Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Жәрмеңкенің ұйымдастырушылық құрылымдары

Читайте также:
  1. Жәрмеңкенің іштей турында жобаларды таныстыруға қойылатын талаптар

5.1 Жәрмеңкенің ұйымдастырушы комитеті оның жоғарғы басқарушы органы болып табылады. Ұйымдастырушылар аталмыш Ережеге сай Жәрмеңкені өткізу бойынша Комитет құрып, оның құрамын бекітеді, аймақтық үйлестіруші орталықтарды құрады.

Ұйымдастырушы комитет:

- Жұмыс топтарын құрады;

- Жәрмеңкенің Эксперттік кеңесінің құрамын құрады және бекітеді;

- Жәрмеңкенің өткізілуіне және оның барлық кезеңдерінің уақытылы аяқталуына жауап береді;

- Марапаттау салтанатын өткізеді;

- Іс-шараның қорытындысын шығарады.

6.2 Ұйымдастырушы комитеттің жұмыс тобы Жәрмеңкені дайындау және өткізу бойынша ағымдағы жұмыстарға жауап береді:

- Жәрмеңкенің барлық даярлық іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу;

- БАҚ мен Ғаламтор желісіне Жәрмеңке туралы ресми ақпарат таратады;

- Авторлық жұмыстардың тезистерін қарастырып, тіркейді;

- Өтінімдердің рәсімделуі мен тезистердің қойылған талаптарға сәйкес келуін тексереді;

- Қатысушылардың тізімін жасайды.

6.3 Жәрмеңкенің Эксперттік кеңесі Жәрмеңкенің халықаралық турында, сондай-ақ, аймақтық үйлестіруші орталықтар ұсынған материалдардың ішінен Жәрмеңкеге қатысатын жобаларды іріктеп алады.

6.4 Аймақтық (аудандық/қалалық) үйлестіруші орталықтар (АҮО)

Аймақтық (аудандық/қалалық) үйлестіруші орталықтар (АҮО)қызметінің мақсаты:

- Жәрмеңкеге қатыстыру үшін жобаларға конкурстық іріктеу жасау;

- Жәрмеңкеге дайындалу жұмыстарын аймақтық деңгейде үйлестіру.

 

АҮО міндеттері:

- Жәрмеңкеге қатысу тәртібі бойынша кеңес беру;

- Қатысуға арналған өтінімдерді жинау;

- Аймақтың бұқаралық ақпарат құралдарында Жәрмеңке туралы материалдарды орналастыру;

- АҮО жетекшілерінің атқарылған жұмыс туралы ақпараты.

 

Аймақтық үйлестірушілердің міндеттері:

- Аймақта Жәрмеңке туралы ақпарат тарату;

- Жәрмеңкенің өткізілу тәртібі және оған қатысу шарттарын түсіндіру;

- Кеңес беру, қабылдау және өтінімдерді тіркеу;

- Өтінімдерді іріктеу және оларды номинациялар бойынша бөлу;

- Өтінімдерді Ұйымдастырушы комитеттің қарауына беру.

 

АҮО жетекшісі авторлық жұмыстың таныстырылымы мен оның қысқаша аңдатпасының түрін көрсете отырып, ұйымдастырушы комитеттің мекен-жайына жалпы өтінімді жібереді.

 

6. Жәрмеңкеге қатысу:

Жәрмеңкеге білім беру мекемелері, біліктілікті арттыру институттары, қоғамдық, коммерциялық ұйымдар, мәдениет мекемелері, комитет қарамағындағы аумақтық өзін-өзі басқару органдары, орталықтар, бұқаралық ақпарат құралдары, басқа да жеке және заңды тұлғалар, өз аймақтарында білім және әлеуметтік саланың дамуында басшылық атқарғандар қатыса алады. Қатысушылардың жасына шек қойылмайды.

Жәрмеңкенің қатысушылары:

· Аймақтық деңгейде іріктеуден және Жәрмеңкенің сырттай турынан өткен тұлғалар;

· Авторлық жұмыстың таныстырылымы мен оның қысқаша аңдатпасының түрін көрсете отырып, ұйымдастырушы комитеттің мекен-жайына өтінім жібереген тұлға.

7. Жәрмеңкенің өткізілу тәртібі мен мерзімі:

- сырттай қатысу туры 2015 жылдың 16 наурызы мен 20 сәуір аралығында;

- іштей қатысу туры 2015 жылдың 14-17 мамыры аралығында мына мекен-жай бойынша өткізіледі: Көкшетау қ., Абай к., 71 үй, «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы «Ақмола облысы бойынша ПҚ БАИ»;

Өтінімдер 2015 жылдың 17 сәуіріне дейін қабылданады.

 

(Өтінімнің формасы №1 қосымшада)

Сырттай турға қатысушылар авторлық жұмыстарының тезистері мен өтінімдерін жібереді.

 


Дата добавления: 2015-08-27; просмотров: 130 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Міндеттері| Презентациялық алаңша

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)