Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Телекоммуникация

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Мында өту: шарлау, іздеу

1955 жылғы үлгідегі жапон радиосы

XX ғасырдағы алғашқы телефондардың бірі, 1930

Телекоммуникация, телеқатысым (латынша тele – қатынасу, байланысу, грекше – қашық және ағылшаруашылығы communіcatіon – байланыс) – ғылым мен техниканың халықты ақпараттық қызметтің барлық түрімен қамтамасыз ететін саласы; қашықтықтан ақпарат алмасуды жүзеге асыратын технологиялар жиынтығы. Телекоммуникация саласы Қазақстанға 20 ғасырдың 90-жылдарынан ене бастады. Телекоммуникация электрбайланыс және компьютердің көмегімен ақпараттың барлық түрлерін (дыбыс, дерек, қозғалмалы және қозғалмайтын бейне, мультимедиа) талшықты оптикалық байланыс кабелі, радио, Жердің жасанды серігі, т.б. байланыс түрлері арқылы таратады. Электр сигналдарын таратып-қабылдауды телекоммуникация жүйесі атқарады. Бұл жүйе ақпаратты пайдаланушыларға дыбыс немесе бейне-көрініс түрінде тарататын жабдықтар жиынтығынан тұрады. Телекоммуникация жүйелері жиынтығының аумақтық орналасу принципіне, жұмыс істеуі мен бір-біріне тәуелділігіне қарай біріктірілуін телекоммуникация желісі деп атайды. Барлық мемлекеттегі құрастырылатын, өндірілетін және пайдаланылатын телекоммуникация жабдықтарының параметрлерін үйлестіру және телекоммуникация саласының даму сатысын анықтау мәселесімен Халықаралық Электрбайланыс Одағы (ХЭО) айналысады. ХЭО-ның мақсаты шартараптық ақпараттық құрылым жасау және соның нәтижесінде Телекоммуникацияны шартараптандыру, дербестендіруезі Шартараптандыру – әлемдік (шартараптық) желі құрып, оған барлық мемлекеттердің және олардың аймақтық, абоненттік желілерін интеграциялау; дербестендіру – UPT (Unіversal Personal Telecommunіcatіon) тұжырымдамасы бойынша дүние жүзіндегі адамдардың барлығына дүниеге келісімен дербес нөмір тағайындалып, әлемдік желіге тіркеледі, ал жолданған ақпарат абонентін іздестіру желі қызметінің зерделілігінің көмегімен автоматты түрде орындалады. Телекоммуникация желісіне радио, теледидар, телефон желілері және компьютерлік желі жатады. Радио және теледидар желілері тұтынушыларға ақпаратты бір жақты, кеңінен (желіден абоненттерге) тарату қызметін атқарады. Телекоммуникацияның ең алғаш құрылған желісі – телеграф желісі. Қазіргі телекоммуникация саласындағы ғылыми-техникалық жетістіктер аналогты сигналдарды (дыбыс пен бейне) цифрлап, ал цифрланған сигналдарды дестелеп таратудың мүмкіншіліктерін іске асырды.
Телекоммуникация (Telecommunications) — компьютерлік жүйелер мен қазіргі заманғы техникалық электрондық байланыс құралдары негізінде телефон желілері, спутниктік байланыс және т.б. арқылы мәліметгерді қашықтан жеткізуге қатысты жалпы ұғым; жалпы немесе арнаулы байланыс желілері (телеграф, телефон, радио арқылы мәліметтер алмастыруға арналған қатынас). Телефон жүйесі арқылы ақпарат жеткізу; ара қашықтықтық байланыс; мәліметтерді ара қашықтыққа жіберу

 

