциясының мәнін есептейтін программа құрыңыз.
24. а = 2,8, b =0,4, r = 0,98 үшін функциясының мәнін есептейтін программа құрыңыз.
25. х=1 болғандағы функциясының мәнін есептейтін программа құрыңыз.
Әдістемелік нұскаулар:
Сызықтық құрылымды алгоритм дегеніміз барлық операторлары көрсетілген ретпен орындалатын алгоритм.
Амалдардың орындалуының осындай реті табиғи рет деп аталады. Сызықтық құрылымды алгоритмде ешқандай шарт болмайды және ондағы операторлар жазылу тізбегімен орындалады. Сызықтық құрылымды программаларды жазу үшін ақпараттарды енгізу, меншіктеу және есептеу нәтижесін шығару операторлары қажет.
Мысалы: Қабырғалары А, В, С болатын үшбұрыштың биіктіктерін формулалар бойынша есептеу керек.
,
,
,
мұндағы p=(a+b+c)/2.
Есепте бірнеше есептеулерді болдырмас үшін аралық айнымалыларды пайдаланамыз:
Сонда Паскаль тілінде программа құру үшін келесі белгілеулерді енгіземіз: Ha=h1; Hb=h2; Hc=h3. Қалғандары өзгеріссіз қалады.
program N1;
var a,b,c,p,t,hl,h2,h3:real;
begin
writeln('a,b,c енгізіңіз');
read (a, b, c);
p:=(a+b+c)/2;
t:=2*sqrt(p*(p-a)*(p-b)*(p-c));
h1:=t/a;
h2:=t/b;
h3:=t/c;
writeln('h1=',h1:3:3,
'h2=¢,h2:3:3,‘h3=',h3:3:3);
writeln;
end.
Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 333 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Перечень и основные технические характеристики | | | Циклдар. Шартсыз көшу операторы, белгі |