Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Экологиялық картографиялау мақсатында космостық ақпараттарды пайдалану.

Читайте также:
  1. Картографиялық әдісті қоршаған ортаны қорғау және болжау кезінде пайдалану.
  2. Радиоактивті материалдар мен қалдықтарды сақтау мен көму кезіндегі экологиялық талаптар
  3. Радиоактивті материалдарды пайдалану кезіндегі экологиялық талаптар

Космостық фотосуреттер қазіргі картографияда кеңінен қолданылады. Жерді қашықтықтан (дистанциондық) зондылау және космостық түсірудің жаңа әдістер табиғи процестер мен құбылыстардың динамикасы, ландшафттың жағдайы, табиғи ресурстардың орналасуы мен бар болуы туралы ақпаратты үнемі тез және жан- жақты беруге көмектеседі. Алынған ақпараттың дұрыстығы жоғары.

Аэрофотосуреттер сияқты космостық суреттер де жергілікті объектілер туралы жалпы және жеке ақпараттар береді, бірақ аэрофотосуреттермен салыстырғанда бірнеше оң айырмашылықтары бар:

- жоғары түрде шолу(высокая обзорность) жербетіндегі құбылыстарды глобальді зерттеуге мүмкіндік береді, ұсақ масштабта әрбір деталды сүйене отырып негізгі белгілерді (оснобные черты) бақылауға болады

- уақыт интервалмен екіенші рет түсіру мүмкіндігі кезінде динамикалық процесті зерттеуге болады

- суреттің әрқашан белгілі масштабы оның автоматтың өңделуін жеңілдетеді

Сонымен қатар бірнеше теріс жақтары да бар:

- жердің сфералық болуына байланысты суреттің шеттерінде қатты бұрмаланудың болуы

- жарық жағдайының тез ауысуы

- ірі масштабты түсірісте ортаға түсіру жіңішке жолақ түрінде болады

Масштаб бірнеше космостық суреттерді 3 топқа бөледі:

- ұсақ масштаб (1:100 000 000- 1:10 000 000)

- орта масштаб (1:10 000 000-1:000 000)

- ірі масштаб (1:1000 000- 1:100 000)

Суретті 5-10 есе үлкейткен кезде зерттейді, ал жоғары ақпаратты 10-30 есе үлкейткен кезде алады. Жоғары ақпаратты суреттерді ұзын фокусты ақпаратты пайдалана отырып төменгі биіктіктен (100 метрге дейін) алуға болады.

Ұсақ масштабты суреттерді спутниктен 100 мың км биіктіктен алады. Оның айналу жылдамдығы жердің айналу жылдамдығымен сәйкескеледі, сондықтан спутник 1 нүктенін үстінде қалады. Мұндай суретті стационарлық деп атайды. Бес геостационарлық спутниктер планетаны түгелдей бақылайды. Әрбір 30 минуттен кейін жердің қабылдауыш геостацирнарлық суреттер беріледі, олар синоптикалық динамикалық карталар құрылуы үшін пайдаланады.

500- 200 км биіктікте орта масштабтағы космостық суреттерді біршама мұхиттық, метеорологиялық және картографиялық жұмыстарды қамтамасыздандыру үшін спутниктер ойланды.

200- 100 км биіктікте жоғары мүмкіндігі бар деталды ірі масштабты суреттер алады. Суреттердің мүмкінділігі (разрешающая способность)- суреттің масштабы үлкейту кезде жергілікті жердің бейнелеуінің сақталу мүмкіндігі бар. Фотосуретті бірнеше рет үлкейтуге болады. Әр үлкейткен кезде қосымша ақпараттар ала отырып, орбита биік болған сайын суреттің мүмкінділігі (разрешающая способность) төмен, түсіріс аппаратының фокусы ұзын болған сайын мүмкіндік жоғары (выше разрешение).Орташа мүмкіндігі бар суреттер (100м-ге дейін) геологиялық зерттеуде кеңінен қолданады.Олар қысқа фокусты камерамен алынған фотосуреттер мен «Ландсат», «Метеор» суреттері.

Жоғары (10м-ге дейін)және өте жоғары мүмкіндігі бар(метрдің бөлшегіне дейін) суреттер жоғары сапалы ұзын фокусты аппаратурадан өте төменгі орбитадан алынады (МКФ-6типі).

Фотосуреттермен қатар сканерлік суреттер алады.Ол радиосингал арқылы бірден қабылдауышқа суреттер келеді. Алайда үлкейту кезінде өзмаңыздылығын жоғалтады.

Космостық түсірім әртүрлі дипазонда жүзеге асырлады - көріну спектрі зонасы, инфрақызыл зонасы және радиодиназонда.

Жер шарының жартысынан көп бөлігі әрқашан бұлтты болып тұрады. Ол фотоға түсіруге кедергі жасайды. Сондықтан көрінетін спектр зонасындағы суреттерді ашық ауа райы кезінде алуға болады.

Радиодиназонда суреттерде мұздардың жылтуын бақылауға болады.Себебі жер бедерін детальді береді, толқын қозғалысының бағытын анықтауға болады.

Космостық суретте ақпараттарды дешифирлеу мүмкіндігі жоғары болу үшін бір территорияны бір уақытта түрлі диапазон спектрінде бірнеше сурет түсіреді. Мұндай суреттердің жиынтығын көп зоналық дейді.

 

Экологиялық түсірілімдер мен карталар (cурет)

Арал теңізі

Қазақстан республикасының экологиялық ахуалы.


Дата добавления: 2015-08-27; просмотров: 337 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Картографиялық әдісті қоршаған ортаны қорғау және болжау кезінде пайдалану.| Биоэтанол

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.005 сек.)