Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Кіріспе.

Читайте также:
  1. Кіріспе.

Жоспар

Кіріспe

Негізгі бөлім

І Кәсіпорыннның өндірістік қорлары

1.1. Кәсіпорынның негізгі қорын бағалау

1.2. Негізгі қордың тозуы және тиімділігі. Қор қайтарымы

1.3 Кәсіпорыннын жарғылық қоры

Орытынды

 

КІРІСПЕ.

Нарық экономикасында жұмыс істейтін мемлекеттік кәсіпорынның бәсекелесуші нысан ретінде жұмыс істейтін жеке меншік кіәсіпорыннан айырмашылығы онша көп емес. Телекомуникация, электр энергиясы, авиация тәрізді айтарлықтай жоғарғы технологиялы ауыр салаларда жұмыс істейтін көптеген мемлекеттік кәсіпорындар қолайсыз деген жағдайлардың өзінде бизнесті жақсы жүргізіп отыр.

Кәсіпорындар азаматтық процестерде, сотта, шаруашылық сатысында және аралық сотта өз мүдделерін қорғайды.

Өндіріс процесі кезінде кәсіпорындар пайдаланылатын өндіріс құрал-жабдықтары мен ақша қаржылары өндірәістік қорлар қоғамдық ұлттық байлықтың басты көздері. Ол негізінен өндірістік қорлар мен айналым қорынан тұрады. Қорлар өндірістің құрамындағы негізгі бөлігі болғандықтан оны екі топқа бөледі: өндіріс құрал-жабдықтары және еңбек құрал-жабдықтары.

Кәсіпорыннның еңбек құралы мен өндіріс құрал жабдықтары өндіріс процесінде ұзақ уақыт қолданылады. Сондықтан олар негізгі қорға жатады және өзінің тозуына қарай бірте-бірте бөлшектеп енгізеді. Негізгі қорлар өндіріс процесінде пайдалану кезінде тозуға ұшырайды. Ол тозу: моральдық және табиғи тозу деп 2-ге бөлінеді. Негізгі қордың құрамын 2 топқа бөледі: актив, пассив.Актив бөлігіне құрал-саймандар яғни өнімді өндіруге қатысатын негізгі қорлар жатады. Негізгі қордың актив бөлігінің өсуі өндірісте еңбек өнімінің артуына өндірістің тиімді дамуына әсер етеді. Ал пассив бөлігіне өндіріс процесіне қатыспайтын негізгі қорлар жатады (шаруашылық құралдары, өндіріс корпустары, ғимараттар).

 

1. 1 Кәсіпорынның негізгі қорын бағалау»

 

Негізгі қор бұл нақты өзгертілмеген үлгіде өзінің материалды заттай бағалау құнында, ағымдық ұзақ кезеңін жиі жоғалтады. Олар кәсіпорындарда ұзақ мерзімде пайдаланып өздерінің бағасын өндірген өнімге аударады. Негізгі қорлар қозғалыстық ұлттық байлықтың негізгі бөлімі болып келеді және қай елдің экономикасында болмасын анықтаушы ролінде ойнайды. Негізгі қорды тиімді немесе дұрыс пайдалану елдің экономикасын көтерілуіне негізгі жағдайда болып келеді.

Негізгі қорға 2 жақты мінездеме беруге болады:

1) Материалдық заттық жағынан

2) әлеуметтік экономикалық жағынан

Материалдық заттық жағынан негізгі қорға еңбек құралдары жатады. Еңбек құралдарына еңбек заттары жатады. Негізгі қордың әлеуметтік-экономикалық жағы өндірістік қозғалыстық қатынаста болады. Адамдар еңбек процесінде белгілі өндірістік экономикалық қатынасқа түседі.

Негізгі қорға тәуелді өндірісті кеңейтілген түрде өндірістік және өндірістік емес негізгі қор деп 2 процеске бөлеміз.

Өндірістік негізгі қор - өндірісте жұмыс істеп тұрған материалдық сферадан, өндірілген өнім құнын тасымалдайды. Толық өнім кәсіпорынға жұмсалады.

