Читайте также: |
|
Есеп №1. Ақ егеуқұйрықтарға тәжірибе жасағанда бензолдың улылығын зерттеу үшін алынған 50 бензолдың құрамында 45000мг\м3, Lim ch= 20мг\м3 Limac = 1100мг\м3 құрады.
Сұрақ: 1) жедел және созылмалы әсер ету аймағын анықтаңыз.
2) Limac пен Zac заттектерінің қауіптілік топтарын анықтаңыз.
3) Бензолмен жедел және созылмалы улануда негізгі симптомдарды көрсетіңіз
Есеп №2. Зертханаға ауылшаруашылығында пестицид ретінде қолданылатын қайта синтезделген зат түсті.. Зерттеу барысында асқазанішілік енгізгенде бұл заттың улылық құрамында өлімге әкелетін орташа мөлшері (ДL50) 500мг\кг тең болды. Осы зат ағзаға өкпе арқылы шаң түрінде түседі.
Сұрақ:
1) Бұл пестицид үшін ШРЕК-ті мына формула бойынша есептеңіз: ДL50 ПДК = 0.0008
2) Осы заттын қауіптілік тобын анықтаңыз
3) Осы пестицидпен жұмыс жасағанда сауықтыру шараларын көрсетіңіз.
Есеп №3. Азоттың қос тотығы мен аммиактың улылығын салыстырып зерттегенде келесі нәтижелер алынды:
Заттектер CL50 Limac Limir Limch Zac Zir Zch ШРЕК
Аммиак 4500 430 210 60 20
Азоттың
қос тотығы 210 60 20 5 2
Сұрақ:
1) Zac, Zir, Zch анықтаңыз және аммиак пен азоттың қос тотығының улылығына салысырмалы түрде сипаттама беріңіз.
2) Жедел және созылмалы улануларда қайсы удың қауіптірек екендігін көрсетіңіз.
3) Осы заттектермен жедел уланғанда көрінетін симптомдарды атаңыз.
Есеп №4. Қайта синтезделген N заттегі үшін Limch 70 мг\м3 бекітілген.
Сұрақ: а) қордағы коэффициент Кз = 5 болғанда, осы заттек үшін ШРЕК-ті анықтаңыз.
Есеп №5. Шымкенттегі шиналық зауыттың құрама цехында бензин-еріткіштің концнетрациясы (ВР-1, ВР-2) орташа 430мг/м3 құрады, ал вулканизация цехында вулканизация газының концентрациясы орташа 15мг\м3 болды (аминдер жинағы бойынша ШРЕК- 0.5мг\м3).
Сұрақ:
а) цехтағы еңбек жағдайына баға беріңіз
Б) Цехтағы еңбек жағдайының зияндылық топтарын анықтаңыз
Есеп №6. Қостанайдың химиялық тал жіптер зауытында капрон өндіретін цех жұмыс жасайды. Оны алу үшін капролактам қолданылады. Еңбек жағдайын қарстырғанда капролактамда механизацияанбаған жұмыс кезінде жұмыс аймағындағы ауада оның концентрациясы бункерде орташа 40мг\м3, тікелей құрастыру орнында 130мг\м3, штапельді тал жіптерді жасауда- 300мг\м3 жетті.
Сұрақ:
Жұмыс ортасының ластану дәрежесін бағалаңыз, еңбектің зияндылық топтарын анықтаңыз.
Есеп №7. Қарағандының кокосты-химиялық өндірісіндегі химулавливания цехында ауада бензолдың концентрациясы 3-5мг\м3, -4-8мг\м3 көлемінде, күкірт қышқылының жұбы-4-тен 24мг\м3 дейін жетеді.
Сұрақ:
А) Жұмыс мекемесінде ауаның ластану дәрежесін анықтаңыз
Б) Еңбек жағдайының зияндылық топтарын анықтаңыз
В) Органикалық еріткіш буларынан созылмалы улануда болатын симптомдарды көрсетіңіз.
Есеп №8. Шымкенттегі мұнай өңдейтін зауыттағы мұнайдың каталитикалық цехында жұмыс мекемесінің ауасында: шекті көмірсутек - 20мг\м3 (ШРЕК-50мг\м3), Күкірт сутек- 2мг\м3
көміртек оксиді-14мг\м3, күкіртті газ- 1мг\м3
Сұрақ:
а) Зиянды заттектердің қауіптілік топтарын және ШРЕК-н анықтаңыз.
Б) Химиялық фактор бойынша еңбек жағдайының зияндылық топтарын көрсетіңіз.
Есеп №9. Тәжірибе барысында жануар ағзасына бензол мен ацетон қосылып әсер еткенде, олардың улылық әсері 2 есе артатыны байқалды. Егер бензиннің ШРЕК-сы-200мг\м3, ацетонның ШРЕК-сы- 300мг\м3 болс.а, онда жұмыс аймағының ауасында олар қосылып әсер еткенде әрбір заттектің концентрацясы қандай болуы керек?
1.Тақырып № 2. Аэрация. Механикалық желдетудiң нәтижелілiгiнің есебі.
2. Сабақтың мақсаты: Механикалық желдетудi қолдану және аэрацияның негiзгi қағидалары, бағыттары және тиiмдiлiктi есептеу бойынша бiлiмдердi құрастыру.
3. Оқытудың міндеттері.
1. механикалық желдету жұмысының тиiмдiлiгi мен санитарлық бақылауды жүзеге асыру білімін қалыптастыру.
2. аэрацияның тиiмдiлiгiн анықтау, бағалауға дағды (білім) қалыптастыру
3. санитарлық нормалар және ережелердi қолданып желдету жұмысы туралы гигиеналық шешiмдер беру білімін қалыптастыру;
4.Өткізу формасы: (жұппен жұмыс, презентация, дискуссия).
Дата добавления: 2015-08-27; просмотров: 149 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Кредит бойынша аралық бақылау сұрақтары. | | | Ситуациялық есептер. |