" Қазақтелеком " акционерлік қоғамы - Қазақстандағы телекоммуникациялық компания. 1994 жылы байланыс саласынан дербес шаруашылық субъектісі ретінде бөлініп шыққан “Қазақстан телекоммуникациясы” ұлттық корпорациясы негізінде 1996 жылы желтоқсанда “Қазақтелеком” ААҚ болып құрылған. Акциялардың 50 пайызы мемлекетке тиесілі. “Қазақтелеком” телекоммуникациялардың барлық желісін – телефон станциялары мен кабельдік желілер инфрақұрылымын иеленеді. Қолданыстағы жабдықтарды цифрлық жабдықтарға ауыстыру жолымен байланыс жүйелерін жаңғырту, ұялы, жинақы және басқа байланыс түрлерін енгізу жұмысы өрістетілген. 2001 – 05 жылдарға арналған инвестициялардың жалпы көл. 265 млн. АҚШ долларын құрайды. 1995 жылдан бастап көрсетілетін байланыс қызметтерінің жалпы көлемі ұлғая түсті. 1999 жылға дейін оның көл. 43 пайызға артып, 29,5 млн. теңге болды. 1999 жылы жергілікті желіге 144 мың жаңа абонент қосылды. Телефон арналарының жалпы ұзындығы 2002 жылы 186,8 млн. арна-км, оның ішінде оптикалық кабельдерді қолданатын арналардың ұзындығы 130,6 млн. арна-км болды. қалааралық және халықар. телефон байланысы арқылы сөйлесу көлемі жылына 310 млн. арна/км-ге жуық. Ауылдық жерлерде 162 станиялары қалпына келтірілді, 30 мыңнан астам телефон іске қосылды. ТрансАзия талшықты-оптикалық байланыс желісінің қазақстандық телімі (1754 км) арқылы Қазақстан Тынық мұхитқа, Қытай мен Еуропаға шықты. Осындай байланыс желісінің Шымкент–Ақтөбе–Атырау–Ресей бағытындағы батыс телімі (2500 км) салына бастады. Шымкент, Тараз, Ақтөбе және Орал қалаларында ең жоғары талаптарға сай келетін электронды станциялар іске қосылып, республиканың қалааралық байланыс желісін жаңғырту аяқталды. Жол қатынасы қиын шалғайдағы және халық аз қоныстанған аудандарға байланыс қызметін көрсету үшін ДАМА ұлттық спутниктік байланыс желісі орнатыла бастады, оның құрамына 250 станциялары кіреді, бұл желінің қызметін пайдаланатын абонент саны 2 млн-ға жетті. “Қазақтелекомның” “Kazakhstan on-lіne” сауда таңбасымен көрсетілетін қызметі Қазақстанның 18 ірі қаласын қамтиды. Телекоммуникацияның негізгі телімдерін жаңғырту шеңберінде “Интернет аймағы” қызметі көрсетіледі. Ол телефоны мен модемді компьютері бар тұтынушылардың Интернетті пайдалануына жол ашты. Бұл жүйені жетілдіру мақсатымен 1999 “Қазақтелеком” өз абоненттеріне “Қазақстан Интернеті” атты жаңа қызмет ұсынды. 2000 жылдың ортасына қарай Интернетті пайдаланушылардың саны 20 мыңға жетті. 1999 жылдан Қазақстанның барлық облысы орталықтарында, қалалары мен аудандарында әмбебап таксофондар орнатылды. Осы жылы қалааралық телефон станцияларын толық цифрлау бағдарламасы аяқталды. Ақтөбе, Тараз, Оралда қазіргі заманғы қалааралық автоматтандырылған телефон станциялары іске қосылды. Алматы мен Астанада қалааралық коммутациялық орталықтарының салынуы Қазақстанның басқа ұлттық телекоммуникация желілерімен байланыс ұйымының халықаралық қағидаттарына көшуге мүмкіндік берді. Барлық облыстардағы қазіргі заманғы қалааралық автоматтандырылған телефон станциялары халықаралық коммутация орталықтарына қосылды. Ел тұрғындарының бүкіл дүние жүзімен сандық телефон байланысы жолға қойылды.


Дата добавления: 2015-08-27; просмотров: 266 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Кіріспе| Байланыс

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)