Өндірістік емес негізгі қор -тұрғын үй, балалар және спорттық мекеме, басқа да мәдени-тұрмыстық объектіде қызмет көрсету және тағы басқа шығын кәсіпорын баланысынан шығады. Өндірістік емес негізгі қор өзінің өндірілген өнім құнын өндіріске тасымалдайды немесе құрмайды. Яғни тұтынушы құны жоғалады. Қор шығын орнын толтыра алмайды. Ұдайы өндіріс ұлттық есеп шотына кіреді.

Қорлар өндірістің құрамындағы негізгі бөлігі болғандықтан оны 2 топқа бөледі:

Өндіріс құрал-жабдықтары

 

Еңбек құрал-жабдықтары еңбек бұйымдары

Еңбек құралдары бірнеше топқа бөлінеді:

1) еңбек құралдары (машина, станок)

2) жер участкесі және табиғат байлықтары(су,)

3) ғимарат (инженерлік құрылыстық бөлім, өндірістік қызмет көрсету)

4) электр жүйелері

5) өлшеуіш және реттеуіш приборлар

6) күш машиналары

7) жұмыс машиналары

8) есептеуіш техника

9) өндірістік және шаруашылық түгендеу

10) ішкі шаруашылық жолдар

Еңбек бұйымына (шикізат, материалдар, жанар, жағар майлар жатады). Осы екі еңбек бұйымы мен еңбек құралы өндірістік қорды құрайды. Еңбек құралы өндірістің негізгі қорлары болады. Еңбек бұйымдары өндірістің айналым қорын құрайды. Әр кәсіпорын тауарды қанша және қалай өндіру, қалай және қайда тарату, сондай-ақ түскен кірісті қалай бөлу жөнінде өз бетінше шешім қабылдайды. Кәсіпорынның шаруашылық қызметіне қызмет көрсету және өнімді таратудан түскен пайда және кіріс алумен қатар пайдаланылатын өндірістік қорлар көлемі және дами бастаған күннен бастап дәл сол уақытағы кәсіпорын жиған басқа да тұтынушылық жиынтығы енеді. Осы элементтердің табиғи және затай өзінің жиынтығымен кәсіпорын экономикасын көрсетеді. Олардың тұтыну бағалары кәсіпорын экономикасының даму масштабы мен деңгейін сипаттайды. Кәсіпорын экономикасының даму масштабының деңгейі:бір жағынан шығарылған өнімнің санымен,сапасын, ресурстарды қамсыздандыру арасындағы тиімді пропорцияларды таба білу. Екіншіден-сату көлемі мен оны таратудаығы кіріспен пайдаға байланысты.

Осы факторларды тарату жолдарпының сипаты мен деңгейі кәсіпорын дамуының сыртқы және ішкі жағдайларының есебі мен әсеріне байланысты, яғни тәуелді.

v өндірісті ресурстық қамтамасыз ету факторрлары (ғимарат, оқу құрал жабдықтары). Яғни өнімді өндіру мен нарықта талап етілетін сан мен сападағы қызмет көрсетуі. Мүмкін болмайтын барлық қатыстьы жайттар.

v Кәсіпорынның техникалық дамуын экономикасының деңгейін қаматмасызету факторлары (ҒТП, инвестициялар. Еңбек ғылыми ұйымдастыру)

v Коммерциялық теңділіктерді қамтамасыз ету факторлары. Бұл топтарарасында айқындалып көрсетілген шек жоқ.

Жоғарғы көрсеткішті қор қайтарымынан шығарылған басқа да өнім шарты, өндірістік негізгі қор айналымының үлес құнына тең. Сондықтан кәсіпорынның ақшалай жинағын көбейту, өзіндік құнды төмендету, өндіріс шартын өсіру, негізгі қор құрылымын жақсартуды қарау. Негізгі қор есеп және жоспарын ақшалай немесе заттай үлгіде жүргізеді. Негізгі қорлар бағасы амортизациялық есеп көлемі, тозу деңгейі үшін қажет.

Негізгі қор бағасының олардың өндіріс процесіне қатысуына байланысты біренше түрі бар. Олар:

1. Бастапқы құн

2. Қалдық құн

3. Қалпына келтіру құны

v Негізгі өндірістік қорлардың бастапқы құны-бұл қорларды жасақтауға немесе сатып алуға шығындалған сома. Ол амортизация нормасын, амортизациялық есеп көлемін, кәсіпорын активінің пайдасы мен рентабельділігін, олардың пайдалану көрсеткішін анықтау үшін қолданылады.

v Негізгі қорларды пайдалану процесінде олар тозып, біртіндеп бастапқы құнын жояды. Олардың шын өлшемінен тозған құнын алып тастау керек. Міне, осы негізгі қордың қалдық құны болып табылады, яғни қалдық құн-негізгі қордың бастапқы құны мен тозу сомасының айырмашылығы болып табылады.

v Негізгі қордың қалпына келтіру құны-ісжүзіндегі еңбек құралдарының сол периодтағы бағадағы құны. Бұл қазіргі кездегі негізгі қорды өндіруге шығындалған сома, ол қорларды қайта бағалау кезінде қойылады. Негізгі қордың қалпына келтіру құнын бағалау шешімі тез өсіп, кәсіпорындардың финанстық-экономикалық көрсеткішін төмендетеді. Сондықтан кәсіпорын үшін, финанстық көрсеткішінің төмендетілген бағасын амортизация коэфициенті қабылдайды.

Негізгі кәсіпорынның айналымы 3 фазадан тұрады:

1. Негізгі қорлардың тозуы: физикалық және моралдықтозу.

а) физикалық және моралдық тозуы, яғни еңбек құралының тұтыну бағасын жойған кез.

Физикалық тозу мына жағдайда болады:

v Дайын өнімнің құнымен қалпына келтіретін еңбек құралының пайдалану процестері

v Еңбек құралдарының іске пайдаланылмай тұруына құралдардың құны жойылады.

Негізгі қордың бірдей элементтері физикалық тозу теңсіздігінен шығарылған. Толық және ішінара тозудың негізгі қордағы айырмашылығы: толық тозу -үшін қорға жаңадан тарату немесе айыр бастау (негізгі қордағы капиталдық құрылыстың тозуын ағымдық ауыстыру), ішінара тозу -жолдық ремонттарды өтеу.

Физикалық тозу өндірістік қызмет мерзімін процентпен белгілейді, яғни мына формуламен анықталады: (Иф)

Иф=Tф/Tн*100

Мұндағы Tф-өндірістік негізгі қордың нақты қызмет мерзімі, жыл

Tн-нормативті қызмет мерзімі, жыл.

Кездейсоқ, нақты қызмет мерзімін салыстыру нормативі немесе оның алдын-алу, физикалық тозу проценті мына формуламен анықталады:

Ифффв*100

Мұндағы Тф- өндірістік негізгі қордың нақты қызмет мерзімі, жыл

Тв-өндірістік негізгі қордың қызмет мерзімінің мүмкіндігі, жол экспортын санау, жыл.

б) моралдық тозу көнеруден туады. Негізгі қаржы конструкциясы өнімділігі, тиімділігі, үнемділігі бойынша анықталады. Негізгі өндірістік қордың құнсыздануы

оралдық тозу көлемін бағалау:

1. негізгі капиталдың толық және алғашқы құны= еңбек құралын оны пайдалану бағасы бойынша сатып алу.

2. Негізгі капиталдың қалдық құны - толық құны - амортизация

3. Негізгі капиталдың қалыпқа келтіретін құны -іс жүзіндегі еңбек

құралдарының сол периодтағы, бағадағы құны

Моралдық тозудың алғашқы үлгісінде (ИМ1) бастапқы құнды қалпына келтіру, негізгі қордың салыстырмалы бағаса мен немесе процентпен анықталады. Оның формуласы мынадай болады:

ИМ1нсн*100

Мұндағы Пс және Пс - өндірістегі жаңа және моралды көнеру машиналарының сәйкестігі.

Физикалық және моралдық тозу есебінде қордығ қалпына келтіру құны, қызмет мерзімі алмастырылған және амортизация нормасы мен суммасын анықтау көзделген.

Еңбек құралдарының тұтыну құнын қалыпқа келтіру үшін амортизация нормалары белгіленген:

Нд=Ф-Л/Т*Ф*100


Дата добавления: 2015-08-20; просмотров: 363 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
ГЛАВА 19| Офн-негізгі қордың бастапқы құны

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.012 сек.)